Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 09:04, курсовая работа

Описание работы

Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.

Содержание

Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инфляцияның теориялық аспектілері.........................................................5
1.1. Инфляция мәні мен пайда болу себептері.............................................5
1.2. Инфляцияның түрлері мен типтері........................................................7
1.3. Инфляцияның айқындалу формалары...................................................9
2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау...............12
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері...........12
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі көрсеткіштеріне талдау жасау.........................................................................18
2.3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары.................................22
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар...............................27
3.1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалар..........................................27
3.2. Инфляцияны бәсендету шаралары.......................................................29

Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар...........................................................................................................37

Работа содержит 1 файл

КУРСОВАЯ.doc

— 695.00 Кб (Скачать)

     1993 жылы бұрынғы  кеңестік    республикалардың  “егемендіктер   парадының “  басталуы   және   эканомикалық    жағдайларға   ешқандай  дайындықтардың    болмауы      Қазақстанда    өте  ауыр  әлеуметті-эканомикалық  жағдайларға әкеп    соқтырды. Өндіріс  көрсеткіштері іс жүзінде  экономиканың  барлық  сферасында  құлдырады.  Мұның  бәрі  шоқырақтау    инфляциясымен  қатарласа   жүріп  1994  жылдың  жазында гиперинфляцияға   өсіп   жетті. Саяси    және   экономикаллық   себептер  1993  жылдың     қараша  айында  республиканы  жедел  түрде   ұлттық  валюта – теңгені      ендіруге   мәжбүр   етті,    оның   өзі   алғашқы    тоғыз  ай  ішінде  аса тездікпен   салмағын  “ жоғалтып “ жатты.    Осындай     қиын   жағдай   бір   мезгілде    эканомиканы    ырықтандырумен  қоса  қатаң  монетарлық  саясатты  жүргізуге бағыт берді.

    Қазақстан  Республикасында  1992-ші  жылға  дейін  жасырын  инфляция  басым   болып,  ол   кейінірек ашық  қарқынды  инфляциялық сипатқа   ие болып, сосын   ұшқыр   инфляцияға   айналды.  Республикада  1993-ші жылы инфляция  2260  %   құраса ,1994 -те  -  1258,    ал  1 995-тің аяғында “ теңге” тұрақтана   бастап ,  инфляция   төмендеді     және 60,3 % - ға қысқарды. Инфляция  1996-шы  жылы 28,7% -тың   маңында болса, 1997-ші жылы – 11,2 %, 1998-ші    жылы- 1,9 %, 1999-шы  жылы - 17 ,8 %,  2000- ші жылы – 9,8 құраса,  ал 2003-ші  жылыдың   аяғында  5,9-ға  тұрақтады (1-график) 

    1-график

    Инфляция  көрсеткіштері 1993-2003жж. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Ескерту: ҚР Статистика жөнінде агенттігі 

    Тұтастай  алғанда 2004  жыл  Қазақстан  экономикасында  елеулі  инфляциялық аяның  сақталуымен  сипатталды,  ал  соңғы  бірнеше  жылда  жекелеген  салаларда  баға өзгерістері барынша жоғары  болды.  Осы кезеңде (2003  жылдың  желтоқсанымен салыстырғанда 2004 жылғы желтоқсанда) тұтыну бағалары 6,7% ұлғайды (соңғы 4 жыл ішінде  олардың өсуі 6,4-6,8%  аралығында  қалыптасты).  Өндіруші  кəсіпорындардың өнеркəсіп өнімдері бағаларының өсуі соңғы 5 жылда ең жоғары деңгейде қалыптасып, 23,8% жетті. Жүк тасымалдары тарифтерінің өсуі 11,4% (соңғы 4 жылдағы ең жоғары деңгей)  болды. Ауыл шаруашылығы  өнімінің  бағалары 4,0%,  құрылыста – 5,6%  өсті. Бағалар 6,3%  төмендеген  бір  ғана  сала  заңды  тұлғаларға  байланыс  қызметін  көрсету болды (2-график).

    2004  жылғы 4-тоқсанда  тұтыну  тауарлары   секторында,  өнеркəсіптік  өндірісте  (өсу  тиісінше 2,8% жəне 2,6%) жəне  заңды  тұлғаларға  байланыс  қызметін  көрсетуде (төмендеуі 6,6%)  бағалардың  айтарлықтай  қозғалысы  байқалды,  басқа  секторларда бағалардың өзгеруі 1,0%-дан аспады.

    2-график 

    

    2005  жылғы 4-тоқсанда  өткен  тоқсанмен   салыстырғанда   тұтыну   нарығында  бағаның  маусымдық   өсуі  байқалды,  алайда   өткен  жылдың  тиісті  кезеңімен салыстырғанда  инфляция  деңгейі  шамалы  төмендеді.    Мəселен,  2005  жылғы 4-тоқсанның  қорытындылары бойынша тұтыну бағаларының өсуі 2,4% деңгейіне жетті.Тұтастай  алғанда 2005  жылғы  инфляция   жылдық  көрсетуде (2004  жылғы желтоқсанға 2005 жылғы желтоқсан) 7,5% деңгейінде қалыптасты (2004 жылы – 6,7%). Тұтыну  бағаларының  өсуі,  негізінен,   азық-түлік  тауарларының жəне  халыққа  ақылы қызмет  көрсетудің  тиісінше 8,1%  жəне 8,0%   қымбаттауына  байланысты  болды,  ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,9% қымбаттады .  2005 жылы ең жоғары бағаның өсуі  жеміс пен көкөніске (23,1%),  газбен жабдықтау қызметтеріне (34,5%), білім беру  қызметтеріне (19,5%),  күрішке (18,3%),  ет  өнімдеріне (12,5%),  қантқа (11,9%) тіркелді.

    2006 жылғы 4-тоқсанда  өткен  тоқсанмен   салыстырғанда  азық-түлік   тауарлары бағасының  маусымдық   жоғарылағаны  байқалды,  бұл   ретте  инфляция  деңгейі 2,4% деңгейінде қалыптасып, 2005 жылдың  тиісті кезеңімен салыстырғанда  өзгерген жоқ. Тұтыну  бағаларының  құрылымында  бағалардың  негізгі  өсуі  азық-түлік тауарларына жəне ақылы қызметтерге тиесілі - тиісінше 2,7% жəне 2,5%. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 4-тоқсанда 1,7% қымбаттады (3-график).

    Жылдық  көрсеткіштегі  инфляция  қазан-желтоқсанда  жоғарылау үрдісін көрсетіп, желтоқсанның аяғында 8,4%-ға (2005 жылғы желтоқсанда – 7,5%) жетті. Бұл ретте 2006 жылы  азық-түлік тауарлары 7,3%,  азық-түлікке жатпайтын тауарлар 7,1%, ақылы қызмет  көрсету 11,6%  қымбаттады (2-график).  Жылдық  көрсеткіште  жеміс-көкөніс өнімдерінің, бензиннің, қанттың, көлік қызметінің бағасы көбірек өсті.   
 

    3-график 
 

      

    2007  жылы  инфляциялық  үдерістер   əр  түрлі  бағыттағы  сипатта   болды. 1-жартыжылдықта жылдық инфляция 2006 жылғы желтоқсандағы 8,4%-дан  2007 жылғы мамырда 7,6%-ға  дейін  төмендеді.  Алайда 2007  жылғы  екінші  жартыжылдықта инфляциялық  үдерістер  күшейе  түсті.  Тұтыну нарығындағы  бағаның  ең  жоғары  өсуі  қыркүйек –  желтоқсан  аралығындағы  кезеңде белгіленді.

    Нəтижесінде 2007 жылы жылдық инфляция  соңғы 7 жылдың  ішінде  өзінің  ең жоғары  мəніне  жетті (18,8%).  Бұл ретте орташа  жылдық  инфляция  Ақша-кредит саясатының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айқындалған болжалды дəлізден 8,2%-9,2% асып, 10,8% деңгейінде қалыптасты. 

    2007 жылы инфляциялық қысымның күшеюіне  ықпалы бірнеше жылға созылған  түбегейлі  факторлар  ғана  себепші  болған  жоқ,  сонымен   қатар  күйзеліс  сипатындағы  сыртқы факторлардың да ықпалы  күшті болды. 

    2007  жылдың  екінші  жартыжылдығында   Қазақстанда  экономикалық  өсу біршама  бəсеңдеді,  бұл  кен  өндіру  өнеркəсібі,  құрылыс  жəне  қаржы  қызметі  сияқты салалардағы өсу қарқынының бəсеңдеуінен туындады. Экономикалық  белсенділіктің  төмендеуі  қысқа  мерзімді  өтімділіктің жетіспеуі салдарынан банк секторындағы кредиттік қызметтің тұралауы аясында жүрді. 

    2008  жылы  Қазақстанның  макроэкономикалық   дамуы  өткен  жылдары жинақталған   тəуекелдерді  іске  асыруды   көрсетті.  Бұл  ретте  тəуекелдер  қаржы секторында да, сондай-ақ  нақты секторда да көрінді. 2008 жылы əлемдік экономиканың бəсеңдеуімен,  бағаның əлемдік тауар нарықтарында 1-жартыжылдықта айтарлықтай өсуімен жəне 2-жартыжылдықта барынша түсуімен, сондай-ақ бірқатар мемлекеттерде валюталардың  құнсыздануымен  күрделілене түсті. Осыған  қарамастан  елдегі экономикалық өсу сақтала тұрса да оның қарқыны айтарлықтай төмендеді.

    ЖІӨ-нің  нақты  өсуі  бағалау  бойынша 2,5%-ды  құрады.  Бұл  ретте  құлдырау өңдеу  өнеркəсібі (2008  жылы 2,6%)  ауыл  шаруашылығы (5,6%)  сияқты  салаларда көрінді.  Экономиканың  басқа салалары  бойынша өндіріс көлемінің өсу қарқынының баяулағаны  байқалды.  Мəселен, 2008  жылы  өндіріс тау-кен өнеркəсібінде 5,3%, құрылыста – 1,8%-ға  ұлғайды,  бөлшек  сауда айналымы 3,6%, жүк айналымы – 5,5% өсті.

    Экономиканың  нақты өсуінің бəсеңдеуі, банк секторының кредиттік қызметінің стагнациясы,  əлемдік  тауар  нарықтарында  қалыптасып  отырған  конъюнктураға  байланысты  қазақстандық  экспорттың  негізгі  тауарларына  бағаның  төмендеуі Қазақстандағы  іскерлік  белсенділіктің  төмендеуіне  себепші  болды.  Кəсіпорынның іскерлік белсенділігінің негізгі көрсеткіштерінің ішінде 2008 жылғы 2-жартыжылдықта белгілі  болған  жұмыссыздықтың  өсуін,  халықтың  кірістерінің  азаюын,  Қазақстан кəсіпорындарының  өнеркəсіптік  өніміне  бағаның  өсу  қарқынының  бəсеңдеуін  атап көрсетуге болады.

    Қазақстан  экономикасында  осындай  үрдістердің  қалыптасуы  инфляцияның бəсеңдеуіне  себепші болды. 2008 жылдың қорытындысы  бойынша жылдық инфляция деңгейі 9,5%-ды құрады.

    2009 жылы  Қазақстанда инфляция  қарқынының  тұрақты төмендеуі байқалды. 2009  жылдың  қорытындылары бойынша инфляция 6,2%  деңгейінде  қалыптасты. Инфляцияның бұл деңгейі 2008 жылғы инфляциямен салыстырғанда 1,5 есе төмен.

    Жоғары  емес  іскерлік  белсенділік,  банктердің  кредиттік  белсенділігінің тоқырауы, халықтың нақты ақшалай кірістерінің өсу қарқыны, шектеулі тұтынушылық сұраныс  экономикадағы  инфляция  аясының  төмендеуінің  негізгі  факторлары  болып табылады.

    Осыған  қарамастан 2009 жылы Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай 2007-2008  жылдардағы  жағдаймен  салыстырғанда  жоғары  тұрақтылығымен  сипатталады.

    2009  жылы  Ұлттық  Банк  ресми   қайта  қаржыландыру  ставкасын  10,5%-дан тарихи ең төмен деңгей  – 7,0%-ға дейін бірте-бірте төмендетті. 2009 жылғы наурызда ішкі  міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға  дейін жəне  басқа да  міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5%-ға  дейін банктерге ең  аз  резервтік талаптар  төмендетілді. Борышты қайта құрылымдау үдерісіндегі банктердің ағымдағы өтімділігін қолдау үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде АЕК жеке нормативтері белгіленді.

    Қабылданған шаралар қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді.  Банктер  тарапынан  Ұлттық  Банктің  ресурстарына  сұраныс  қысқарды,  ал өтімділікті  алу  бойынша  операциялардың  көлемі  ұлғайды.  Нəтижесінде  банктер Ұлттық Банктің құралдарында өтімділіктің елеулі көлемін жинақтады, ал осы уақытта экономиканы кредиттеудің өсуі болған жоқ.

    Осы  жағдайда  Ұлттық Банк  ақша-кредит  саясатының  құралдарына кейбір өзгерістер енгізді. Банктерден тартылған депозиттер жəне Ұлттық Банктің шығарылған қысқа мерзімді ноталары бойынша мерзімдер ұлғайтылды жəне ставкалар төмендетілді.

    2010 жылғы 4-тоқсанға жəне тұтастай  алғанда 2010 жылға инфляция болжамын бағаласақ  2010  жылғы 4-тоқсанда  инфляцияның  нақты  қалыптасқан  деңгейі  2,4%.

    Бағаның негізі өсімі 2010 жылғы 4-тоқсанда азық-түлікке  жатпайтын тауарларға тиесілі  болды.  Олардың  құрылымында  жеміс-жидек,  сүт  өнімдерінің,  май  жəне  тоң майдың, жұмыртқа,  қанттың  қымбаттауын  атап  көрсетуге  болады. Өткен жылдардың динамикасын  талдай  отырып,  жемістің  жəне  көкіністің,  сүт  өнімдерінің  жəне жұмыртқаның  қымбаттауы  осы  кезеңге  тəн  екендігін  атап  өткен  жөн,  өйткені бұл маусымдылық факторымен байланысты (4-рафик).

     4-график 

      

    Тұтастай  алғанда, 2010  жылдың  қорытындылары  бойынша  Қазақстанда инфляциялық  үдерістердің  қалыптасуы  ақылы  қызмет  тарапынан  ықпалдың  тұрақты  төмендеу  үрдісі  жəне  азық-түлікке  жатпайтын  тауарлар  тарапынан  күшеюі  аясында жүрді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тарапынан əсер 2010 жылы қалыпты болды.  

    5-график 

    

    Жылдық  көрсетуде  инфляцияның  нақты  деңгейі 2010  жылдың  қорытындысы  бойынша (7,8%) Ұлттық Банк белгілеген 6-8% мақсатты дəліз шеңберінде қалыптасты (5-график ).   
 

2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі көрсеткіштеріне талдау жасау 

     2011 жылы Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі баға тұрақтылығын  қамтамасыз етуге және қалыптасып отырған макроэкономикалық алғышарттарға бара-бар жылдық инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының негізгі мақсатын баға тұрақтылығы деп айқындағанына қарамастан, инфляциялық таргеттеу ұстанымдарына көшу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының құралдары ретінде пайыздық ставкалардың тиімділігін көтеруге байланысты анағұрлым ұзақ болашаққа көшіріледі.

     Ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін  жетілдіру мен көтеру және  қабылданған  шаралардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын бұдан әрі  күшейту  бойынша   жұмыс жалғастырылады.

     Теңгенің  айырбастау бағамы ауытқуының белгіленген  дәлізінің қолданысы аяқталған  соң, Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі басқарылатын өзгермелі  валюта бағамы режиміне көшеді. Бұл  ұлттық валютаның тұрақтылығымен байланысты, оған әлемдік нарықтағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына қолайлы баға конъюнктурасы және төлем балансының жай-күйі  ықпал етеді. Орта  мерзімді кезеңде теңгенің құнсыздануы үшін түбегейлі алғышарттар жоқ. Оған қоса, экономика дамуының 2 және 3 сценарийлерін іске асыру кезінде төлем балансының оң сальдосына байланысты ұлттық валютаның нығаю мүмкіндігі жоғары.

     Бұл ретте басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшу  Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкін ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемеден босатпайды.  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында отандық өндірістің  бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларын  болдырмауға  бағытталады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңге бағамының икемділігін көтеру  мақсатында  валюталық нарықта  өзінің қатысуын бұдан әрі  төмендетуге талпынатын  болады.

Информация о работе Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері