Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:35, реферат

Описание работы

Бұл тақырыпты алып отырған себебім, қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам өте үлкен орын алады. Себебі, дүние жүзлік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; Дүниежүзілік есептеу түрлері; Дүниежүзілік валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы жатады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

І-Тарау. Дүниежүзілік валюталық қатынастар................................4-20

1.1.Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.............4-9
1.2.Валюталық нарықтар............................................................................10-13
1.3.Валюталық бағам және валюталық “қоржын”...................................14-20

ІІ -Тарау. Дүниежүзілік валюта-несиелік институттары..........21-30

2.1.Дүниежүзілік валюталық қор..............................................................21-23
2.2.Дүниежүзілік банк................................................................................24-25
2.3.Еуропа қайта құру және даму банкісі.................................................26-27
2.4.Азия және Ислам даму банкісі.............................................................28-30

Қорытынды.........................................................................................................31

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................32

Работа содержит 1 файл

Хводдыалықаралық валюталық жүйе және валюталық бағам.doc

— 291.50 Кб (Скачать)

    Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.

    Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валюталық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы валюталық мәмілелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.

     Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.

     Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін Дүниежүзілік есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.

     Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.

     Нарықтың қатысушысы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты соммасы – 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.

     Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды  өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, Дүниежүзілік валюталық нарықта жұмыс жасайтын  банктерге, өзднрінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық  бөлімшелері мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франкфурт-на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) Дүниежүзілік банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі – Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің “Сименс” каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.

     Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.

     Брокерлік фирмалар 30%-ға  жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында – валюталарды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.

    Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді Дүниежүзілік тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.

     Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндіі, мәміле жасғандағы құпиялық өз бағасын ұсыну мүмкіндігі.

Дилер мен брокердің  арасындағы іскерлік ынтымақтастық  тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.

     Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.

     Шетел валютасы Дүниежүзілік төлем айналымында әдетте ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында – шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.

     Аударым – бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграфтық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлттық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валютасын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айырысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.

     Банктік чек – шетелдік банк-корреспондентке чекті ұстаушының  ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.

     Банктік вексель – осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген тарттасы (аудармалы вексель). Импортерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.

     Бұл жерде чектер мен тартталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.

     Несиелік айналыс құралдары Дүниежүзілік төлем айналымынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибелерінің таралуына қатты ықпал етті. Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.

     Дүниежүзілік есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық валютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем құжаттарды жібереді де төлеушілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді.Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Дүниежүзілік есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 

    1. Валюталық бағам және валюталық “қоржын”.

 

    Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің Дүниежүзілік саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастын қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.

    Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын обьективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.

    Бағамның қалыптасуына ықпал ететін  үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

    Саяси –саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.

    Экономикалық, Дүниежүзілік тәжірибеде анықталатын экономикалық тікбұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%-ға дейін), дүниежүзілік нарықтағы тепе-теңдік;

     Психологиялық: жаппай сұраныс, негізгі капиталды – тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

     Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндірісінен қазіргі дүниежүзілік  шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесін көрсетеді.

     Монометаллизм тұсында – алтын немесе күміс – валюталық бағамның базасы монеталық (алтындық) паритет болып табылды, яғни ол, әр түрлі елдердің ақша бірліктерінің олардың металдық  құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келкді. Алтын монометаллизмі тұсында валютаның бағамы алтын паритетіне сүйенеді (валюталардың шекті қатынасы олардың ресми алтындық құрамына байланысты) және стихиялық түрде алтын нүктелерінің шегінде оның айналасында ауытқып отырды. Алтын нүктелерінің классикалық механизмі тек екі жағдайда жүзеге асты: алтынды еркін түрде сатып алу-сату және сыртқа шығару. Валюталық бағамның ауытқу шектері паритеттің 1%-нан асқан жоқ және қажетті валютада ауыстыру мақсатында алтынды шетелге тасымалдау шығындарымен  анықталды.

     1930-1933 жж. Фунт стерлингтің алтындық құрамы 7,32 г болса, ал АҚШ долларыныкі – 15 г. Бір фунт стерлингтің монеталық паритеті былай анықталды: 1ф.ст.= 7,32000/1,50416= 4,86 доллар. Фунт стерлингтің ең төменгі бағамы (Англия мен АҚШ-тың пассивті төлем балансы тұсында) монеталық паритеттен оның аударым құны – 0,05 долл. шегергендегі сомаға теңесті. Фунт стерлингтің төменгі алтындық нүктесі 1ф.ст. = 4,86+0,5 = 4,91 (долл.). Валюталық бағамның осы нүктесіне жеткен кезде АҚШ- қа алтынның кетуі басталды. Жоғары алтындық нүктеге жеткен кезде (1ф.ст.= 4,86 долл. + 0,5 долл.= 4,91 долл.) АҚШ- тан алтынның келуі байқалды.

     Валюталық бағам алтын нүктелерінің шнгінен шығып кете алмады, себебі осы нүктелерге жеткенде борышқорлар үшін, тауарларды ұлттық валютаға сатып алып, ал алтынды сыртқа шығарған тиімдірек болды. Алтын стандартын алып тастағаннан кейін, алтын нүктелерінің механизмі істен шықты.

     1971 жылы долларды алтынға ресми бағасы бойынша ауыстыру тоқтатылғаннан кейін, валюталардың алтындық құрамы және алтын паритеттері сандық түсінікке айналды. ХВҚ оларды 1975 жылдан жариялауды тоқтатты. Валюталық бағамның негізі ретінде алтын паритетінен заңды түрде бас тарту Ямайка валюталық конференциясымен рәсімделді.

      Бүл жағдайда валюталық бағамның қалыптасу ерекшелігі мынада: валюталар өзінің құндық көрінісін алтында емес, яғни алтын нарығында стихиялы түрде болатын нақты баға ауқымы, несиелік ақшалардың салыстырмалы құны арқылы болуында.

     Валюталық бағам валюталық паритет шеңберінде ауытқиды. ХВҚ –ның Жарғысы бойынша 1978 жылдан бастап, валюталық паритет  СДР немесе ЭКЮ –да валюталық “қоржын” базасында бекітілді.

     Валюта бағамдарының динамикасы ақша бірліктерінің сатып алу қабілеттеріне, инфляция қарқынына, сұраныс пен ұсынысқа ықпал ететін төлем балансының жағдайы, пайыздық мөлшерлеме деңгейіндегі айырма; валюталық нарық қызметтері мен алыпсатарлық валюталық операциялар, валюталық бағамды мемлекеттік реттеу, дүниежүзілік нарықтағы валютаға деген сенімділік дәрежесіне байланысты.

     Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының  бағыттарын анықтайтын факторларды үш топқа бөлуге болады: фундаментальды, техникалық, қысқа мерзімді күтпеген факторлар.

     Фундаментальды факторлар орта мерзімде әрекет ететін ұлттық экономиканың жағдайының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері болып табылады. Әдетте олар, ұлттық статистикалық органдармен жарияланатын макроэкономикалық статистиканың мәліметтерін білдіреді. Мынадай негізгі факторлар бар: сатып алу қабілетінің паритеті бойынша валюталық бағам, жалпы ұлттық өнім, нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, инфляция, төлем балансы, өнеркәсіптік өндіріс индексі, іскерлік оптимизм инлексі.

    Техникалық талдау – бұл бағамды жүргізу графигін (чарт) талдауын сипаттайды. График-чарттардың келесідей типтерін ажырата білу керек: сызықты, кесінді графиктері, жапон шамдарының “крестиктер-ноликтер” графигі. Валюталық бағамның қозғалысы толқынға ұқсас болып келеді және онда бір жерде жоғарласа, екінші бір жерде төмендеу байқалады.

     Қысқа мерзімді күтпеген факторлар валюталық бағам динамикасына маңызды түзетулер енгізуі мүмкін. Оларға мыналар жатады: төтенше оқиғалар (форс-мажор) оқиғалар, саяси оқиғалар, саяси лидерлердің сөздері, валюталық инвестиция.

     Валюталық нарыққа қатысушылардың арасындағы валюталық операциялар валюталары айырбастаусыз және олардың пропорцияларын анықтаусыз жүзеге аспайды. Бір валютаны басқа валютаға айырбастау деп шетел валютасын ұлттық валютаға немесе басқа валюталарға сату немесе сатып алу, ал оларды айырбастау пропорциялары валюталық котировка арқылы анықталады. Валюталар котировкасы айырбасқа ұсынған екі ақша бірлігінің қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Көптеген елдерде валюталық бағамды бекіткенде жанама баға белгіленімі қолданылады. Ол мынадай мағынаны береді: шетел валютасының белгісінің бір сомасы (мысалы, 1, 10, 100, 1000 бірлік), ұлттық валюталық сәйкес сомасының өзгерісін көрсету үшін қолданылады (мысалы, 1 USD = 76,212 KzT). Жаңа баға белгіленімін көп қолданбайды. Бұл жағдайда негіз ретінде ұлттық валютаның бірлігі болады. Бұл баға белгіленімі көбінесе Ұлыбританияда қолданылады (мысалы, 1 GBP = 1,5860 USD).

Информация о работе Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам