Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:35, реферат

Описание работы

Бұл тақырыпты алып отырған себебім, қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам өте үлкен орын алады. Себебі, дүние жүзлік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; Дүниежүзілік есептеу түрлері; Дүниежүзілік валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы жатады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

І-Тарау. Дүниежүзілік валюталық қатынастар................................4-20

1.1.Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.............4-9
1.2.Валюталық нарықтар............................................................................10-13
1.3.Валюталық бағам және валюталық “қоржын”...................................14-20

ІІ -Тарау. Дүниежүзілік валюта-несиелік институттары..........21-30

2.1.Дүниежүзілік валюталық қор..............................................................21-23
2.2.Дүниежүзілік банк................................................................................24-25
2.3.Еуропа қайта құру және даму банкісі.................................................26-27
2.4.Азия және Ислам даму банкісі.............................................................28-30

Қорытынды.........................................................................................................31

Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................32

Работа содержит 1 файл

Хводдыалықаралық валюталық жүйе және валюталық бағам.doc

— 291.50 Кб (Скачать)

     АҚШ-тың ішкі айналысында жанама баға белгіленімі неміс маркасына қатысты қолданылады.

     Валюталық баға делгіленімінің түрі валютаның жағдайына, оның курстық деңгейіне әсер етпейді, өйткені валюталық бағамның мәні өзгермей  тек формасы ғана өзгереді.

     Әр валюта бойынша сұраныс пен ұсынысты салыстыру жолымен банкаралық бағамды анықтаудан және тіркеуден тұратын баға белгілеу процедурасы фиксинг деп аталады. Фиксинг негізінде егер банк валютаны сатса, сатушының бағамы бекітіледі, ал егер валютаны сатып алса, сатып алушының бағамы бекітіледі.

     Мысалы, 1,9430/50 неміс маркасы АҚШ-тың 1 доллары үшін баға белгіленімі  - банк клиенттен 1 долл. 1,9430 неміс маркасына сатып алуға және 1 долл. 1,9450 неміс маркасына сатуға мүмкіндігі бар.

     Сатушы және сатып алушы курстарының арасындағы айырма банктің шығындарын жабу үшін қолданылады және банк табысын құрайды. Бұл айырма маржа немесе сперд деп аталады да, валюталық нарықта болатын нақты жағдайы және валюта статусына, мәміле көлеміне, компанияның немесе банктің статусына байланысты өзгереді.

     Банкаралық валюталық нарықтардағы операциялар Дүниежүзілік төлем және резерв құралы болып табылатын АҚШ долларына қатысты жасалынады.

     Сауда-өнеркәсіп клиентурасы үшін валюталар котировкасы банкімен кросс-курс негізінде бекітіледі. Кросс-бағам бұр екі валютаның, олардың үшінші валютаға қатысты есептелінетін бағамнан шығатын қатынасын білдіреді (көбінесе АҚШ долларына).

     Франция банкінің клиенті үшін неміс маркасының сатып алу бағамын анықтау қажет. Бұл үшін банк сату бағамы бойынша неміс банкісінен АҚШ долларына неміс маркасын сатып алады: АҚШ-тың 1 долл. = 1,6600 неміс маркасымен, бірақ ол сатып алушының бағамы бойынша алдын ала француз франктерін АҚШ долларына сатады: АҚШ-тың бағамы бойынща 1 долл.=5,6110 француз франкі. Осылайша, 1 неміс маркасы =3,380 француз франкі – сатушы бағамы (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің валюталық бағамы 5,6110/1,66 = 3,380).

    Сатушылар және сатып алушылар бағамдары ресми бюллетеньдерде жарияланады. Көбінесе баға белгілеу кестелерінде соңғы бағамдар жарияланады (соңғы валюталық мәмілелер бойынша).

   

1997 жылдағы  Қазақстан Республикасы Ұлттық  банкінің теңгесіне шетел валюталарының бағамдары. (3-кесте)

 

Валюта атауы

Валюта

Бағам

Австрия шиллингі (Shilling)

ATS

6,00

Бельгия франкі (Belgian franc)

BEF

2,06

Швецария франкі (Swiss franc)

CHF

51,77

Қытай юаны (Yuan remindi)

CNY

9,12

Кипр фунты (Cyrus pound)

CYP

22,62

Неміс маркасы (Deutshe mark)

DEM

43,67

Еуропа экюі

ECU

83,36

Француз франкі (French franc)

FRF

12,65

Ағылшын фунт стерлингі (Pound sterling)

GBR

121,44

Жапон йенасы (Yena)

YPU

0,62

Қырғыз сомы (Som)

KGS

4,36

Кореяның воны

KRW

1,00

Қазақ теңгесі (Tenge)

KZT

1,00

Мальтияның лирі

MTH

176,92

Голландия гульдені

NHG

37,75

Ресей рублі (Russian rouble)

RUR

12,98

Украина гривнасы

UAN

40,44

АҚШ доллары (United States dollar)

USD

75,55

Өзбек сумы (Uzbekistan sum)

UZS

1,46


 

    Баға белгілеу кестесінде көрсетілген бағамдар – бұл телеграф аударымдарының бағамдары. Басқа төлем құралдарының бағамдары пошта аударымының, мерзімді траттаның және банкноттың бағамынан әрқашан жоғары болатын телеграф аударымының бағамы негізінде анықталынады.

    Телеграфтық аударымдарда шетел валютасы банкпен тура сол уақытта немесе келесі күні төленеді, бұл бағам өзгерісіне байланысты пайда болатын валюталық шығындарды болдырмауға көмек береді. Банк-корреспонденттер арнайы бағамдарды қолданғанда, өздерінің клиенттеріне аударым жасағанда валюталық кателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

    Чектің бағамы телеграф аударымының бағамынан төмен, өйткені осы төлем құжатын бір елдің екінші елге әуепоштасымен тасымалдау үшін қажетті күндерге пайыз шегеріледі. Бұнда банк чек бойынша төлемді, тек бұл төлем құралын беріп, шетел банкісі, банк-корреспондент инкассоға алғанда жасайды. Чектің бағамы тратта бағамынан жоғары болады, өйткені тратта бағамын анықтағанда оның төлеу мерзімі, кепілдемесі және төлем валютасы ескеріледі.

     Мерзімді траттаның бағамы телеграф бағамы негізінде вексельді сатып алғаннан бастап, оны өтеуге дейігі күндер үшін пайызды шегергенге тең. Пайыздар көбінесе осы чекте жазылған валютада сол елдің мөлшерлемесі бойынша анықталады: егер тратта алдыңғы қатарлы сауда векселі болса, пайыздар эмиссионды банктің есептік мөлшерлемесі бойынша анықталады; егер тратта банктік акцепт болса, ресми мөлшерлемеден төмен болатын нарықтық мөлшерлеме бойынша анықталады.

     Шетел валюталарының бағамы пошталық аударымдардың бағамына сұраныс пен ұсынысқа байланысты жақындайды. Сатып алу кезінде банкноталардың бағамы чектен төмен бағамен, ал сату кезінде жоғары бағаммен бекітіледі. Банкнота бағамының мөлшеріне банкноталарды жолда сақтандырумен байланысты шығындар әсер етеді (чектер тасымалдау кезінде сақтандырылмайды). Нью-Йорк валюта нарығында негізгі төлем құралдарының бағамдары келесідей түрде құрылады: телеграфтық аударылым – 4,866 АҚШ доллары 1 ф.ст. үшін, пошталық аударым – 4,861 , чек – 4,861, ұсынылған кезде өтелінетін вексель – 4, 861 және вексель (3 ай) – 4,825 АҚШ доллары – 1 ф.ст. үшін.

     Валюталық мәмілелердің түрлеріне байланысты ағымдағы және мерзімді бағамдары болады. Ағымдағы валюталық мәмілелерді жасағанда валюта айырбасы сол сәтте ағымдағы валюта бағамы бойынша жүзеге асады. Мерзімді валюталық мәмілені жасағанда валютаны айырбастау алдын ала белгіленген мерзімде бекітілген форвард бағамы бойынша жүзеге асады. Форвардты бағамды ағымдағы бағамға сыйақыны қосқанда немесе одан жеңілдікті алып тастағанда табамыз. Валюталық нарықта валюта сыйақы немесе дисконт бойынша оның күтілетін динамикасына, сол немесе басқа валюталардың Дүниежүзілік пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейіне байланысты баға белгіленеді. Егер валюта жеңілдікпен мерзімге баға белгіленсе, онда оның форвардты бағамы ағымдағыдан төмен және керісінше болады.

     Құбылмалы және тұрақты валюталық бағамдар. 1973 жылдан бастап дамыған елдер валюталарды өзара айырбастаудағы тұрақты қатынастардан бас тартып, валюталық нарықтарда сұраныс пен ұсынысқа байланысты еркін орын алатын “құбылмалы” бағамдарына ауысты. Валюталық нарықтардағы фактілердің тұрақты болмауына байланысты, дамыған батыс елдердің валюталары көп өзгереді, ол бір ай ішінде 5-10 пайыз болуы мүмкін. Мұндай “құбылмалы” валюталық бағамдардың өзгерістері Дүниежүзілік есепті жүзеге асырғанда көптеген қиындықтар туғызады. Осыған байланысты кейбір елдер валюталық топтар құрып, өздерінің валюталары арасындағы тұрақты қатынасты орнатады. Еуропада мұндай топ, Еуропалық валюталық жүйе болып табылады (ЕВЖ), ол 1979 жылы құрылды, оған батыс Еуропаның 10 елі кіреді (Германия, Франция, Италия, Голландия, Дания, Ирландия, Бельгия, Люксембург, Испания). Осы елдердің валюталық бағамдары бекітілген тұрақты бағамдардан 21,25% -дан  артық айытқымайды. Ағымдағы бағамның жоғары немесе төменгі ауытқуы шектеріне жеткен жағдайда ЕВЖ – ге мүше мемлекеттер бекітілген шектерде бағамды ұстау үшін валюталық интервенция және т.б. шаралар қолданады; егер бұлар көмектеспесе ұлттық валюталық ресми ревалвациясы немесе девальвациясы жүргізіледі. Кейбір дамушы елдер өздерінің ұлттық валюталарын дамыған батыс валюталарына немесе Дүниежүзілік валюталық бірліктерге “байлауға” тырысады. Қазіргі кезде 30-дан аса ел өздерінің ұлттық валюталарын АҚШ долларына, 13-і француз франкасына, 10-нан көбірегі СДР-ге “байлайды”.

     Валюталық бағамдардың көптігі. Кейбір мемлекетттерде операцияның әр түрі бойынша қолданылатын ұлттық валюта бағамдарының бірнеше түрі бар. Бельгияда 2 бағам қолданылады: біреуі – коммерциялық, екіншісі – қаржылық операциялар бойынша. Дамушы елдерде валюталық бағамдардың көптігі белгілі тауарларды экспорттық қолдау үшін және импорттық кейбір түрлерін шектеу үшін қолданылады.

     Айырбас валюталық бағамдардан басқа статистикалық және экономикалық талдау кезінде қолданылатын есептеу бағамдары бар. Оған жататын орташа бағам –сатушы және сатып алушы бағамдарының арифметикалық орташасы. Шын мәнінде айтсақ мұндай бағам жоқ, бірақ оның мөлшері күнделікті ақпарат құралдарында жарияланады.

     Батыста көптеген валюталық бағамдардың индекстері тараған. Көптеген валюталық бағамы бірдей өзгеруі мүмкін болғандықтан, жеке ақша бірліктерінің басқалармен салыстырғанда арзандау (қымбаттау) дәрежесін анықтау мәселесі бар. Валюта бағамдарының өзгеру дәрежесін өлшеу үшін арнайы индекстер есептелінеді, олардың негізінде валюталық “қоржындар” болады.

     Валюталық “қоржындарды” қолданудың бірден-бір сферасы осы елдің сыртқы экономикалық қатынастарында үлкен орын алатын, мемлекеттердің валюталары жатқызылатын, сәйкес қоржынға қатысты бағамның динамикасын көрсететін тиімді валюталық бағамдардың индекстері болып табылады. Оған кіретін валюталар құрамына байланысты бұл индекстердің динамикасы Дүниежүзілік валюталық нарықтардағы валюта бағамдарының бірдей емес мөлшерде өзгеруіне байланысты әр түрлі болады.

      Көбінесе валюталық бағамдардың индекстері тауарлардың бәсекелестік қабілеттіліктеріне әсер ету, ұлттық ақша бірлігінің бағамдарының өзгерісіне әсер ету, сондай-ақ елдің сауда және төлем балансына әсер етуін бағалау үшін қолданылады. Сондықтан осы индекстердің валюталық “қоржындарының” құрылымы осы елдің импорты мен экспортын бөлуді сақтандыру және осы елмен саудада негізгі сауда әріптестерінің үлес салмағын көрсетеді.

     АҚШ долларының валюталық бағамдарының тиімді индекстерінің ішіндегі біршама белгілі болып табылатындарына ФРЖ-нің Директорлар кеңесінің индексі, “Морган гэранти траст” және ХВҚ индексі жатады. Соңғысын үнемі Дүниежүзілік валюталық қор доллар үшін ғана емес, сондай-ақ барлық ірі валюталық нарықтар үшін де есептейді. 18 валютадан тұратын валюта “қоржыны” индексі төлем балансының сәйкес ақша бірліктердің бағамдарының өзгерістеріне ықпал етуін еспке ала отырып құрылған.

     Валюта бағамдарының ағымын талдау барысында номиналдық және нақты валюталық бағамдардың индексі кеңінен қолданылған. Соңғылары, әдетте валюталық бағам өзгерістерінің бәсекелестік қабілетке әсерін тереңірек оқып білу үшін, оның ішінде валюталар инфляциялық құнсыздануға ұшыраған жағдайда пайдаланылады.

     Нақты валюта бағамының индексі сәйкес келетін екі елдің ішкі бағаларындағы өзгерістерге қатысты түзетілген валюта бағамының индексін білдіреді. Аталған индекс бәсекелестік қабілетке ықпал етуші ақшалай факторларды көрсетеді, себебі ол инфляциямен байланысты, сол немесе басқа елдердің экспортерлерінің бәсекелестік қабілетіне қатысты нашарлауын және жақсаруын есепке алады. Нақты валюта бағамы индексінің дефляторы ретінде ішкі бағаның өсу индексін немесе шығынның элементтерін, мысалы,жұмыс күшін төлеуге кететін үлесті шығындардың индексін пайдаланады.

     Соған сәйкес, нақты тиімді валюта бағамының индексі аталған топқа жататын елдердегі олардың өзгерістері бойынша сол елдің ішкі бағаларының (шығындар) өзгеруіне қатысты түзетілген тиімді валюта индексін білдіреді.

     Қазіргі кездегі АҚШ долларының тиімді бағамының индексі номиналды және нақты түрде есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Тарау. Дүниежүзілік валюта-несиелік институттары.

 

   2.1 Дүниежүзілік валюталық қор.

 

    1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) Дүниежүзілік қаржы конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Дүниежүзілік валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қабылданды. Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет болса, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасы да осы Дүниежүзілік валюталық қордың мүшесі болып табылады.

     ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталына мүше елдердің жарнасы екі бөліктен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлеміндегі алтын түрінде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады.

     Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланылады. Екіншіден, олардың негізінде,  жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп аталатын арнайы активтерді кезендік қайта бөлуде алатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүше елдің керек жағдайында алатын несиенің көлемі де үлкен болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай болған сайын, оның квотасы соғұрлым үлкен болады. Квота көлемі ел экономикасының жұмыс  істеуін және әл-ауқаттылығын талдау негізінде белгіленеді. Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 жылы ХВҚ-ның 35 мүшесі 7,6 млрд. $ төлеген, 1992 жылы ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және 1993 жылы 174 ел – 140 млрд. $ төлеген.

     ХВҚ саясатын анықтауға керекті дауыс санының көп бөлігін, көп ақша қосқан елдер алады. ХВҚ-дағы басшылық орынды АҚШ алады, оған барлық дауыстың 17%-ы келеді. Екінші орында Жапония – 7%, әрі қарай – Германия, Франция, Ұлыбритания – 5-6%.

     Хвқ-ның жоғары директиві органы – губернаторлар кеңесі, мұнда әрбір мемлекет губернатор (әдетте қаржы министрі немесе орталық банк төрағасы) және балама губернаторлардан тұрады. Себебі, губернаторлар сияқты олардың орынбасарлары қаржы министрлері немесе орталық банк басшылары болғандықтан, олар өздерінің үкіметтері атынан шығуға уәкілдіктері бар. Губернатор кеңесі жылына бір рет ғана жиналады. Оның қызметтеріне мыналар жатады:

  • Дүниежүзілік валюталық ұсыныстарды әзірлеу;
  • экономиканы қайта құру жөнінде өте кедей елдерге кеңес беру, шаралар әзірлеу;
  • жаңа мүшелерді қабылдау, квоталарды өзгерту, ХВҚ-ға мүше елдерді тексеру;

     Қалған  уақытта губернаторлар, штаб-пәтері  Вашингтонда орналасқан атқарушы  кеңесті құрайтын өкілдері арқылы, ХВҚ-ның күнделікті іс-әрекеті бойынша өздерінің үкіметтерінің тілектерін айтады. 24 атқарушы директор, ресми отырыстарда, аптасына үш рет кездеседі, губернаторлар кеңесі арқылы мүше елдердің үкіметтерімен белгіленген шаралардың жүзеге асырылуын бақылайды. Қазіргі уақыттағы жеті атқарушы директор мына елдердің өкілдері: Ұлыбритания, Германия, Қытай, Сауд Арабиясы, АҚШ, Франция және Жапония. Қалған елдер топтасып, 19 мүше-ел ішінен бір атқарушы директорды сайлайды. Олардың үлесіне 17 директор келеді.

Информация о работе Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам