Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:35, реферат
Бұл тақырыпты алып отырған себебім, қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам өте үлкен орын алады. Себебі, дүние жүзлік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; Дүниежүзілік есептеу түрлері; Дүниежүзілік валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы жатады.
Кіріспе......................................................................................................................3
І-Тарау. Дүниежүзілік валюталық қатынастар................................4-20
1.1.Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы.............4-9
1.2.Валюталық нарықтар............................................................................10-13
1.3.Валюталық бағам және валюталық “қоржын”...................................14-20
ІІ -Тарау. Дүниежүзілік валюта-несиелік институттары..........21-30
2.1.Дүниежүзілік валюталық қор..............................................................21-23
2.2.Дүниежүзілік банк................................................................................24-25
2.3.Еуропа қайта құру және даму банкісі.................................................26-27
2.4.Азия және Ислам даму банкісі.............................................................28-30
Қорытынды.........................................................................................................31
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................32
Атқарушы кеңестің шешімді қабылдауы мына баптарға негізделеді:
ХВҚ-ның қызметкерлері 2 мыңға жуық адамнан тұрады және директор-басқарушымен басқарылады, ол сонымен қатар, атқарушы кеңестің басшысы болады, оны кеңес сайлайды. Дәстүр бойынша директор-басқарушы – еуропалық немесе ары кеткенде американдық емес болып келеді. 100-ге жуық елдің қызметшілерінің интернационалдық құрамы, негізінен экономистерден тұрады, сонымен қатар, онда статистер, ғылыми жұмыскерлер, мемлекеттік қаржы және салық салу бойынша сарапшылар бар. Жұмысқа қабылдау конкурс бойынша жүргізіледі. Негізгі қызметкерлер ХВҚ-ның Вашингтондағы штаб-пәтерінде орналасқан, бірақ шағын бөлігі Париждегі, Женевадағы және Нью-Йорктағы БҰҰ-ның жекелеген бөлімшелерінде немесе ХВҚ-ның мүшесі болып табылатын елдерде қызмет көрсетеді.
ХВҚ-ның мүшесі болып кірген ел: өз ақшасының басқа елдер ақшаларына қатысты құнын анықтау бойынша жасайтын қадамдары туралы басқа елдерді хабардар етуге, ұлттық ақшаларды шетел ақшаларына айырбастауды шектеуден бас тартуға және осындай экономикалық саясатты бағыт етіп ұстануға міндеттенеді, себебі мұндай саясат тәртіптелген және конструктивті түрде оның ұлттық байлығымен қатар, жалпы бүкіл қоғамның өсуіне алып келеді. Мүшелер осы тәртіп нормаларымен жүруді өзіне міндетті етіп санайды.
Алғашқыда ХВҚ-ды құрған кезде оның мақсаты ретінде: оған мүше елдердің төлем баланстары мен валюталық бағамдарын жүзеге асыру, оның жағдайына бақылау жасау мәселелері қойылған болатын. Бұл ХВҚ-қа мүше елдердің өз валютасының паритетін алтынмен немесе АҚШ долларымен қоюға және Қордың рұқсатынсыз оны 10%-дан астам мөлшерге өзгертпеуге, ал ағымдағы операциялар жүргізгенде бұл паритет мөлшері төмен немесе жоғарыға 1-1,5%-дан астамнан артық ауытқымауға келісім бергендерімен байланысты болып отыр.
Қазіргі уақытта, Бреттон-Вудс ыдырағаннан соң, яғни Валюталық бағамдар енді ХВҚ-мен шектелмейді, мүшелердің төлем баланстарының жағдайын бақылау және олардың теңестірілуі үшін жағдай жасау, сонымен қатар, қажетті жағдайда қысқа мерзімді несиелерді беру, берілген Дүниежүзілік ұйымның іс-әрекетінің негізгі бағыттары болып табылады. ХВҚ-қа мүше елдердің көбі өздерінің төлем баланстарын бір ретке келтірудегі қиындықтарға үнемі жолығып отыруына байланысты, ХВҚ несие беруді барынша көбейтуге, диверсификациялауға тырысады.
ХВҚ несиелері ақылы және шартты болып табылады. Төлем баланстарының қысқа мерзімді тапшылығын жою мақсатына арналған несиелердің ең кең тараған түрі резервтік несиелер (стенд-бай) болып саналады. ХВҚ сонымен қатар басқа да несиелер түрін: мерзімі ұзартылған, оңай қол жеткізуге болатын, құрылымдық адаптациялар мақсатына, күтпеген оқиғалардан болған зияндарды компенсациялауға байланысты ұсынады. Несиенің жалғыз “шартсыз” түрі, яғни ХВҚ-қа мүше-ел автоматты түрде алатын, несиелік үлес шеңберіндегі несие (транши) болып табылады. Бірақ бұл несиенің үлесі өте аз.
ХВҚ-ға мүше елдер, сонымен қатар, СДР жүйесінің қатысушысы болып табылады және бұл валюталық бірлікте несиелер ала алады. СДР ХВҚ қатысушысының ағымдағы шотындағы жазу түрінде болғанымен, бірақ оларды кез-келген ұлттық валютаға айырбастауға болады. ХВҚ қатысушыларының қаншалықты тырысқанымен СДР “әлем валютасы” бола алмады. Қарыз алудың арнайы құқықтары Дүниежүзілік валюталық резервтердің 5 -6% - ын құрайды. Бүгінгі таңда 30 млрд.$ құнына тең 21,4 млрд. СДР бар.
Әрбір мүшенің ХВҚ-дан квота бойынша жазылған сомадан бірнеше есе көп сомада несие алу құқығы болғандықтан да несиелік ресурстарға деген сұраныстың өсу кезеңінде квоталар өздерінің мүшелерін қома-қол қаражаттарға деген талаптарын қамтамасыз ете алмайды. Осындай жағдайға байланысты ХВҚ 1962 жылдан бастап, әлемдегі үкіметтер және банктермен бірге несиелік желісін ашқан (қазіргі кезде 25 млрд. $-ға жуық сомаға). Бұл қарыз алу туралы жалпы жағдайлары деп аталған несиелік желі әрбір 5 жыл сайын жаңартылып отырады. ХВҚ осы жағдайларға сәйкес алынған несиелер бойынша пайыздар төлейді және займдары 5 жылдан кейін өтуге міндеттенеді. Алайда мұндай займдарды жүзеге асыру бойынша ХВҚ–ның құқықтары квоталардың жалпы көлемінің 60%-дай мөлшерімен шектелген.
Дүниежүзілік валюталық жүйені бақылау және өздерінің мүшелерін қаржылық қолдаудан басқа, ХВҚ, Вашингтондағы оқу институты – ЭДИ (экономикалық даму институты) арқылы да көмектеседі, мұнда техникалық және білім беру арналары арқылы ХВҚ-ның мүше елдері нарықтық экономиканың қалыпты қызмет етуіне қажетті институттар құру үшін ұсыныстар мен кеңестер алады.
90-жылдардың басында өзінің әдеттегі іс-әрекетімен қатар ХВҚ, орталықтандырылған жоспарлау экономикасынан нарыққа өту қиындықтарын кешіп отырған, Шығыс Еуропа елдеріне, бұрыңғы КСРО республикаларына көмек көрсету үшін ірі компаниясын ұйымдастырды. ХВҚ, оларды тек ақшамен ғана қамтамасыз етпейді (бұл елдерге 24 млрд. долларды 7,5 % жылдық пайыз мөлшерінде алуға рұқсат етілген), сонымен қатар, еркін кәсіпкерлік жүйесі онсыз қызмет істеуі мүмкін емес тарифтік режимдер, валюталар конвертациялануы, салық салу жүйесі, орталық банктер сияқты экономикалық және басқа да қаржылық құрылымдарды құру кезінде эксперттік баға береді. ХВҚ-ның елдерге беретін көмегі негізгі үш формада жүргізіледі:
1. Экономикалық саясаттың әр түрлі аспектілері бойынша ХВҚ қызметкерлері кеңестерді жиі береді және ұсыныстар жасайды, кейіннен ХВҚ-ның атқарушы кеңесінің отырыстарында бұл елдердің дамуының қорытындыларын талқылайды.
2. ХВҚ төлем балансының мәселелерін ретке келтіруге бағытталған көмек көрсетеді. Мұндай көмек ақшалай резервтердің көбеюіне алып келетін және бұл мемлекеттерге өздеріне қажетті импортты төлеуге мүмкіндік беретін өте ұқыпты дайындалған экономикалық бағдарламалар шеңберінде ұсынылады. Сонымен қатар, реформалардың үкіметтік бағдарламасын ХВҚ-ның қолдауы, басқа да ресми инстанциялармен немесе коммерциялық мекемелермен қосымша қаржылық көмек беруінде катализатор рөлін атқарады.
3. ХВҚ бұл елдерге техникалық көмек береді және кадрларды оқытады.
2.2 Дүниежүзілік банк.
Бреттон-Аудскінің институттар деген атпен жалпыға танымал Дүниежүзілік банкі мен Дүниежүзілік валюталық қор (ХВҚ), әлемдік экономикалық және қаржылық тәртіптің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос үкіметаралық тірек болып табылады. Екеуінің бір болуы кездейсоқтық емес. Дүниежүзілік ынтымақтастық саналы түрде, бұл екі ұйымды құруда еңбек бөлінісін жүзеге асыруға тырысты. Бір қарағанда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көптеген ұқсастық белгілері бар. Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180 мемлекеттің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институт та экономикалық мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Екі мекеменің де штаб-пәтері Вашингтонда. Ұзақ жылдар бойы олар бір ғимарат ішінде орналасқан болатын, қазірдің өзінде, бір көшенің қарама-қарсы жақтарында болса да, кітапханалары және басқа да қызметтері ортақ, экономикалық мәліметтерімен жиі алмасып отырады, кейде бірлескен семинарлар мен кеңесулер өткізеді, жұмысшылар кездесулерін ұйымдастырады. Банк мүшелері міндетті түрде ХВҚ мүшесі болуы керек.
Осыған қарамастан, Дүниежүзілік банк және ХВҚ принциптік айырмашылықтарға ие. Ол мынадан шығабы: Дүниежүзілік банк даму мәселелерімен айналысатын негізгі институт болып табылады, ал ХВҚ – бұл қарым-қатынас орнатушы институт, ол елдер арасындағы төлемдер мен ақшалай түсімдердің тәртіптенген жүйесін құруға тырысады. Бұл ұйымдардың мақсаты, қаржыландыру көздері әр түрлі және өзіндік мақсаттарына өздеріне тән әдістермен жетуге тырысады.
Бреттон-Вудскідегі келісімде Дүниежүзілік қауымдастық өзінің ресми атауы – Дүниежүзілік қайта құру және даму банкісінде (ХВҚДБ) қарастырылған дүниежүзілік банк үшін мәселелер шеңберін орындайды. Осыған сәйкес оның негізгі міндеті – экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіруге көмектесу, сонымен қатар қаржылық көмек көрсету және Дүниежүзілік сауда мен төлем баланстарын теңдестіруге ықпал ету.
Дүниежүзілік банк өзінің жұмысын 1946 жылы бастаған болатын. Алғашқы несиелері Батыс Еуропа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы елдерге өздерінің несиелерімен көмектесті, сөйтіп олардағы экономикалық және әлеуметтік прогрессті қалыптастырды.
Дүниежүзілік банкті құру туралы ұсыныс АҚШ тарапынан болған, олар бірінші кезекте өздерінің соғыс кезінде жоғары өсіп кеткен өндірістік қуаттарын пайдалану үшін экспортты қаржыландыруға мүдделі болды. Сол уақытта Дүниежүзілік ұйым көмегімен капитал салымшыларының тәуекелін қалпына келтіру мақсаты көзделді.
Дүниежүзілік банк екі үлкен ұйымнан тұрады – Дүниежүзілік қайта құру және даму банкісі (ХҚДБ) және Дүниежүзілік даму Ассоциациясы (ХДА). Сонымен қатар, банкінің құрамына мынадай ұйымдар да кіреді: дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруға бағытталған – Дүниежүзілік қаржылық корпорациясы; Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Дүниежүзілік орталық; Инвестициялар кепілдемесінің көпжақты агенттігі.
Дүниежүзілік банкте 6000-нан астам арнайы адам қызмет істейді және әлемде оның 40 бөлімшесі бар, оның қызметкерлерінің 95% -ға жуығы Вашингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс жасайды. Олардың арасында экономистер, заңгерлер, инженерлер, агрономдар, телекоммуникация, су жүйесінің, тасымалдау, білім және т.б. салалардың мамандары бар.
Дүниежүзілік банк – инвестициялық банк, инвестор мен алушылардың арасында делдалдық қызмет көрсетеді, яғни біреуінен алса, екіншісіне несие береді. Банк иесі болып мүше болған елдер есептелінеді, олардың акционерлік капиталы 185 млрд. долларға жуық. Қаржының көпшілігін банк жеңілдетілген несие беруге жұмсайды. Несие 100 шақты елдегі жеке меншік мекемелерге және жеке адамдарға беріледі. Жеңілдікпен берген несиелері донор-елдердің қаржысы арқылы шешіледі.
Дүниежүзілік банк әлемде нарықтық капиталдың негізгі несие алушысы болып есептелінеді. Мемлекеттер мен оның өкілдеріне орталық банктерге облигация және вексель сату арқылы да қарыз алады. Облигация сату арқылы түскен түсімдер дамушы елдерге саясатты өзгертуге байланысты жасаған бағдарлама мен жобаларды қаржыландыруға қолайлы пайыз нормасымен беріледі.
Дүниежүзілік банк құрылған кездегі негізгі капиталы 10 млрд. доллар болған, ал одан ары ол ұлғайып: 1970 ж. – 27 млрд. доллар, 1980 ж. – 34 млрд. СДР-ға дейін (ол кезде СДР = 1.317 долларға теңескен), ал 1994 ж. – 140 млрд. СДР-дан астам болды.
Дүниежүзілік банкке мүше болғысы келген әр ел өз квотасының 10%-ын төлеу қажет. Оның 1%-ы доллармен немесе алтынмен, ал 9%-ы ұлттық валютамен төленеді. Төленген қаржының бірінші бөлігін банк өз еркімен пайдалана алады, қалғанын берген елдің рұқсатымен жұмсайды, ал қалған капиталдың 90% бірден төленбейді, бірақ банкке өзінің міндеттемесін өтеуге қажет болса, онда ол кез келген уақытта талап етеді.
Дүниежүзілік банк несиелік қабілеті бар дамушы елдердің үкіметтеріне өз несиесін береді.
Дамушы елдердің, егер адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнім 1200 доллардан асса, бұл ел Дүниежүзілік қайта құру және даму банкісінен несие алуына мүмкіндігі бар. Бірақ несиенің пайызы банктің нарықтық пайызынан шамалы артығырақ болады. Әдетте төлеу мерзімі 12-15 жыл.
Дүниежүзілік даму ассоциациясы (ХДА) өте кедей елдердің үкіметтеріне несие бере алады. Адам басына шаққанда жалпы ұллтық өнімі 700 доллардан кем елдерге ХДА - ның жұмсайтын барлық несиелерінің 80%-ы жұмсалады. ХДА несиесіне пайыз төленбейді, оның қайтару мерзімі 35-40 жылды құрайды.
ХҚДБ қарыздарын беру шарттары:
үшін жасаған жобаларды қаржыландыруға, әрине, сол үкімет оны қайтаруға
кепілдік берген жағдайда;
болмаса;
Рұқсат берген жағдайда;
іске асыруына қарай, кезең-кезеңмен беріледі.
Бұл ережелер ХҚДБ-нің де және оның несие берушілерінің де мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Өйткені кейде несие беру мәселесі саясатқа және экономика жағдайына байланысты болуы мүмкін.
Дүниежүзілік банк несие берген кезде көбірек көңіл бөлетін жобаларға халқының жағдайы өте нашар дамушы елдер жатады. Бірінші кезекте ауылдық жердегі егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысатындарға, шағын кәсіпорындарға және қалаларға несие береді. Бұл көмек олардың еңбекті жақсы жүргізуіне, су, газ, энергия жүйесін қолдануына, денсаулығын жақсартуына, білімін көтеруіне, үй құрылысын өндірімді жүргізуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Дүниежүзілік банкінің мүшесі ретінде оның несиесін пайдаланушы болып табылады. Оның несиесімен ондаған республика үшін маңызы зор жобалар қаржыландырылуда.
2.3 Еуропа қайта құру және даму банкісі.
Еуропа қайта құру және даму банкісі (ЕҚДБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша Дүниежүзілік қаржы мекемесі ретінде құрылған болатын. Оның құрылтайшыларына барлық Еуропа елдерімен қоса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, Мексика, Египет, Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ЕЭО және Еуропалық инвестиция банкісі жатады. Сонымен қатар, бұл банктің құрылтайшыларына КСРО, Чехославакия және Югославия ыдырағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттер енді. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕҚДБ-нің мүшесі бола алады. ЕҚДБ-нің штаб-пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991 жылы сәуір айынан бастады.
Информация о работе Дүниежүзілік валюталық жүйе және валюталық бағам