Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:33, курсовая работа
Депозиттер-бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін (2.3)
1.2. Депозитпен байланысты экономикалық қатынастардың заңнамалық реттелуі.
Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың дұрыс жолға қойылуы, депозиторлардың құқықтары мен міндеттерін қорғау үшін «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №169 Заңы қабылданды. Осы заң депозиторлар- жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталған және Қазақстан Респуликасының екінші деңгейлі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екінші деңгейдегі банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды. Заң 5 тарау, 25 баптан тұрады. Олар:
1. Жалпы ережелер
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құқықтық мәртебесі және оның қызметі
3. Банктердің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі.
4. Қатысушы банктерді депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығару тәртібі және кепілдік берілген депозиттер бойынша міндеттемелерден бір бөлігін және мәжбүрлеп таратылатын банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын бір мезгілде беру ерекшеліктері.
3-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйе мақсаттары мен принциптерi
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң мақсаты қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету, соның iшiнде қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу арқылы банк жүйесiне деген сенiмдi қолдау болып табылады.
1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды, банк шоттарын ашуды және жүргiзудi жүзеге асыратын банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысу мiндеттiлiгi;
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң айқындығын қамтамасыз ету;
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң жұмыс iстеуiне байланысты тәуекелдердi азайту
4) кепiлдiк берiлген өтемдi төлеуге арналған арнайы резервтi қалыптастырудың жинақтаушы сипаты депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң негiзгi принциптерi болып табылады.
5-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзегеасыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi менфункциялары
1. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның негiзгi мiндеттерi:
1) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу;
2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда кепiлдiк берiлген депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн мынадай функцияларды орындайды:
1) осы Заңның талаптарына сәйкес кепiлдiк берiлген өтемдi төлейдi;
2) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi;
3) өз активтерін инвестициялайды
4) кепiлдiк берiлген өтемдi төлеуге арналған арнайы резерв қалыптастырады;
5) конкурстық негiзде агент банктi таңдайды;
6) қатысушы банктi консервациялау кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
7) қатысушы банктен барлық банк операцияларын жүргiзу лицензиясын қайтарып алу кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;
8) тарату комиссиясы депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтiн) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi өтеген кезге дейiн мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң тарату комиссиясының құрамына қатысады.
10-бап. Банктердiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiруi
1. Банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiру үшiн уәкiлеттi органның жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берген лицензиясын алған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға аталған лицензияның нотариалдық жолмен куәландырылған көшiрмесiн табыс етедi.
2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiретiн банк уәкiлеттi органның жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берген лицензиясын алған күнi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нысан бойынша жасалған өтiнiш беру арқылы қосылу шартына қосылуға мiндеттi.
23-бап. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның қарыз алуы.
Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резервiнiң қаражаты депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем төлеуге жеткiлiксiз болса және жетiспейтiн соманы қатысушы банктердiң қосымша жарналары есебiнен жабу мүмкiн болмаған жағдайда, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен жетiспейтiн ақша сомасында қарыз алуға құқылы.
Депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем төлей бастау уәкiлеттi органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып қарыз алу үшiн қажеттi мерзiмге, бiрақ қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк қырық бес күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн банктер жеке тұлғалармен жасасқан банктiк шот және (немесе) банктiк салым шарттарынан туындайтын қарым-қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушылары болған банктер осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен осы Заңда белгiленген тәртiппен қосылу шартын жасасуға мiндеттi.
3. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қатысушы банктермен жасасқан мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарды төлеу, жеке тұлғалардың тартылған депозиттерi бойынша сыйақының ең жоғары ставкалары және банктiң депозит саясаты жөнiндегi мәлiметтердi ұсыну туралы шарттар қатысушы банкпен осы Заңда белгiленген тәртiппен қосылу шартын жасасқан кезге дейiн қолданылады.
1.3. Депозиттерді сақтандырудың шетел тәжірибелері
Қазіргі банктік тажірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос ақша қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды. (2.3)
Батыс Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттерінде барлық несиелік институттар-әмбебап коммерциялық банктерден арнайы жинақ институттарына дейін жекелеген немесе кез келген клиентке барлық мүмкін болатын қызметтерді көрсетеді және банктік өнімдердің әр түрлі түрлерін ұсынады. Депозиттік қызметтер нарығындағы өскен бәсекелестік нарығындағы өскен бәсекелестік чектік депозиттердің көптеген жаңа түрлерінің пайда болуына әсеретті, яғни бұл шоттар бойынша салымшылар төлемдер жүргізу үшін чектер жазуы мүмкін, сонымен қатар мұндай шоттан кез-келген уақытта қолма-қол ақша алуы мүмкін.
Чектік депозиттердің көп таралған формалары талап етуге дейінгі депозиттер және NOW-шоттары болып табылады. NOW шоттары –айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын бұйрықтарға қарсы шоттар, яғни бұл пайыз төленетін чектік депозиттер. Олар Батыс коммерциялық банктерінде 80-жылдары таралған. Басында олар жинақ салымдары ретінде, ал 1981 жылдан чектік депозиттер ретінде жіктелінген.
Алғашқы кезде NOW шоттары пайыз төленетін жинақ салымдарының типіне жатқызылған. Мұндай салымдарға қарсы клиент тратталар жазуына мүмкіндігі болған, оларды айналыстағы алынып тастау туралы бұйрықтары деп атады. Осыған байланысты NOW шоттарының енгізілуі, бірте-бірте АТS шоттарын нарықтан шығаруына әкелді. Соңғы кездерде банктер ресурстарды тарту формалары мен жаңа әдістерін қолдану арқылы салымдар ағымын кеңейтуге тырысады. Мәселен: Ұлыбританияда, Францияда және басқа мемлекеттерде, сонымен қатар халықаралық ақша нарығында депозиттік сертификаттар отандық банктермен де қолданылады. Ұлыбритания банктерінің депозиттік операцияларының ерекшеліктері.
Көптеген мемлекеттерде салымдардың негізгі түрлері мерзімді және талап етуге дейінгі салымдар болып жіктеледі. Ұлыбританияда банктік статистика ағымдағы шоттар және депозиттік, жинақ шоттарын ажыратады. Ұлыбританияда ағымдағы шоттардың негізгі ерекшеліктері-шот иелеріне овердрафт нысанында қысқа мерзімді несие шотынан ақша аударуға, дәлірек айтқанда шоттарға қалдық сомасынан асып түсетін соммаға чек жазуға болады. Овердрафт AUTHORISED – рұқсат етілген болуы мүмкін, яғни алдын ала банкпен келісілген болса және рұқсат етілмеген NOT AUTHORISED болуы мүмкін, яғни банктің рұқсатынсыз болса. Жұмыс күнінің соңында рұқсат етілмеген овердрафттар бойынша ведомость құрастырылады және әрбір жағдайда бөлімнің бастығы чекті төлеу үшін банктен сомманы беруі және бермеуі жөнінде шешім қабылдайды. Егер сауда берілетін болса, онда күн сайынғы пайыз соммасы банктің базалық қойылымынан 7-8% жоғары тағайындалады. Ал рұқсат етілген овердрафт бойынша ссудалық пайыз банктің базалық қойылымынан 2-3% жоғары болады. Айрықша атап өтетін болсақ, Ұлыбританияда депозиттік және жинақ шоттарының бірнеше түрлері бар:
1. Сомма алынатын жағдайда, 7 күн бұрын алдын ала ескеруді талап ететін жинақ шоты. Оның негізгі ерекшеліктері:
А)Салыстырмалы түрде қалыпты пайыз;
Ә) Салымнан ішінара ақша алу және толтыру мүмкіндігі ешбір шектеусіз қарастырылған
Б)Сомманы алар алдында 7 күн бұрын ол жөнінде банкті ескерту қажеттігі, бұл шарт орындалмаған жағдайда, пайыз айыппұл ретінде ұсынылады
Оның екі нұсқасы бар:
1.жинақ кітапшасымен
2.банктен клиентке берілетін шоттан жазылымдар негізінде
2. Кезекті түрде толықтыруды қажет ететін жинақ шоты. Бұл шот көбінесе, орта мерзімді жинақтарды тартуға арналған. Әсіресе, жас жұбайларға, енді жанұя құрған адамдарға, жиһаз, автокөлік және туристік сапарлар үшін ақшаның жинақталуына арналған.
3. Пайыздық қойылымы жоғары инвестициялық шот. Бұл шот жағдайлары жақсы VIP клиенттерге арналға және ұзақ мерзімге ашылатын шоттардың бірі болып табылады.
Негізгі ерекшеліктері:
А) Сомма алынатын жағдайда, 7 күн бұрын алдын ала ескертуді талап ететін жинақ шотына қарағанда пайыздық қойылымның жоғары болып келуі:
Ә)Салымның ең төменгі мөлшері 2000 фунт стерлингті құрайды
Б)Сомманы алу жөніндегі ескерту 30 күннен кем емес мерзімде берілуі тиіс
В)Салымды толықтыру бойынша ешқандай шектеулер қойылмайд
4. Мерзімі және соммасы тіркелген салым. Оның ерекшеліктері:
А)Салым мерзімі 14 күннен 18 айға дейін
Ә)Салымның ең төменгі мөлшері 2500 фунт стерлингті құрайды
Б)Тіркелген пайыздық қойылым пайыз салымының мерзімі аяқталғаннан кейін ғана төленеді
5.Пайыздық қойылымы өзгермелі депозит. Шот қысқа және ұзақ мерзімді соммаларды жинақтауға арналған. Салымның мерзімдері-7 күннен 18 айға дейін. Бірнеше жылы қойылым тіркелген болып келеді, келесі жылдары ақша нарығының қойылымдарына байланысты қалқымалы болып тағайындалады.
6.Ақшалай қорлар. Ең алғаш рет 1983 жылы енгізіліп, америкалық нау-шоттардың аналогы болып табылады: олар бойынша пайыз төленеді және чек жазуға мүмкіндігі бар. Ұлыбританияда әлі толық дамымаған, себебі көптеген банк клиенттері өздерінің жинақтарын депозиттік және жинақ шоттарынан осы шотқа аударуынан қауіптенеді. Негізгі ерекшеліктері:
А)Пайыз ақша нарығының пайыз қойылымына байланысты;
Ә)Ең төменгі қалдық 1000 фунт стерлингті құрайды
Б)7 күн бұрын ескеріп, 250 фунт стерлингтен жоғары сомманы алдын ала алуға болады
В)Чектерді жазуға рұқсат беріледі
7. Берілетін салымдық сертификат. Бұл құрал АҚШ –иағы сияқты ірі тинвесторлар, іскерлік фирмалар арасында кең тарлған. Негізгі ерекшеліктері:
А)Тіркеген пайыз қойылымы
В)Номиналдың ең төменгі мөлшері-5000 фунт стерлинг, ең жоғарғы мөлшері-500000 фунт стерлинг сертификат ұсынушыға шығарылады.
Ұлыбританияда банктік депозиттерді сақтандыру. 1979 жылы 1987 жылдары Ұлыбританияда Банктік актілер қабылданған болатын. 1979 жылғы актіге сәйкес банктер өз салымшыларына Ұлыбританияда кризистік жағдай қаупі төнгенде кепілдік берулері міндетті. Заңмен «Депозиттерді қорғау кестесі» бекітілген болатын. Ол кесте банк үшін міндетті әрекеттерді қамтиды. Мәселен: әрбір банк және ДҚЛҰ ең төменгі мөлшері 5000 000 фунт стерлингті құрайтын арнайы сақтандыру қорларын құруға міндетті. Бұл қорлар Ұлыбританияда Банктік депозиттерді Қорғау Кеңесінің бақылауында болды және болашақта оның құзырымен пайдалана алады. «Депозиттерді қорғау кестесіне» әрбір жеке салымшы кепілдік берілген сомманың 75% есептелген 10000фунт стерлингтен аспайтын салым бойынша сақтандыру төлемін алуға болады.
20 000 фунт стерлингті құрайтын соммаға депозит бойынша өтелімнің ең жоғағы соммасы 90% -ға өскен.
Германиядағы банктік депозиттерді сақтандыру. Халықтың жинақтарын салымдарға тарту Германияның барлық несиелік мекемелері айналысады. Ең көп таралған салымдар: мерзімді салымдар; жинақ келісімді салымдары; ағымдағы шоттары болып табылады. Талап етуге дейін салымдар –бұл классикалық пайызсыз депозиттер. Мерзімді салымдар бекітілген мерзімді салымдарға және алудың икемді режимі бар салымдарға бөлінеді. Мерзімді салымдар бойынша пайыздар салымның соммасына және мерзіміне байланысты бекітеді. Еуропаның басқа да жинақ және әмбебап коммерциялық банктері сияқты Германия банктері де халықтың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларына да бағытталады. Осыған байланысты клиенттерге қаржылық кең ассортименті ұсынылады.