Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты - бизнес бірлестіктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 15:35, реферат

Описание работы

Осы Стандарттың мақсаты бизнесті біріктіруді жүзеге асыратын кәсіпорын үшін қаржылық есептіліктің сипаттамасы болып табылады. Ол, атап айтқанда, бизнесті біріктірудің барлығы сатып алу әдісін қолдана отырып ескерілуге тиіс екендігін белгілейді. Осылайша, сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерін міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін сатып алу күнгі олардың әділ құны бойынша таниды, сондай-ақ кейіннен құнсыздануға тексерілетін, бірақ амортизацияланбайтын іскерлік беделді де таниды.

Работа содержит 1 файл

3-Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты Бизнес бірлестіктері.doc

— 201.50 Кб (Скачать)

46 Физикалық нысаны жоқ монетарлық емес актив материалдық емес активтің айқындамасына жауап беру үшін бірегейлендірілген болуға тиіс. 38 IAS сәйкес актив, егер ол:

(а)  бөлінетін болып табылса, бөлек немесе тиісті шартпен, активпен немесе міндеттемемен бірге, яғни оны кәсіпорыннан бөлектеуге немесе бөліп шығаруға және сатуға, беруге, лицензиялауға, жалға тапсыруға немесе айырбастауға болса; немесе

(b)  осы құқықтарды беруге немесе кәсіпорыннан немесе басқа құқықтар мен міндеттемелерден бөлуге болатын-болмайтынына қарамастан, шарттық немесе басқа заңдық құқықтардың нәтижесі болып табылса, материалдық емес активті айқындаған кезде бірегейлендірілу өлшеміне жауап береді.

Сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелері

47 37-параграф, егер оның әділ құны сенімді өлшенген болса ғана, бизнесті біріктіруге арналған шығынды бөлген кезде сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемесін жеке танитынын белгілейді. Егер оның әділ құны сенімді өлшенуі мүмкін болмаса:

(а)  оның бар екені танылған іскерлік бедел сомасында немесе 56-параграфқа сәйкес есепке алынған айырмада көрсетіледі; және

(b)  сатып алушы осы шартты міндеттеме жөнінде ақпаратты 37 IAS сәйкес ашуға тиіс.

В қосымшасының В16 (І)-параграфында шартты міндеттеменің  әділ құнын айқындау жөніндегі нұсқама  беріледі.

48 Сатып алушы бастапқы танудан кейін 36-параграфқа сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді өлшеуге тиіс, мыналардың неғұрлым үлкен мәні бойынша:

(а)  37 IAS сәйкес танылатын сома; және

(b)  18-«Түсім» IAS Халықаралық стандартына сәйкес танылған, бастапқыда шегеріммен танылған жинақталған амортизация сомасы, орынды болған жағдайда.

49 48-параграфтың талаптары 39-«Қаржы құралдары - тану және өлшеу» IAS Халықаралық стандартына сәйкес есепке алынған шарттарға қолданылмайды. Алайда, нарықтықтан төмен пайыздық ставкамен заемдар беру бойынша міндеттемелер болып табылмайтын 39 IAS қолданылу аясынан шығарылған заем бойынша міндеттемелер сатып алынатын кәсіпорынның, егер сатып алу күні экономикалық пайдаға негізделген ресурстар шығаруды талап ететін міндеттемені реттеу үшін ықтимал болып табылмайтын болса, немесе егер осы міндеттеменің сомасы жеткілікті дәрежедегі сенімділікпен өлшенуі мүмкін болмаса, сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелері ретінде есепке алынады. Заем бойынша мұндай міндеттеме 37-параграфқа сәйкес бірлестікке шығындарды бөлген кезде, егер оның әділ құны сенімді өлшенген болса ғана, бөлек танылады.

Бизнес бірлестіктеріне арналған шығынды бөлу кезінде жеке танылған шартты міндеттемелер 37 IAS Халықаралық  стандартын қолданылу аясынан шығарылады. Алайда, сатып алушы осы шартты міндеттемелер жөнінде ақпаратты 37 IAS Халықаралық стандартына сәйкес бағалау резервтерінің әр класы бойынша ашуға тиіс.

Іскерлік бедел

Сатып алушы  сатып алу күні:

(а)  бизнесті біріктіру кезінде актив ретінде сатып алынған іскерлік беделді тануға; және

(b)  бизнесті біріктіруге арналған шығынның бірегейлендірілетін активтердің, міндеттемелердің және 36-параграфқа сәйкес танылған шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушының үлесінен асып кетуі болып табылатын оның өзіндік құны бойынша осы іскерлік беделді бастапқыда өлшеу.

Бизнесті біріктіру бойынша  сатып алынған іскерлік бедел  жеке бірегейлендіруге және бөлек тануға берілмейтін активтерден болашақ  экономикалық пайда күтуде сатып  алушы жасаған төлемді білдіреді.

Нәтижесінде іскерлік бедел ретінде  танылған сомаға (немесе 56-параграфқа сәйкес есепке алынған) бірегейлендірілетін активтердің, міндеттемелердің немесе сатып алу күні 37-параграфты бөлек тану өлшемдеріне жауап бермейтін сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелері дәрежесінде ықпал ету пайда болады. Бұл іскерлік беделдің бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді және сатып алынатын кәсіпорынның шартты міндеттемелерін танығаннан кейін бизнесті біріктірудің қалдық құны ретінде өлшенуімен байланысты.

Сатып алушы  бастапқы танудан кейін бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған іскерлік беделді құнсызданудан болған жинақталған шығынды шегеріп тастағандағы оның өзіндік құны бойынша өлшеуі қажет.

Бизнесті біріктіру кезінде  сатып алынған іскерлік бедел  амортизациялануға тиісті емес. Сатып  алушы, егер оқиға немесе жағдайдың өзгеруі 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS Халықаралық стандартына сәйкес оның құнсыздануы мүмкін екенін көрсететін болса, мұның орнына жыл сайын немесе жиі-жиі іскерлік беделді құнсыздандыруға тест жүргізуге тиіс.

Сатып алушының сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы үлесінің сатып алу құнынан асып кетуі

36-параграфқа  сәйкес танылған, егер сатып алушының  бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің таза әділ құнындағы үлесі бизнесті біріктіруге арналған шығыннан асып кетсе, сатып алушы:

(а)  бірегейлендіруге қайта бағалау жасауы және сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін өлшеуі және осы біріктіру құнын өлшеуі қажет; және

(b)  пайдадағы немесе залалдағы осы қайта бағалаудан кейінгі қалған асып кетуді тез арада танығаны жөн.

56-параграфқа сәйкес танылған  кіріске мынадай бір немесе  бірнеше құрамдар кіруі мүмкін:

(а)  бизнесті біріктіруге арналған шығынның әділ құнын немесе сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің немесе шартты міндеттемелерінің әділ құнын өлшеу кезіндегі қателер. Сатып алынатын кәсіпорынға қатысты сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің немесе шартты міндеттемелерінің әділ құнында дұрыс көрсетілмеген болашақтағы ықтимал шығындар осындай қателер үшін ықтимал қате болып табылады;

(b)  әділ құннан айырмасы бар, бірақ бизнесті біріктіруге арналған шығындарды бөлу мақсаты үшін әділ құн болып табылады деп есепке алынған сома бойынша сатып алынған бірегейлендірілетін таза активтерді өлшеудің қаржылық есептілік стандартының талабы. Мысалы, В қосымшасындағы нұсқауларда сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің және міндеттемелерінің әділ құндарын айқындау бойынша салық активтеріне және міндеттемелерге жатқызылған соманың дисконтталмаған болуы талап етіледі;

(с)  пайдалы сатып алу.

Кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын бизнесті біріктіру

Бизнесті біріктіру, мысалы, акцияларды кезектілігімен сатып алу арқылы кезең-кезеңімен қол жеткізілетін бірден артық айырбастау операцияларын  қамти алады. Мұндай жағдайда әрбір  айырбастау операциясын сатып алушы операцияға жұмсалған шығындар бойынша және әрбір айырбастау операциясы күнгі әділ құны бойынша ақпаратты пайдалана отырып, осындай операциямен байланысты іскерлік бедел шамасын айқындау үшін жеке-жеке есепке алуға тиіс. Мұның өзі әр кезеңдегі сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің немесе шартты міндеттемелерінің әділ құнындағы сатып алушының үлесі бар жеке-жеке инвестицияларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындарды кезектілігімен салыстыруға әкеліп соқтырады.

Бизнесті біріктіру бірден артық айырбастау операцияларын қамтыған жағдайда сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің әділ құны әрбір айырбастау операциясы күніне айырылуы мүмкін. Өйткені:

(а)  сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтері, міндеттемелері және шартты міндеттемелері осындай операциямен байланысты іскерлік беделдің шамасын айқындау үшін әрбір айырбастау операциясы күнгі олардың әділ құнын шартты түрде қайта санайды; және

(b)  сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін содан кейін олардың сатып алу күнгі әділ құны бойынша тануға тиіс; сатып алушыда бұрын болған үлеске жатқызылатын осындай әділ құнға кез келген түзету қайта бағалау болып табылады және осындай ретінде есепке алынуға тиіс. Бірақ бұл қайта бағалау сатып алушы сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерін, міндеттемелерін және шартты міндеттемелерін бастапқы таныған кезде туындайтындықтан, бұл сатып алушының, мысалы, 16-«Негізгі құралдар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес бастапқы танудан кейінгі осы баптарды қайта бағалау бойынша есепке алу саясатын қолдануға шешім қабылдағанын білдірмейді.

Бизнесті біріктіру ретінде  жіктелуден бұрын операция қауымдасқан кәсіпорынға инвестиция ретінде жіктеле алады және 28-«Қауымдасқан кәсіпорындарға салынған инвестицияларды есепке алу»  IAS Халықаралық стандартына сәйкес үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынады. Мұндай жағдайда әрбір неғұрлым ерте айырбастау операциясы күнгі инвестиция объектісінің бірегейлендірілетін таза активтерінің әділ құны осы инвестицияға үлестік қатысу әдісінің көмегімен айқындалатын болады.

Шартты  түрде айқындалған бастапқы есепке алу

Бизнесті біріктіруді бастапқы есепке алу сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің әділ құнын және бизнесті біріктіруге арналған шығынды бірегейлендіру мен айқындауды қамтиды.

Егер бизнесті біріктіруді бастапқы есепке алу шартты түрде біріктіру жүзеге асырылған кезеңнің аяғында ғана айқындалуы мүмкін, өйткені сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің және шартты міндеттемелерінің әділ құны немесе бизнесті біріктіруге арналған шығынның әділ құны тек қана шартты түрде айқындалуы мүмкін болса, онда сатып алушы осы біріктіруді осы шартты мәндерді пайдалана отырып есепке алуға тиіс. Сатып алушы бастапқы есепке алуды аяқтау нәтижесінде осы шартты мәндерге кез келген түзетуді танығаны жөн:

(а)  сатып алу күнінен бастап он екі айдың ішінде; және

(b)  сатып алу күнінен бастап. Сондықтан:

(і)  бастапқы есепке алуды аяқтау нәтижесінде танылған немесе түзетілген бірегейлендірілетін активтің, міндеттеменің немесе шартты міндеттеменің баланстық құны, егер сатып алу күнгі олардың әділ құны осы күннен бастап танылған болса, солай есептелуге тиіс;

(іі)  56-параграфқа сәйкес есептелген іскерлік бедел немесе кіріс танылатын немесе түзетілетін бірегейлендірілетін активті, міндеттемені немесе шартты міндеттемені сатып алу күнгі әділ құнды түзетуге тең сомаға сатып алынған күннен бастап түзетілген болуға тиіс;

(ііі)  бірігуді бастапқы есепке алу аяқталғанға дейінгі кезеңде ұсынылған салыстырмалы ақпарат бастапқы есепке алу сатып алу күні аяқталған болса, солай ұсынылуға тиіс. Бұл сондай-ақ негізгі құралдардың кез келген қосымша амортизациясына, материалдық емес активтерге немесе бастапқы есепке алуды аяқтау нәтижесінде танылған басқа да пайдаға немесе залалдарға қатысты.

Бастапқы есепке алу  аяқталғаннан кейінгі түзетулер 

33, 34 және 65-параграфтарда жазылған  жағдайларды қоспағанда, бизнесті  біріктіруді бастапқы есепке алуды түзетуді осы есепке алуды аяқтағаннан кейін 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес қателерді түзету үшін ғана тану қажет. Бизнесті біріктіруді бастапқы есепке алуды түзетуді осы есепке алуды аяқтағаннан кейін есеп айырысу мақсатында бағалаулардағы өзгертулер үшін тану дұрыс емес. 8 IAS Халықаралық стандартына сәйкес есеп айырысу бағалауларындағы өзгерістердің тиімділігін ағымдағы және болашақ кезеңдерде таныған жөн.

8 IAS Халықаралық стандартына сәйкес  кәсіпорын, егер ешқашан қате  болмаған жағдайда, қате шыққан  кезеңдегі (кезеңдердегі) салыстырмалы  ақпаратты қайта санай отырып  қателерді түзетуді ретроспективті  есепке алуы және қаржылық  есепті ұсынуы талап етіледі. Сондықтан қатені түзету нәтижесінде танылатын немесе түзетілетін сатып алынатын кәсіпорынның бірегейлендірілетін активтерінің, міндеттемелерінің немесе шартты міндеттемелерінің баланстық құны олардың әділ құны немесе түзетілген әділ құны сатып алу күні осы күнмен танылғанындай есептелуге тиіс. Іскерлік бедел немесе 56-параграфқа сәйкес алдыңғы кезеңде танылған кез келген кіріс танылатын (немесе түзетілетін) бірегейлендірілетін активтерді, міндеттемелерді немесе шартты міндеттемелерді сатып алу күнгі әділ құнына (сатып алу күнгі әділ құнды түзетуге) тең сомаға ретроспективті түзетуге тиіс.

Бастапқы есепке алу  аяқталғаннан кейін кейінге қалдырылған  салық активтерін тану

Егер пайдаға салынатын табыс  бойынша салық залалын болашақ  кезеңге ауыстырудан немесе сатып алынатын кәсіпорынның басқа да кейінге қалдырылған салық активтерінен алынатын әлуетті пайда бизнесті біріктіру бастапқы есепке алынатын кезде 37-параграфтың жеке тану өлшемдеріне жауап бермейтін, ал кейіннен іске асырылатын болса, онда сатып алушы осы пайданы 12-«Пайдаға салынатын салықтар» IAS Халықаралық стандартына сәйкес кіріс ретінде тануға тиіс. Сатып алушы сонымен қатар:

(а)  іскерлік беделдің баланстық сомасын, егер кейінге қалдырылған салық активі сатып алу күнінен бастап бірегейлендірілетін актив ретінде танылған жағдайда, танылатын сомаға дейін азайтуға; және

(b)  іскерлік беделдің баланстық құнын шығыс ретінде азайтуды тануға тиіс.

Алайда бұл рәсім 56-параграфта сипатталған  асып түсудің болуына әкеліп соқтырмауға  тиіс және бұрын 56-параграфқа сәйкес танылған кіріс сомасынан аспауға тиіс.

АШЫП КӨРСЕТУ

Сатып алушы  пайдаланушыға оның қаржылық есептілігі:

(а)  кезең ішінде;

(b)  есепті күннен кейін, бірақ қаржылық есепті шығаруға бекіткенге дейін жүзеге асырылған бизнесті біріктірудің сипатын және қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.

67 Сатып алушы 66(а)-параграфта келтірілген принципті жүзеге асыру үшін кезең ішінде жүргізілген әрбір бизнесті біріктіру үшін мынадай ақпаратты ашуға тиіс:

(а)  біріктірілетін кәсіпорындардың немесе коммерциялық қызмет түрлерінің атауы және сипаттамасы;

(b)  сатып алу күні;

(c)  сатып алынған дауыс беретін үлестік құралдар пайызы;

Информация о работе Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты - бизнес бірлестіктері