Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 17:55, курсовая работа
Осы мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді қарастырып өтеміз:
1. Жерге салық салудың пайда болуы мен Қазақстан және жақын шетелдердегі қазіргі жағдайы.
2. Жер салығының нормативті, құқықтық базасы.
3. Жерге салық салудың мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары.
Кірсіпе...............................................................................................................
1 Бірыңғай жер салығының экономикалық мәні.........................................
1.1 Салық салуда бірыңғай жер салығының алатын орны..........................
1.2 Бірыңғай жер салығының төлеушілері мен объектілері.......................
1.3 Бірыңғай жер салығын төлеу тәртібі......................................................
2 Бірыңғай жер салығын есептеу механизмі................................................
2.1 «Асар» шаруа қожалығының қызметіне сипаттама..............................
2.2 Шаруа қожалықпен салықты есептеу мен төлеу ерекшеліктері..........
3 Қазақстан Республикасында шаруа қожалықтардың салық салуындағы мәселелері...................................................................................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................
Салық базасы – жер салығын анықтауда жер учаскесінің алаңы осы салық бойынша салық базасы болады.
Салық мөлшерлемелері. Берілген аймаққа салық мөлшерлемесі республика бойынша ортақ орташа салық мөлшерлемесін еске ала отырып бекілуі заңда көрсетілген.
Оларды анықтау кезінде топырақтың құндылықының сапасы ескеріледі. Сондай-ақ заңда бір гектар егістікке және басқа да жерлерге бекітілетін минималды салық мөлшерлемелері берілген.
Енді жер санаттары бойынша салық мөлшерлемелерін қарастырып көрелік.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық мөлшерлемелері. Бұл жерде басқада ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерге салық салу ерекше реттелетінін айта кету қажет. Оларға: ауылдық елді мекендер мен бақшалық серіктестіктер шекарасында азаматтарға, бау-бақша егуге, мал өсіруге, жеке қосымша шаруашылыққа, сонымен қатар басқа да мақсаттарға заңды тұлғаларға берілген жер учаскелері жатады.
Жазық аумақтардың далалық және қуаң далалық аймақтарының кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт-сарғылт және сарғылт топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі аумақтардың күңгірт сұр (сұр-қоңыр), сарғылт (қоңыр) топырақты және тау бөктерінің қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар түрде жер салығының базалық салық ставкалары белгіленеді.
Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аумақтардың ашық-сарғылт, құба, сұр-құба, ашық және кәдімгі сұр топырақты, сондай-ақ таулы аймақтардың таулы-далалық, таулы-шалғынды-далалық және таулы альпілік және субальпілік топырақты жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының базалық салық мөлшерлемелері белгіленеді.
Ал жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салық салған кездегі салық мөлшерлемелеріне келетін болсақ, олар келесідей болады да, негізінен өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғандағы жерлерден тұрады:
- көлемі 0,50 гектарға дейінгіні қоса алғандағы жерлерге – 0,01 гектар үшін 20 теңге;
- ал көлемі 0,50 гектардан асатын жерлер алаңына – 0,01 гектар үшін 100 теңге.
Егер ауыл шаруашылық мақсаттары үшін пайдаланатын ауыл шаруашылық мақсаттарына арналмаған жерлерге салынатын салық мөлшерлемелері.
Елді мекендердің, өнеркәсіптің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орман және су қорларының құрамына кіретін, ауыл шаруашылық мақсаттарына пайдаланатын жер учаскелеріне салық салынғанда Салық кодексінің 338-бабының бірінші тармақына сәйкес қолданылады, яғни онда жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары негізінде жер салығының мөлшерлемелерін Салық кодексінің 329, 330, 332, 334-баптарында белгіленген жер салыңының базалық салық мөлшерлемелерін елу пайыздан аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқықтары бар.
Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемесін жекедара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады. Осыған қоса бұл ережелермен қатар осы жер санаттарына Салық кодексінің 329-бабындағы белгіленген салық мөлшерлемелері де қолданылады, яғни ауыл шаруашылық мақсатындағы салынатын салық мөлшерлемелерін ескере отырып салық салынады.
Келесі қарастыратынымыз ол елді мекендер жерлеріне салынатын салық мөлшерлемелері.
Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы мертіне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:
Бұдан кейін біз үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелерін қарастырып өтеміз.
Елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, оның ішінде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесі деп аталатынын айта кету керек.
Заң бойынша үй іргесіндегі жер учаскелеріне мынадай базалық салық мөлшерлемелері боныша салық салынуы тиіс:
1. Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін:
- көлемі 1 000 шаршы метрге дейін қоса алғандағыға – 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
- ал көлемі
1 000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы
метрі үшін 6,00 теңге.
Кесте 4
Елді
мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге
арналған және тұрғын үй қоры, оның ішінде
ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан
жерлеріне жататын жер учаскесінің бір
бөлігі үй іргесіндегі жер учаскесіне
салынатын салық мөлшерлемелері
Елді мекеннің түрі | Тұрғын үй қоры, соның ішінде үй іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың базалық мөлшерлемелері (теңге) | Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыс тар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшері (теңге) |
1 | 2 | 3 |
Қалалар:
Алматы Астана Ақтау Ақтөбе Атырау Тараз Қарағанды Қызылорда Көкшетау Қостанай Павлодар Петропавл Орал өскемен Шымкент Алматы облысы: Обл.бақыныстағы басқа қалалар Аудандық бағы - ныстағы қалалар Ақмола облысы: Обл.бағыныстағы |
28,95 19,30 9,65 6,75 8,20 9,17 9,65 8,68 5,79 6,27 9,65 5,79 5,79 9,65 6,17 6,75 5,79 5,79 |
0,96 0,96 0,58 0,58 0,58 0,58 0,58 0,58 0,58 0,58 0,58 0,58 0,58 0,58 0,58 0,39 0,39 0,39 |
Аудандық
бағыныстағы қалалар Облыстық маңызы
бар басқа қалалар Аудандық маңызы
бар басқа қалалар Поселкелер Селолар (ауылдар) |
5,02 Облыс орталығы
үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы Облыс орталығы
үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы 0,96 0,48 |
0,39 0,39 0,19 0,13 0,09 |
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрі Үшін 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
2. Басқа елді мекендер үшін:
- көлемі 5 000 шаршы метрге дейінгіні қоса алғанда – 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңге;
- ал көлемі 5 000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
Тағы да бір тоқталатын жер санатымыз ол өнеркәсіп жеріне салынатын жер салығының мөлшерлемелері. Оның ішінде елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салықтың базалық салық мөлшерлемері бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар түрде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес басқа жер пайдаланушылар уақытша пайдаланатын жерді қоспағанда, қорғаныс мұқтажы үшін берілген жерлерге Салық кодексінің 334-бабының 1-тармағында көрсетілген, ал егер осы қажеттіліктерге беріліп, бірақ уақытша ауыл шаруашылық мақсаттарға басқа пайдаланушыларға берілсе онда Салық кодексінің 338-бабының 1-тармағын ескере отырып, 329-бапта көрсетілген салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуы тиіс.
Ал магистральды темір жолдарды бойлай қорғаныстық екпе ағаштар орналасқан темір жол көлігі кәсіпорындарының жерлеріне жоғарыда аталып өткен баптардың ережелері бойынша салық салынады.
Енді өнеркәсіп жерлерінің ішіндегі елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салық салу мөлшерлемелерін қарастырып өтелік.
Елді мекендер шегінде (аэродромдар алып жатқан жерлерді қоспағанда) орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (шахталар мен карьерлерді қоса алғанда) және олардың санитарлық-қорғаныш, техникалық және өзге де өңірлеріне Салық кодексінің 332-бабында берілген базалық салық мөлшерлемелері қолданылады.
Елді мекендер шегінде, бірақ селитебті аумақтан тыс орналасқан аталған өнеркәсіп орындары мен олардың құрылымдық бөлімшелері Салық кодексінің 338-бабаның 1-тармақында берілген төмендетулерді ескере отырып осы жерлерге деген салық мөлшерлемесінен 30% аспауы керек.
Ал елді мекендер шегінде орналасқан аэродромдар мен әуежайлар алып жатқан жерлерге Салық кодексінің 334 және 332-баптарында аталған базалық салық мөлшерлемелерін ескере отырып салынады.
Заңның мақсаттарының орындалуы үшін әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, бұрылуын, тұрағын қамтамасыз ететін және оларға қызмет көрсететін арнайы дайындалып жабдықталған жер учаскелері аэродромдар деп танылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман, су қорлары алып жатқан жерлерге салық мөлшерлемелері. Егер осы аталған жерлердің ауыл шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын бөліктеріне жергілікті төмендетулер ескеріле отырып ауыл шаруашылық жерлеріне салнытын базалық салық мөлшерлемелері қолданылуы тиіс.
Ал егер осы жерлер жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылық мақсаттардан өзге де қажеттіліктерге берілсе, онда жергілікті өкілді органдар ескере отырып, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне қолданылатын мөлшерлемелер бойынша салық салуға құқықтары бар.
Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салық салу мөлшерлемелері.
Елді мекендердің автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне, тұрғын үй қоры оның ішінде құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда және осы аталғандар елді мекендерден тыс орналасып, басқа санаттарда болса, онда Салық кодексіндегі елді мекендерге, яғни 332-бабында белгіленген салық мөлшерлемелері бойынша он еселенген салық көлемін төлеулері тиіс. Кей жағдайларда бекітілген салық мөлшерлемесі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен кемітілуі мүмкін, бірақ заңда берілгеннен кем болмауы керек.
Жергілікті атқарушы орган белгілеген сауда орындары тікелей орналасқан елді мекендердің базарлар аумағына бөлінген жерлеріне, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, базарлар қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базарлар аумағына, елді мекендердің жанына таяу орналасқан базарлар аумағына берілген басқа да жер санаттарына Салық кодексінің 332-бабында көрсетілген елді мекендер жерлеріне арналған базалық салық мөлшерлемелерінің он еселенген көлемінде салық салынады. Осы жағдайдағы жерлері бойынша елді мекендерді жергілікті органдар белгілейді.
Жер салығының мөлшерлемелерін жергілікті органдардың шешімімен кемітілуі мүмкін, бірақ Салық кодексінің 332-бабында көрсетілген базалық салық мөлшерлемелерінен кем болмауы керек.
Бұл ережелер мал сату базарларына қолданылмайды, оларға елді мекендерге арналған салық мөлшерлемелері қолданылады.
Айта кететін жәйт, ол жоғарыда аталған жерлерді автотұрақтар мен май құю станциялары қолданыла бастағаннан кейін ғана қолданылады.
Салық мөлшерлемелерін түзетуге келсек. Жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары негізінде жер салығының мөлшерлемелерін Салық кодексінің 329, 330, 332, 334-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелерін елу пайыздан аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
Бұл жерде жекелеген салық төлеушілер үшін жер салығының мөлшерлемелерін жекедара төмендетуге немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
Заң бойынша келесі салық төлеушілерге жер салығы есептелген кезде тиісті салық мөлшерлемесіне 0,1 коэффициенті қолданылады:
- балаларды сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорықтар (биосфералық қорықтарды қоса алғанда), мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер;
- діни бірлестіктермен акционерлік қоғамдар, мекемелер, тұтыну кооперативтерінен басқа коммерциялық емес ұйым мәртебесі бар, өз қызметін қоғамдық мүддені көздеп жүзеге асыратын ұйымдар;
- косметологиялық қызметтерді қоспағанда, медициналық қызмет көрсету, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; бастауыш, негізгі, орта, қосымша, жалпы білім беру, лицензия бойынша қайта даярлау және біліктілікті асыру саласында қызмет көрсету, ғылым, спорт саласындағы қызмет, тарихи, мәдени мұраларды, мұрағаттық құндылықтарды сақтау бойынша, сондай-ақ мүгедектер мен балаларды қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет көрсету, кітапхана қызметін көрсететін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
-
қызметінің негізгі түрі
- балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
-
Ғылыми кадрларды мемлекеттік
аттестаттау саласындағы
- психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу өндірістік кәсіпорындар.
Информация о работе Біріңғай жер салығы және оны есептеу механизмі