Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 09:04, курсовая работа
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инфляцияның теориялық аспектілері.........................................................5
1.1. Инфляция мәні мен пайда болу себептері.............................................5
1.2. Инфляцияның түрлері мен типтері........................................................7
1.3. Инфляцияның айқындалу формалары...................................................9
2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау...............12
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері...........12
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі көрсеткіштеріне талдау жасау.........................................................................18
2.3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары.................................22
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар...............................27
3.1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалар..........................................27
3.2. Инфляцияны бәсендету шаралары.......................................................29
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар...........................................................................................................37
Кейде макроэкономикалық деңгейде инфляцияның үш типі қарастырылады: классикалық, нарықтық және тепе-теңсіздік (дисбалансовый)[11,142б]. Классикалық инфляция деп қағаз ақшалардың аса көп шығарулуына байланысты айналым саласында олардың шектен тыс көбеюін айтады; нарықтық инфляцияға шығарылған қағаз ақшалардың сомасы тұрақты болған жағдайда айналымдағы тауар массасының қысқаруы жатады; дисбаланстік инфляция типіне: экономикалық дамудың циклдік сипатынан шығатын макро- және микродеңгейде қалыптасқан үйлесімсіздіктерден туатын баға деңгейінің өсуін жатқызады. Инфляцияның типтерін бұлай үшке бөлудің негізіне сұраныс және шығын инфляцияларының факторлары алынған.
Айналымдағы ақшаның шектен тыс көбеюінен тауарлар мен қызметтерге жалпы сұраныстың өсуін сұраныс инфляциясы деп атайды. Немесе кейбір оқулықтарда көп кездесетін сұраныс инфляцияның анықтамасы бойынша: «... шектен тыс көп ақшаның тым аз тауар санына аңға шығуы». Классикалық экономикалық теория оқулықтарында сұраныс инфляциясының себептерін былай деп тұдырымдайды:
Сұраныс инфляциясының басқа да себептері болуы мүмкін. Ол әр елдің экономикасының дамуына байланысты. Қазақстандағы қазіргі кезде сұраныс инфляциясының негізгі көзі болып отырғандар: шетел валюталарының елге көп келуі (мұнай, газ, минералды шикізаттар сатудан), банк секторының, үлкен өндірістік бірлестіктердің сыртқы қарыздарды көп алуы, екінші деңгейдегі банктердің шектен тыс валюта айырбасын жүргізуі (бұл айналымға қосымша ақша шығумен бірдей) сияқты себептер. Бұл экономиканың біржақты, шикізат өндірумен дамып келе жатқандығының белгісі. Экономиканы әртараптандырып қана келтірілген сұраныс инфляциясының себептерін жоюға болады.
Шығарылатын өнім мен көрсетілетін өнім өлшемінің қымбаттауына байланысты тауар мен қызметтердың бағасының өсуін шығын инфляциясы дейді. Шығын инфляциясы да әр елдің экономикасына байланысты, өз ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстандағы болып өткен дағдарыс жылдары инфляцияның бұл түрінің негізгі себептерін былай деп тұжырымдауға болады:
Сұраныс және шығын инфляция экономиканың дамуына, әсіресе оның макро- және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының тұрақтылығына байланысты түрлі жылдамдықпен дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық береді [1,14б] :
- Баяу инфляция- оған тұтыну бағасының орташа жылдық өсімі 8-10%-ға дейінгі инфляция жатады.Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған елдердің көбіне тән. Баяу инфляция ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе жатқан экономиканың дамуына игі әсер тигізеді деп есептелінеді. Экономикадағы артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырады, қосымша жұмыс орындарын ашуға жағдай туғызатын және банктердің кредиттік пайыздық ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар. Бірақ инфляция төменгі деңгейге жеткенде (1%-дан төмен) экономикада ақша тапшылығы туады, шаруашылықтың даму қарқыны бәсендейді және ондағы тиісті құрылымдық өзгерістер тоқтайды.
Сондықтан коптеген дамыған елдерде баяу инфляцияның деңгейін 1-2,5%-дан төмен түсірмейді[22,35б].
-Қарқынды инфляция- бұл жағдайда бағаның орташа жылдық өсу қарқыны 10-нан 100%-ға дейін шектеледі. Инфляцияның бұл түріне бағаның қарқындап, бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде ұстеп, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда-саттық келісімшарттары бағамы сенімді шетел валюталарымен жүргізіледі немесе тауардың бағасында болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі.
-Ұшқыр инфляция (гиперинфляция). Әр елде ұшқыр инфляцияның критерийі әр түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде гиперинфляция деп бағаның жылына 1000%-дан аса жоғарылауын атайды. Ал экономикасы тұрақсыз, даму үстіндегі немесе өтпелі кезеңдегі елдер үшін гиперинфляцияның бастау деңгейі бұдан да жоғары. Мысалға, Ресейде 1992 жылы инфляция қарқыны бір жылда 1353%-ға жетті, бірақ ресми түрде гиперинфляцияға жақын деп қана танылды. Дегенмен көптеген экономистер гиперинфляцияға жылына бағаның 1000% өскенің қабылдайды. ХВҚ айына бағаның өсу қарқыны 50%-дан асса гиперинфляция деп есептейді. Бұл инфляция қарқының жылға есептегенде 13000%ды құрайды. Егер гиперинфляция қарқыны есепке ала отырған айдан бастап алдағы 12 айда 50%-дан аспаса, онда бұл инфляцияның ұшқырлығы жойылды, қарқыны инфляцияның төменгі сатыларына түсті деп есептелінеді.
Гиперинфляция-
экономикадағы терең
Қазақстанда
бағаның ең көп шарықтауы 1992 жылы
3060%, 1993 жылдың қарашасында бір айлық инфляция
деңгейі 56% болды. Халықаралық валюта қорының
бағалауы бойынша 1992-1993жж. Экономикадағы
жағдай гиперинфляцияға жақын.Ал батыс
экономистерінің сипаттауы бойынша Қазақстанда
1992-1994жж. Гиперинфляция болды.
1.3. Инфляцияның
айқындалу формалары
Бүгінгі танда инфляция негізінен көп факторлы құбылыс ретінде анықталады. Инфляцияның монетарлық және монетарлық емес факторларының әсерінен бағаның жалпы өсуін біртұтас инфляциялық процесс деп қарастырады. Бұл орайда инфляцияның шығу себептері күрделі шиеленіс үстінде болып, шешуші фактор ретінде алға біреуі немесе бірнешеуі алмасып шығып отырады. Нарықтық экономикада инфляция айқындалу формасы бойынша бөлінеді. Қазіргі уақытта инфляцияның мынадай түрлері қалыптасқан: ашық, тұқыртылған (подавленная), сырттан әкелінген, күтілетін, баға біркелкі өсетін және біркелкі өспейтін, стагфляциялық. Инфляцияның аталған айқындалу формаларын қарастырайық.
Ашық
инфляция жинақталған ұсыныс пен
жинақталған сұраныс арасындағы
теңсіздіктен туатын және бағаның жалпы
деңгейінің өсуімен айқындалатын инфляция.
Бағаның өсу қарқынына
Тұқыртылған (байланған) инфляция баяу немесе қарқынды инфляция формаларымен айқындалады. Нарық экономикасы жағдайында үкімет инфляцияны теңгеру үшін айналымдағы ақша массасын қысқарту, еңбекақы және басқа төлемдерді уақытынан кешіктіру, бюджеттік ұйымдарды шектеу сияқты шаралар жүргізеді. Бұл жағдайда айтып отырған инфляция үлкен төлемдік борыштармен, шаруашылық жүргізу барысында «бартердің» кең дамуымен, өндірістің құлдырауымен сипатталады. Орталықтандырылған экономикада тұқыртылған инфляция тауар тапшылығымен, қажетті тауарларға бағаның өсуімен, алып-сатар нарықтардың пайда болуымен айқындалады. Осынын бәрі ақшаның құнсыздануына, тұқыртылған инфляцияның дамуына әкеледі.
Сырттан әкелінген немесе импортталған инфляция елдегі шектен тыс тауарлар импортына және ішкі нарыққа шетел валютасының көп құйылуына байланысты. Жергілікті тауарлардың тапшылығына байланысты шетелдің тауар өндірушілері өз тауарларына бағаны жоғарылатады да, импортталған тауарлармен нарыққа бағасы өскен импорттық бағалар келеді. Сонымен қатар импорттық тауарларды «шоп-туристтер» де әкеледі. Бұл да ішкі нарықтағы тауарлардың бағасының өсуіне ықпалын тигізеді. Шетел валютасының экономикаға көп құйылуы ақша айналымын долларға түсіріп, оны тұрақсыздандырып бағаның өсуіне әкеледі. Банкілер мен айырбас орындарынан сатып алынатын шетелдік валюта тауарлардың және көрсетілетін қызметтер бағасының сомасын арттырады. Ал оның ақшалай баламасы ішкі нарықта сұраныс инфляциясын күшейтеді.
Күтілетін инфляция- болашақ шығындардың өсуін күту нәтижесінде тауарлар мен қызметтердің ағымдағы бағасын өсіріп сату. Күтілетін инфляция тауар өндірушілерге болашақта сатып алынатын шикізаттар, материалдар, жабдықтаушы құралдардың өсім бағасын ағымдағы сатылатын тауар мен қызметтердің бағасына қосып сатуға мәжбүр етеді. Осылайша болашақта бағаның өсуін күту тауардың, қызметтердің ағымдағы инфляциясының көзі болуы мүмкін, әсіресе қарқынды және гиперинфляция жағдайларында. Бұл инфляцияға негізінен адам баласына тән психологиялық фактор әсер етеді.
Стагфляцияда тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы деңгейінің жоғарылауымен қатар, өндіріс өнімдерінің, көрсетілген қызметтердің көлемі төмендейді, яғни олар қарама қарсы бағытта өзгереді. Экономистер стагфляция себептерін әр түрлі түсіндіреді. Осыған қатысты мынадай пікірлер бар:
2. Қазақстан
Республикасының инфляциялық
2.1. Қазақстан
Республикасындағы инфляция
Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай-ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Қазақстандағы
және басқа да ТМД елдеріндегі
қазіргі инфляцияның
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады. Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік шаруашылықпен азық – түлік өндірісі – 50-60% -қысқарды.
Информация о работе Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері