Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 09:04, курсовая работа

Описание работы

Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.

Содержание

Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инфляцияның теориялық аспектілері.........................................................5
1.1. Инфляция мәні мен пайда болу себептері.............................................5
1.2. Инфляцияның түрлері мен типтері........................................................7
1.3. Инфляцияның айқындалу формалары...................................................9
2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау...............12
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері...........12
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі көрсеткіштеріне талдау жасау.........................................................................18
2.3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары.................................22
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар...............................27
3.1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалар..........................................27
3.2. Инфляцияны бәсендету шаралары.......................................................29

Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар...........................................................................................................37

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 695.00 Кб (Скачать)

     Ұлттық  Банктің негізгі міндеті ретінде  бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету  ақша-несие саясатындағы мүлдем жаңа айқындама Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стадарттарына және инфляциялық таргеттеуге көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына дайындық және оған көшу ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден біртіндеп бас тарта отырып, инфляция бойынша мақсатты көреткіштерге көшуді болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге негізделген ақша-несие саясаты өнеркәсібі дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен қолданылуда. Инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі экономикасы бар елдер қатарының өсуі осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің жанама белгісі болады.

      Қазақстан  бұл  екі  теорияны  нақты  экономикалық,  әлеуметтік – саяси жағдайлар есебімен  экономиканы тұрақтандыруда  және  ақша  айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.

      Ақша  айналымын  тұрақтандыруға  және  инфляцияны  шектеуге   ақша  реформалары  да  бағытталған.

     Сонымен,  Қазақстанның Ұлттық банкі үшін инфляция негізгі мәселе болып қалмақ. Мемлекеттің Ұлттық банкі ортамерзімдік ақша-несие саясатынның негізгі бағыттарында белгіленген өзінің стретегиясын құруда және әсіресе монетарлық түрдегі шараларды орындауда және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолында бірқатар жобаларды құрастыруда.  
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Зерттеу жұмысының 1 – бөлімі «Инфляцияның теориялық аспектілері» деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

      - Инфляция  мәні мен пайда болу себептері

         - Инфляцияның түрлері мен типтері;

         - Инфляция салдары.

    Инфляция- ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен  қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Оның пайда болуын монета түрінде алғашқы  ақшаның шығуымен байланыстырылады. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған американ экономисі А.Делман.

    Инфляция  негізінен шаруашылықта қалыптасқан  әртүрлі  диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі пайда болу себептерін көрелік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді.

    Экономикада инфляциялық құбылыстардың шығу себептері және оларды дамытуға ықпалын  тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі. Сұраныс және шығын инфляция экономиканың дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұлдан біз инфляцияның үш негізгі түрге  жіктеугін көреміз:

    -Баяу  инфляция (8-10%)

    -Қарқынды  инфляция(10- 100%)

    -Ұшқыр  инфляция (1000%-дан аса жоғары).

    Курстық жұмыстың 2– бөлімі «Қазақстан республикасының  инфляциялық жағдайын талдау» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

   -Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері

    -ҚР  инфляцияның қазіргі кездегі  көрсеткіштеріне талдау жасау

     - Мемлекеттің инфляцияға қарсы  саясат шаралары.

     Онда  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан бергі инфляциялық көрсеткіштері және оның қандай салаларда деген көбінесе орын алуы көрсетіледі. Әсіресе, ағымдағы жылғы инфляция мәліметтеріне толыққанды шолу жүргізілді. 2011 жылғы наурызда инфляция жылдық көрсетуде 8,6%  болды. Азық-түлік тауарлары 12,6% , азық-түлікке жатпайтын тауарлар -5,3%, ақылы қызмет көрсету -6,7%  қымбаттады.

      Инфляцияға  қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефяциялық саясат, кірістер саясаты.

      Инфляция  кезінде мемлекет іс-қимылының екі  нұсқасы болады[8]:

      1. бейімделу саясатын жүргізу инфляцияға  бейімделу, бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді,  инвестицияларды индекстеу жөнінде  шаралар қолданылады, компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және тағы сондай сияқты.

