Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:35, реферат
Бұл тақырыпты алып отырған себебім, қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам өте үлкен орын алады. Себебі, дүние жүзлік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; Дүниежүзілік есептеу түрлері; Дүниежүзілік валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы жатады.
Кіріспе......................................................................................................................3
І-Тарау. Дүниежүзілік валюталық қатынастар................................4-20
1.1.Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.............4-9
1.2.Валюталық нарықтар............................................................................10-13
1.3.Валюталық бағам және валюталық “қоржын”...................................14-20
ІІ -Тарау. Дүниежүзілік валюта-несиелік институттары..........21-30
2.1.Дүниежүзілік валюталық қор..............................................................21-23
2.2.Дүниежүзілік банк................................................................................24-25
2.3.Еуропа қайта құру және даму банкісі.................................................26-27
2.4.Азия және Ислам даму банкісі.............................................................28-30
Қорытынды.........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................32
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Орта – Азиялық Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам»
Алматы 2006ж.
Жоспар
Кіріспе.......................
І-Тарау. Дүниежүзілік валюталық
қатынастар....................
1.1.Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.............4-9
1.2.Валюталық нарықтар......................
1.3.Валюталық бағам және валюталық “қоржын”......................
ІІ -Тарау. Дүниежүзілік валюта-несиелік институттары..........21-30
2.1.Дүниежүзілік валюталық қор...........................
2.2.Дүниежүзілік банк..........................
2.3.Еуропа қайта құру және даму банкісі.......................
2.4.Азия және Ислам даму банкісі.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Бұл тақырыпты алып отырған себебім, қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам өте үлкен орын алады. Себебі, дүние жүзлік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; Дүниежүзілік есептеу түрлері; Дүниежүзілік валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы жатады.
Дүниежүзілік валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Дүниежүзілік валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай- ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты Дүниежүзілік экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық жүйенің басты элементі – бұл валюталық бағам болып табылады. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген. Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргізудің негізіне Дүниежүзілік сауда, сонымен байланысты көрсетілген қызметтер және капиталдар мен несиелердің Дүниежүзілік қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргізілетін ресми орталықты білдіреді. Валюталық операциялардың көлеміне байланысты валюталық нарықтар Дүниежүзілік, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жылдық жолдауында Қазақстан Республикасының экономикасын дамына өзінің үлкен үлесін қосқанын айтқым келеді. Ол осы өзінің Жолдауында өте үлкен экономикалық, саяси және әлеуметтік даму стратегиясын халықына ұсынып отыр.
1.Тарау. Дүниежүзілік валюталық қатынастар.
Дүниежүзілік валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Дүниежүзілік валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай- ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты Дүниежүзілік экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе құрылды. Экономикалық тұрғыдан қарағанда- бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық-экономикалық қатынастар жиынтығы; ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда –белгілі бір қоғамдық- экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.
Тарихта мынадай валюталық жүйенің типтері қалыптасқан: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық.
Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға,Дүниежүзілік айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық-экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде ұлттық жүйе пайда болды.Ұйымдық-заңдық тұрғысынан қарағанда- бұл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан және Дүниежүзілік құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген,елдегі валюталық қатынастарды ұйымдастырудың мемлекеттік-құқықтық формасы.Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.
Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген Дүниежүзілік валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы- дұниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты.Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мұндай байланыстылығы олардың біртұтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді.Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элеметтерінен байқалады. (1-кесте)
Ұлттық және дүниежүзілік
валюталық жүйелердің
Ұлттық валюталық жүйе |
Дүниежүзілік валюталық жүйе |
1. Ұлттық валюта.
2. Ұлттық валютаның айналым дәрежесі. 3. Ұлттық валютанын паритеті.
4. Ұлттық валюта бағамының тәртібі. 5. Дүниежүзілік валюталық өтімділік. 6. Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. 7. Дүниежүзілік несиелік айналыс құралдары, оларды пайдалану ережелерінің регламентациясы. 8. Елдің Дүниежүзілік есеп айырысу регламентациясы. 9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының режимі. 10. Елдің валюталық қатынастарын реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық органдар. |
|
Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға- елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе Дүниежүзілік есептесу бірліктеріне негізделеді.
Резервтік валюта – Дүниежүзілік төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:
- дүниежүзілік
өндірісте, тауарлар мен
билік ету позициясы;
- жоғары
тиімді байланыс жүйесі бар
несиелік-банктік мекмелердің
торабы;
- басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, Дүниежүзілік
айналымдағы валютаның
еркін айналымдығы және
болмауы.
Резервтік валюта мәртебесі эмитент-елдің экономикасына белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның тұрақтылығын қолдап отыру қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация жүргізбеу.
Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз Дүниежүзілік несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.
Дүниежүзілік есептік ақша бірлігі – валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, Дүниежүзілік талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР ( арнайы қарыз алу құқығы ) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл Дүниежүзілік активтер қолма-қолсыз Дүниежүзілік есеп афырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР – Дүниежүзілік валюталық қорда, ЭКЮ – Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олдардың шартты құны валюталық “қоржынға” кіретін валюталардың орташа өлшемді құнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.
Валюталық “қоржын” 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және Дүниежүзілік валюталы-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны , олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.
Валюталардың орташа өлшемді құны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық құнының сомасында есептеледі.СДР Дүниежүзілік есептесу бірлігінің негізін құрған валюталық “қоржын ” бес вадютадан тұрады (1.01.1991 ж. Жағдай бойынша ): АҚШ доллары – 40%, неміс маркасы – 21%, жапон йені – 17%, француз франкі – 11%, фунт стерлинг 11%.
Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап Дүниежүзілік валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:
және валюталық нарықтардың
негізгі операцияларында
қолданылатын;
валюталары;
валюталары.
Валюталық паритет –бұл валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу обьектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.
Дүниежүзілік ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық елдердің төлем қабілетін сипаттайтын – Дүниежүзілік өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Дүниежүзілік валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Дүниежүзілік валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.
Дүниежүзілік несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі және Дүниежүзілік есеп айырысулар жүйелік Дүниежүзілік нормаларға (Женева вексельдік және чектік конвенция, 1930 ж.) сәйкес жүзеге асырылады.
Валюталық жүйенің институтциональдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.
Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе - бұл валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүе, 1979 ж. наурыз).
Информация о работе Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам