Біріңғай жер салығы және оны есептеу механизмі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 17:55, курсовая работа

Описание работы

Осы мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді қарастырып өтеміз:
1. Жерге салық салудың пайда болуы мен Қазақстан және жақын шетелдердегі қазіргі жағдайы.
2. Жер салығының нормативті, құқықтық базасы.
3. Жерге салық салудың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары.

Содержание

Кірсіпе...............................................................................................................
1 Бірыңғай жер салығының экономикалық мәні.........................................
1.1 Салық салуда бірыңғай жер салығының алатын орны..........................
1.2 Бірыңғай жер салығының төлеушілері мен объектілері.......................
1.3 Бірыңғай жер салығын төлеу тәртібі......................................................
2 Бірыңғай жер салығын есептеу механизмі................................................
2.1 «Асар» шаруа қожалығының қызметіне сипаттама..............................
2.2 Шаруа қожалықпен салықты есептеу мен төлеу ерекшеліктері..........
3 Қазақстан Республикасында шаруа қожалықтардың салық салуындағы мәселелері...................................................................................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................

Работа содержит 1 файл

Біріңғай жер салығы.doc

— 293.50 Кб (Скачать)

     Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы  салық режимi бiрыңғай жер салығын төлеу негiзiнде бюджетпен есеп айырысудың айрықша тəртiбiн көздейдi жəне акцизделетiн өнiмдердi өндiру, ұқсату жəне сату жөнiндегi қызметтi қоспағанда, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, өзi өндiрген ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұқсату жəне оны өткiзу жөнiндегi шаруа (фермер) қожалықтары қызметiне қолданылады.

     Жеке  меншiк құқығымен жəне (немесе) жер  пайдалану құқығымен (кейiнгi жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелерi болған кезде шаруа (фермер) қожалықтарына арнаулы салық режимiн қолдану құқығы берiледi.

     Шаруа (фермер) қожалықтары осы арнаулы  салық режимiн немесе салық салудың жалпыға бiрдей белгiленген тəртiбiн дербес таңдауға құқылы.

Шаруа(фермер) қожалықтары арнаулы салық режимiн  қолдану үшiн жыл сайын 20 ақпаннан кешiктiрмей жер учаскесi орналасқан жердегi салық органына уəкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша өтiнiш бередi.

     Салық төлеушiнiң аталған мерзiмде өтiнiш  бермеуi оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тəртiппен жүзеге асыруға келiсiмдi деп есептеледi. 20 ақпаннан кейiн құрылған шаруа (фермер) қожалықтары Жеке кəсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куəлiгiн алған күнi арнаулы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.

     Таңдап  алынған салық салу режимi салық  кезеңi iшiнде өзгертуге жатпайды.

     Күнтiзбелiк  жыл бiрыңғай жер салығы бойынша  салық кезеңi болып табылады.

     Жер учаскесiн бағалау құны бiрыңғай жер салығын есептеу үшiн негiз  болып табылады. Бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскесiн бағалау құнына 0,1 процент ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.

     Бiрыңғай жер салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша тиiстi бюджетке екi мерзiмде, ағымдағы төлем ағымдағы салық кезеңiнiң 20 қазанынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жəне бiрыңғай жер салығы бойынша түпкiлiктi есеп айырысу есептi кезеңнен кейiнгi салық кезеңiнiң 20 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.

     Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер жыл  сайын ағымдағы салық кезеңiнiң 15 наурызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жер учаскелерi орналасқан жердегi салық органдарына өткен салық кезеңi үшiн бiрыңғай жер салығы бойынша декларация тапсырады.

     Мiндеттi төлемдердiң мынадай түрлерiн: осы  арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түскен шаруа қожалықтарының жеке табыс салығын; осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметтен түскен айналым бойынша қосылған құн салығын; қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша жер салығын жəне (немесе) жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдi; Қазақстан Республикасының Ұкiметi белгiлеген қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдарына салынатын салықты; Қазақстан Республикасының Ұкiметi белгiлеген қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды.

     Шаруа (фермер) қожалықтары үшiн арнаулы  салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктiң (соның iшiнде көлiк құралдарының) бөлек есебiн жүргiзуге жəне жалпы белгiлеген тəртiппен жəне (немесе) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiнде қызметтiң осындай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi, салық есептiлiгiн тапсыру мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi. Бұл сондай-ақ төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысты жəне басқа табыстарды алған кезде де қолданылады.

     Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалығының басшысын жəне мүшелерiн қоса алғанда, əрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң 20 проценттiк ставкасы бойынша əлеуметтiк салық сомасын ай сайын есептеп отырады.

     Есептелген  əлеуметтiк салық көлемi Мемлекеттiк  əлеуметтiк сақтандыру қорына сəйкес есептелген 1,5% көлемiндегi əлеуметтiк аударым сомасына азайтуға жатады. Мемлекеттiк əлеуметтiк сақтандыру қорына əлеуметтiк аударымдардың сомасы əлеуметтiк салықтың сомасынан асқан жағдайда əлеуметтiк салық сомасы нөлге тең. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     3  Қазақстан Республикасында  шаруа қожалықтардың  салық салуындағы  мәселелері 
 

     Бүгінгі таңда құнарлылық сапасы жақынан жақсы жерлер кеңістік жақынан шектелген, осының нәтижесінде олардан алынатын өнім аз болғандықтан ауыл шаруашылық өндірісі сондай-ақ қатысы жақынан нашар жерлерде де жүргізіледі. Келе келе бұл фактор (жерлердің шектеулілігі) маңызды рольді атқаруда өйткені урбанизацияның әсерінен ауыл шаруашылық жерлер ауданы қысқаруда.

      Адам қолымен өңделген жерлерге аз тер төгілген жоқ; олар үзіліссіз қызмет істеуде және қалыпты жағдайда ұстауына белгілі шығындарды талап етеді. Басқа өндіріс құралдарынан ерекшелігі жер физикалық және материалды тозбайды. Оны рационалды пайдаланса құнарлылығы тек өсе түседі. өкінішке орай, бұл шарттар біздің елде қолданылмайды да жер тек негізгі қор ғана болып келді, ал қазіргі сыныптама оларға қатысы жоқ.

      өзгеріске ұшыраған геосаяси және экономикалық жағдай, Қазақстан Республикасында жер пайдалану мен жерлер құрылысына өз әсерін тигізді.

      Жерге салық салудың  категориялары мен негізгі түсініктерін қарастыру үшін жердің өзі қандай экономикалық орын алатынын біліп алу қажет.

      Зиянды заттардың, микроағзалардың және басқа да топыраққа зиян келтіретін биологиялық заттардың шегінің нормативтері топырақтың жағдайын адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мүддесі үшін белгіленеді.

      Мониторинг мәліметтері негізінде республиканың әлеуметтік және экологиялық дамуы бойынша бағдарламаларды жасау кезінде  еске алынатын қоршаған ортаны қысқа және орта мерзімді болжауы жүргізіледі.

      Табиғи ресурстардың бірыңғай кадастрлері жоқ, өйткені сапалық, сандық сипаты жақынан біркелкі емес және түрлерге бөлінеді. Нәтижеде олардың мемлекеттік есебі әрқайсысына бөлек жүргізіледі. Мемлекеттік жер, су, орман, жануарлар әлемі кадастрлері бар. Тағы да пайдалы қазбалар, ерекше қорғалатын объектілер есебі де жүргізіледі.

      Салық төлеушілерге қатысты салық инспекциясы органдары  жүргізген тексерулер нәтижесі бойынша салық инспекциясы органдары мен салық бақылау органдарының арасында келіспеушілік пайда болғанда бұл таластар салық қызметі мен салық инспекциясының жоғары тұрған органдарымен шешіледі. Бұл деңгейде талас шешілмесе мәселені Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі шешеді, ал егер олар шеше алмаса онда іс Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына беріледі.

      ҚР ІІМ органдары мемлекеттік салық органдарына өз қызметін іске асыруда тәжірибелік көмек көрсетуі керек, өз міндетін орындаудан күшпен қарсылық білдіген жекелеген тұлғаларды жауапкершілікке тартудағы шараларды іске асыруы қажет.

      Жер салығы бойынша тексерулердің нәтижелері. Халықаралық Инвестициялар мен Салықтар жөніндегі Орталықтың батыс экономистерінің пікірі бойынша: “Қазақстанның орталық билік органдары табысты болжауға, анықтауға, ондай талдаудың қажеттілігі болсада керекті көңіл бөлмей отыр” дейді. Салық салудағы болып жатқан өзгерістерді болжамдарды бағалаудың жоқ екндігі байқалады, өйткені облыстық қаржы бөлімдеріне Қазақстан Республикасының Салық Комитетіндегі өзгерістердің қандай салдары болатынын білудің қажеттілігі жоқ.

      Қаржы Министрлігінің болжамдарды құрастыруда  қолданылатын әдістемедесі келесідей: әр салық түрінің болжамының жалпы сомасының базалық сандары былтырғы жылдың табыстарының ЖІө-ге өзгеріссіз қатынасымен анықталады, яғни былтырғы жылдың табыстары нақты көріністегі ЖІө өсуі мен инфляциялық түзетудің есебінен артады. Қаржы Министрлігінің салықтық түсімдерді құрастыру тәжірибесі социалистік экономикадан бастау алады.

      Қаржы органдары бюджетке түсетін төлемдердің өз уақытында, толықымен түсуіне жүйелі бақылау жүргізу керек болатын, нақты түскен түсімдердің жоспарға сай болуын әр ай сайын тексеріп, болған ауытқулар себебін анықтау керек. Бірақ та мұндай толық және жүйелі жұмыс, салық төлеушілерге салықтардың өз уақытында бюджет кірісіне төленуінің маңыздылығы, қарыздардың болуының кері әсері сияқты ұғындыру жұмыстары жүргізілмеді. Қазіргі кезде қаржы органдарынан бөлінген салық органдары аталған жұмыстарды, салықтарды болжаудан басқа, өз еріктерімен атқаруда.

      Облыстық, қалалық, аудандық деңгейде салық түсімдерін болжаумен қаржы органдары айналысады. Түсімдерді  экономикалық талдау мен болжау бөлімінің функционалдық міндеттеріне кіретіндер:

    - Мемлекеттік бюджетке салықтың және табыстардың жылдық түсімін болжау;

    - Салықтардың бюджетке түсуін бақылау;

    - Бюджет алдындағы міндеттердің орындалуын талдау;

    - Бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша ұсыныстарды дайындау.

      Жергілікті жерлердегі салық комитеттері қаржы органдарына қарағанда салық төлеушілермен тікелей жұмыс істейді, салық түсімдерін үзіліссіз талдайды, оперативті есептілікті қабылдайды, салық салынатын тұлғалар бойынша мәліметтер қорын жүргізеді, бір сөзбен айтқанда салық салумен байланысты, яғни бюджет ресурстарының ұлғаюымен байланысты барлық іс әрекеттердің кешенін орындайды.

      Бақылау кезінде дәстүрлі экономикалық әдістерде қолданылуы мүмкін: баланстық, эксперттік бағалау, корреляциялық, ранжирлеу, факторлық талдау, хронологиялық қатар.

      Кейбір төлемдер бойынша болжамдардың орындалмауы немесе асып кетуі, болжау кезінде шығындардың, болжаудың әдістерінің жеткіліксіздігінің, бақылаудың жоқтығының және болжау кезінде салық органдарының қаржы органдарымен өзара іс әрекетінің куәсі болады.

      Бюджетке түсетін түсімдердің көлемін бақылау процесі келесі сатыларда жүреді:

     1 саты – соңғы бес жылдағы  аймақ экономикасының жағдайының талдауы;

     2 саты – салықтар түрлері бойынша салық салынатын контингенттің есебі;

     3 саты – қаржы органдарымен  келісуі.

      Ұсынылып отырған сатылық “жоғарыдан” жүргізіліп жатқан реформалардың аймақтарда қаншалықты терең және дұрыс екенін көрсетеді.

      Жер пайдаланушылар мен жер иеленушілерге салық салуды реттеу мәселелері шегінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық дамуында Президенті Н.Назарбаевтың 2001 жылы  қолдағы бар қаражаттармен өмір сүру – қағидасын ұстана отырып біздің  ұзақ мерзімді келешекке бағытталған шешуші бюджет реформаларын жүргізу қажеттілігіне көңіл бөлуіміз керек. Бұл кезде жерге салық салу азаматтардың бөлу механизмінде саналы түрде қатысу нысаны болады. Және Президент “Cалық төлеу қазақстандықтарға үйреншікті нәрсе болып, патриоттық міндетке айналады” - деп айтқандай болатынына біз кәміл сенеміз.

      Осы жер салығын жақсарту жолдары шегінде, олардың 2030 Бағдарламасымен сәйкес болуын да айта кету қажет. Президент атап өткендей: “келесі жылдан бастап біздің жоспарларымыз ұзақ мерзімді келешектегі істерге сай болуы керек”. Міне осы себептен  үшін жер сияқты маңызды факторды болжау және салық салу қажет.

      Біз қарастырып отырған жерге салық салу мен оны жақсарту жолдары шегіндегі жүйе – бірыңғай жер  салығының және басқа да ұсыныстар 2030 жылға шейін келешекке мызғымас негіз құрайды деп ойлаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 
 

     Мемлекет  нарық экономикасының қалыптасуына әсер ету ретінде пайдаланатын экономикалық тұтқалардың ішінде салықтардың рөлі өте маңызды. Кез келген мемлекеттің нарықтық дамуы салық саясатын мемлекеттің өз мүдделеріне пайдалануды болжайды. Салық және салық жүйесі неғұрлым экономиканы басқарудың жалпылама қарсы институттардың енгізілуін отандық және шетел тәжірибесі көрсетіп отыр.

      Қазақстанда нарық экономикасының алыптасуы жағдайында кәсіпкерлік қызметке қауіпті әсер етпейтін рационалды салық жүйесінің қалыптасуы неғұрлым маңызды мәнге ие болып келеді. Сондықтан бюджетпен шаруашылық етуші субъектілердің өзара экономикалық қарым-қатынас ұйымдастыруда салықтардың фискалды және реттеуші функцияларын қолайлы үйлестіруді қамтамасыз ететін кәсіпкерлер қызметін салықтық реттеуді жетілдіру өте маңызды болып отыр. Осы мәселелердің ертерек шешілуіне жүргізіліп отырған экономикалық реформалардың жемістілігіне,оның   ішінде жер реформасыда, экономикалық дағдарыстың созылуына, халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты.

      Осыған орай ҚР заңдары бойынша жер салығын есептеудің әдістерімен жер салығын реттеу мәселелерін жиынтық реттеу алда тұрған мәселелердің бірі.

Информация о работе Біріңғай жер салығы және оны есептеу механизмі