Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 09:04, курсовая работа
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инфляцияның теориялық аспектілері.........................................................5
1.1. Инфляция мәні мен пайда болу себептері.............................................5
1.2. Инфляцияның түрлері мен типтері........................................................7
1.3. Инфляцияның айқындалу формалары...................................................9
2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау...............12
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері...........12
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі көрсеткіштеріне талдау жасау.........................................................................18
2.3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары.................................22
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар...............................27
3.1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалар..........................................27
3.2. Инфляцияны бәсендету шаралары.......................................................29
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар...........................................................................................................37
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады. Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде табысқа салынатын салық пен мүлік құнына қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасында да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қатысты материалдық өндіріс сферасында да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас бөлігіне – шығындар немесе өндірушілер инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан олардың ықпалы бөлек қарастырылатын болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері себептерінің өзара байланысы байқалады.
Жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршендік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:
а) тура әдістермен – шектеумен (рестрикциялармен), яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;
ә) секвестрлеу әдісімен – барлық шығыстарды әр түрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлгеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;
б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.
Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әр түрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және т.с.с. шалады.
Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін – шығындардың (өндірушілер инфляциясының) өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:
1) жалақыны көбейту;
2)
ұйымдық сипаттағы себептер
3)
шикізат және энергетикалық
Өндіріс
шығындарымен байланысты болатын инфляцияны
жою өзара байланысты проблемалардың
бірнеше күрделі блоктарын
Инфляцияны
төмендету проблемаларының
Сауда-делдалдық сфераға қарағанда өндірістік сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет. Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге салықтардың жеңілдік жүйесімен, кредитті кедергісіз алумен және кредиттер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшермелермен, ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді, аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор қызметінің басым түрлерін қаржыландыру жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды.
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық бәсеке механизмі мен меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің экономикалық жауапкершілігі механизмі жасау болып табылады; аталған механизмдердің іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың төмендеуі – бағалардың төмендеуі – өндірістің өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы – ұсынымның көбеюі – сұранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін жасау монополияға қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің тұрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-қаржы қызметіндегі олардың теңдігін заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты болады.
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі құралы экономиканы мемлекеттік реттеу шеңберінде баға мен жалақыға бақылау қою болып табылады. Баға мен жалақыны реттеудің ауқымдарын таңдау қысқа мерзімді саясат бағдарламаларында айқындалады және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттіліктеріне қарай түрленіп отырады. Базалық технологиялық шекте – шикізат, отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор. Тап олардың құны келесі технологиялық шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының негізіне қойылады.
Жалақыны реттеу бастапқы (қол жеткен) деңгейден еңбек өнімділігінің нақтылы артуына байланыста жүзеге асырылады, өйткені номиналды жалықы мөлшерлемелерінің еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең өсіммі өзінің сипаты бойынша инфляциялық емес болып табылады.
Сыртқы
экономикалық қызметті қамтып көрсететін
төлем балансы тарапынан
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар мен қызметтерге ішкі сұранымды отандық тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен, сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда экспорттық өндірістің икемділігін арттыру есебінен жету керек. Бұған реалистік деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын жүргізу, инфляциялық серпіліс кезеңінде сауда және валюталық шектеулердің ұтымды ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген кезде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру арқылы жетеді.
Сөйтіп инфляциямен күрестің негізгі нысандары ақша реформалары және инфляцияға қарсы саясат болып табылады.
Ақша реформасы – ақша айналысын ретке келтіру және нығайту мақсатымен мемлекет жүргізіп отырған ақша жүйесін толықтай немесе ішінара өзгерту. Ақша реформасы елдің экономикалық жағдайына, ақшаның құнсыздану дәрежесіне, мемлекет саясатына қарай түрлі әдістермен (нөлдендіру, қалпына келтіру, девальвациялау мен деноминациялау) жүзеге асырылады.
Өршімелі
инфляция кезінде бірқатар елдер
пайдаланған инфляциямен
Қорытып
айтқанда, Қазақстандық экономикадағы
инфляциялық процестер
3. Инфляция
мәселелерін талдаудағы перспективалар
3.1. Қазақстан
Республикасының экономикасы дамуының
2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалары
Жүйелі және теңдестірілген саясатты әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кейінгі 3 жылға арналған орта мерзімді болжамдарды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатының бір жылға арналған негізгі бағыттарын әзірлеуге шешім қабылдады.
