Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:33, курсовая работа
Депозиттер-бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді
Курстық жұмыстың бірінші тарауында депозитті реттеудегі коммерциялық банктердің рөлі баяндалады. Банктердің ақшалай қаражаттары салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстарының жүргізілу тәртібі туралы жазылады. Банктердің қаржы ресурстарын өзіне тарту, жинақтау депозиттік операциялардың жүруін қамтамасыз етеді.
Курстық жұмыстың екінші тарауында депозит түрлері, ҚР банктердегі депозиттердің тартылу көлемі, түрлері, пайыздық ставкалары, тиімді варианттары қарастырылады.
Курстық жұмыстың үшінші тарауында коммерциялық банктердегі депозиттік салымдардың сақтандырылуы, салымдардың банк үшін маңыздылығы және депозиттік салымдарды арттыру мәселелері қарастырылады.
Курстық жұмысымды қорыта келе депозиттік салымдар жеке тұлғаларға тиімді кіріс әкеле отырып, банктің ақша айналымында маңызды орын алатынын жете түсіндім. Осы курстық жұмысым депозиттік салымдардың тиімділігін түсініп, өз көзқарасымды қалыптастыруға септігін тигізді.
45