Бюджетті қалыптастыру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 13:08, дипломная работа

Описание работы

Аймақтық бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер .....

Работа содержит 1 файл

Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

— 475.00 Кб (Скачать)

    елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру;

    8) көлiк және коммуникациялар:

    аудандық (қалалық) маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау;

    кент iшiндегi (қала iшiндегi) және аудан iшiндегi қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру;

    9) басқа да бағыттар:

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер;

    облыстық бюджетке берiлетiн ресми трансферттер.

    Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнен:

    1) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген  қызмет түрлерiн орындайтын мемлекеттiк  мекемелердiң қызметiн қамтамасыз етуге;

    2) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген  бағыттар бойынша бюджеттiк инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға;

    3) ауданның (облыстық маңызы бар  қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк басқару  органдарының Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген өзге де  функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.

    Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнен  қаржыландырылатын жергiлiктi атқарушы органдарды ұстауға арналған шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн штат санының жалпы лимитi және заттай нормалар негiзiнде жоспарланады.

    Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделедi:

    1) қаладағы ауданның, аудандық маңызы  бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкiмi аппаратының жұмыс iстеуi;

    2) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асыру;

    3) азаматтық хал актiлерiн тiркеу  жөнiндегi қызметтi қамтамасыз ету;

    4) мектепке дейiнгі тәрбие беру  мекемелерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

    5) ауылдық (селолық) жерлерде балаларды  мектепке дейiн тегiн алып баруды  және керi алып келудi ұйымдастыру;

    6) ерекше жағдайларда сырқаты ауыр  адамдарды дәрiгерлiк көмек көрсететiн  ең жақын денсаулық сақтау  ұйымына жеткiзудi ұйымдастыру;

    7) мұқтаж азаматтарға үйiнде әлеуметтiк көмек көрсету;

    8) аудандық маңызы бар қаланың,  кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық  (селолық) округтiң мемлекеттiк  тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

    9) елдi мекендердiң санитариясын  қамтамасыз ету;

    10) жерлеу орындарын күтiп-ұстау  және туысы жоқ адамдарды жерлеу;

    11) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру;

    12) елдi мекендердi абаттандыру мен көгалдандыру;

    13) мәдениет мекемелерiн материалдық-техникалық  қамтамасыз ету;

    14) аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау.[16]

    Кірістер  мен шығыстардың құрамы мен құрылымы жергілікті нақты әлеуметтік – экономикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын бюджет және салық саясатын іске асыру бығыттарына байланысты. Соның өзінде аудан кірістерді қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайда сәйкес формалары мен әдістерін пайдаланады.

    Бюджет  кірістері біріншіден орталық, жергілікті органдар жинайтын салықтардан, қарыздардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға шоғарландыру қызметінен туады. Бұдардың қатарына әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және т.б. жатады. Аудандық табысының жалпы материалдық негізін табыс құрайды, мұны бөлу және қайта бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады.

    Жергілікті  бюджет түсімдерінің ең басты көзі салықтар болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент. Қандай да болмасын ауданға салықтық қатынастарды реттеу өзекті де маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарға қатысты мәселелердін бірі болып тыбылады. Бұл қатынастар жергілікті салық салу аясында туындайды және олардың басты объектісі тиісті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болып есептелінеді. Осы салықтар жергілікті атрибуттары қатарынан көрініс табады және жалпы жергілікті мұқтаждықтарды қанағаттандыру қамтамасыз ету мақсатында заңды негізінде, заңда белгіленген мөлшерде және уақытта салық төлеушілерден мәжбүрлі түрде, қайтарымсыз, сондай – ақ жекелей ақысыз негізде тиісті бюджетке алынатын міндетті ақшалалай төлемдер. Салықтардың экономикалық табиғатын ашып көрсететін мына келесідей белгілері болады: салық тек жергілікті тарапынан, біржақты өктем түрде белгіленетін төлем заңымен міндеттелген төлем, мәжбүрлі төлем, құқықка сай төлем, тұрақты төлем, қайтарымсыз төлем, баламасыз төлем, ақшалай нысандағы төлем, мөлшері аңықталған төлем, субъектісі, объектісі айқындалған төлем.

    Қазақстан Республикасында салықтардан басқа  міндетті төлемдер баждар, төлемдер және алымдар алынады. Салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің арасындағы ерекшелік салықтар баламасыз болса, алымдар мен баждар және төлемдер біршама – баламалы (қызмет көрсетілгені немесе құқық берілгені үшін) болып табылады.

    Жергіліктің салық қызметінің басты масқсаты – салықтың көмегімен жергіліктік  бюджетке ақша қаражаттарын тарту арқылы әлеуметтік, экономикалық және саяси құрылыстың жергіліктік бағдарламаларын ақшалай қамтамасыз ету.

    Салықтың  көмегімен аудан өзінің функцияларын жүзеге асыруға және халықтың мүдделері  мен мұқтаждығын қамтамасыз етуге  қажетті жергіліктік қаржылардың ең мол базасын – бюджеттерді қалыптастырады. 
 

 
 

    Сызба 2. 2010 жылға аудандық бюджеттің табыс  бөлігін қалыптастыратын салықтық төлемдер құрылымы. 
 

    Сызба 2 бойынша жергілікті бюджетке түсетін салықтардың бюджеттің табыс бөлігін қалыптастырудағы құрылымы берілген. Бұл жерде айта кету керек, ең жоғарғы бюджеттің табыс көзін корпоративтік табыс салығы құраған (41,4%). Қосылған құн салығы (29,6%) мен әлеуметтік салықтардың (20,1%) да үлесі өте зор. 2009 жылдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

    Аудан экономикасы дамуының индустриалдық-аграрлық бағытына ие. Ауданда  хризотил – асбесттің  республикалық көлемінің 100 % өндіріледі.

    Өнеркәсіп 2009 жылы ауданда өнеркәсіп өнімі 15,5 млрд. теңгеге өндірілген, ол 2008 жылдың деңгейінен 50 % артық, оның ішінде тау – кен өнеркәсібінде – 10,2 млрд. теңге. Тау – кен өнеркәсібі аудан экономикасының жалпы жағдайын анықтайды, және өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі оның үлесі соңғы жылдары 65 % шегінде құрайды, өңдеу өнеркәсібінің үлесі 30 % аспайды.

    Экспорттық  бағдардың негізгі  саласы ретінде тау  – кен өнеркәсібінің  дамуы ауданның сауда  балансында басты  рөл атқарады. Аудан  экспортының бас  бабы және валюталық  түсімдердің негізгі  көзі асбест болып  табылады. 2008 жылы 230 мың тонн өндірісімен 232 мың тонн тиелді.

      «Костанайские минералы»  акционерлік қоғамы  - қала құрайтын  кәсіпорын өнімінің  үлес салмағы ауданның  барлық өнеркәсіп  өнімінің көлемінде  47 % құрайды. Осыған  байланысты осы  кәсіпорынның жұмыс  істеу тиімділігінен  ауданның барлық өндірістік – экономикалық, әлеуметтік және қаржылық жағдайы байланысты болады.

    Ауданның  бай табиғи ресурстары түрінде жақсы  бастапқы жағдайлары бар. Аймақтағы бай  пайдалы қазбалар кен орындарының  бар болуы аудан  экономикасы үшін  тау – кен өнеркәсібінің кейінгі басымдылықты маңыздылығын көрсетеді.

    Аудан экономикасының индустриалдық  секторының дамуындағы негізгі проблема пайдалы қазбалар кен орындарының  жер қойнауын пайдаланушыларының шарт талаптарын уақытылы орындамауынан, қала құрайтын кәсіпорынына ұқсайтын, жаңа өндірістердің енгізілмеуі болып табылады.

    Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімін және бар табиғи ресурстарды қайта  өңдеу мәселелері істеліп жатыр.Осыған байланысты, Шевченковка  кен орнының базасында  никель-кобальт рудаларын  қайта өңдеу жөніндегі жобасы іске асырылуға ұсынылды және ауданның басты жобаларының тізбесіне қосылды.  Осы уақытта осы жобаның іске асырылуы никельдың өзіндік құнын 2 есеге төмендетуге мүмкіндік жасайтын, жаңа технологияны әзірлеу қажеттілігінен тұрып қалады.

    Ауыл шаруашылығы. 2009 жылы ауданда ауыл шаруашылықтың жалпы өнімі өсімдік шаруашылығының өнімінің өсімі есебінен 2008 жылы 29,6 % көбеюімен 8755,9 млн. теңгеге өндірілген. 

    Аудан бюджетіне түсімдер 2009 жылы 28,3 % көбеюімен 2044 млн. теңгені немесе 2008 жылмен салыстыру бойынша 451,2 млн. теңгені құрды. Осы түсімдер жоғары тұрған бюджеттердегі ресми трансферттері түсімдерінің көбеюі есебінен 466,3 млн. теңгеге немесе 69,5 % өсті.

    Инвестициялық қызмет. Барлық меншік нысанындағы Жітіқара ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарымен 2009 жылы негізгі капиталға 4418 млн. теңге инвестицияланған, ол 2008 жылдың деңгейінен 2,5 есеге артық. Инвестициялардың негізгі көзі кәсіпорындардың меншік қаражаттары болып табылды – жалпы көлемінде 93 %. Негізгі капиталға инвестициялардың маңызды көлемдері өнеркәсіпте қадалған – 82 %. 

    Индустриалды  – инновациялық дамудың  шеңберінде «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылары»  бағдарламасына «Шевченковка»  кен орнының никель – кобальт рудаларын  қайта өңдеу бойынша  тауметаллургия комбинатының құрылысы» ауданның инвестициялық жобасы қосылды.

       Бюджеттің орындалуы. Ауданның материалдық өндірісінің екінші жетекші рөлі ауыл шаруашылығында. Өндірістік мамандануы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы, кенет континенттік ауа райы үлкен әсер тигізетін дамыған дән – бидай өндірісінің аймағына жатады. Бидай өндірісінің артуы ауыл шаруашылықтың басымдылықты міндеті болып қала береді.

    Кәсіпкерлік: 2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген саны 1 879 субъектіні құрды, ол өткен жылдың ұқсас кезеңінен 11 % артық.

    Әрекет  ететін ШКС саны 11 % өсті және 1 513 субъектіні немесе тіркелгендердің санынан 80 % құрды.

    Әрекет  ететін ШКС санынан 92,2 % (1 397 субъекті) өзінің қызметін жеке кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырады, шаруа қожалықтары 7,8 %  (116 субъекті).

    Шағын бизнес саласында 2 473 адам қамтылған, ол өткен жылдың тиісті кезеңіне 102,3 % (2 417 адамды) құрайды.

    Ауданда 302 сауда объектілері әрекет етеді, оның ішінде селода   58, қоғамдық тамақтану объектілері 42, қызметтер саласының объектілері 128.

    2010 жылдың 1 тоқсанына шағын кәсіпкерліктің  даму мониторингі қаржылық тұрақсыздылыққа  қарамастан өткен жылмен салыстыру  бойынша белгілі бір өсімімен  шағын кәсіпкерліктің дамуын  көрсетеді.

    Әкімнің кәсіпкерлерімен кездесулері өткізіледі, екі айда бір рет мерзімділігімен.

    Ағымдағы  жылдың 8 сәуірінде аудан әкімі  Қ. Испергеновтың кәсіпкерлермен кезекті  кездесуі болып өтті. Кездесуге шағын  және орта бизнес субъектілері, мемлекеттік  мекемелердің басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. 

    Кәсіпкерлер кеңестің барысында қойылған сұрақтарға түсініктемені алды. Өткізілетін  кездесулердің тиімділігін жақсарту жөніндегі ұсыныстар енгізілді.

    Өнеркәсіп:Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызына аудан кәсіпорындарымен  315997 мың теңге қолданыстағы бағаларда өнім өндірілген және қызметтер көрсетілген, ол өткен жылдың деңгейіне 51 %  құрайды.

    Орта  және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарымен өнім өндірілген:

    Нан-тәтті  нан өнімдері – 355 тонн, ұн – 9075,5 тонн, тәтті тағамдар  – 1,6 тонн, тұтас сүт өнімдері – 155,9 тонн, шұжық өнімдері – 27,0 тонн, жартылай фабрикаттар – 4,9 тонн, тоқыма бұйымдары – 279 мың бірлік, арнайы киім – 2736 мың дана. 2010 жылдың қаңтар-наурызына өңделген сұйық сүттің және қаймақтың, нанның, тәтті тағамдардың, тоқыма бұйымдарының  өндірісі арттырылған. «Бисенали Ж.Н.» ЖК кәсіпорынында макарон өнімдерінің өндірісі басталды. Өнеркәсіпте, шағын және орта бизнесте қамтылғандардың саны 201 адамды құрайды.

    Өндірістің  төмендеуіне маңызды түрде әсерін тигізетін, өнеркәсіптегі негізгі  проблемалар болып табылады: негізгі қорлардың моральды және физикалық тозуы және ескірген технологияларды пайдалану; қайта өңдеу үшін шикізаттағы іркіліс; өндірісті жаңарту үшін қаражаттардың жоқтығы; бәсекеге қабілетсіздік және жергілікті өнімнің төмен тұтыну қасиеттері; сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізу бойынша кәсіпорындардың төмен белсенділігі. 
 
 

Информация о работе Бюджетті қалыптастыру мәселелері