Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 09:04, курсовая работа
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіруге болады, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
Жоспар
Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Инфляцияның теориялық аспектілері.........................................................5
1.1. Инфляция мәні мен пайда болу себептері.............................................5
1.2. Инфляцияның түрлері мен типтері........................................................7
1.3. Инфляцияның айқындалу формалары...................................................9
2. Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайын талдау...............12
2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляция даму ерекшеліктері...........12
2.2. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі көрсеткіштеріне талдау жасау.........................................................................18
2.3. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары.................................22
3. Инфляция мәселелерін талдаудағы перспективалар...............................27
3.1. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының 2011-2013 жылдарға арналған сценарийлік нұсқалар..........................................27
3.2. Инфляцияны бәсендету шаралары.......................................................29
Қорытынды............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................36
Қосымшалар...........................................................................................................37
Екінші сценарийді іске асырған жағдайда мұнайдың бағасы бірінші сценариймен салыстырғанда жоғары, бірақ 2010 жылғы қалыптасқан нақты деңгейден төмен болады. Нәтижесінде, 2011-2013 жылдары Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2010 жылмен салыстырғанда баяулайды.
2011-2013
жылдары капиталмен және
Ақша ұсынысының кеңею қарқыны 2011-2013 жылдардағы нақты ЖІӨ өсуінің қарқынына сәйкес келеді. Бұл ретте экономикалық өсудің оң динамикасымен қатар жүретін анағұрлым қолайлы макроэкономикалық жағдай монеталандыру деңгейінің өсуіне әсер етеді (1-қосымша).
Үшінші сценарийге сәйкес 2011-2013 жылдары Қазақстандағы экономикалық өсудің қарқыны алдыңғы сценарийлерге қарағанда анағұрлым жоғары деңгейде болады деп күтіледі.
Алдыңғы
сценариймен салыстырғанда
3-сценарий шеңберінде алдыңғы сценарийге қарағанда анағұрлым жоғары жиынтық сұраныс, оның ішінде импорттық тауарларға жиынтық сұраныс күтіледі. Нәтижесінде, жалпы төлем балансының профициті айтарлықтай қалыпты болады.
Ақшаға
деген сұраныс алдыңғы
Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасы экономикасы дамуының
үшінші сценарийін іске асыруды анағұрлым
мүмкін деп санайды, осыларды ескере
отырып 2011 жылға арналған ақша-кредит
саясаты әзірленді. Келесі жылдарға
арналған шаралар 2011 жылдың қорытындысы
бойынша нақтыланатын болады.
3.2.
Инфляцияның бәсендету
Инфляция
зардаптарын бейтараптандыру
Инфляцияға
саясаттың маңызды
Батыс елдерінде инфляцияны жиынтық сұранымның жыл сайынғы өсу қарқынынан асып кетпеуімен түсіндіреді. Оны толық жұмыспен қамтумен байланыстырады, себебі ол ақшаның көп болуы экономикалық өсуді шектейді (басқаша айтқанда жалақы мөлшерінің көп болуы материалдық мүдделікті төмендетеді, ол өңдірістің даму қарқынын баяулатады). Американ ғалымы Мильтон Фридмен (1912 жылы туған), инфляцияны «өнімді шығаруға қарағанда ақшаның артықшылығымен шақырылатын ақша феномені» болып табылады деп көрсетеді.
Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Стагфляцияның барынша айқын себебі – жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының инфляциясы. Бірсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себебін нарықтың құрылымдық жетілмегендігімен, ең алдымен бәсекенің тиісті деңгейінің болмауымен түсіндіреді. Шындығында жоғары бәсеке жағдайында бір тауарлардың қымбаттауы басқа тауарлардың арзандауына әкеліп соқтырады. Жалпы бұл тұрақты макроэкономикалық баға деңгейін қамтамасыз етеді. Ал егер бәсеке жеткілікті дәрежеде болмаса, онда бағаның, оның төмендеуіне деген «қаттылығын» көреміз, яғни бір тауарларға бағаның өсуі басқа тауарларға барабар бағаның төмендеуіне әкеліп соқтырмайды. Нәтижесінде тауарларға және өндіріс факторларына қойылған бағалардың жалпы деңгейі ұдайы көтеріле бастайды.
Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.
Осындай бағдарламаның негізіне инфляцияны анықтайтын себептер мен факторларды талдау, оны ойдағы деңгейге дейін азайтуға немесе жоюға себепкер болатын экономикалық саясаттың шараларының жиынтығы жату керек.
Инфляцияға қарсы саясат инфляцияны қысқартуға бағытталған, экономиканы мемлекеттік реттеудің шаралар жиынтығы болып ұсынылады. Осы шараларды ұзақ мерзімді сипатта мақсаттар мен әдістерді енгізетін стратегиялық және қысқа мерзімді нәтижелер алуға бағытталған тактикалық деп бөлуге болады.
Инфляцияға қарсы стратегия ақша – несие, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
Инфляцияға қарсы тактика ағымдағы инфляцияның қысым жасауын азайтатын қысқа мерзімді әрекет шараларын білдіреді. Оның әдістері сұранысты бірге өсірмей ұсынысты кенет көбейтуге мүмкіндік береді. Мысалы, бағалар мен жалақы қатынастарына қатаң бақылау (бағалар мен жалақының өсуін уақытша тоқтату), кәсіпкерлікті салықтық ынталандыру, өмірлік маңызы бар салалар мен өндірістерді мемлекеттік шаруашылық шығындарды қолдау.
Инфляцияға қарсы саясатты әзірлеудің шарты негізгі қайта өндіру механизмінде жатқан инфляция теориясының дамуы болып табылады. Ол деген – ұзақ инфляция факторын тежейтін шаралар анықталып және инфляцияға қарсы ұзақ мерзімді стратегияның әзірленуі керек.
Бұл жалпы шараларға төмендегілер жатады:
- Экономиканы сауықтыру, Қазақстан 2003 – 2015 жж. индустриалды – инновациялық даму стратегиясын (ИИДС) қабылдаумен және оны жүзеге асырумен экономиканың шикізаттық бағытынан жоғары технологиялы, бәсеке қабілетті экономикаға өтуге тырысады;
- Саналы инвестициялық саясатқа көшу. Қазақстан инвестициясының бір жақтылығынан зардап шегіп келеді, барлық шетел инвестицияларының 90%-ы шикізатқа, кен өндіру салаларына салынады. Осыған байланысты ИИДС-сы республикамыздың шетелдік және ішкі инвестициялардың маңызды бөлігін өңдеуші өнеркәсіпке бағыттауға ниет етіп отыр;
- Дәстүрлі емес тауарларды (тұрғын ұй, жер, бағалы қағаздар және т.б.) нарықтық айналымға белсенді тарту. Қазақстан тұрғын ұй бағдарламасын, ипотекалық бағдарламаны, жаңа Жер кодексін әзірлеумен тұрғын үй құрылысын, ипотека жүйесін дамытуға және тұрғын үй мен жерді нарықтық айналымға белсенді қосуға көңіл бөліп отыр;
- Қызмет көрсету нарығындамыту. Республикада бұл бағытта белсенді жұмыс жүріп жатыр. Инфрақұрылым, қызмет көрсету аясы (оның үлесі ЖІӨ-нің 50%-нан астамын құрайды) даму үстінде;
- Экономика мен қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын кіші және орта бизнесті дамыту. Бұл бизнес негізінен халық тұтынатын тауарлар өндірісінде және саудада, қызмет көрсету аясында болады. Ол мықты бәсекені қалыптастырады;
- Саналы қаржы – несие жүйесін құру. Бұл қатыста Қазақстанның белгілі бір жетістігі бар. Үнемі салық салуды, сақтандыруды, зейнетақымен қамтамасыз етуді жүзеге асырып отыратын, қазіргі заман талабына сай оның банк жүйесі бар.
Инфляцияға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша – несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландарудың мөлшерлемелерін, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша – несие саясатынқолданады. Ұлттық банк ақша массасының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен қызмет көрсетудің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістермен әсер етеді.
Ақша айналымының тұрақтылығы экономиканың тұрақты дамуын нақты білдіреді. Сондықтан неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша – несие және қаржылық шараларды қолдануға бағыттайды.
Ақша
айналысын тұрақтандырудың
Ақша айналысын тұрақтандыру шараларын сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Ендеше, бұл жерде инфляция құны жоғары болмас үшін шығындарды қысқартып, салықтарды салу барысында өндірістің өсуі ескерілсе, яғни алдын-ала күрделі жоспар құрылып, нақты есеп жүргізілсе, жоғарыда аталған дағдарыс жағдайын бәсеңдетуге болар еді.
Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады.
Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін қояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясаттты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталык банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді және қарыз пайызы кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Ақша айналысын қысқарту мақсатында келесі әдістерді белгілесек:
Инфляцияны басқаруды жақсарту шараларының бірі ретінде инфляциялық таргеттеуге үлкен мән беріледі.
Информация о работе Инфляция: түсінігі, түрлері мен туындау себептері