      2. инфляцияны төмендету немесе  басу жөніндегі инфляцияға қарсы  шараларды кешенін жүргізу.

    Курстық жұмыстың соңғы 3- бөлімі «Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар»деп аталынады, ол келесідей мәселелер келтірілді:

    -ҚР  экономикалық дамуының 2011-2013 жылдарға  арналған сценарийлік нұсқалар

    -Инфляцияны  бәсендету шаралары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелі және теңдестірілген саясатты әзірлеу мақсатында кейінгі 3 жылға арналған орта мерзімді болжамдарды есепке ала отырып «Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалары» атты  бағдарламаны қабылдады.

     Ұлттық  Банк қабылдаған ақша-несие саясатына  сәйкес, ол 2011 жылдың қорытындысы бойынша  жылдық инфляцияны 6-8% мөлшерінде ұстап тұру жоспарлаған. Алайда, инфляциялық қысымның ұлғаюын және баға өсуінің жалпы әлемдік тенденциясын ескере отырып, Ұлттық Банк төрағасы Г.Марченко Ұлттық Банк инфляцияның деңгейі жөнінде болжамы өзгеру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ол жөнінде Г.Марченко осы жылдың наурыз айында өткен пресс-конференцияда жариялады. Ұлттық Банк төрағасы айтуынша, тек ақша-несие саясатымен жоспарланған инфляция деңгейін тежеу мүмкін емес. Қазіргі инфляцияның сипаты тек монетарлық қана емес, оған саудадағы, нақты сектордағы өндіріс үрдістері зор әәсерін тигізеді, ал оларды Ұлттық Банк реттемейді. Бұған жергілікті билік араласуы тиіс. Олар жергілікті бағалар көтерілуіне жол бермеуі керек. Үкімет тек жүйелі түрде  шараларды қолданып, инфляция деңгейін тежеуге болады.

     Қазақстанның  Ұлттық банкі үшін инфляция негізгі мәселе болып қалмақ. Мемлекеттің Ұлттық банкі ортамерзімдік ақша-несие саясатынның негізгі бағыттарында белгіленген өзінің стретегиясын құруда және әсіресе монетарлық түрдегі шараларды орындауда және ақша айналысын тұрақтандыру әдістерін жетілдіру жолында бірқатар жобаларды құрастыруда.  
 
 

    Пайдаланған әдебиеттер : 

1.Б.Н.Жаналинов «Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат»// «Экономика»-Алмата-2007.-222б.

2.Қ.Қ.Ілиясов.,С.Құлпыбаев  «Қаржы»// «Издательство LEM»-Алматы-2005.551б.

3.Курс экономической теорий по.ред.проф.М.И.Чепурина и Е.А.Кисилевой-Киров// « Издательство Аса» 2003.-554б.

4.ҚР  Ұлттық банк «Инфляциялық шолу».2004-2011жж. жылдық есептер.

5.Я.Ә. Әубәкіров, К.Н. Нәрібаев «Экономикалық  теория  негіздері»//  Алматы – 1998 .

6.О.И.Лаврушкина  «Деньги, кредит, банки»//-М.:Финансы  и статистика.1999.

7.И.Н.Олейникова  «Деньги, кредит, банки»//М.:Магистр.2008.

8.ҚР  Статистика агенттігі  «Негізгі  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер»//2011.

9.Казкомерц  NEWS. Информационный вестник.март-апрель 2011.43 стр.

10.К.Маркс.  Капитал.-м.,1967 ж.,1-т,79-б.

11.Усов  В.В. Деньги, денежное обращение, инфляция.-М.,1999.-142б.

12.Ғ.С.Сейітқасымов  «Ақша, несие, банктер»// «Экономикс», 2001.

13.С.М.  Никитин, Р.С. Гельвановский «Инфляция  и хозяйственный механизм»//Монография-М.,Наука,1993.

14.А.А.  Ильясов «Финансово-кредитные проблемы  развития экономики Казахстана»//-Алматы,1995.

15.ҚР  Ұлттық банктің Статистикалық  бюллетені.№3 (196) наурыз 2011ж.

16.У.А.Джандосов  Денежно-кредитная политика  и  экономическое развитие Казахстана.// «Деньги», №1.-М,1997.

17. Р.Е.Джаншало Управление инфляцией.//-Алматы,2003.-с.248.

18.ҚР  Ұлттық банкінің №8 баспасөз  релизі.06.04.2011.

19.В.Андрианов  «Инфляция: основные виды и  методы регулирования» //Экономист-2006-№6.

20.А.С.  Әкімбеков  «Экономикалық теория» //-Астана,2002 .

21.Р.К.Жуламанов  Факторный анализ инфляции в  Казахстане.//Финансы Казахстана,1995.

22.Нурсеит Н.А. Определение критериев внутренней устойчивости национальных денег//Банки Казахстана, № 5,2003.

23.www.nationalbank.kz

25.www.minfin.kz 
 
 
 
 
 
 
 

Қосымшалар 

1-Қосымша 

БІРІНШІ СЦЕНАРИЙ    

  2010 2011 2012 2013
Инфляция, % 7,3 6,0-8,0 6,0-8,0 6,0-8,0
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, % 7,0 6,0 6,0 6,0
Ақша  базасы, млрд. теңге 2805 2805 2673 2821
өзгеруі  % 14,5 -8,7 4,3 5,5
Ақша  массасы, млрд. теңге 8754 7910 8220 8652
өзгеруі  % 16,9 -9,6 3,9 5,2
Резиденттердің  депозиттері млрд. теңге 7666 7666 7198 7572
өзгеруі  % 16,6 -9,8 4,1 5,2
Экономикаға кредиттер, млрд. теңге 7489 7489 7564 7715
өзгеруі % -2,0 0,0 1,0 2,0
Экономиканы монеталандыру  деңгейі  % 45,3 44,8 44,5 44,0
 
 

ЕКІНШІ  СЦЕНАРИЙ      
 

  2010 2011 2012 2013
Инфляция, % 7,3 6,0-8,0 6,0-8,0 6,0-8,0
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, % 7,0 7,0 7,0 7,0
Ақша  базасы, млрд. теңге 2805 3077 3379 3698
өзгеруі  % 14,5 9,7 9,8 9,5
Ақша  массасы, млрд. теңге 8754 9673 20710 11766
өзгеруі  % 16,9 10,5 10,7 9,9
Резиденттердің  депозиттері млрд. теңге 7666 8477 9396 10331
өзгеруі  % 16,6 10,6 10,8 10,0
Экономикаға кредиттер, млрд. теңге 7489 7489 8238 9062
өзгеруі % -2,0 0,0 10,0 10,0
Экономиканы монеталандыру  деңгейі  % 45,3 44,6 44,0 44,2
 
 
 
 
 
 
 

ҮШІНШІ СЦЕНАРИЙ 

 

  2010 2011 2012 2013
Инфляция, % 7,3 6,0-8,0 6,0-8,0 6,0-8,0
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, % 7,0 8,0 8,0 8,0
Ақша  базасы, млрд. теңге 2805 3316 3710 4132
өзгеруі  % 14,5 18,2 11,9 11,4
Ақша  массасы, млрд. теңге 8754 10444 11781 13166
өзгеруі  % 16,9 10,5 10,7 9,9
Резиденттердің  депозиттері млрд. теңге 7666 8477 9396 10331
өзгеруі  % 16,9 19,3 12,8 11,8
Экономикаға кредиттер, млрд. теңге 7489 7489 8238 9062
өзгеруі % -2,0 0,0 10,0 10,0
Экономиканы монеталандыру  деңгейі  % 45,3 45,8 46,1 46,3

Информация о работе Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері