Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:35, реферат

Описание работы

Бұл тақырыпты алып отырған себебім, қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам өте үлкен орын алады. Себебі, дүние жүзлік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; Дүниежүзілік есептеу түрлері; Дүниежүзілік валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы жатады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

І-Тарау. Дүниежүзілік валюталық қатынастар................................4-20

1.1.Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.............4-9
1.2.Валюталық нарықтар............................................................................10-13
1.3.Валюталық бағам және валюталық “қоржын”...................................14-20

ІІ -Тарау. Дүниежүзілік валюта-несиелік институттары..........21-30

2.1.Дүниежүзілік валюталық қор..............................................................21-23
2.2.Дүниежүзілік банк................................................................................24-25
2.3.Еуропа қайта құру және даму банкісі.................................................26-27
2.4.Азия және Ислам даму банкісі.............................................................28-30

Қорытынды.........................................................................................................31

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................32

Работа содержит 1 файл

Хводдыалықаралық валюталық жүйе және валюталық бағам.doc

— 291.50 Кб (Скачать)

    Банктің жарғысында белгіленгендей ЕҚДБ-нің мақсаты несие және ғылыми-техникалық көмек беру арқылы бұрынғы социалистік елдерге нарықтық экономикаға өтуіне, жеке және кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға қолдау көрсетеді.

    ЕҚДБ-нің басты міндеті – бұрынғы социалистік елдерге саяси жүйенің өзгеру кезеңінде жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасау үшін инвестиция беру, жекешелендіруге, құрылымдық қайта құру (көлік және байланыс, жол, энергия және коммуникациялармен қамтамасыз ету, тұрғын үй шаруашылығы), табиғатты қорғау, т.б. салаларды қолдау болып табылады.

    ЕҚДБ-нің негізгі несие беретін обьектілеріне – жеке фирмалар, жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар, жекешелендірілген обьектілер, бірлескен кәсіпорындар жатады.

    ЕҚДБ несиелеу қызметін жүзеге асыра отырып, өз жұмысында дамыған елдердің банкі ісіндегі жалпыға ортақ стандарттарды пайдаланады, экономиканың нақты салаларына, инфрақұрылымға және экология саласының дамуындағы ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруда жеке инвесторлармен, коммерциялық, орталық банктермен, Үкіметтермен серіктесіп жұмыс жасайды.

    ЕҚДБ-нің жұмысындағы маңызды аспекті – басқаратын кадрларды дайындау, әр саладағы нарық кадрларының біліктілігін арттыру. ЕҚДБ бастамасымен ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ЕО және басқалармен бірігіп бұрынғы социалистік елдердің нарықтық экономика үшін банктік және шаруашылық кадрларды дайындауға байланысты міндеттерді шешуге көмек беретін Біріккен Венск институты құрылды. ЕҚДБ-нің жарғылық капиталында ЕО елдері квотасы 51%, Орта және Шығыс Еуропа елдері, ЕО-нің мүшесі емес елдері – 13%, қалған Еуропалық емес елдердікі –24%, олардың ішінде АҚШ үлесі (10%) құрайды. Еуропа елдерінің ішінде Италия, Германия, Ұлыбритания, Франция елдері әр қайсысы – 8,5% иеленеді. Сол сияқты Жапония да ЕҚДБ-нің жарғылық капиталының 8,5% үлесін иемденеді.

     ЕҚДБ жарғысы бойынша оған 10 млрд. ЭКЮ-ге акция шығаруға рұқсат етілген . Мұндағы 1 акция 10 мың ЭКЮ номиналына бөлінген.

     ЕҚДБ-нің несие қоры жай ресурстар мен арнайы қорлардың қаражаттарынан тұрады. Жай ресурстар құрамына: а) шығаруға рұқсат берілген акционерлік капитал; ә) әлемдік капиталдар нарығынан алған заемдық қаражат; б) заемдарды қайтарудан түскен қаражат пен кепілдіктен түскен қаражат, сондай-ақ акционерлік капиталға инвестициялаудан түскен түсім; в) арнайы қорға жатпайтын ЕҚДБ-нің басқа қаражаты мен табыстары.

     Арнайы қорға, арнайы жіберілген қаражаттар, инвестициялардан алған табыстар кіреді. Арнайы қорлардың қаражаты көбінесе тиімділігі төмен әлеуметтік салаларға, несие беруге техникалық көмек көрсетуге жұмсалады.

     Өз қызметінде ЕҚДБ операцияның әр түрлі формаларын қолданады: жекешелендірілген сектордың кәсіпорындарына несие беру, капиталға инвестициялау, бағалы қағаздарды орналастыру, кәсіпорындарға несие нарығына жету үшін кепілдік беру, ғылыми-техникалық көмек көрсету және займдар беру.

    ЕҚДБ экспорттық несиеге кепілдеме бермейді және сақтандыру жұмысымен айналыспайды.

    Жоғарыдағы операцияларды орындау үшін ЕҚДБ мына бағыттарға қаражат жұмсайды, олар: энергетика, инфрақұрылым, көлік, телекоммуникация, экология, агробизнес, қаржы секторы мен жекешелендіру.

   ЕҚДБ ұйымдық  құрылымы бойынша өзге Дүниежүзілік қаржы институттарынан айырмашылығы жоқ. ЕҚДБ-нің басқару жұмысын басқару кеңесі, директорлар кеңесі және президент атқарады. Басқару кеңесіне - әр қатысушы банктен 2 өкіл кіреді. Әр жыл сайын болатын жиналыста кеңес өз басшысын төраға ретінде сайлайды.

    Басқару кеңесі өкілеттілігінің бір бөлігін директорлар кеңесіне жіктеуі мүмкін. Директорлар кеңесі – басты атқарушы орган болып табылады. Ол23 мүшеден құралады: директордың 11-і ЕО және ЕИБ-ге мүше болған елдерден сайланады, 4-і Орталық және Шығыс елдерінен; 4-і қалған Еуропа елдерінен; 4-і Еуропалық емес елдерден сайланады. Мүше болған директорлар 3 жылға сайланады.

    Басқару кеңесі 4 жылға ЕҚДБ Президентін сайлайды. Ол директорлар кеңесінің басқаруымен ЕҚДБ ағымдағы қызметін басқарады.

 

   2.4 Азия жіне Ислам даму банкісі.

 

    Азия даму банкісі (АзДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелері болып Азиядағы дамушы елдермен қатар, Жапония, Австралия елдері де кіреді.

    1980 жылы азияның 29 елі банктің аймақтық мүшелері ретінде банк мүшелерінің жиналысында 66,6 % дауыс алса, оның ішінде Жапония үлесі – 26,2% дауыс, Австралия – 11,1% дауысқа ие болды. Кешірек АзДБ мүшесі болып, тағы 14 тәуелсіз дамыған ел қосылды. Олардың дауыс үлесі 33,4% құрайды. Бұған Жапония мен Австралияны қосқанда басқарушылар кеңесінің жиналысында алған үлесі 70%-дан астамын құрады. АзДБ-нің жарғысы бойынша банк, тек мүше болған елдерге қаржы бөледі. Штаб-пәтері Филиппиннің астанасы – Манила қаласында.

    АзДБ өз операцияларын ЕҚДБ сияқты жүзеге асырады. 1980 жылы банктің негізгі капиталы 9,5 млрд. доллар болды, оның 8,9 млрд. долларына қол қойылды. Банктің ережесі бойынша капиталының 20% төленуі қажет, ал қалған 80% керек болса кез келген кезде талап етіле алады. Құйылған қаржы кепілдік қоры ретінде мүшелерінің қолында болады. Оның 81% алтын немесе конвертация жасауға болатын валютадан, ал қалған бөлігі ұлттық валютадан тұрады.

     АзДБ-нің мүше болған елдердің банктерінің капитал жұмсалымдар бойынша түсімдерден аударған және өз еркімен қосқан жарналардан арнайы қоры бар. Осы қор қаражаты нашар дамыған елдердің экономикасын және әлеуметтік инфрақұрылымдарын жақсартуға жеңілдікпен несие беру үшін пайдаланылады.

     АзДБ облигация шығару арқылы өзінің қаражаттарын әлемдік-қаржы нарығынан тартады.

     АзДБ несиенің көп бөлігін мынадай 5 елге берді – Индонезия, Оңтүстік Корея, Филиппин, Пакистан, Тайланд. 1980 жылдың басында 8,7%-ға 5 млрд. доллар несие берді. Оның қайтару мерзімі 10-30 жыл. Бірінші қайтарым – 2-7 жылдан кейін. Берілген несиенің 1/3-і жеңілдетілген несие, яғни жылына 1%-дан 4% мөлшерлемесімен 40 жылға дейін беріледі.

     Несиені беретін негізгі бағыттары – экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар, агроөнеркәсіп обьектілері, ауыл шаруашылығы, өндіретін және қайта өндейтін өнеркәсіп. Банкінің несиесі ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне – сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады.

Ал енді кезек Ислам  даму банкісіне келетін болсақ, Ислам даму банкісі өз жұмысын 1975 жылдан бастады. Банктің негізгі кеңсесі Сауд Аравиясындағы Джидде қаласында орналасқан. Аймақтық кеңселері үшеу, олар – Рабат қаласында (Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия) және Алматы (Қазақстан) қалаларында. Банктің құрылтайшылары Ислам конференциясының ұйымы (ИКҰ) мүшелері. Қазіргі кезде олардың саны 52. Банктің жарғы капиталы 6 млрд. ислам динары. Ол сома 800 мың акцияға бөлінген. Ислам динары (ИД) банк шотының есептесу бірлігі болып саналады, ал оның құны Дүниежүзілік валюта қорының (ХВҚ) бір арнайы векселіне тең. Оған мүше мемлекеттердің банктің жарғылық капиталындағы үлестері төмендегідей: Сауд Аравиясы – 16,6%, Ливия – 6,7%, Кувейт – 8,3%, ал Гамбия, Қырғыз, Мозамбик, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Мальдив, Суринам, Джибути, Комор елдері біріккенде 0,4% құрайды.

    Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат Шариғат негізіне сүйене отырып, ИКҰ-ға мүше болған және болмаған мұсылман елдеріне экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеу үшін қаржылай көмек көрсету. Әсіресе ИКҰ-ға мүше болған экономикасы нашар дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды қолдауға көбірек көңіл бөлу.

    1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды қаржыландырды, оның ішінде сауда-саттық пен арнайы көмекке байланысты 12 млрд. ислам динары жұмсалды. Бүгінгі кезде Дүниежүзілік және аймақтық қаржы мөлшері 170 млн. АҚШ долларына жетті.

     Шариғат негізіне сүйеніп, банк коммуналдық шаруашылыққа, жол құрылысына, көпір, үй, коммуникациялар т.б. жобаларға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мектеп салу, денсаулық сақтау обьектілеріне, мәдениет, жалпы білім жүйесіне пайызсыз несиелер береді.

     Банк өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын бірігіп игерудегі жобаларға қаржы бөлуге қатысады, тез арада пайда келтіретін жобаларға, лизинг және қарызды мерзімнен кейінірек қайтаруға мүмкіндік жасайды.

     Банк өзіне мүше болған мемлекеттерге техникалық көмек, кеңес беру, жобалардың технико-экономикалық негізін жасау, сондай-ақ құрал-жабдық сатып алу үшін зерттеу жұмыстарын және жобаның атқару фазасы кезінде оқыту жұмыстарын жүргізеді.

     Банк өз портфеліндегі 1 млрд. АҚШ доллары тұратын өтімді бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

     Ислам даму банкіне Басқарма бастығы жетекшілік етеді. Басқарманы банкінің барлық мүшелері ұсынады. Басқарманың Төрағасы болып оның мүшелері кезек-кезек сайланады. Басқарма жыл қорытындысын жасауға және келесі жылға керек бағыттарды анықтауға жыл сайын жиналады. Банкіні ұйымдастыруды шұғыл басқару үшін 11 адамнан тұратын атқарушы директорлардан құралған Басқарма құрылады. Оның 5 мүшесі тағайындалады, ал қалған 6-ы сайланады.

     Жарғы капиталына ең көп үлес қосқан (Сауд Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан) мемлекет ішінен 5 ел бір атқару  директорын тағайындайды, ал 6-ын қалған мемлекеттер сайлайды.

     Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк Президентін сайлайды. Сайланған Президент – атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың төрағасы, сонымен қатар, ол банктің әкімшілік аппаратының да төрағасы болып есептеледі. Атқарушы директорлар кеңсені үш жыл басқарады, одан кейін жаңадан сайлауға түседі.

     Ислам конференциясының ұйымына мүше болған кез келген мұсылман елі, атқарушы директорлардың Басқармасының шарттарын және мерзімін сақтай отырып банкке мүше бола алады.

     Ресми банк тілі – араб тілі, ал қарым-қатынас үшін – ағылшын және француз тілдері болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

     Бұл тақырыпты қорыта келгенде, валюталық жүйенің басты элементі – бұл валюталық бағам болып табылады. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген. Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргізудің негізіне Дүниежүзілік сауда, сонымен байланысты көрсетілген қызметтер және капиталдар мен несиелердің Дүниежүзілік қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргізілетін ресми орталықты білдіреді. Валюталық операциялардың көлеміне байланысты валюталық нарықтар Дүниежүзілік, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.

     Валюталық нарықтардың қатысушыларын екі басты топқа бөледі: пассивті, валюталық операцияларды жүргізу қажет болғанда басқа банктерден және брокерлік фирмалардан баға белгіленімін білгісі келетіндер; активті баға белгіленімін сұрағандар үшін банктерге бағаны қоюшылар. Шетел валютасы Дүниежүзілік төлем айналымында ең бастысы банктік және несиелік айналыс құралдары – телеграфтық және пошталық аударымдар, чектер, тратталар түрінде болады. Әр түрлі елдердің валюталарының салыстырылуы олардың өндіріс және айырбас процесінде қалыптасатын обьективті құндық қатынастарына негізделеді.

     Валюталық бағам – басқа елдің ақша бірлігіне қатысты сол елдің ақша бірлігінің бағасы. Ол заңды түрде бекітілген валюталық паритет шеңберінде ауытқып отырады. Валюталардың баға белгіленімі айырбас үшін ұсынылған екі ақша бірлігінің шекті қатынасын анықтауға мүмкіндік жасайды. Валюталық баға белгілеу түрі валютаның жағдайына, оның бағамының деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюта бағамының мәні қалады, ал оның формасы өзгереді. Сауда - өнеркәсіптік клиенттер үшін валюталар баға белгілеу кросс-бағам негізінде бекітіледі, ол екі валютаның өзара қатынасының үшінші валютаға қатысты анықталуын сипаттайды.

     Дүниежүзілік валюта қоры, мүше болған елдердің төлем балансының жағдайын қадағалайды, қысқа мерзімді несие береді. Еуропалық қайта құру және даму банкісінің негізгі мақсаты – бұрынғы социалистік жүйедегі елдерге жаңадан экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға, инвестиция, жекешелендіру, қайта құру, инфрақұрылымды  кеңейтуге, табиғатты қорғауға көмек береді.

      Азияның даму банкісіне мүше болып: Азияның дамушы елдері, Жапония және Австралия елдері кіреді. Бұл банкінің қаржысы тек қана мүше болған елдердің экономикасы мен әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жасаған жобаларға жұмсалады.

      Дүниежүзілік банктің негізгі міндеті – экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіру, Дүниежүзілік сауда жасау үшін ықпал ету. Бұл банкі инвестициялық банкі болып есептеледі. Инвестиция алушылар арасында делдалдық жұмыс атқарады, біреуінен алып, екіншісіне несие береді. Банктің иесі мүше болған елдердің үкіметтері болып саналады. Олардың акционерлік капиталының құны мөлшермен АҚШ-тың 185 млрд. долларына бағаланады. 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» - Алматы: «Юристь», 2001ж.
  2. Президенттің Қазақстан халықына жылдық Жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында», «Егемен Қазақстан» 1 наурыз 2006ж.
  3. Шеденов Ө.К., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе 2004ж.
  4. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері» - Алматы 1996ж.
  5. Куликов А. «Экономикалық теория негіздері» - Шымкент 1994ж.
  6. Қалдыбаев О., Теміров Е. «Нарықтың экономикалық анықтамалығы» - Алматы: «Бастау», 1993ж.

Информация о работе Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам