Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 17:55, курсовая работа
Осы мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді қарастырып өтеміз:
1. Жерге салық салудың пайда болуы мен Қазақстан және жақын шетелдердегі қазіргі жағдайы.
2. Жер салығының нормативті, құқықтық базасы.
3. Жерге салық салудың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары.
Кірсіпе...............................................................................................................
1 Бірыңғай жер салығының экономикалық мәні.........................................
1.1 Салық салуда бірыңғай жер салығының алатын орны..........................
1.2 Бірыңғай жер салығының төлеушілері мен объектілері.......................
1.3 Бірыңғай жер салығын төлеу тәртібі......................................................
2 Бірыңғай жер салығын есептеу механизмі................................................
2.1 «Асар» шаруа қожалығының қызметіне сипаттама..............................
2.2 Шаруа қожалықпен салықты есептеу мен төлеу ерекшеліктері..........
3 Қазақстан Республикасында шаруа қожалықтардың салық салуындағы мәселелері...................................................................................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................
Кесте 2
Жер
салығының әртүрлілігінің сыныптамасы
№ | Сыныптау белгілері | Жер салығының түрлері |
1 | 2 | 3 |
1 | Төлеушісіне қарай | -заңды тұлға
төлейтін (резидент және резидент емес); |
2 | Жерге төлем түріне қарай | -жер салығы;
-жалдық ақы; -жердің нормативті бағасы. |
3 | Мақсатты арналуы мен меншігіне қарай | -ауыл шаруашылық
мақсаттағы жерлер;
-елді мекендер жерлері; -өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқада ауыл шаруашылық мақсатта емес жерлер -ерекше қорғалатын
территория жерлері (емдеу, -орман қоры жерлері. |
4 | Салық салу мақсатына қарай | -тұрғын үй қоры,
соның ішінде құрылыстар мен құрылғылар
алып жатқан жерлерді қоспағандағы елді
мекендер жерлері;
-тұрғын үй қоры алып жатқан жерлер. |
5 | Салық салуға жатпайтын жерлер | -ерекше қорғалатын
территориялар жерлері;
-орман қоры жерлері; -су қоры жерлері; -запастағы жерлер. |
6 | Салық салу объектісі болып табылмайтын жерлер | -жалпы пайдаланудағы
елді мекендердің жер |
7 | Салық салу объектісі
бойынша келесі ұйымдар үшін:
мұнай мен газды өндіруді және тасымалды жүзеге асыратын -теміржол көлігі; -энергетика және электрофикация жүйелері; |
-Теміржол тораптары,
бөлу сызығы, станциялары мен вокзалдар
алып жатқан жерлер;
-заңда көрсетілген тәртіпте электр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жерлер; -мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелері; -байланыс
желілері тіректері алып -ортақ пайдаланудағы кесіп берілген белдеудегі мемлекеттік жолдар желісі алып жатқан жерлер; -Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері; |
Жер салығын алу мен бекіту негізі жер пайдалану мен иелік етуге құқық берілгенін куәландыратын құжат болады. заңды тұлғалар мен азаматтар үшін жер салығы салық салынатын жер учаскесінің ауданы мен бекітілген жер салығының мөлшерлемелерін еске ала отырып есептелінеді.
Жер салығының мөлшерлемелері әртүрлі бағалы аймақтар бойынша дифференцацияланатын мемлекеттік биліктің жергілікті органдарымен “Салықтар туралы” заңында белгіленген орташа мөлшерлемелерден шыға отырып бекітіледі.
Мөлшерлемелер туралы оларды есептеу кезінде болған қателермен байланысты нақтылықтың жеткіліксіздігін айта кету қажет. Мысалы: 2001 жылға дейінгі 34-нұсқамада “елді мекендер шегінде, бірақ целитебті аймақтан тыс орналасқан өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа да ауыл шаруашылықтық емес мақсаттағы (шахталар, карьерлер және олардың санитарлы-техникалық, басқада аймақтарын қосқандағы) жерлер үшін салық мөлшерлемелерін 70%-ға дейін төмендету” қарастырылған. Бұл нақты мөлшерлеменің төмендегені 30% деген сөз. Жер салығын төлеу бойынша мұндай екі ойлы көзқарастар Салық Кодексінде бар, біздің ойымызша оларды нақтылау керек.
Нарық қатынастарына көшуге байланысты Қазақстанда 1995 жылы жер реформасы жүргізілді, оның негізгі мақсаты жаңа жер иеленушілерді және жер қатынастарын қайта құру мен жер нарықын қалыптастыру. 1999 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік кәсіпорындардың негізінде 502 акционерлік қоғам, 3315 өндірістік кооперативтер, 821 шаруашылық серіктестік, 63966 шаруа қожалықтар құрылған. Олардың үлесіне ауыл шаруашылық жерлердің 99% тиеді.
Қазақстанда жер қорының қайта бөлінуі жүрді, жерде әртүрлі шаруашылық түрлерін қалыптастырудың негізі қаланды. Бұрынғы колхоздар мен совхоздар жерге ұжымдық үлестік меншік түрлері бар кәсіпорындарға қайта құрылды: акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, кооперативтер. Кіші кәсіпорындар, шаруа қожалықтары және олардың ассоциациялары, мемлекеттік емес ауыл шаруашылық кәсіпорындар 1999 жылдың аяғына қарай жер жақынан үлестік салмағы жақынан 99% , ал жер иеленушілер санынан – 99,8% құрады.
Елді мекендер мен бұрынғы колхоздар, совхоз, бригада, бөлімшелер негізінде, олардың аудандары мен шекараларын өзгертпестен ұжымды сипатта жер пайдалану (жшс, ақ, кооперативтер) құрылды.
Сонымен қатар бұл кәсіпорындардың бір бөлігі ірі шаруа қожалықтарының бөлініп шығуымен бұрынғы совхоздардың негізінде ауданы мен жер пайдаланудың конфигурациясының өзгеруімен құрылды.
Шаруашылық қожалықтардың бір бөлігі жиынтық жер пайдалану негізінде ассоциацияларға біріккен. Ауыл шаруашылық жерлердің 80%-н астамы кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктерде, сонымен қатар мемлекеттік емес басқа да кәсіпорындарда жинақталған.
Ал Қазақстан Республикасында жалпы мақсатты пайдаланудағы жер қорының категорияларға бөлінуінің үлесі мынадай:
1. Ауыл шаруашылығы мақсатында, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге арналған жерлер(65,7%)
2. Елді мекендердің, елді мекендер шекарасы шегіндегі жерлер (7,1%)
3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылық мақсаттағы емес жерлер (6,4%)
4. Табиғи қорғалатын, емдеу, рекреациялық, тарихи-мәдени бағыттағы жерлер (6,5%)
5. Орман қорының жерлері (4,0%)
6. Су қорының жерлері (0,3%)
7. Мемлекеттік запастағы жерлер (10,3%)
Ал ауыл шаруашылық жерлердің құрамында жайылымдар мен шабындықтар – 81,7, егістік – 18%. Елдегі негізгі жер пайдаланушылар – мемлекеттік емес ауыл шаруашылық кәсіпорындар.
Кесте 3
Қазақстан
Республикасында жерді
Жер пайдаланудың атауы | 2004
Жыл |
Үлес салмағы, % | 2005
жыл |
Үлес салмағы, % |
Ауыл
шаруашылық ауданның барлығы
Құрлық Егістіктер Жайылымдар |
181,2 161,0 25,8 135,2 |
- 100 16,1 83,9 |
106,0 98,0 19,7 78,3 |
- 100 20,1 79,9 |
Осылайша кестеден көріп отырғанымыздай Қазақстан Республикасында жерді негізінен ауыл шаруашылық қажеттіліктерге заңды тұлғалар пайдаланады, яғни орташа есеппен 80%-н астамы.
Жоғарыда айтып кеткендерге сүйенетін болсақ, біз осы ауыл шаруашылық үшін пайдаланылатын және басқада мақсаттағы жерлердің бағалануын білуіміз керек емес пе. Ал оған тоқталып өтсек бағалаудың негізі қандайда бір топырақ түрінің өнімділік деңгейін көрсететін “шекті өнімділіктің” белгіленген көрсеткіші болады. Жалпыға бірдей белгіленген ереже бойынша ең құнарлы топырақ пен егістік 100 баллға теңеледі. Бұл мәліметтер біздің республикаға өте маңызды болып келеді, өйткені ауыл шаруашылығы экономиканың алдыңғы қатарлы салаларының бірі. Сондықтан Салық кодексінде барлық жерлер бойынша категориялар, оларға сай мөлшерлемелері, негізгі объектілері мен төлеушілері түгелімен көрсетілген. Келесі тарауларда соларға біраз тоқтала кетеміз.
Жердің белгілі бір немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
1. Тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда елді мекендер жерлері;
2. Тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
Келесідей жер санаттары салық салуға жатпайды:
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2. Орман қорының жерлері;
3. Су қорының жерлері;
4. Запастағы жерлер.
Бұл жерлер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, оларға Салық кодексінің 336-бабына сай салық салынады.
Қазақстан Республикасында жер салығын төлеушілер болып:
1. Жеке меншік құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салынатын объектілері бар жеке ж„не заңды тұлғалар;
2. Жоғарыда аталған құқықтары бар заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері табылады;
Ал келесі тұлғалар салық төлеушілер болып табылмайды: бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемлекеттік бюджет есебінен ғана қамтылатын ұйымдар, жер қойнауын пайдалану бойынша өнімді бөлу кезінде Қазақстан Республикасының үлесін беруді көздейтін кәсіпорындар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындадағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары,тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ мүгедектердің ата-анасының біреуі, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар, діни бірлестіктер мен ұйымдар.
Егер мемлекеттік бюджеттен қамтылатын ұйымдар, қылмыстық жазалауды атқару орындары мен діни бірлестіктер өз пайдалануындағы жер учаскелерін өзге біреулерге пайдалануға немесе жалға беретін болса, онда заңда көрсетілген тәртіпте салық төлеуден босатылмайды.
Жер салығын төлеушілер үшін жер салығы:
1. Меншік құқығын,тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.
Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, бірнеше тұлғалардың меншігі, пайдалануындағы жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеушілер болып табылады.
Тұрақты жер пайдаланудың, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдаланудың меншік құқығын мемлекеттік акт немесе жер учаскесін уақытша пайдалану шарты болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін осындай учаскені оның нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады.
Салық салу объектісіне тоқталатын болсақ, жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезіндегі – жер үлесі) салық салу объектісі болады.
Ал салық салу объектісі болып табылмайтындар қатарына жататындар мыналар: елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері, алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, парктер, скверлер, бульварлар, су қоймалары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған басқа да объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және өзге де ортақ пайдаланылатын инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер, ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері, жер алаптары, көлік жүріп өтетін тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылыстар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғау екпелері мен жасыл желектер орналасқан жерлер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері.
Кейде жекелеген жағдайларда салық салу объектісін анықтауға тура келеді, онда біз Салық кодексінің сәйкес баптарына жүгінеміз, яғни 327-бабына. Ол жерде былай делінген: егер темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдары орналасқан жерлерді қоса алғанда, элекр беру желілері мен кіші станциялар тіректері алып жатқан жерлерді қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесі ұйымдары үшін, мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін, байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелейлік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңда белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектілері болып табылады.
Информация о работе Біріңғай жер салығы және оны есептеу механизмі