Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 15:35, реферат
Осы Стандарттың мақсаты бизнесті біріктіруді жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржылық есептіліктің сипаттамасы болып табылады. Ол, атап айтқанда, бизнесті біріктірудің барлығы сатып алу әдісін қолдана отырып ескерілуге тиіс екендігін белгілейді. Осылайша, сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерін міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін сатып алу күнгі олардың әділ құны бойынша таниды, сондай-ақ кейіннен құнсыздануға тексерілетін, бірақ амортизацияланбайтын іскерлік беделді де таниды.
БАСҚА ҚҰЖАТТАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ
86 Осы Стандарт 22-«Бизнес бірлестіктері» IAS (1998 ж. редакцияда) орнына қолданылады.
87 Осы Стандарт мынадай түсіндірмелердің орнына қолданылады:
(а) 9-«Бизнес бірлестіктері - мүдделерді сатып алу немесе біріктіру ретінде жіктеу» ТТК;
(b) 22-«Бизнес бірлестіктері - әділ құнды немесе бастапқы көрсетілген іскерлік беделді кейінгі түзету» ТТК; және
(c) 28-«Бизнес бірлестіктері - «айырбастау күні» және үлестік құралдардың әділ құны» ТТК.
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады.
ықтимал |
Мүмкін емеске қарағанда, сірә мүмкін. |
өзара кәсіпорын |
Инвестордың меншігіндегі кәсіпорыннан айырмасы бар кәсіпорын, мысалы, өзара сақтандыру компаниясы немесе сақтандыру полисін ұстаушыға немесе қатысушыларға тікелей және теңбе-тең неғұрлым аз шығынды немесе басқа да экономикалық пайданы қамтамасыз ететін өзара ынтымақтастық кәсіпорны. |
іскерлік бедел |
Жеке бірегейлендіруге және бөлек тануға жатпайтын активтерден болашақ экономикалық пайда. |
айырбастау күні |
Егер бизнесті біріктіруге жалғыз айырбастау операциясы негізінде қол жеткізілсе, онда сатып алу күні айырбастау жүргізілген күн болып табылады. Бизнесті біріктіруге бір айырбастау операциясынан артық қамтылса, мысалы, ол кезектілікпен акциялар сатып алу арқылы кезең-кезеңмен жүзеге асырылса, айырбастау күні болып сатып алушының қаржылық есебіндегі әрбір жеке инвестициялар танылады. |
сатып алу күні |
Сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынға бақылауды алған күн. |
келісім жасалған күн |
Бірігуші тараптар арасындағы барлық маңызды мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілген күн және кәсіпорынның жағдайында акциялар ашық нарықта айналыста болады және бұл туралы көпшілікке хабарланған. Бірігуші тараптар арасындағы барлық маңызды мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілген бірінші күннің өзі қасақана жойған жағдайда сатып алынатын кәсіпорынның жеткілікті сандағы меншік иелері сатып алынатын кәсіпорынға соңғысының бақылау алуы үшін сатып алушының ұсынысын қабылдаған күн болып табылады. |
азшылық үлесі |
Еншілес кәсіпорын арқылы негізгі кәсіпорын тікелей немесе жанама иелік етпейтін меншікті капиталдағы қатысу үлесіне сәйкес келетін еншілес кәсіпорынның пайдасы немесе залалының және таза активтерінің бөлігі. |
еншілес кәсіпорын |
Негізгі кәсіпорын ретінде белгілі басқа кәсіпорын бақылайтын кәсіпорын (корпорация болып табылмайтын кәсіпорынды қоса алғанда, мысалы, серіктестік) |
кәсіпорын |
Қызметтер мен активтердің мыналарды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылатын және басқарылатын бірыңғай жиынтығы: |
(а) инвесторларға кіріс; немесе | |
(b) сақтандыру полисін ұстаушыларғ | |
Кәсіпорын дұрысында ресурстарға қолданылатын және пайдаланылатын немесе болашақта түсім алу үшін алдағы уақытта пайдалануға арналған ақырғы өнім нәтижесінде алынатын процестерден тұрады. Егер берілетін қызмет және активтер жиынтығында іскерлік бедел болса, онда мұндай кешенді коммерциялық қызмет деп санауға болады. | |
бақылау |
Кәсіпорынның немесе коммерциялық қызметтің қаржылық және операциялық саясатына олардың қызметінен пайда алу үшін басқару құқығы. |
негізгі кәсіпорын |
Бір немесе бірнеше еншілес кәсіпорындары бар кәсіпорын. |
материалдық емес актив |
«Материалдық емес актив» термині оған 38-«Материалдық емес активтер» IAS берілген мәні бар термин, яғни нақты мәні жоқ бірегейлендірілетін монетарлық емес актив. |
бизнесті біріктіру |
Жекелеген кәсіпорындар немесе коммерциялық қызмет түрлерін бір есеп беретін кәсіпорынға біріктіру. |
жалпы бақылауда тұрған ұйымдарды немесе кәсіпорындарды қамтитын бизнес бірлестіктері |
Барлық біріктірілетін кәсіпорындар немесе коммерциялық қызмет түрлері ақырғы есепте біріктіруге дейінгі сол сияқты біріктіруден кейінгі сол тараптың өзі бақылайтын бизнес бірлестігі және бұл бақылау уақытша болып табылмайды. |
есеп беретін кәсіпорын |
Ресурстарды бөлу бойынша шешімдер
қабылдау кезінде оларға пайдалы
ақпаратты алу үшін оның жалпы
пайдалануға тағайындалған |
бірлескен қызмет |
«Бірлескен қызмет» термині оған 31-«Бірлескен қызметке қатысу» IАS берген мәні бар, яғни бірлескен бақылауға жататын экономикалық қызметті екі немесе бірнеше тарап жүзеге асыратын шарттық келісім. |
әділ құны |
Актив айырбасталуы немесе жақсы хабардар, осындай операцияны жасағысы келетін тәуелсіз тараптар арасында міндеттемелер орындалуы мүмкін сома. |
шартты міндеттеме |
«Шартты міндеттеме» термині оған 37-«Бағалау резервтері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS берген мәні бар: |
(а) өткен оқиғалардан туындайтын
және оның болуы кәсіпорынның
бақылауына толықтай | |
(b) бар міндеттеме, өткен оқиғалардан
туындаған мыналардың | |
(і) ықтималдық жоқ, міндеттемелерді реттеу үшін экономикалық пайдаға негізделген ресурстардың шығуын талап етеді; немесе | |
(іі) міндеттемелердің шамасы жеткілікті дәрежедегі сенімділікпен өлшенуі мүмкін емес. |
Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады.
В1 21-параграфта белгіленгеніндей, әдетте кері сатып алулар деп аталатын бизнесті біріктірудің кейбір жағдайларында меншікті капиталға қатысу үлесі сатып алынған, ал оларды шығаратын кәсіпорын сатып алынатын болып табылатын кәсіпорын сатып алушы болып табылады. Бұл, мысалы, жеке кәсіпорын бағалы қағаздарды қор биржасына жіберуді алу үшін қаражат ретінде өзінің «сатып алуын» неғұрлым ұсақ мемлекеттік кәсіпорынмен өзі ұйымдастыратын жеке кәсіпорын. Заң жүзінде бағалы қағаздарды шығаратын мемлекеттік кәсіпорын негізгі кәсіпорын ретінде, ал жеке кәсіпорын еншілес ретінде қарала тұрса да, оның қызметінен пайда алу үшін заңдық тұрғыдан қарағанда еншілес кәсіпорын, егер ол негізгі кәсіпорынның қаржылық және операциялық саясатын басқару мүмкіндігін алса, сатып алушы болып табылады.
В2 Кәсіпорын В3-В15-параграфтардағы нұсқауларды кері сатып алуды есепке алу кезінде пайдаланғаны жөн.
В3 Кері сатып алуды есепке алу сатып алу күнгі бизнесті біріктіруге арналған шығынды бөлуді белгілейді және бизнесті біріктіргеннен кейінгі операцияларға қолданылмайды.
Бизнесті біріктірудің құны
В4 Егер үлестік құралдарды шығару бизнесті біріктіру құнының бір бөлігі болып табылса, онда 24-параграфтың талаптарына сәйкес бизнесті біріктіру құны осы үлестік құралдардың айырбастау күнгі әділ құнын қамтуға тиіс. 27-параграф, сенімді жария етілген баға болмаған жағдайда, үлестік құралдардың әділ құны қайсысының неғұрлым дәлелді екендігіне байланысты сатып алушы кәсіпорынның әділ құнының немесе сатып алынатын кәсіпорынның әділ құнының негізінде есептелуі мүмкін болатынын көрсетеді.
В5 Кері сатып алу кезінде бизнесті біріктіру құны, заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынға (яғни, есепке алу мақсатында сатып алушыға) келтірілген, заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның (яғни, есепке алу мақсатында сатып алынатын кәсіпорынның) меншік иелері үшін шығарылған үлестік құралдары түрінде деп саналады. Егер бизнесті біріктіру құнын айқындау үшін, заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның үлестік құралдарының жария етілген бағасы пайдаланылса, заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның меншік иелері үшін бірлескен кәсіпорындағы кері сатып алу нәтижесінде бірлескен кәсіпорындағы бар меншік үлесінің пайызы бойынша қамтамасыз ету үшін еншілес кәсіпорын шығаруға тиісті болған үлестік құралдардың мұндай санын есептеген жөн. Үлестік құралдар санының осылайша есептелген әділ құнын бизнесті біріктіру құны ретінде қабылдаған жөн.
В6 Егер заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның үлестік құралдарының әділ құны анық көрнекі болмаса, онда бизнесті біріктіргенге дейінгі шығарылған заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның барлық үлестік құралдарының жалпы әділ құны біріктіру құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланылуға тиіс.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну
В7 Кері сатып алудан кейінгі шоғырландырылған қаржылық есептілік заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның атынан шығарылуға, бірақ ескертулерде заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның (яғни есепке алу мақсатында сатып алушының) қаржылық есебінің жалғасы ретінде сипатталуға тиіс. Мұндай шоғырландырылған қаржылық есептілік заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның қаржылық есебінің жалғасын білдіретіндіктен:
(а) заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері танылуға және біріктіргенге дейінгі олардың баланстық құны бойынша осындай шоғырландырылған қаржылық есепте өлшенуге тиіс;
(b) бөлінбеген пайда сальдосы және осындай шоғырландырылған қаржылық есепте танылған меншікті капиталдың басқа да компоненттері бөлінбеген пайда сальдосына және бизнесті біріктіру алдындағы тікелей заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның меншікті капиталының басқа да компоненттеріне тең болуға тиіс;
(c) осындай шоғырландырылған қаржылық есептегі шығарылған үлестік құралдар ретінде танылған сома В4-В6-параграфтарына сәйкес заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның шығарылған капиталына, біріктіруді жүзеге асыру үшін олар шығарған үлестік құралдарды қоса алғанда, айқындалған біріктіруге шығынды қосу арқылы айқындалуға тиіс;
(d) осындай шоғырландырылған қаржылық есептілікте ұсынылған салыстырмалы ақпарат заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның салыстырмалы ақпараты болуға тиіс.
В8 Кері сатып алуды есепке алу тек қана шоғырландырылған қаржылық есепте қолданылады. Сондықтан заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның жеке қаржылық есептілігінде мұндай болған кезде заңды еншілес кәсіпорынға инвестиция инвестордың жеке қаржылық есептілігіндегі инвестицияларды есепке алу бойынша 27-«Шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» IAS Халықаралық стандарты талаптарына сәйкес есепке алынады.
В9 Кері сатып алудан кейінгі шоғырландырылған қаржылық есептілік заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның (яғни есепке алу мақсатында сатып алушының) активтерінің, міндеттемелерінің, шартты міндеттемелерінің әділ құнын көрсетуге тиіс. Сондықтан бизнесті біріктіруге арналған шығындар сатып алу күнгі олардың әділ құны бойынша өлшенген 37-параграфта танылған өлшемдерге жауап беретін заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтеріне, міндеттемелеріне, шартты міндеттемелеріне жатқызылуға тиісті. Бизнесті біріктіруге арналған шығындардың осындай баптардың таза әділ құнындағы сатып алушының үлесінен асып кетуі 51-55-параграфтарға сәйкес есепке алынуға тиіс. Баптардың таза әділ құнындағы сатып алушының үлесінің біріктіруге арналған шығындардан асып кетуі 56-параграфқа сәйкес ескеріліге тиіс.
Азшылық үлесі
В10 Кейде кері сатып алу жағдайларында заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның кейбір меншік иелері ондағы үлестік құралдарды заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның үлестік құралдарына айырбастамайды. Үлестік құралдары осындай меншік иелеріне тиесілі емес кәсіпорын (заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорын) басқа кәсіпорын бола тұрса да (заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорын), мұндай меншік иелерінің үлестері кері сатып алудан кейін дайындалған шоғырландырылған қаржылық есепте азшылық үлес ретінде есепке алынуға тиіс. Мұның өзі мұндай үлестік құралдарды заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның үлестік құралдарына айырбастауға қатыспайтын заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның меншік иелері бірлескен кәсіпорынның нәтижелерінде және таза активтерінде емес, заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның нәтижелерінде және таза активтерінде ғана үлесі болатынымен байланысты. Және, керісінше, заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның барлық меншік иелері, сатып алушы ретінде қаралатынына қарамастан, бірлескен кәсіпорынның нәтижелерінде және таза активтерінде үлесі болады.
В11 Заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері бірлескенге дейінгі олардың баланстық құны бойынша шоғырландырылған қаржылық есепте танылатын және өлшенетін болғандықтан, азшылық үлесі бірлескенге дейін заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның таза активтерінің баланстық құнында акционерлердің азшылық үлесін теңбе-тең көрсетуге тиіс.
Акцияға пайда
В12 В7(с)-параграфта көрсетілгеніндей, шоғырландырылған қаржылық есепте ұсынылған, кері сатып алудан кейін дайындалған капиталдың құрылымы, бизнесті біріктіруді жүзеге асыру үшін ол шығарған үлестік құралдарды қоса алғанда, заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның капиталының құрылымын көрсетеді.
В13 Кері сатып алу жүргізілген кезеңнің ішінде айналыста тұрған (бөлімі) әдеттегі акциялардың орташа алынған санын есептеу мақсатында:
(а) осы кезеңнің басынан бастап сатып алу күніне дейін айналыста тұрған әдеттегі акциялардың санын заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның меншік иелері үшін заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорын шығарған әдеттегі акциялар санына тең деп санау керек;
(b) сатып алу күнінен бастап осы кезеңнің аяғына дейін айналыста тұрған әдеттегі акциялардың саны заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның осы кезең ішінде айналыста тұрған әдеттегі акцияларының нақты санына сәйкес келуге тиіс.
В14 Кері сатып алудан кейінгі шоғырландырылған қаржылық есепте ұсынылған, сатып алу күніне дейінгі әрбір салыстырмалы кезең үшін ашылатын акцияға негізгі пайда кері сатып алу кезінде осы кезеңдердің әрқайсысында жай акцияларды иеленушілерге сай келетін заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорынның пайдасын немесе залалын заңдық тұрғыдан алғанда негізгі кәсіпорын заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорынның меншік иелері үшін шығарған жай акциялар санына бөлумен есептелуге тиіс.
В15 В13 және В14-параграфтарында келтірілген есептеулерде салыстырмалы кезең ішінде және кері сатып алу жүргізілген кезеңнің басынан бастап сатып алу күніне дейінгі уақыт ішінде заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорын шығарған жай акциялардың санына ешқандай өзгеріс болған жоқ деп болжанады. Акцияларға пайданың есебі осы кезеңнің ішінде заңдық тұрғыдан алғанда еншілес кәсіпорын шығарған жай акциялар санының өзгеруіне ықпал есебінде қабылдау үшін тиісті түрде түзетілген болуға тиіс.
В16 Осы ХҚЕС-нда (IFRS) сатып алушының сатып алынатын кәсіпорынның тиісті тану өлшемдеріне жауап беретін активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін сатып алу күнгі олардың әділ құны бойынша тануын талап етеді. Құнды бизнесті біріктіруге бөлу мақсатында сатып алушы мынадай көрсеткіштерді әділ құн ретінде есепке алуға тиіс:
(а) актив нарығында сатылатын қаржы құралдары үшін сатып алушы нарықтық құнның ағымдағы мәнін пайдалануға тиіс;
(b) актив нарығында сатылмайтын қаржы құралдары үшін сатып алушы пайда мен бағаның арақатынасы, дивидендтер бойынша кірістілік және кәсіпорынның осындай сипаттағы салыстырмалы құралдарының күтілетін өсу қарқыны сияқты сипаттамаларын есепке алады;
(c) сатып алушы дебиторлық берешек, бенефициар келісім-шарттары және басқа да бірегейлендірілетін активтер үшін, егер бұл қажет болса, үмітсіз борыштарды және өндіріп алуға арналған шығынды жабуға арналған бағалау резервтерін шегеріп тастағанда тиісті ағымдағы пайыздық ставкалар бойынша айқындалатын алуға жататын келтірілген соманың құнын пайдалануға тиіс. Алайда номиналды және дисконтталған шамалары арасындағы айырма елеусіз болса, қысқа мерзімді дебиторлық берешек, бенефициар келісім-шарттары мен өзге бірегейлендірілетін активтер үшін дисконттау талап етілмейді;
(d) қорлар үшін:
(і) сатып алушы дайын өнімді және тауарларды (1) шығаруға арналған шығын және (2) осындай дайын өнім және тауарлардан пайдаға негізделген сату бойынша сатып алушының күшіне пайданың негізделген норма сомасын шегеріп тастағанда сату бағасын пайдаланғаны жөн;
(іі) сатып алушы аяқталмаған өндірісті (1) аяқтауға арналған шығын, (2) шығаруға арналған шығын және (3) осындай дайын өнімнен пайдаға негізделген аяқтау және сату бойынша күш жұмсауға негізделген пайда нормасы сомасын шегеріп тастағанда дайын өнімнің сату бағасын пайдаланғаны жөн;
(ііі) шикізатты сатып алушы ағымдағы орын ауыстыру құнын пайдалануы тиіс;
(е) жер және үй-жай үшін сатып алушы нарықтық құнды пайдалануға тиіс;
Информация о работе Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты - бизнес бірлестіктері