Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты - бизнес бірлестіктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 15:35, реферат

Описание работы

Осы Стандарттың мақсаты бизнесті біріктіруді жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржылық есептіліктің сипаттамасы болып табылады. Ол, атап айтқанда, бизнесті біріктірудің барлығы сатып алу әдісін қолдана отырып ескерілуге тиіс екендігін белгілейді. Осылайша, сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерін міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін сатып алу күнгі олардың әділ құны бойынша таниды, сондай-ақ кейіннен құнсыздануға тексерілетін, бірақ амортизацияланбайтын іскерлік беделді де таниды.

Работа содержит 1 файл

3-Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері.doc

— 201.50 Кб (Скачать)

(f)  машиналар және жабдықтар үшін сатып алушыға әдетте экспорттық бағалау көмегімен айқындалатын нарықтық құнды пайдаланғаны жөн. Егер машина және жабдықтар объектісінің арнайы сипаттағы себептерінен, сондай-ақ бұл объект сирек сатылатындықтан, жұмыс істеп тұрған бизнестің бөлігі ретінде сатуды қоспағанда, әділ құн туралы нарықтық ақпарат болмаса онда сатушы кіріс негізіндегі әдісті немесе орнына амортизацияланған құн негізінде әдісті пайдалана отырып, әділ құнды есептеу қажет етіледі;

(g)  материалдық емес активтер үшін сатып алушы әділ құнды айқындауы тиіс:

(і)  38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандартында белгіленгеніндей актив нарығы деректері негізінде; немесе

(іі)  актив нарығы болмағанда, тәуелсіз, жақсы хабардар және ең жақсы қолда бар ақпарат негізінде (бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған материалдық емес активтердің әділ құнын айқындау бойынша қосымша нұсқаулар берілген 38 IAS қараңыз) осындай операцияны жасағысы келетін тараптар арасында операциялар кезінде мұндай активтер үшін сатып алушыға ақы төлеуге тура келетін соманы көрсететін негізде;

(h)  сатып алушы қызметкерлерге сыйақы немесе белгіленген төлемдермен зейнетақы жоспарлары міндеттемелері бойынша таза активтер үшін жоспардың активтерінің әділ құнын шегеріп тастағанда белгіленген төлемдермен зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің келтірілген құнын пайдаланғаны жөн. Алайда актив ықтимал сомада ғана танылады, ол сатып алушыға зейнетақы жоспарынан қаражатты қайтару немесе болашақ жарналарды қысқарту нысанында қол жетерлік болады;

(і)  салық активтері және міндеттемелер үшін сатып алушы салық шығындарынан немесе салық пайдаларын 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес біріктірілетін кәсіпорын тұрғысынан бағаланатын пайдаға немесе залалға қатысты төленуге жататын салықтардан туындайтын салық пайдасы сомасын пайдаланғаны жөн. Салық активтері немесе міндеттеме бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және шартты міндеттемелерді олардың әділ құнына дейін қайта есептеудің салықтық әсерін танығаннан кейін анықталады және дисконтталмайды;

(j) Төлеуге арналған шоттар мен вексельдер, ұзақ мерзімді берешектер, есептеулер мен төлеуге арналған өзге талаптар үшін сатып алушы тиісті ағымдағы пайыздық ставкалар бойынша айқындалған міндеттемелерді реттеу кезінде төлеуге жататын сомалардың келтірілген құндарын пайдаланғаны жөн. Алайда олардың номиналдық және дисконтталған шамалары арасындағы айырма елеусіз болғанда, қысқа мерзімді міндеттемелер үшін дисконттау талап етілмейді;

(k)  ауыртпалықты шарттар және басқа да сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін міндеттемелері үшін сатып алушы тиісті ағымдағы пайыздық ставкалар бойынша айқындалған міндеттемелерді реттеу кезінде төлеуге жататын соманың келтірілген құнын пайдаланғаны жөн;

(l)  сатып алынатын кәсіпорынның шартты мідеттемелері үшін сатып алушының осы шартты міндеттемелерді өзіне қабылдау үшін үшінші тарап төлеуді талап ететін соманы пайдаланғаны жөн. Мұндай сома неғұрлым ықтимал немесе күтілетін ықтимал ең жоғары немесе ең төменгі ақша қаражаты ағынын ғана емес, ақша қаражаты ағыны туралы күтулердің бүкіл ауқымын көрсетуге тиіс.

B17  Жоғарыда келтірілген нұсқаулықтың кейбір тармақтарында әділ құн келтірілген құн әдісін пайдалана отырып бағалануы талап етіледі. Егер нұсқауларда нақты баптар үшін келтірілген құн әдістерін пайдалануға сілтеме жасалмаса, онда бұл әдістер баптың әділ құнын бағалау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Қолданылған әдебиеттер

 

 

Қазақстанда мемлекеттік тілдегі  ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі  Комитет Қорымен жасалған шарттың  негізінде Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет  Қорына тиесілі.


Информация о работе Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты - бизнес бірлестіктері