Көрсетілген
сценарийлер Қазақстан
Қазақстан Республикасының экономикасына ықпал ету дәрежесін ескере отырып, 2011-2013 жылдарға арналған ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде сцеранийлік нұсқаларға бөлудің негізгі критерийімен мұнайдың әлемдік бағаларының орташа жылдық деңгейі айқындалды. Макроэкономикалық ахуалдың дамуының үш сценарийі қарастырылатын болады, олар мұнай бағасы деңгейінің бір баррель үшін 35, 65 және 80 АҚШ доллары болуын көздейді.
Қазақстан
Республикасы ақша-кредит саясатының
негізгі көрсеткіштерінің болжамдары
төлем балансының болжамдарына негізделген,
олар айтарлықтай консервативті болып
табылады (1-кесте).
Нақты ЖІӨ-нің және төлем балансы көрсеткіштерінің 2011-2013 жылдардағы 3 сценарий бойынша болжамы
1-кесте
2011 | 2012 | 2013 |
35 | 65 | 80 | 35 | 65 | 80 | 35 | 65 | 80 | |
ЖІӨ-нің нақты өсуі,% | -0,5 | 3,1 | 4,7 | 0,9 | 3,3 | 4,9 | 1,9 | 3,5 | 5 |
Ағымдағы шот, ЖІӨ-ге %-бен | -7,2 | 0,9 | 1,6 | -5,8 | 1,5 | 1,5 | -4,7 | 1,9 | 1,4 |
Төлем балансы, ЖІӨ-ге %-бен | -1,9 | 2,8 | 2,6 | -0,4 | 1,9 | 1,8 | -1,8 | 2,2 | 0,6 |
Барлық үш сценарий бойынша да бюджеттен төленетін зейнетақылардың, жәрдемақылардың, жалақылардың және басқа да әлеуметтік төлемдердің 2011 жылы жоспарлы көтерілуі назарға алынды. Бұл көтеру экономикадағы жиынтық сұранысқа сәйкес келетін деңгейде жиынтық ұсынысты ұстап тұру бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тарапынан тиісті шаралар қолдануды талап етеді.
Банктердің «нашар» кредиттерді есептен шығаруына қатысты айқын емес перспективалардың кесірінен экономикаға берілген кредиттердің динамикасы мен көлемдері туралы болжам жасап, баға беру мүмкін болмай отыр. 2011 жылы кредиттерді өтеу және «нашар» кредиттерді есептен шығару көлемдері жаңа кредиттер беру көлемдерін өтейтін болады деп болжануда. Соған байланысты 2011 жылы экономиканың кредиттер бойынша берешегінің тұрақты деңгейі күтіледі, ал 2012-2013 жылдары оның жылына 10%-ға өсуі туралы болжам жасалған болатын.
2011 жылы инфляциялық аяның ағымдағы деңгейде сақталуы күтіледі. Бұл 2011 жылы инфляцияның өсуінің негізгі тәуекелдері болып 2010 жылы орын алған факторлардың қала беруімен байланысты.
Бұл ретте 2011 жылы монетарлық
факторлардың Қазақстан
2011-2013
жылдары Қазақстан
Бірінші сценарийді іске асырған кезде кейіннен 2013 жылы экономиканың 2%-ға дейін нақты өсуін қалпына келтіру арқылы 2011 жылы Қазақстан экономикасының шамалы қысқаруы күтіледі.
Осы сценарий аясында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жиынтық сұраныстың қысқаруы, төлем балансы көрсеткіштерінің нашарлауы және ақша сұранысының төмендеуі күтіледі.
Экономиканың ақшаға сұранысының төмендеуі 2011 жылы ақша ұсынысының қысқаруымен қатар жүреді. 2012-2013 жылдары ақша ұсынысы біршама ұлғаяды, алайда оның өсу қарқыны шектеулі болады.
Ақша ұсынысының әр бағыттағы динамикасы монеталандыру деңгейінің шамалы төмендеуіне ықпал етеді (1-қосымша).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша бұл сценарийді іске асыру мүмкіндігі барынша төмен.
Информация о работе Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері