Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 09:04, курсовая работа
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инфляцияның теориялық аспектілері.........................................................5
1.1. Инфляция мәні мен пайда болу себептері.............................................5
1.2. Инфляцияның түрлері мен типтері........................................................7
1.3. Инфляцияның айқындалу формалары...................................................9
2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау...............12
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері...........12
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі көрсеткіштеріне талдау жасау.........................................................................18
2.3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары.................................22
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар...............................27
3.1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалар..........................................27
3.2. Инфляцияны бәсендету шаралары.......................................................29
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар...........................................................................................................37
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық
саясаты нарық ставкаларын
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі күш-жігері банктердің өтімділігін алып тастау жүзеге асырылатын ставкалар дәлізінің төменгі шекарасын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылатын банктердің депозиттері бойынша ставкалар) анағұрлым икемді реттеуге шоғырландырылады. Оған қоса, ставкалар дәлізінің төменгі шекарасын өзгерту орта мерзімді кезеңге болжанатын инфляцияның динамикасымен айқындалады. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы ағымдағы жағдайды және инфляция деңгейін ескере отырып айқындалатын болады.
2011
жылы Қазақстан
Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін айықтырудың негізгі құралдары болып қалады.
Қысқа мерзімді ноталардың эмиссиясы мемлекеттік бағалы қағаздардың қайталама нарығын қолдауға, мерзімі 1 жылға дейінгі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға бағытталады. 2011 жылы ақша нарығындағы өтімділік жағдайы түбегейлі өзгермейді. Осыған байланысты қысқа мерзімді ноталардың айналыс мерзімін қазіргі деңгейде – 3 және 6 ай ретінде қалдыру болжанып отыр.
Қажет болғанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын береді. Бұл операциялардың мерзімі қысқа болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бұл ресурстарға сұраныстың өсуін күтпейді. Сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарымен операциялар жүргізу арқылы өтімділікті беру мүмкіндігі қарастырылады.
Банктердің өтімділігін реттеу бойынша құралдардың тиімділігін көтеру мақсатында Қазақстан қор биржасында автоматты РЕПО секторында банктермен тікелей және кері РЕПО операцияларын жүргізуді жаңарту мүмкіндігі қарастырылатын болады.
2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптар тетігін жетілдіру, оны қолданудың тиімділігін, негізінен резервтік активтердің құрамын өзгерту бөлігінде көтеру бойынша жұмысты бастады. Банктің резервтік активтерінің базасынан шетел валютасындағы активтерді алып тастау мәселесі қаралады. Орта мерзімді кезеңде (2012-2013 жылдары) резервтік активтер құрамынан банктердің кассаларындағы қолма-қол ақшаны алып тастау мәселесін қарау да жоспарланып отыр. Банктердің өтімділігімен жағдайдың елеулі нашарлауын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін төмендету мәселесін қарай алады.
Барлық сценарийлік нұсқалар бойынша инфляция бойынша мақсатқа 6-8% шегінде қол жеткізу ақша-кредит саясатының тиісті шараларымен қамтамасыз етілетін болды. Инфляциялық қысымның күшеюіне әкелуі мүмкін артық ақша ұсынысының ұлғаюы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айықтыру операцияларының өсуімен қатар жүретін болды.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты қалыптасып отырған макроэкономикалық жағдайға бара-бар болады. Экономикадағы ақша ұсынысы экономиканың өсуіне сәйкес келетін деңгейде сақталады. Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты банк секторындағы өтімділікті икемді реттеу арқылы кредиттік белсенділікті қайта қалпын келтіру проблемаларын шешу үшін жағдайлар жасайтын болды. Сонымен қатар бұл шаралардың тиімділігі банк секторындағы құрылымдық қайта құруларға байланысты болды.
Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясаты, оның ішінде валюта саясаты ықтимал экономикалық пайдаларды да, теріс салдарларды да және Бірыңғай экономикалық кеңістік келісімдері шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудан туындайтын Қазақстан Республикасының экономикасы үшін тәуекелдерді ескеретін болады.
Қазақстан
Республикасының ақша-кредит саясаты
Қазақстан Республикасының
Экономика
дамуының анағұрлым қолайлы
Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарына сәйкес инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру Ұлттық банктің негізгі мақсаты болып белгіленген.
Бұл ретте инфляциялық үдерістерді 2011 жылы, сондай –ақ 2010 жылы қалыптастыру жиынтық сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі аясында жүретін болады. Бюджеттен жалақының, жәрдемақының және зейнетақының 2011 жылғы қаңтарда және шілдеде жоспарланып отырған өсуіне байланысты инфляциялық қысымның кейбір күшеюі күтілді. Оған қоса, 2011 жылы әлемдік тауар нарықтарындағы жағдай құбылмалы болып қалуы мүмкін, бұл Қазақстанның ішінде инфляцияға кейбір көтерме қысым көрсетеді.
2011 жылы Ұлттық банк ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін жетілдіру мен көтеру және қабылданған шаралардың ақша нарығына әсерін бұдан әрі күшейту бойынша жұмысты жалғастырады.
Теңгенің айырбастау бағамы ауытқуының белгіленген дәлізінің күші аяқталған соң Ұлттық Банк басқарылатын өзгермелі валюта бағамы рижиміне көшеді. Бұл ұлттық валютаның тұрақтылығына байланысты, оған әлемдік нарықтағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына деген баға конъюктурасының қолайлығы және төлем балансының жай-күйі ықпал етеді.
Ұлттық Банктің пайыздық саясаты Ұлттық Банктің ставкалары дәлізінің шегінде қысқа мерзімді құралдардың ақша нарығында сыйақы ставкаларын реттеу, банктердің артық өтімділігін сауықтыру негізгі құралы болып табылады.
Қажет болғанда, Ұлттық Банк банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын береді. Бұл операциялардың мерзімі қысқа болады.
Ақша-кредит
саясаты қалыптасқан
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2011 жылғы наурызда инфляция 0,5% (2010 жылғы наурызда -0,7%) деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,9% (1,2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар -0,2% (0,4%) және ақылы қызмет көрсету -0,2% (0,2%) өсті.
Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда көбінесе қант -2,7%, ет және ет өнімдері -1,3%, кондитерлік, нан және жарма өнімдері -1,0%, оның ішінде жарма -6,3% және бидай ұны -1,6%, майлар және тоң майлар -0,8% қымбаттады. Жұмыртқа -0,4%, күріш -0,2% арзандады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобына бағалар дәрі дәрмектерге -0,4%, киім және аяқ киім -0,3% өсті. Дизель отынының бағасы 0,1% арзандады.
Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық саланың қызмет көрсету үшін ақы төлеу 0,1% (тұрғын үйді ұстап тұруға ақы төлеу есебінен -2,3% және қоқыс жинау -1,2%) арзандады. Бұл ретте электр энергиясы және ыстық су 0,3% қымбаттады, ал суық су және кәріз үшін ақы өзгерген жоқ. Көлік қызметі 0,2%, оның ішінде теміржол көлігінің қызметі -0,8% қымбаттады.
2011 жылғы 1-тоқсанда инфляция 3,7% (2010 жылғы қаңтар-наурызда -2,9%) болды, ал соңғы деректерге сүйенсек инфляция 2011 жылғы қаңтар-сәуір 2010 жылғы қаңтар-сәуірге 8,4 % құрайды ( 2-қосымша)
Ағымдағы жылғы 3 айда инфляция қарқынының жедел дамуына азық-түлік тауарларының қымбаттауы себепші болды, олардың бағасы өсы кезеңде 6,0% (2010 жылғы қаңтар-наурызда -3,7%) өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,9% (1,1%) және ақылы қызмет көрсету -3,6% (3,7%) қымбаттады (6-график).
6-график
2011
жылғы наурызда инфляция
2.3.
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат
шаралары
Инфляцияның
өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік
қарама-қайшылықтарды
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады[2,506б]:
1.
бейімделу саясатын жүргізу
2.
инфляцияны төмендету немесе
басу жөніндегі инфляцияға
Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс- әрекет етуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.
Инфляцияға қарсы саясат – инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мұндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген: дефяциялық саясат, кірістер саясаты.
Дефляциялық саясат – мемлекеттің шығындарын азайту, кредит үшін пайыздық мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын күшейту, ақша массасын шектеу жолымен ақша-кредит және салық механизмі арқылы ақша сұранымын реттеуді қарастырады. Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты – бағаға және жалақыға оларды толықтай матау немесе олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы мүмкін.
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін қамтиды:
1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту.
2.
Барлық кредит ресурстарын
3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.
4.
Сондай мақсаттарда Орталық
Сұраным инфляциясын жоюға ақша және фискалдық саясаты пайдаланудың біршама қатардағы макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.
Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту және осының негізінде мемлекеттік бюджеттің тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.
Салық саясаты инфляция жағдайында екі өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді шешуі тиіс. Біріншіден, мемлекеттік бюджеттің теңдестігіне жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің деңгейін көтеру керек. Екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында – өндіріс пен айырбас сферасында экономикалық белсенділікті жандандыру қажет.
Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама салық салуды қысқартуда болып отыр. Жанама салықтардың инфляциялық сипаты болады, өйткені олар бағаны өсіреді, сұранымды қысқартады. Жоғары салықтардың іс-әрекетінің екінші аспектісі өндіріске олардың қысымы болып табылады, бұл ұсынымды шектейді. Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы, әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады, мұның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.
Информация о работе Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері