Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 12:33, курсовая работа
Депозиттер-бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді
«Еркіндік» салымы бойынша салым мерзімі өте ыңғайлы - еркіндірек, ыңғайлырақ
ірі зат сатып алуға: тұрмыстық техника, жиһаз, автокөлік, жылжымайтын мүлік;
демалысты өткізу үшін;
қандай да бір елеулі оқиғаларға, салтанаттарға: мерейтой , үйлену тойын өткізу және т.б. үшін;
қызметтерге төлеу үшін: құрылыс-жөндеу, медициналық және басқалар;
тұтыну несиесін алған жағдайда бастапқы жарна үшін;
балаңыздың алда тұрған мектептегі, ЖОО
дағы оқуына немесе өзіңіз оқу үшін;- ешқандай мақсатсыз «қара күнге» ақша жинау.
Сондықтан зейнеткерлікке шыққан соң жоғары дәрежедегі өмір сүру үшін осы депозитті пайдаланып және болашақта өзіңіз үшін өмір сүрген жөн! «Зейнеткерлер» салымы бойынша жинақ шотын ашқан кезде, қосымша зейнеткерлік куәлігі ұсынылады, ҰОС ардагерлері-салымшылар Ұлы Отан Соғысына қатысушы куәлігін ұсынады.
"Зейнетақы" салымы бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің жылдық %-ы:
| 3 ай | 6 ай | 12 ай | 18 ай | 24 ай | 36 ай | 37 ай | 60 ай |
Теңге | 5.9 % | 6.5 % | 9.0 % | 9.7 % | 10.0 % | 10.0 % | 11.0 % | 10.5% |
АҚШ доллары | 6.7 % | 7.2 % | 8.5 % | 9.0 % | 9.3 % | 9.7 % | 9.8 % | 10.0 % |
Еуро | 5.5 % | 6.2 % | 7.6 % | 8.2 % | 8.6 % | 8.8 % | 9.0 % | 9.2 % |
«Сенімділік» салымын салымшы ақша жинау немесе туғандары мен туысқандарына қаржылық көмек беру мақсатында олардың атына аша алады. Салымшыға қандай шарттарды орындағанда ғана қаражат берілетінін шешетін де салымшы өзі. Мәселен, салымшының жақын адамына ай сайын (немесе басқа мерзім аралығында) белгілі бір сома керек делік. Егер ол салым келісім-шартында осы шартты көрсетсе, банк салымшыға көрсетілген мерзім сайын ақша беретін болады.Бұл салымның тағы бір ыңғайлы жағы бар: сіз өзіңіз ақша салып отырған салымшының жұмсайтын қаражатына бақылау жүргізе аласыз. «Сенімділік» салымы бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің жылдық %-ы:
| 12 айдан жоғары |
Теңге | 8.0% |
АҚШ доллары | 7.0% |
Еуро | 7.0% |
«Балалар» салымы – Сіздің балаңыздың өмірде жасаған табысты бастауын сенімді қорғау «Балалар» салымын баланың болашағына бей-жай қарай алмайтын кез келген азамат– анасы, әкесі, туысқандары, сондай-ақ, таныстары аша алады. Баланың атына салым ашқанда Сіз банктік салымның келісім-шартында шарттарды талқылап, қай кезде салым балаға берілетінін шешесіз.
Балалар тез ер жетеді – осындай жылдамдықпен олардың болашағының негізі де өсу керек. Ал сіздің балаңыздың болашағы бүгін, қазір қабылдайтын Сіздің шешіміңізге байланысты!
| 12 айдан жоғары |
Теңге | 9.0 % |
АҚШ доллары | 8.2 % |
Еуро | 8.2 % |
«Популяный Сбербанка России» депозит:
Сыйақы ай сайын төленіп отырады;
Сыйақы жинақтаушы, ағымдық, карта-шот арқылы немесе қолма-қол төленуі мүмкін;
Депозиттің мерзімін сол мерзімге автоматты түрде ұзарту;
Айырбастау есептелген сыйақыны жоғалтпастан және шектеусіз жүзеге асырылады.
Сыйақы мөлшерлемесі бүкіл салым мерзімінде өзгермейді;
Тиімді мөлшерлемесі 0,3%-дан 10,5%-ға дейін
Валюта түрі | Алғашқы жарна | Мерзімі айлармен көрсетіледі | ||||||||
|
| 1 - 2 | 3 | 4 | 5-6 | 7-8 | 9-10 | 11-12 | 13-14 | 15 |
Теңге | 30 000 | 2,0 | 3,5 | 5,0 | 5,5 | 6,0 | 6,5 | 8,0 | 8,5 | 9,0 |
| 7 000 000 | 3,0 | 4,0 | 6,0 | 6,5 | 7,0 | 7,5 | 9,0 | 9,5 | 10,0 |
АҚШ доллар | 200 | 0,5 | 1,0 | 3,5 | 3,75 | 4,0 | 4,25 | 4,5 | 4,75 | 5,0 |
| 55 000 | 1,0 | 1,5 | 3,75 | 4,0 | 4,25 | 4,5 | 4,75 | 5,0 | 5,25 |
Еуро | 200 | 0,25 | 0,5 | 0,75 | 1,0 | 1,25 | 1,5 | 1,5 | 1,75 | 1,75 |
| 55 000 | 0,5 | 0,75 | 1,0 | 1,25 | 1,5 | 1,75 | 1,75 | 2,0 | 2,0 |
Ресей рублі | 10 000 | 1,0 | 1,5 | 4,0 | 4,5 | 5,0 | 5,25 | 5,5 | 5,75 | 6,0 |
| 1 500 000 | 1,5 | 2,0 | 4,5 | 5,0 | 5,25 | 5,5 | 5,75 | 6,0 | 6,5 |
Соңғы жылдары жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың депозит салымдарының өсіп келе жатырғандығы көрініп отыр. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатының өсіп келе жатырғандығын көрсетеді.
2009 жылғы ақпанда банк жүйесіндегі резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2009 жылғы қаңтармен салыстырғанда 1,2% ұлғайып, 3967,6 млрд. теңгеге жетті. Заңды тұлғалардың депозиттері 1,1% ұлғайып, 2512,1 млрд. теңге, ал жеке тұлғалардың депозиттері 1,4% артып, 1455,4 млрд. теңгеге жетті.
2008 жылғы ақпанда ұлттық валютадағы депозиттер 1,1% ұлғайып, 2605,5 млрд. теңге болды, шетел валютасындағы депозиттер 1,6% ұлғайып, 1362 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 65,8%-дан 65,7%-ға дейін төмендеді.
Халықтың банктердегі (резидент еместерді қосқанда) салымдары осы айда 1,3% өсіп, 1474,4 млрд. теңгеге жетті. 2009 жылғы ақпанда халық салымдарының құрылымындағы теңгедегі депозиттер 2,0% өсіп, 906,2 млрд. теңгеге, ал шетел валютасындағы депозиттер 0,1% өсіп, 568,2 млрд. теңге болды. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 61,0%-дан 61,5%-ға дейін жоғарылады.
2009 жылғы ақпанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 5,5% (2008 жылғы қаңтарда 6,1%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 11,7% (11,4%) болды.
Бөлім 3. ҚР депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызмет атқару механизмдері.
3.1. Депозиттік салымдардың банк үшін тиімділігі, оларды сақтау
Қазақстан ұлттық банкісінің ақшаны жинақтауға ынталандыру Бағдарламасын жүзеге асыруда жеке тұлғалардың депозиттеріне (салымдарына) кепілдік беру (сақтандыру) Қорының қызметіне көбірек көңіл бөлінеді.
Коммерциялық банкілердегі азаматтар салымдарын сақтандыру пайдасының негізгі дәлелдері: салымшылар арасында үрейді болдырмау және «ақпарат алмаған салымшыларды қорғау». Салымшылар банкінің банкроттығы бойынша негізді және негізсіз қауіптенуі, қарыз қаражаттарымен жұмыс істейтін тек жеке банктің банкроттануына ғана емес, сонымен бірге ол негізінен жиі болатын «домино әсері» деп аталатынға да әкелуі мүмкін. Бұл банк жүйесінің жүйелік дағдарысына әкелуі мүмкін болатын салымшылар өз қаражаттарын банктерден жаппай алған кезде басталады, сонымен бірге «банктерге шабуыл» сенімсіз ақпарат, газеттің «жалған хабары» себебінен болады. Дағдарыс жағдайына ұшыраған банк клиенттерінің депозиттерін тым болмаса ішінара өтеу арқылы банк үрейін болдырмау, шығыстары әдеттегідей, жүйелік дағдарыс салдарын жою шығындарынан әжептәуір аз болады.
Сондай-ақ “ақпарат алмаған салымшыларды қорғау” азаматтардың депозиттерін сақтандыру пайдасында маңызды дәлел болып табылады. Әрине, әдеттегідей, банкінің барлық салымшылары банк жағдайын тұрақты түрде қадағаламайды және оларды жақсы түсіне бермейді, өйткені халықтың экономикалық білімі мен машықтары төмен.
Сақтандыру депозиттері жүйесін енгізуге қарсы дәлелдер ерекше түсіндіруді талап етеді. Депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі, салымшыларды қорғаудың әлеуметтік-экономикалық тетігі бола тұра, сол кезде тәуелдіктерді басқаруға бағытталған банк менеджментінің ынталандыруын азайтады, банкілердің мүмкін болатын банкроттығына және соңғы нәтижесіне жағдай жасайды. Банктердің менеджерлері арасында “моральдық тәуекелдік” (moral hazard) проблемасының пайда болуы өкіметтің аса қауіпті саясатты ынталандыру, кейде мүмкін болатын шығындарды мемлекет “толтыратына” сенімді, экономикалық субъектілердің жауапкершіліксіз тәртібінен болады.
Банктердің жоғары мөлшерлемелері де салымшылардың ынталандыруын тудырмайды. Оларды, әдеттегідей, ауыр қаржы жағдайына ұшыраған банктер ұсынады. Әрине, салымшылар жоғары өтемақыны талап етеді. Депозиттер бойынша төменгі пайыздар «пайыздық қарқысты» тудыруы мүмкін. Қазір депозиттерді сақтандырудың (ДСЖ) бірталай алуан түрлі нысандары бар. Олардың жіктеулері көрсеткендей өзара елеулі түрде ажыратылады. Іріктелім негізінде валюталық салымдарды сақтандыру есебі ескерілген зерттеулер жатыр.
ҚР Ұлттық банктің бастамасы бойынша 1999 жылы жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қоры (бұдан әрі Қор) құрылды. ДСЖ қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі – халықтың мерзімді депозиттерін қабылдап алатын барлық банктердің міндетті түрде осы қорға қатысуын ендіру.
Қор құрылғаннан бері жеке тұлғалардың сақтандырылған мерзімді депозиттерінің деңгейі – 86,1%-ға жетті. Мерзімді депозиттердің серпініне пайыздық мөлшерлеме деңгейі әсер етеді. Сақтандыру ережелеріне сай, Қор сыйақы мөлшерлемесінің деңгейіне белгілі бір шектеулер белгіледі, сондықтан жүйеге енетін банктер мен сақтандырылған жеке тұлға мерзімді депозиттері жеке тұлғалар депозиттері нарығындағы орнынан айырыла бастады. Сөйтіп, 2006 жылы жеке тұлғалардың «талап етілмелі» депозиттерінің жалпы өсуі – 110,4%, ал кепілдік берілген жүйемен қамтылғандары екі есе дерлік кем - 60,7% болды. Тиісінше, сақтандыру жүйесіне тартылған жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері деңгейі төрттен бір бөлігіне дерлік (24%) күрт төмендеді.
Мардымсыз істер Қордың өз жұмысындағы кемшіліктерден пайда болды. Халық арасында кең түсіндіру жұмысын үдемелі жүргізе отырып, банктердің және қорға мүше банктердің кейбір депозиттерінің сақтандырылмағандарына назар аудару керек еді. Сонымен, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне енбеген банктер, осы жағдайды пайдаланып, мерзімді депозиттер бойынша жоғарырақ мөлшерлемелерді ұсынып ұтысқа ие болды. Депозиттерге сақтандыруды қолданған банктер, Қорға депозиттерді аудару жүйесінің сенімділігін арттыра отырып, зиян шекті. Берілген жүйеге кірмейтін банктермен салыстырғанда, қатысушы банктер, бәсекеге қабілеттілігін азайтып, нарықтық орнын жоғалтып, Қорда сақтандыруға жатпайтын сыйақы мөлшерлемелерінің баламалы жағдайларымен мерзімді депозиттердің жаңа түрлерін ұсынуға мәжбүр болды.