Деппозиттер

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:33, курсовая работа

Описание работы

Депозиттер-бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді

Работа содержит 1 файл

Копия БАТЫРГАЛИЕВА.doc

— 470.00 Кб (Скачать)


                                                     Кіріспе.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің банктер жүйесінің қазіргі уақытта дамып келе жатқандығына ешқандай күмән жоқ. Бірақ банктер өздерінң операцияларын жүргізсе де, халықтың сенімділік дәрежесінің  төменділігімен сипатталады. Банктердегі депозиттік операциялардың жүргізілуінің негізгі мақсаты, халықтың яғни салымшылардың депозитке сенімі, банктердегі депозиттердің тартылу көлемі, сонымен қатар депозиттердің банк үшін, салымшылар үшін, жалпы еліміздің экономикасы үшін маңызы, алатын  орны, тиімділігі - банк тарапынан реттеуді қажет ететін, қарастырылатын негізгі мәселелердің бірі.

Депозиттік операциялар жалпы экономикасы тұрақты, дамыған немесе дамып келе жатқан елдерде жүргізіліп жатыр. Біздің елімізде де өз егемендігін алған уақыттан бастап, банк ісі жолға қойылып келеді. Сонымен бірге тұрғындарға қаржылай көмек беру, несие жұмыстары, депозиттерді сақтау операциялары жүзеге асырылуда. Осы депозитке ақша салу, депозиттердің жалпы көлемі, салымшыларға тиімділігі, оларды сақтау процесінің елімізде қалай жүргізілетіні мені қатты қызықтырып, курстық жұмыстың осы тақырыбын таңдадым.

              Курстық жұмыстың мақсаты- Қазақстандағы депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктерін анықтап, депозиттік салымдарды сақтандыру түрлері мен әдістерін, депозиттік салымдарды арттыру мәселелерін қарастыру, салымшыларға тиімді депозиттер түрін ұсыну.

              Мақсатына негізделген міндеттері:

      депозиттік операциялардың мәні  мен мағынасын түсіндіру

      банктердегі депозиттердің тиімді, тиімсіз жақтарын қарастыру

      әр түрлі банктердің пайыздық ставкаларын салыстыру

      оларды сақтау жолын шет ел тәжірибелерімен салыстырып талдау.

Банк мекемелерінің басты ерекшеліктерінің бірі болып оның қаржылық ресурстарының көпшілік бөлігі жеке қаражат есебінен емес, жалға алынған  қаражат есебінен қалыптасатындығы табылады. Банкпен тартылатын қаражаттардың құралы әртүрлі болады. Олардың негізгілеріне банктің клиентпен жұмыс жасау кезінде тартылатын депозиттік қаражаттары және басқа несие мекемелерінен алынған қаражаттары жатады.

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.

Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құрылады:

-депозиттер

-банкаралық займдар

-депозиттік емес көздер

-коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.

Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы біртекті емес. Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі бар, өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға міндеттеледі.

Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі  ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.

Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы ҚР-да нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшыладың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің  және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу  мен ең негізгісі-экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.

Халық қаржысының ұйымдық нысандарының дамуы халықтың қаражаттауға салған салымдары арқылы қалыптасады. Халықтың салған салымдарының жоғалмауына, тәуекелден, төтенше жағдайлардан қорғалуына кепілдік берілетін «Қазақстанның жеке тұлғаларының салымдарын (депозиттер) кепілдендіру(сақтандыру) қоры» ЖАҚ 1999 жылы 15 қарашада құрылды. Халықтың коммерциялық банктердегі салымдарын сақтандыру. Ол- халық қолындағы айналысқа түспей отырған ақша қаражаттарын экономикаға тарту және салымшылардың банктерге сенімін арттыру. Депозит (салым) банктерге салымшылардың сұранымды немесе мерзімді салымын қабылдаған кезде түсетін қаржы. Депозиттер негізінен сұранымды және мерзімді болып бөлінеді. Сұранымды депозиттерін  кез-келген уақытта қайта талап етіп алуға болады. Ал мерзімді депозиттерді шарттағы келіскен мерзім уақыты аяқталғалғанда ғана алады немесе мерзімді депозиттер бойынша оның шарттарына байланысты әрбір банк өздері көрсеткен пайыз мөлшерін төлейді.

Банктердің көптеген қаражаттарын депозиттер құрайды. Өзімізге белгілі банктердің ресурстарының 80-90% тартылған қаражаттар құрайды. Оның 60-70% депозиттер болады. Сондықтан банктердің депозиттерін дұрыс орналастыру, оларды тарту әрбір банктің көздеген мақсаттарының бірі болып саналады.

 

 

 

Бөлім I. Депозиттік операциялардың мәні және оның заңнамалық       реттелуі.

1.1.Депозит ұғымы және түрлері.

Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екендігін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды, заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.(2.3)

Әйгілі экономист К. Маркстың айтуынша «Банктер біреуге несие беріп қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадай ақша қаражаттарын тартатын және олардың сақталуына жауап беретін ұйым». Осы әйгілі экономисттің сөздерінен депозиттің банктер үшін қаншалықты қажет екенін көруге болады.(3.1)

Депозиттер және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі- экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

1        Банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасау қажет

2        Депозиттік операциялар әрекет етуі керек

3        Банк  балансының жеделдік өнімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі тиіс

4        Банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру үрдісінде ерекше назар аударылуы тиіс

5        Депозиттік операциялар мен қарыз беру бойынша операциялардың арасында мерзімін және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет

6        Депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану қажет(2.1)

Банктік салым-бұл жинаған ақшаңызды сақтаудың оңай әрі әмбебап тәсілі. Ұтымды депозитті таңдаудың екі жолы бар: банк сенімділігі және оны «пайдалану» ыңғайлылығы. Сондай-ақ ақшаны сақтау  мен жинақтау мүмкіндігі. Банк сенімділігі туралы көп айтылған болатын. Бұрындары сенімді банк деп ірі банктерді айтатын едік, алайда 2009 жылғы оқиғалардан кейін тек сарапшылар емес, халық та баға беру талаптарын өзгертті: қазір сенімді банк деп ашық әрі өз жұмысы туралы жиі ақпарат жариялайтын банктерді айтамыз. Тағы бір талап-банктерге халықаралық агенттіктер берген  кредиттік рейтингтері. Халықаралық агенттіктер соңғы кездері көп сынға ұшырады. Сондықтан рейтингтер  банк жұмысын обьективті және жетік бағалайтын  көрсеткіш. Банк рейтингі жоғары болса, оның сенімділігі де жоғары. Депозитті таңдау жағына келсек, бәрі клиенттің көздеген мақсатына байланысты, салым табысы да  мақсатына байланысты.

Осындай мақсаттардың  ішінде:

1.      Салымшының мақсаты-  қомақты зат сатып алу және ақшаңызды соған жинау. Ол ай сайынғы жалақысынан ақша бөліп, ай сайынғы өсетін сомасының қосымша пайда әкелгенін қалайды

2.      Салымшы депозиттегі ақшасының есептелетін сыйақыны, жалақысының табысы ретінде кейде алып тұрғысы келеді.

3.      Салымшыда «еркін» ақша бар. Ол ақшаны қайда жұмсарын білмейді. Қаражатты жұмсамай оның көбейгенін қалайды. Ал белгілі бір мерзім өткен соң қосымша табыс алғысы келеді.

Ақшаны бөліп-бөліп алуға болмайтын депозиттердің табысқа мөлшерлемесі қаражатты қалаған уақытта алуға болатын депозиттерге қарағанда жоғары болады. (5)

Соңғы кездері кейбір банктер халықтың қаражатын тарту мақсатында депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін көбейтіп жатыр. Алайда бұл жерде жоғары табыс алу үшін банктер тәуекелділігі жоғары операциялар жүргізіліп жатыр деген ой келеді. Әуелетті тәуекелділіктерді төмендету мақсатында осы жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры жаңадан тартылатын депозиттердің ең жоғары мөлшерлемесін теңгемен 11,5%-ға дейін төмендетті (Үстіміздегі жылы қыркүйектің басындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің сыйақысы 12% құрады, айырмасы + немесе – жарты пайыз).(2.2)

Депозит әр түрлі белгілеріне байланысты жіктелінеді. Салушысына қарай депозиттер жеке және  заңды тұлғалардың депозиттері болып бөлінеді. Банктен алу мерзіміне қарай мерзімді және талап бойынша алынатын депозиттер болып бөлінеді.

Талаппен алынатын депозиттерге қаражат толық немесе бөлік бөлікпен салынып және иесінің талабы бойынша дәл сол сияқты жолмен алынады.

Талаппен алынатын салымдарды есептеу, ағымдағы және бюджеттік шарттарда белгілі бір мақсатқа жұмсалатын, корреспонденттік шарттарда басқа банктермен есептеуге арналған. Сондай-ақ есеп айырысу айналымына арналған қаражат үнемі пайдаланатындықтан, ондағы  қалдық мөлшері әркез өзгеріп отырады. Сондықтан банктер бұл шарттар бойынша пайыздық өсім төлемейді.

              Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығыменде жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін коммиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте анықтауға міндетті.

Мерзімді салымдар (депозит )- ол салыну мерзімі және пайыздық өсім төлеу мөлшері анық көрсетілген депозиттік шотқа салған ақша қаражаты. Төлем мөлшері салымның көлемі мен мерзіміне байланысты анықталады. Егер мерзімді салым иесі сонымен келісілген мерзімне бұрын пайдаланғвсв келсе, онда салым бойынша төленетін пайыз мөлшері кемиді. Мерзімді салымдар ұзақ мерзімге салынатындықтан, олар тұрақты ақша қаражаты.

Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналасқан қаражаттарын білдіреді.

Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады: біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады; үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық мөлшерлеменің ең жоғарғы деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем формасы белгіленеді. Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді: 30 күнге дейінгі;

                      30-90 күнге дейінгі;

                      90-180 күнге дейінгі;

                      180 күннен 360 күнге дейінгі; 

                                360 күннен жоғары.

        Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті бойынша міндетті түрде өтініш талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте, алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

       Жинақ салымдары- олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Информация о работе Деппозиттер