Деппозиттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Депозиттер-бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді

Работа содержит 1 файл

Копия БАТЫРГАЛИЕВА.doc

— 470.00 Кб (Скачать)

Депозиттерге кепіл беру ережелері жөніндегі  халықтың хабардар болуы өскен кезде, 2002 жылы  жағдай біршама  түзеле бастады. Кепілдік беру жүйесімен расталған депозиттердің  өсу қарқыны, жеке тұлғалардың  мерзімді депозиттерінің  жалпы көлемінің өсуінен артып кетті. Егер жеке тұлғалардың  мерзімді  депозиттерінің  жалпы өсуі – 25,1% болса, онда сақтандыру жүйесі қамтыған депозитттердікі - 39% болды. Сақтандыру жүйесіне  тартылған депозиттер үлес салмағының өсуі – 5,4%-ды құрады.

Шетел валютасымен депозиттерге кепілдік беру  бүгінгі таңда маңызды болып есептелмейді, өйткені экономиканы долларсыздандыру үдерісін  тежейді.

Жеке тұлғалардың  депозиттерінің  ірі банктер үшін  тартымдылығы төмендеген  жағдайда жеке  тұлғалардың  депозиттеріне  кепілдік  беретін жеке меншік  қорды құруы  мүмкін.

Сонымен, қазақстандық  депозиттер нарығының  ерекшелігі – еліміздегі үш ірі банктің шоғырлану  деңгейінің  өсуі. Ұлттық банкінің  деректеріне сәйкес, 2007 жылдың  қорытындысы бойынша, олардың үлес  салмағы 4,5%-дан аса өсті, ал 2008 жылдың  бірінші тоқсанының нәтижелері  бойынша тағы да 0,4%-ға өсіп, сөйтіп, 65,1%-ға жетті.

Мұнда екі түрлі бағыттағы үдерісті  бөліп айтуға болады. Бір жағынан, берілген кезең үшін жеке  тұлғалардың депозиттерінің үлес салмағы – 4,4%-дан – 66,6%-ға дейін төмендеді, екінші жағынан – заңды тұлғалардың  депозиттерінің көлемі, керісінше, 11%-дан немесе 64,3%-ға дейін өсті.

Алайда бұл  банктердегі депозиттердің жалпы көлемі төмендемей, жай қарқында өсті, бірақ орта және шағын банктерге қарағанда, баяулау өсті. Заңды тұлғалардың  депозиттері – бұл негізінен есеп айырысу  шоттарындағы  қаражат қалдықтары екенін ескере отырып, қорытқанда: ірі банктер үшін  депозиттер ресурстар көзі ретінде, оларды құрған кездегідей соншама тартымды емес. Мәселен, ірі қазақстандық банктер халықаралық нарықтағы капитал ресурстарын, нақты теріс пайыздық мөлшерлемелермен, тарту мүмкіндігімен минус 5 % тәртібімен, сол кезде жеке тұлғалардың  депозиттері 3% мөлшерлеменің  тәртібі бойынша  нақты (9,5%-6,8%[жылдық инфляция] =2,7%) түседі. Жеке тұлғалардың  депозиттері, сөйтіп, нақты ресурстарды «тарту мөлшерлемесін» арттырып көп шығыстарды талап етеді. Бизнес тиімділігі көзқарасынан мұндай тактика, ірі банктер үшін айтарлықтай тиімді, сонымен бірге ол орташа және ұсақтарына да дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Ірі банктер клиенттерге пайыздық  мөлшерлемесінің  шамасымен емес, оларға банкілер сенімділігімен маңызды, ең пайдалы, қомақтыларын таңдап алып, «мамандана» бастауы сөзсіз. Шынында, депозитте 20000 АҚШ доллары, немесе одан да көп  болған кезде  бұл фактордың айтарлықтай  маңызы бар.

Ақшасы аз жинақталған клиенттер, яғни көпшілігі, басты назарды депозиттер бойынша  пайыздардың шамасына және  жинақталған  ақшаны басқа банкке аудару мүмкіндігін «қарап шығуға» аударады.

ҚР 2005 жылдан бері жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры  жұмыс істейді. Соңғы кезде осы қордың сақтандыру сомасын   400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін өсіруді қарастыруда. Көптеген қаржыгерлердің ойлары әр түрлі болуда. Біреулері дұрыс деп санаса, енді біреулері қарсы.

ҚБА төрағасының айтуынша, қор туралы заңдық жоба осымен қатар тағы да басқа кемшіліктері бар, бірак депозиттік операциялардың дамуына ондай көп кедергісін тигізіп жатқан жоқ. Қазіргі таңда идеальды модель құру өте қиын. Өйткені, қор аз, депозиттер, бірақ көп халықпен жұмыс істеу керек немесе үлкен салымдармен, аз халықпен жұмыс істеуі керек. Оларды бір орталыққа теңестіру өте қиын. Шын мәнінде қор қызметінің оңтайлы екенін тәжірибе жүзінде анықтау керек. Мысалы, 2005 жылдың тамыз айында қор «НаурызБанк»-тің салымшыларының алдында міндеттерін орындау туралы БАҚ беттерінде жариялаған болатын. Банк агент ретінде «БанкТуранӘлем» АҚ таңдап алынды. Бұл қордың алғашқы салымдардың орнын толтыруы болып табылады.

Қорда қалыптасқан ережелерді талқыласақ, қатысушы банктерге қойылған талаптар біршама дифференцияланбаған. Өйткені, елімізде операциялар жүргізетін банктердің даму дәрежесі әр түрлі, ал оларға белгіленген талаптар бірдей. Бұл қор қызметін оңтайлы жүргізуге кедергісін тигізеді.

 

 

3.2.Депозиттік пайыздардың  салымдар үшін маңыздылығы.

Қазіргі кезде коммерциялық банктердің депозит ашу үшін өздерінің клиенттеріне үлкен қызметтер көрсетілуде. Сондықтанда депозиттер көлемін ұлғайту үшін коммерциялық банктер депозиттік пайыз мөлшерлемесіне көп көңіл бөлуде. ( қосымша

Деректерге қарағанда шетел валютасындағы  депозиттердің үлес салмағы қысқара бастауымен доллардың  құнсыздану үдерісі басталды. 2007 жылға дейін доллардың өсу үдерісі жүргеніне қарамастан 2007 жылы  бұрынғы жылмен салыстырғанда ол 6,1% -ға азайды. Ұлттық валютадағы депозиттер үлес салмағы артып, шетелдік валютадағы депозиттердің  үлес салмағы  керісінше  азайды, сөйтіп теңгеге сенім артты. Бұл ұлттық банкінің отандық төлем қаражатының  тұрақтануы бойынша  тиімді ақша-несие  саясатын жүргізумен және жалпы экономикалық  конъюнктураның жақсаруымен түсіндіріледі. Қазақстанның валюта нарығында  долларлық салымдардың тартымдылығы  айтарлықтай  төмендеді. Талдаушылардың көпшілігі  доллар бағамының  төмендеуі  қысқа мерзімді  деп ойлайды, егер АҚШ-тың экономикалық жағдайын ескерсек, теңгелік депозиттердің  өсуі дегенмен ұзақ мерзімді сипатта болатын сияқты.

Жеке тұлғалар депозиттері үлес салмағының өсуі 44,3%-ға дейін көтерілуі, 2007-2008 жылдары жеке тұлғалар депозиттерінің  өсуінен болды. 2007 жылы заңды тұлғалар депозиттері  өсуі - 43%, жеке тұлғалар депозиттерінің  өсуі – 37,8% болды және тиісінше, заңды  тұлғалар депозиттерінің  үлес салмағы  - 2,2%-ға артты. 2009 жылы жағдай мүлдем өзгерді: заңды тұлғалар депозиттерінің  өсуі 21,9%-ға тең  болды, жеке тұлғалар депозиттері 52,6%-ды құрап, 2 еседен аса өсті, тиісінше, олардың  үлес салмағы  айтарлықтай  артты. 2002 жылы заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі  біршама азайып 15,5%-ды, ал жеке тұлғалар депозиттері  22,7% болды, сондықтан да  жеке тұлғалар депозиттерінің  өсу деңгейі  соншама жоғары емес.

Халық салымдарының құрылымында  мерзімді  депозиттер үлесі  біртіндеп  өсуде. 2008 жылдың  соңында  бұл көрсеткіш 78,93%-ды құрды, ал бір жылдан кейін -80,4%-ға тең болды.

Сыртқы нарықтардың ресурстарын тарту үшін шектеулі мүмкіндіктері бар орташа банкілер тобы, бірлесіп  жеке тұлғалардың  депозиттеріне кепілдік беретін жеке меншік  қор құруы мүмкін  деп шамалауға болады. Өйткені кепілдік берудің  мемлекеттік қоры депозиттердің  «сапасын» қорғауға емес, салымшылардың  кең тобына бағытталған. Яғни ол, болжанбаған банкроттыққа ұшыраған жағдайда, 400 мың теңгеге (шамамен 3000 АҚШ доллары) дейінгі мөлшерде кепілдік береді. Жеке меншік қор депозиттердің  мақсатты түрлері (мерзімділері, мерзімі бір жылдан  асатындары) бойынша 5-7 мың долларға дейін кепілдік беру деңгейін кеңейтеді. Мұндай қорларға депозит көлемі 3000 АҚШ долларынан жоғары салымшылар  назары өседі. Салымшылардың  осы тобымен жұмысты  жандандыру Қазақстанда  салымдары көп емес орташа банктердің  қаражатын инвестициялау  мүмкіндігінің жоқтығын көрсетеді. Доллар  бағамының  құлдырауы, еуроның тұрақсыздығын, муниципалдық  тұрғын үйдің  мемлекеттік бағдарламасын  жүзеге асыруды және де жылжымайтын мүлікке салым салу болып есептеледі. Алайда   жеке тұлғалардың депозиттерін тартатын банкілер, сыйақы бойынша пайыздық  мөлшерлемелерінің  шамасы бойынша, заңға сәйкес шектелген. Сондықтан олар салымды тарту үшін  үлкен жарнамалық бюджет жұмсауға мәжбүр. Сонымен, жылдық  қаржы есептемесі бойынша  2008 жылы жарнама мен маркетинг бойынша тек бес орташа банктікі – 1,2 млрд теңгені немесе 8 млн асатын АҚШ долларын құрайды. Әрине, банктің жарнамалық бюджетінің бір бөлігі  активтік операциялардың  жарнамасына, атап айтқанда – кредиттеуге, ал оның  екінші бөлігі  депозиттерді жарнамалау мен банк абыройын арттыруға жұмсалады. Бірнеше банктің қор құруы әрқашанда сәтті шыға бермейтін, яғни өзін өзі ақтамайтын жарнама компанияларына  қарағанда арзан түсуі мүмкін. Сонымен бірге, әдеттегідей, белгілі бір кіріс әкелетін бағалы қағаздарға инвестицияландырылған кепілдік беру сомасының пайыздары қорда сақталады. Жеке меншіктегі қор банкке немесе  банктер тобына  бәсекелестікке  акйтарлықтай артықшылығын тудырады. Мысалы, қазақстандық жеке тұлғалардың  салымдарына кепілдік беру қорының  (ҚЖТСКБҚ) салымдар бойынша орнын толтыру үшін резерв көлемі 2008 жылғы қаңтарда  5,1 млрд теңге, немесе сақтандырыған соманың 2%-ын құрды. Осы күнге  үш ірі банктегі жеке тұлғалардың үлес салмағы - 68%, яғни  бұл «теориялық тұрғыдан» ҚЖТСКБҚ қатысушы 28 банкке – 1,7 млрд теңгеден келеді. Сондықтан, біздің банкирлерге депозиттердің мұндай  сақтандырылуы туралы ойлануға тура келеді.

Жеке меншік қорды құру қандай да болмасын банк тобына жеке тұлғалардың  депозиттер нарығындағы тек өз орындарын күшейтіп қана қоймайды, сонымен бірге Ұлттық банк жүйесінің  тұрақтылығына оң әсер етеді. Және де  оның «жұмылдыру» әсерін күшейтеді, яғни әрі салыстырмалы  түрде отандық ірі салымшылар мен инвесторлар үшін, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердегі капитал иелері үшін тартымдылықты арттыра түседі.

Қолданыстағы заңдар бойынша  депозиттерге кепілдік беруге жеке меншік  қорларына тыйым салынбаған. Бірақ, алайда олардың құрылуы мен қызмет етуі  заңдарды жазылмаған. Атап айтқанда, 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банкілер мен банк қызметі туралы» №2444 Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес депозиттерге міндетті түрде ұжымдық кепілдік беру бойынша құқықтық мәртебесін, ұйымның қызметін құру, реттеу және қадағалау  жөніндегі уәкілетті орган  белгілейді. Проблема шешуді талап етеді, өйткені  жуық арада депозиттерге кепілдік берудің  жеке меншік қорын құру жөнінде сөз  болуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            Қорытынды.

Депозиттер-бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді

Депозит – бұл клиентпен банк мекемесіне қаражатты уақытша пайдалануға беру бойынша экономикалық қатынастардың жиынтығы. Банк үшін басқару тиімділігінің басты көрсеткіштері болып, неғұрлым аз шығын жасай отырып қаражатты  тартуды басқару және қолда бар депозиттердің қажетті несие соммасынан қажетті көлемде болатын басқару табылады.

Депозит банктің ең қарапайым, әрі жұрт жаппай қолданатын ең танымал өнімі болып табылады. Қазақстанда жеке қаражатты «салудың» негізгі дәстүрлі түрі ретінде қарастырылады. Батыста ақшаны бірнеше бөлікке бөліп, көптеген құрал түріне (акция, облигациялар және т.б.) салуды жөн көреді. Бізде бұл өнімдер бірқатар себептермен танымал емес, ол себептердің негізгісі-тұтынушыларға пайдалы ақпараттың жетіспеушілігі. Сондықтан бүгінгі таңда банк депозиттері-ақшаны тиімді салудың жолын іздеп жүрген салымшының ойына ең алдымен келетің тәсіл болып тұр.

Депозиттің кез-келген банктің  жұмысын атқаруда өз активтерін көбейтіп, салымшыларды тартуда маңызы зор. Ол үшін әрбір банк  өзіне де салымшыға да  тиімді  келісім-шарт жасауды көздейді.

Уақытша бос ақша қаражаттарын банкте орналастыру салымды сақтаудың  және  пайыз түрінде кіріс алудың  жолы  болып  табылады.

Қазіргі кезде барлық  коммерциялық банктерде арнай депозиттер ашуға арналған бөлімдер ұйымдастырылған.

Алайда депозиттердің кірісі төмен құрал екенін есте ұстаған жөн, сондықтан капиталды өсіруден гөрі,  тек сақтау құралы ретінде қарастырылады. Депозиттер девольвациядан сақтандырылмаған, сондықтан да қаржылық кеңесшілер ақшаны банкте кем дегенде үш валюта түрінде сақтауға кеңес береді. Мұндағы принцип оңай, бір валюта арзандаса, екіншісі қымбаттайды, сонда салымшы ештеңеден ұтылмайды.

Депозит таңдау кезінде бәрінен де қаражатыңыздың шашауы шықпай сақталып, тұруына қатысты қам жемесеңізде болады. Қазақстандағы әрбір депозит мемлекет кепілдігі деген күшті құралмен сақтандырылған. Депозит қаржысын қайтарудың кепілдендірілген соммасы 2008 жылдың орта шенінен бері бір салымға 5 миллион теңгені құрап отыр. Яғни сіздің депозитте 10 миллион екі депозитке бөлініп салынса, сіз қаржыңызды толық көлемде қайтарып ала аласыз.

Банктік шоттарда халықтың ақша құралдарын тарту мәселесінің белсенділігі-жеке тұлғалардың бос қаржыларын банктік шоттарға орналастыруға әлі де болса ұмтыла қоймайтындығында. Бұған себептердің бірі: бұл халықтың бір бөлігінің әлі де болса банкке сенімсіздік танытумен қалыптасып қалған консервативті психология және банктік ставкалардың белгілі деңгейде төмендігі. Бұл себептерді шарттаған жағдай бұл нарықтық экономиканың дамуы, оның қалыптасуындағы алғашқы жолдары көптеген қиыншылыққа кездесті: дәлелденген, қалыптасқан жинақ жүйесі жойылды, бұрынғы салымдар құнсызданды, клиенттер өздерінің көп сомадағы жинақтарын жоғалтты, ал нәтижесінде – банктік жүйеге, сонымен қатар бүгін үкіметке сенімсіздікке ие болды.         

Депозиттік салымдардың бүгінгі таңда маңызын түсіне отырып, өз ұсыныстарымды беруді жөн көрдім:

1. Жалпы, банктер өздеріне клиенттер тарту үшін өзінің жарнамалық роликтерін теледидарға, газет, журнал беттеріне  көп көлемде шығару керек.

2. Банк салымшыларға депозит салуда жеңілдіктер қарастыру

3. Банк өз мүмкіндігіне байланысты депозиттің проценттік ставкасын көбейтуге көп көңіл бөлу

4. Банктен депозиті бар тұлғаға осы банк тарапынан пайызы төмен қызметтер корсету. Мысалы, несие беру кезінде т.б.

5.Банк депозиттері туралы халық толық хабарда болу үшін арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі тұсау кесу, таныстыру рәсімдерін жасап, бұқаралық ақпарат құралдарымен сұхбат өткізіп, баспа беттерінде материалдар жатиялау керек. Яғни, ашық ақпарат бар жерде сенімділік те бар.

Информация о работе Деппозиттер