Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 23:29, курсовая работа
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................................3
I Күрделі жұмсалымдар түсінігі және бюджетін қалыптастыру
1.1 Күрделі жұмсалымдар түсінігі және оның түрлері........................................4
1.2 Күрделі жұмсалымдар бюджетінің мәні және маңызы.................................9
II Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар портфелін талдау
2.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметін бағалау.............................17
2.2 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар тартымдылығына сипаттама..........21
III ҚР күрделі жұмсалымдар қызметтін жетілдіру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметінің даму жолдары..............26
3.2 Күрделі жұмсалымдар қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру.................................................................................................................27
Қорытынды .........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................30
Қосымшалар ..................................................................................................
Ақша активтеріне – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, т.б.
Материалдық емес активтерге- фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлінін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.
Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:
- тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.
Олардың негізгі мақсаттары – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
- өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар.
Негізгі мақсаты - өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
- жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар .Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
- Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар.
Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мем лекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады. Жоғарыда аталған инвестициялардың бұл топтары тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. Инвестицияның түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген :
Кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік – экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс- әрекеті инвестициалық іс- әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңы бойынша инвестициялық іс- әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс- әрекет жатады.
Инвестицияның анықтамасы ғылыми әдебиеттерде сан алуан. “Жекешелендіру және инвестициялық еңбектерінің жиынтығы” жұмысының авторлары инвестицияны әртүрлі (материалдық және материалдық емес) активтерге бухгалтерлік болаттың сол жағына қарсы ресурстарын салу ретінде қарайды. “Инвестицияның -қаржылық жинағы” кітабында инвестиция деп ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалған ақша қаржысын, яғни күрделі қаржыны ұлғайтуды айтады.
Р. Кареновтың терминдік сөздігінде инвестиция деп мүлік заттардың барлық түрлері, кәсіпкерлік обьектері және басқа қызметтерге жұмсалған нәтижесінде табыс қалыптасатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізетін ойды көздеген құндылықтар. Бұл құндылықтарға автор ақшаны, құнды қағаздарды, мүліктерді, мүлікке құқықты, авторлық құқықты, нау-хау, яғни өнеге-тәлім және өндірістік тәжірибе тұрғысында әзірлеген техникалық және технологиялық сауда, коммерциялық т.б. бөлімдер жиынтығы жатқызады.
Біздің ойымызша инвестиция туралы кең тараған ұғым күрделі қаржы салу. Мысалғы: “Экономикалық теория негізін” белорусь авторлары қор жинау процесі тек инвестиция және күрделі қаржы арқылы жүзеге асады деп есептейді. Инвестиция дегеніміз - жаңадан жасауға және бұрынғы кәсіпорындарды қайта жаңартуға жұмсаған шығындар жиынтығы.
Бұл категорияны белгілі “экономикс” кітабының авторлары Кэмбелл Р, Макконелл және Стекли Р, Брюл анықтамасы бойынша. Инвестиция дегеніміз-өндіріске жұмсалған шығын, қор жинау және материалдық қорды ұлғайту, яғни шын мәнінде өндірістің барлық шығыны мен қорының бөлігі.
Ғалымдардың көпшілігі тек инвестицияның мәніне және оның мақсаты мен бағытына көп көңіл бөледі.
К.Бочарев инвестиция деп тұтынуға жарамаған және пайдалануға болмайтын табыстың бөлігін айтады. Инвестициялық ресурстар инвестициялық қызметтің нақты обьектіне жұмсалады, сол арқылы күрделі құндылықтардың табыс әлеуметтік тиімділігік ретінде қаралады.
Г.И. Рузавин және В.Т. Мартинов өте маңызды ойды инвестиция күрделі қаржының қалыптасумен байланысты ақша капиталына қарағанда капиталдың (күрделі қаржының) табиғи ұлғаюы деп көрсетеді.
Шетелдік инвестиция туралы бірегей пікірдің болмағанын ескере отырып инвестицияның қарым-қатынаста әртүрлі жақтар өзара келісімге қол қойып бекіту кезінде әртүрлі инвестицияға жататыны туралы анықтап алады.
Дүние-жүзінде қолданып жүрген заңдарға сәйкес инвестицияға кең көлемдегі сөз түсінігі ретінде материалдық инвестиция және басқа да құнды заттардың табыс табу үшін ақыл-ой еңбегін қосқанда кәсіпкерлік және басқа да құралдармен қызмет түрлері жатады. Біздің ойымызша инвестицияны анықтауды оның мәнінің сипаттамасы ғана емес сонымен қатар оның бағытының мақсатында қарастыру керек.
Сонымен инвестицияға мыналар жатады: ақшалай қаржылар, мақсатты банктар салымдар, пайлар, акция, облигация және басқа да бағалы қағаздар қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, технологиялар, машиналық тауар белгілері, пайдалануға, табиғат байлықтарына, бағалы ой еңбегіне, авторлық құқыққа т.б.
Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге деге шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.
Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді:
Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып - кәсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтары саналады.
Тұрғын үйлер құрылысы инвестициялары - тұру үшін алынған үйге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.
Сақтық қор инвестициясы - фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімді қамтиды.
Сондай-ақ практикада инвестиция деп капиталдың екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:
Нақтылы инвестиция - материалдық активтерге қаржы жұмсау;
Қаржылық инвестиция - құнды қағаздарға қаржы жұмсау.
Инвестицияның бірыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап шегүде. Әртүрлі ой-толғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, ода Қазақстандық заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барлық қызыметтің қатысушыларына бұл нормативтік актінің реттеуші болуына жағдай тур еді.
Белгілі болып отырғандай кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалуда: тікелей инвестициялар және портфельді инвестициялар.
Тікелей инвестиция - тікелей өндірістік кәсіпорындарңа жасалынған инвестициялауды сипаттайды.
1.2 Инвестициялық портфель мәні және маңызы
Ешқандайда компанияның ақша ағымдары нарықта тауарларының барлық коммерциялық қасиеттері мен жылжыту құралдары бойынша бәсекелестерінен асып түсе алмайды. Олардың ішінен артықшылық беретіндерін талдау және нарық жағжайының даму тенденциясына көбірек сәйкес келетін және кәсіпорын қызметінің күшті жақтарын ең жақсы жолмен қолдана алатын стратегияны жасау қажет. Казіргі күні экономикалық ғылымда қойылған мақсаттарға сәйкес стратегиялардың екі түрін: портфельдік және бәсекелестік деп бөледі.
Портфельді стратегия компанияның жалпы іс - әрекетін және жекелеген қызмет аумақтарындағы бәсекелестік артықшылықтарын анықтап, және сол алынған бәсекелік артықшылықтарды ары қарай бәсекелік стратегиялар шегінде кешенді қолдануды қамтамасыз етеді. Компания шетелдік өндірушілердің болат құю қондырғыларын техникалық жетілдірулеріне және қысқа мерзімді шетелдік бәсекелестердің жаңа технологиялар күшімен төмен баға орнатуына мән бермеуінің нәтижесінде банкроттыққа ұшырады [13.].
компания қызметінің түрлі аумақтарының арасында туындайтын синергизм;
әрекет түрлерінің стратегиялық икемділігі.
Мысал ретінде диверсификацияны алуға болады. Әдетте глобальді компаниялар өз сату көлемдері мен пайдаларындағы өзгерістерді бақылап отырады. Осы мақсатта шетелдік нарықтарды іздей бастайды. Осылайша құлдыраушы бір елде сату көлемі азайғанда экономикалық өрлеп жатқан басқа бір елде сату көлемі көтеріледі.
Жалпы алғанда портфельдік стратегияларының негізгі мақсаттары инвестиция салуды қажет ететін бөлімшелерді таңдау.
Компанияның ақша ағымын алатын болсақ тауар портфеліндегі тауарлардың қайсысына қаржы керек немесе инвестициялауды тоқтату керектігін және компанияның жалпы стратегиялық бағытын анықтау.
Портфельдік стратегияларға қосымша бәсекелік стратегиялар компанияның әр қызмет бөліміне не істеу қажет екенін анықтайды. Бәсекелік стратигияны ауық – ауык стратегиялық шешімдермен қаптап отыру қажет стержень ретінде қарастыруға болады. Мұндай шешімдерге:
саладағы бәсекелестікті таңдау;
мақсаттарды анықтау;
бәсекелестік стратегияларды жасау және іске асыру;
бәсекелестік артықшылықты ұстап тұруды жатқызуға болады.
Жоғарыда аталған компанияның әрекеттері өзара байланысты және бір – бірін толықтырады. Мысалы әр бір стратегиялық шешім сала туралы ақпаратты қажет етеді. Бәсекелестік стратегияны жасау және іске асыру компанияның ақша ағымдарының нақты алға қойған мақсатынсыз жүзеге асыру қиын. Нарықтағы жайғасымды ұстап тұру сол стратегияларының дер кезінде дұрыс іске асыруына байланысты. Бәсекелестіктің сипаты мен деңгейін анықтау үшін автор компанияның бәсекелестіктік стратегияларын жоспарлауға қатысты бәсекелестіктің бес күші моделін май өнімдерін өндіру саласында қарастырады. Модельге сәйкес бәсекелестік стратегияларды құру екі кезеңнен тұрады: компания әрекет ететін саланы талдау және сол саладағы бәсекестер жайғасымын анықтау. Бұлар:
1.жаңа бәсекелестер пайда болу қауіп – қатері;
2.алмастыру – тауарлар пайда болу қаупі;
3.жинақтаушы
4.
5.қазір әрекет етуші бәсекелестердің өзара бақталасуы.
Салаға жаңа өндірістік қуат әкелетін және нарықтан өз үлесін алғысы келетін жаңа бәсекелес компаниялардың пайда болуы тауар ұсынысын көтереді де бағаға қысым көрсетеді. Бәсекелестің пайда болуы екі факторға байланысты: сұраныстың көбеюі және экономика заңдылығына сәйкес бағаның көтерілуі жаңа бәсекелестерді шақыру сигналы бола алады; нарыққа ену барьерлерінің деңгейі және сол нарықта жұмыс істеп жатқан компаниялардың жаңа бәсекелестерге реакциясы [14].
Портфельдік инвестиция - пайда табу үшін инвестордың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздарын сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайта бөлуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша слады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, эканомика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясынан қаржылық аясына көшүдің спецификалық жағдайы - отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады.
Инвесторлар стартегиялық және портфельдік болып бөлінеді. 50 пайыз плюс бір акциясы бар стратегиялық инвестор қожайын боламын деп үміттенеді. Барлық үміт стратегиялық инвесторда, себебі ол мүдделі, қаржыны салған да және ол қауіп-қатерді азайтуға тырысады, мемлекет де оған сенім артады. Портфельдік инвестордың үміттерге стратегиялық инвесторда болады. Порфельдік инвестор үшін акция - пайданы бөлісуге қатысудың мүмкіндігі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет стартегиялық инвесторға тәуелсіз немесе соның атына өз акция пакетін бере алады.
Портфельдік инвесторға - инвестициялық қорларға - 51 пайыз жұмыскерлерге он пайыз, қалғаны стратегиялық инвесторларға. Портфельдік инвестицияны дамыту үшін жарнамалық немесе ашықтық, өтімділік және жергілікті органдарға: банктерге, заңдарға деген сенім қажет, сондай-ақ ашықтық - ақпараттар инвесторларға дер кезінде жетіп отырылулары тиіс. Нарықтық ақпарат және компаниялардағя кәсіпорындардың есеп берушлуктері өте сенімді болуы тиіс.
Инвестициялық қызметте маңызды орынды инвестор алады. Инвестор бұл өзінің ақша қаржысын, мүліқтің және ой еңбегіндегі құндылықтарды инвестициялық жобаға және оны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ететін заңды және жеке тұлға
Инвестор болып:
мемлекеттік және белгілі аумақтың мүліктерге немесе мүліктің құқыққа ие мекемелер;
азаматтар, соның ішінде шетелдік тұлғалар;
кәсіпорын, кәсіпкерлік бірлестік және басқа заңды тұлғалар, оның ішінде шетелдік заңды тұлғалар, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар;
Инвестициялық процестің екінші қатысушысы болып тапсырыс беруші есептеледі. Тапсырыс беруші инвесторлар және инвестициялық жобаны үш есе асыруға инвесторлармен куәландырылған рұқсат берген кез келген заңды және қабілетті тұлға бола алады. Бұл жағдайда тапсырыс беруші егер басқадай мәселелер олар - арасында шартты қаралмаса инвестициялық жобаның басқа кәсіпкерлік және басқа қатысушылар ісіне араласуына болмайды.