Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:33, курсовая работа
Депозиттер-бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің орындайтын депозиттік операциялары оның жалпы қызмет етуіне негіз болды. Себебі, депозиттер-бірден бір қайнар көзі болып табылады. Депозит көлемінің көп болуы банк қызметінің жақсы жүріп жатқандығын айқындайды.
1-Басқалары 13%
2-Нұрбанк 3%
3-Каспийский банк 2%
4-Тұранәлембанк 21%
5-Альянс банк 3%
6-Халық банкі 23%
7-АТФ банк 3%
8-Банкцентркредит 6%
9-Казкоммерцбанк 26%
Көп үлесті Қазкоммерцбанк алады. Екінші орында Халық банкі, ал үшінші орында ТұранӘлемБанкі тұр. Бұл жердегі депозиттер көлемінен банктің сенімділігі мен тұрақтылығын көруге болады. Себебі, депозиттерді тарту кезінде клиенттер , ең алдымен банктің сенімділігі мен пайыздық мөлшерлемесіне көңіл аударады. Салымшы депозитіндегі қаражатын жоғалтып алмайтындай менімді болуы шарт.
Банк депозиттерінің портфелі келесі факторларға тікелей байланысты:
1 клиенттердің депозиттер бойынша қызметке сұранысы
2 пайыздық сыйақы түріндегі қаржы табу тәсілі
3 клиенттерді тартуға кететін уақыт пен ресурстар
4 балансталмаған өтімділік тәуекелінің деңгейін реттеу
5 банктік депозиттердің жалпы сомасындағы бір салымшының үлесін белгілеу
6 пайыздық тәуекелді басқару
Депозиттік базаны қалыптастырудағы негізгі міндет- аз шығынмен қаражат тарту. Клиенттерді депозитке тарту кезінде келесі шартты артықшылықтар есепке алынады.
Депозитке тарту кезінде есепке алынатын артықшылықтар
Жеке тұлғалар (ағымдағы шоттар) |
1 Орналасқан жерінің жақсы болуы |
2 Бірнеше қызмет түрінің болуы |
3 Сенімділігі |
4 Қызмет көрсетуге алынатын төлемақы |
5 Пайыздық мөлшерлеме |
Жеке тұлғалар (мерзімді шоттар) |
1. Қарым-қатынастың сенімділігі |
2. Пайыздық мөлшерлеме |
3. Мәміле жасалуының тиімділігі |
4. Орналасқан жері |
5Қызметке төленетін төлемақы |
Заңды тұлғалар |
1. Сенімділік |
2. банк қызметкерлерінің біліктілігі |
3. Қаржы сұрақтары бойынша сапалы кеңес беру |
4. Қолма қол ақшамен қызмет ету |
Депозиттердің қаншалықты көп мөлшерде жиналуына байланысты банктің қызмет ету қарқыны ұлғайып, алатын пайдасы көп болмақ. Осыған байланысты депозиттік операциялардың банк қызметіндегі рөлін айқындауға болады.
Банктік жүйедегі депозиттер. Ұлттық банк мәліметтері бойынша.
Көріп отырғанымыздай депозиттер көлемі ұлғайып отырған. Бұл Ұлттық Банк жүйесін қатайту бойынша бірқатар шаралар жүргізумен байланысты болды. Сонымен қатар, жалпыэкономикалық ахуалдың жақсаруы халықтың бос ақшалай қаражатының молаюына мүмкіндік берді. Жалпы, орташа жалақының ұлғаюы, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, т.б факторлар ресурстарды көбейтуге ықпал етті. Бұл ресурстарды банк өз мақсатына қарай қолданады. Яғни, пайда табу мақсатында несиелеуге бағыттайды.
Осыған байланысты келесі суреттен несие көлемінің де ұлғаюын байқауға болады.
Банктердің экономикаға берген несиелерінің көлемі.
2.3. Әр түрлі банктердегі депозиттердің ерекшеліктері және механизмдері.
Қазіргі Қазақстанның қаржы нарығында коммерциялық банктер қарқынды дамуда. Олар халыққа әртүрлі қызметтер көрсетумен айналысады. Солардың ішінде депозиттік салымдарды тарту ерекше дамып келеді. Коммерциялық банктер депозиттерді арттыру үшін алуан түрлі депозиттерді ұсынады. Салымшыларды қызықтыру үшін әртүрлі пайыздық сыйақылар және артықшылықтар қарастырылған. (Қосымша 3)
Мысалы, «Цеснабанк» АҚ бүкіл отбасына арналған бірегей депозит бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама клиенттердің капиталын сақтап, оны еселеуге мүмкіндік береді. «Цесна банктің ұсынатын салым түрлері: Цесна, Патриот, Тәуелсіздік, Цесна-Мерей, Цесна-плюс, Цесна-тең мүмкіншіліктер, Цесна-Құрмет, Цесна-студент, Цесна-оқушы, Цесна-сәби.
«Цеснабанк» АҚ-да ақшаны сақтау пайдалы және ыңғайлы, себебі: Банк «Жеке тұлғалар депозиттерін (сақтандыру) кепілдендіруші Қазақстандық қор» АҚ қатысушысы болып келеді; банкке салынған ақшалар сенімді сақталады және кіріс кіргізеді; бөлшек сауда депозиттері рыногында «Цеснабанк» АҚ сыйақы мөлшерлемесі ең тиімді болып келеді; банк әрдайым сыйлықтар ұтысын және түрлі акцияларды өткізіп отырады; депозитке салынған ақша «Цеснабанк» АҚ-дан қарыз алғанда кепілдікті қамтамасыз етеді.
«Цеснабанк»АҚ депозиттерінің артықшылықтары: Сіз өзіңізге ыңғайлы валюта түрінде депозит аша аласыз (теңге, АҚШ доллары, еуро); бір жыл ішінде ақысыз қызмет көрсетілумен VISA төлем карточкасын ашу мүмкіндігі; депозиттің әр түрі бойынша жыл сайын арнайы сыйлықтар ұтысы ойнатылады, сондай-ақ Банк барлық депозиттер бойынша жиі-жиі акция және ұтыс ойындарын өткізіп тұрады; сізге сыйақыны өзіңізге ыңғайлы түрде алуыңызға, сондай-ақ карт-есепшотыңызға аударуға кепілдік етіледі; есептелген сыйақыны капиталдандыру мүмкіндігі;
шотыңызға ақша салуды Сіз қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша түрінде жүзеге асыра аласыз, оған қоса ұзақ тапсырма арқылы карт-шотыңыздан немесе дербес шотыңыздан аудара аласыз; сізбен келісіп алынған мерзімде өзіңізге ыңғайлы түрде шотыңыздан үзінді көшірме алу мүмкіндігі бар; депозиттің кейбір түрлері бойынша валютаның бір түрінен басқа түріне ауыстыру, депозиттен жартылай соманы сыйақыны жоғалтпай-ақ алу және депозитке аударылған сыйақыны жоғалтпай-ақ алдын ала бұзу айырбастау мүмкіндігі бар; жеңілдік шарттарымен тұтыну несиесін алу мүмкіндігі; VISA төлем карточкасы бойынша депозит сомасынан 90 % дейін (250 000 тенгеден көп емес) несие лимитін алу мүмкіндігі.
Ал, «Сбербанк России» АҚ мынадай депозит түрлерін ұсынады:
«Универсальный Сбербанка России», «Популярный Сбербанка России», «Классический Сбербанка России» депозиті және т.б. «Сбербанк России» АҚ-ң депозиттерінің негізгі артықшылықтары мыналар болып табылады: Қосымша жарналар – шектелмеген; Кез келген соманы ішінара алу; Сыйақы депозит мерзімінің соңында төленеді және депозит түріне байланысты тоқсан сайын есептеліп, төленеді; Салым түрлі мерзімдерге автоматты түрде ұзартылады; есептелген сыйақыны жоғалтпай салым валютасын өзгертуге жол беріледі, сомасы жағынан шектеу қойылмайды; сыйақы мөлшерлемелері 12 (18) ай бойы өзгеріссіз қалады; сыйақы жинақ, ағымдағы, карт-шотқа аударылуы немесе қолма-қол ақшалай төленуі мүмкін; Депозиттер бір реттік жарна түрінде қабылданады; комиссия алынбайды; шарт күшінде болатын мерзім бойы сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады,Салым 6 айдан бастап одан көп мерзімге енгізілген жағдайда сыйақы ай сайын капиталға айналады.
Мысалы, «Особый Сбербанк России» депозиті
Сыйақы ай сайын төленіп отырады немесе клиенттің тілегі бойынша капиталға айналдырылады;
Қосымша жарналар шектеусіз жүзеге асырылады;
Салымның ең төменгі сомасынан басқа, кез келген соманы ішінара алуға жол беріледі;
Сыйақы жинақтаушы, ағымдық, карта-шот арқылы немесе қолма-қол төленуі мүмкін;
Депозиттің мерзімін сол мерзімге автоматты түрде ұзарту;
Айырбастау есептелген сыйақыны жоғалтпастан және шектеусіз жүзеге асырылады;
Тиімді мөлшерлемесі 1,0%-дан 11,6%-ға дейін.
Тиімді мөлшерлемесі 1,0%-дан 11,6%-ға дейін.
Валюта түрі | Төмендетілмейтін | Сыйақы мөлшерлемер (жылдық% ) | |||
|
| 6- 11 ай. | 12- 23 ай. | 24-35 ай. | 36 ай. |
Теңге | 7 000 | 8,8 | 9,4 | 9,9 | 10,5 |
| 1 000 000 | 9,4 | 9,9 | 10,5 | 11,0 |
| 7 000 000 | 9,9 | 10,5 | 11,0 | 11,6 |
АҚШ доллар | 50 | 4,1 | 4,3 | 4,6 | 4,9 |
| 10 000 | 4,3 | 4,6 | 4,9 | 5,1 |
| 55 000 | 4,6 | 4,9 | 5,1 | 5,4 |
Еуро | 50 | 1,0 | 1,3 | 1,5 | 1,8 |
| 10 000 | 1,3 | 1,5 | 1,8 | 2,0 |
| 55 000 | 1,5 | 1,8 | 2,0 | 2,3 |
Ресей рублі | 1 500 | 5,1 | 5,6 | 6,2 | 6,7 |
| 200 000 | 5,6 | 6,2 | 6,7 | 7,2 |
| 1 500 000 | 6,2 | 6,7 | 7,2 | 7,8 |
«Казкоммерцбанк» АҚ да өздерінің түрлі салымдарын ұсынады:
1 Шұғыл салымдар – белгілі бір мерзімге орналастырылған салымдар («Үздік», «Еркіндік», «Классикалық», «Зейнетақы»).
2 Шартты салымдар – салым салушы иелік ету шартын және/немесе салымды төлеу шартын құрастыратын салым («Сенімгерлік», «Балалар»)
Еркіндік салымының шарты бойынша тек салымшы өз салымын қашан және қандай сомамен толтыратынын шешеді, егер салымшыға шұғыл түрде қаражат керек болса, ол өз салымы бойынша сыйақы пайызын жоғалтып аламын деп қорықпай салымның бір бөлігін алуына болады, өйткені банк салымының келімім-шарты бойынша сыйақыны толық мөлшерлемемен есептейді.
Еркіндік" салымы бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің жылдық %-ы:
| 1 ай | 2 ай | 3 ай | 4 ай | 5 ай | 6 ай | 7 ай. | 8 ай | 9 ай | 10 ай | 11 ай | 12 ай | 13 ай | 18 ай |
Теңге | 5.5 % | 5.7 % | 5.9 % | 5.9 % | 5.9 % | 6.0 % | 8.0 % | 8.3 % | 8.5 % | 8.7 % | 8.9 % | 9.0 % | 9.9 % | 10.0 % |
АҚШ доллары | 5.0 % | 6.0 % | 6.4 % | 6.6 % | 6.8 % | 7.0 % | 7.2 % | 7.4 % | 7.6 % | 7.8 % | 8.0 % | 8.2 % | 8.4 % | 8.8 % |
Еуро | 4.5 % | 5.0 % | 5.3 % | 5.6 % | 5.8 % | 6.0 % | 6.2 % | 6.4 % | 6.6 % | 6.8 % | 7.0 % | 7.2 % | 7.6 % | 8.0 % |