Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:35, реферат
Бұл тақырыпты алып отырған себебім, қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам өте үлкен орын алады. Себебі, дүние жүзлік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; Дүниежүзілік есептеу түрлері; Дүниежүзілік валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы жатады.
Кіріспе......................................................................................................................3
І-Тарау. Дүниежүзілік валюталық қатынастар................................4-20
1.1.Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.............4-9
1.2.Валюталық нарықтар............................................................................10-13
1.3.Валюталық бағам және валюталық “қоржын”...................................14-20
ІІ -Тарау. Дүниежүзілік валюта-несиелік институттары..........21-30
2.1.Дүниежүзілік валюталық қор..............................................................21-23
2.2.Дүниежүзілік банк................................................................................24-25
2.3.Еуропа қайта құру және даму банкісі.................................................26-27
2.4.Азия және Ислам даму банкісі.............................................................28-30
Қорытынды.........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................32
Валюталық жүйнің даму кезендері өндірістің, дүниежүзілік нарықтын, Дүниежүзілік еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометаллизмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 ж.Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады. Ұлттық және дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы (салмағы) бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналыс, Дүниежүзілік есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі бір роль атқарады.
Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі, ол дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж. валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.
Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 ж. Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз стандарты базасында қызмет етті. Ол кезендерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.
Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1994 ж. Бреттон-Вудстағы (АҚШ ) валюта-қаржы конференциясында рәсімделді. Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:
- алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және фунт стерлингке )
негізделген мемлекетаралық
Бұл жерде алтын девиз стандарты Дүниежүзілік қатынастарда сақталып, ал
Ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.
Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындық паритеті және олардың Дүниежүзілік валюталық қорда есепке алынуы, Дүниежүзілік есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал және Дүниежүзілік валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерде 31,10352 г (1934 ж.) тең 1 тройцк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;
- валюталық
саясат және валюталық шектеу Д
бағынды;
- валюталық паритеттер алтынмен немесе АҚШ долларымен бейнеленді,
паритетті өзгерту тек қана Дүниежүзілік валюталық қордың рұқсаиымен
іске асты;
- валюталық бағамдардық режимі белгіленді (-0,75% немесе +0,75%
паритеттен ауытқуға болды).
60- жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе құлдырады.
Төртінші дүниежүзілік валюталық жүйенің қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976-1978 жж. ХВҚ-ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Дүниежүзілік валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидасы мыналар:
Сонымен айтқанда, дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені құлатуға және оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені құруда үш кезеңді бөліп қарауға болады: 1) жаңа валюталық жүйені құру, алғышарттарын қалыптастыру, қағидаларын анықтау; 2) құрылымдық біртұтастығын қалыптастыру құруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске қосу; 3) біртұтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені құру.
Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйесін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделді. ЭКЮ –дің нарықтық құнының есебі 2- кестеде берілген.
Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын-доллар резервтерінің 20% біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Валюталық бағамдардың режимдері бойынша мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негізінде өзара ауытқу шегінде бнлгіленген, жаңа мүшелер үшін –6% немесе +6% және басқа жағдайларда –2,25% немесе +2,25%. Еуропаның орталық банктері белгіленген ауытқулар шнгінде интервенция жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде, маргинальдық интервенцияның шектері диаграммада көрсетілген.
Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісім-шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылады.
ЭКЮ-дің нарықтық құны. (2-кесте)
Валюталар |
Валюталар қоржын- Ындағы валюталардың үлес салмағы |
АҚШ долларының бағамы |
USD/ЭКЮ бағамы |
DEM-DM |
0,6242 |
1,6798 |
0,371592 |
GBP |
0,08784 |
1,6798 |
0,371592 |
FRF-FF |
1,332 |
5,6450 |
0,235961 |
ITL-Lit |
151,8 |
1234,0000 |
0,123015 |
NLG-hfl |
0,2198 |
1,8915 |
0,116204 |
BEF-bfr |
3,301 |
34,7750 |
0,094925 |
LUX-lfr |
0,130 |
34,7750 |
0,003738 |
DKK-Ir |
0,008552 |
1,5961 |
0,013650 |
GRD-Dr |
1,440 |
163,30 |
0,008818 |
ESB-Pta |
6,885 |
106,52 |
0,064636 |
PTS-Esc |
1,393 |
148,974 |
0,009351 |
1,216364 |
Одақты құрудың мақсаты – ЕО шегінде тауаллар, көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның шекарасын қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.
ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалық одақ жөнінде жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Маастрихт келісім-шарты деп атады. Келісім-шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім-шарттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.
Келісім-шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері анықталды:
- инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция деңгейінің
1,5%- нан аспауы тиіс;
- бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;
- ЕВО – ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және
девальвациялануға ұшырамауы тиіс,
- ұзақ мерзімді пайыз
аспауға тиіс.
Сонымен қысқаша айтқанда, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын, валюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі құрылды.
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден-бір қатысушысы болып саналады.
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуеклдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және Дүниежүзілік төлем айналымына қызмет етеді.
Дүниежүзілік есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алынған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге Дүниежүзілік сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және Дүниежүзілік капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
- шаруашылық байланыстардың
интернационалдануы негізінде
нарықтардың
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін
валюталық операцияларды
жүргізу техникасын
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және
арбитраждық валюталық
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар Дүниежүзілік, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Дүниежүзілік валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдегі, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды Дүниежүзілік төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталар мен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында Сингапур доллары, Сауд риалы, Кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, Дүниежүзілік операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда көрсетілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж. операциялар көлемі USD-1124735 мың, DEM –11165 мыңды құрайды.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық “қара нарықпен” толықтырылуы мүмкін. “Қара нарықтың ” болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, “көше” нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде “қара нарықтың” әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Информация о работе Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам