Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 13:08, дипломная работа
Аймақтық бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.
Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер .....
Дене тәрбиесі және спортпен айналысу үшін мәдени-көріністік шараларға және спорттық ғимараттарға мүгедектердің қол жеткізуін, спорттық құрал-жабдықтар беруді қамтамасыз ету мәселесі тұрақты және жаппай шешіледі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасы жалғасуда, негізінен ауданда әрекет ететін мүгедектердің екі қоғамымен.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 239 адамға, соның ішінде 6 мүгедекке қызмет көрсететін, қарттар мен мүгедектер үшін 3 үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі жұмыс істейді. Сонымен қатар үйде 34 мүмкіндігі шектеулі балаға қызмет көрсетіледі.
Жітіқаралық аймақтық оңалту орталығында медициналық оңалтудан ауданның 150-ден астам мүгедегі өтті. Орталық қажетті жабдықтармен жасақталған, медициналық кадрлармен қамтылған.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесі толық көлемде және жеке қажеттіліктерге сәйкес барлық мұқтаждарға көмек көрсетуге кепіл бермейтіндігін атау қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін күндіз болатын топтар құрылмаған. Мүгедек балалармен жұмыстың заманға сай түрлерінің дамымағына байланысты, олардың күтімімен айналысатын ата-аналар жұмыспен қамтудың формалды жүйесінен түседі, бұл өз кезегінде кедейшілік мәселесін тереңдетеді және өз балаларының онсыз да шектеулі бастапқы мүмкіндіктерін тарылтады.
Өмірдің қиын жағдайларындағы азаматтар үшін әлеуметтік қонақ үйлер, мүмкіндігі шектеулі балалардың күндіз болуы үшін жартылай стационарлар, ақылы қызмет түрлерін көрсетумен әлеуметтік қызметтердің аудандық аумақтық орталығын ашу жолымен әлеуметтік қызметтер ұсыну нарығы желісін кеңейту қажеттігі бар.
Сонымен қатар азаматтар санаты мен ақылы және тегін негізде ұсынылатын, міндетті және қосымша қызметтер тізбесі анықталмаған. Ауданда арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында жаңа талаптарға сәйкес жұмыс істей алатын кадрлардың жетіспеушілігі бар.
Сонымен, мүгедектерді, қарт азаматтарды және өмірдің қиын жағдайларына түскен азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмірінің сапасын жақсарту стратегиясы «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттарының екіншісі болуы тиіс.
Осы бағытта қабылданатын шаралар аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қолдаумен толықтырылады.
Осындай қолдаудың
объективті қажеттілігі елде сақталып
отырған кедейшілікпен
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларына сәйкес кедейшілік жағдайынан өз еркімен шығуға мүмкіндігі жоқ, өте мұқтаж халық санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлуге басым назар аударылды. Осы мақсатпен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін төлеу, балалар жәрдемақысы, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер пайдаланылды.
Осы мақсаттарға тек қана 2008 жылы 160483,0 мың теңге пайдаланылды, олардан атаулы әлеуметтік көмекке 16463,0 мың теңге (924 алушы), тұрғын үй көмегіне 130200,0 мың теңге (5919 отбасы), жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аз қамтылған азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемдерге 13820,0 мың теңге (3932 адам алды) бөлінді.
Әлеуметтік саясаттың тағы да бір маңызды басымдылығы аналық пен балалық шақты қорғау болып табылды және табылады. 2006 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енетін,балалы отбасыларға көмектесудің жаңа жүйесі енгізілді (1 АЕК). 2008 жылы балалар жәрдемақыларымен 28946,0 мың теңге сомасына 2913 бала қамтылды.
2009
жылдың бюджеті мемлекеттік
2008 жылы аз қамтылған отбасылар барлық қаржыландыру көздерінен 39933,0 мың теңге сомасына 1253 адам алды, бұл өткен жылдан 13117,0 мың теңгеге артық.
Жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін 18,2 мың теңге сомасына материалдық көмек, қайырымдылық – 157,2 мың теңге және 1831,1 мың теңге сомасына басқа нақты шаралармен бөлінді. Қабылданған шаралар нәтижесінде аз қамтылған отбасынан бір адамға төлемақы сомасы 31,9 мың теңгені құрады, 2007 жылмен салыстырғанда 32,3 % өсті.
Бірақ,
аз қамтылған азаматтарды
Осындай
жағдайда белгіленген табалдырықтық
минимумнан төмен табысы бар халықтың
әлсіз жіктеріне әлеуметтік көмек
көрсету «Жітіқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысының
үшінші стратегиялық бағыты болып табылады.
Қортынды
Жергіліктік бюджетте қаржы жоспарының қажетті негіздері берілген. Ол кез келген қаржы жоспары сияқты кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Ондағы кірістер (ақша қаражаттары қорларының құрылуы) нақты көздеріне, ал шығыстары (ақша қаражаттары қорларының) нақты бағыттары мен шараларына орай құрылған.
Бюджет кірістерінің шоғырланып, шығыстарының бағытталуы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне енген «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығына және Қазақстан Республикасаның «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес іске алды.
Әкімшілік жоспарланатын жыл ішінде жыл ішінде қандай тауарлар мен қызметтер алатыны, қандай әлеуметтік жәрдемақылар төлейтіні, бұл шығындардың жиынтығын қандай салық түрлері жергілікті бюджет арқылы жабатыны аңықталады. Бірақ, бүгінгі танда салық түсімдері шығындарды толығымен жаппауда. Егер әкімшілік шығыстары кірістер деңгейінен асып кеткен болса, онда тапшылығына тап боламыз.
Жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу үшін ақша қаражаттары қажет. Бұл ақша қаражаттарын жергіліктік бағалы қағаздар шығару арқылы тартуға болады.
Егер
де экономикада жергіліктік
Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты аудан қарамағындағы қаржылық ресурстардын бір бөлілін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымға – тегізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жылдан жылға бюджет тапшылығы азайып отыруы тиіс. Тапшылық азаймаса, тынысымыз тарыла түспек. Ал мұның өзі бұрынғыдан да беттер қымбат несие алуға немесе стратегиялық маңызы бар жергілікті активтерімізді сатуға алып келеді. Мұның екеуі де біздің болашағымызға балта шабу екені айтпаса да түсінікті.
Қатаң бюджеттік шектеу саясатын жүргізіп, болашағымызды қорғап қалу керек немесе бүгін ауырдың үстімен, жеңілді астымен жүріп өтіп, еліміздің ертенін бұлынғыр ету керек. Бұл міндетті шешу үшін бюджеттің шығыс бөлігің қысқартуға емес, кіріс бөлігін көбейтуге күш салу керек. Осыған орай, жергілікті кіріс бөлімінің рөлі мен жауапкершілігі күшейіп отыр.
Экономикалық категория ретінде жергілікті бюджет қоғамдық өнім құнының жергіліктң орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану барысында аудан мен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан бейнеледі.
Ал қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде аудан бюджетте бюджет қатынастары бөлістік сипатта мақсатты ақша қорларын құрып, пайдалану арқылы жүреді.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі жергілікті бюджеттің рөлі ең алдымен, өндірілген табыстың, жалпы қоғамдық өнімнің бөлу және қайта бөлуінен көрінеді. Ол қаражатты елдің халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары, экономикалық ауданда арасында бөледі. Халық шаруашылығының бюджеті болғандықтан, жергілікті бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды.
Бюджет байланысы мақсаты сипаты, жергіліктің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланысы тиісті қаржы құжаты – елдің негізгі қаржы жоспарында бейнеленетіндігіне жеткізеді. Оңда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын бөліс процестері қарастырылады. Кірістер мен шығыстардың баптары жергіліктің ақшалай қатынастарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспарлы қызметінің нәтижесі; онда қоғамдық барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелейтін аудан еркі көрінеді.
Жергіліктік қаражаттарды бөлу мен пайдалану тиімділігін көтеру мақсатында бюджеттік процесті жетілдіру жөнінен бірқатар шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, стратегиялық жоспарлар мен бюджеттің бірлігі жасалынды, жергіліктік бюджетті қалыптастырудың бағдарламалық әдісі енгізілді, бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар саны қысқартылды, республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы өзара қатынастар түзетілді, есептеу – кассалық қызмет көрсету, бюджеттік қаражаттардың жұмсалуын бақылау әдістері жетілдірілді.
Жергіліктік бюджет жобасын талқылау кезінде бюджет, қаржы, мәдени – әлеуметтік даму және халықты әлеәметтік қорғау, заңдылық және азаматтардың құқығын қорғау, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық мәселелер және жәнен экология жөніндегі тұрақты комиссиялардың ұсыныстары мен сын ескертпелі назарға алынды. Мұның өзі нашақорлықпен күрес, қоршаған ортаны қорғау және селолық аймақтарды кезенімен дамыту жөніндегі шығындарды ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі бюджет көп салалы қызметтерін бейнелейтін құжат деуге болады. Ол жергілікті шығындардың және оларды өтейтін қаржы көздерінің жылдық жоспары. Бюджеттің жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың маслихатында қабылданады. Қаржылық жыл біткеннен кейін атқару ауданның өкілетті өкілдері, алдыңдағы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша өздерінің табыстарын жинактау туралы және жасалған шығындар туралы есеп береді.
Осы
тақырыпты қорытындылай келгенде Қазақстан
Республикасының басқару
Пайдалынған
әдебиеттер:
1. «2010 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы