Бюджетті қалыптастыру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 13:08, дипломная работа

Описание работы

Аймақтық бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер .....

Работа содержит 1 файл

Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

— 475.00 Кб (Скачать)

    Жергілікті  бюджет бұл өте серпінді санат, сондықтан  аймақтық саясатты мемлекеттің экономикалық өміріне әсер ететін әр түрлі факторлардың есебімен жүзеге асыру қажет. Бұл экономиканың құрылымындағы өзгеріс, халықтың әлеуметтік кепілдігінің деңгейі, халыхтың жасына қарай және кәсіби құрылымының өзгеруі. Жеке аймақтардың экономикалық дамуы деңгейінің әркелкі юолуы және олардың әр түрді тұрпаттары бойынша сараланымы жергілікті бюджет қаражаттарының қалыптасуы мен жұмсалуына әсер етеді.[11]

    Жергілікттік органдарының өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өзінің экономикалық аймақтарының шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін «мемлекеттік бюджет» құрайды. Жалпы айта кететін болсақ жергілікттік бюджет негізінде экономиканың дамуы қалыптасады. Жергілікттік бюджетте өзінің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарының қалыптасыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отырады. Сонымен қатар мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.  

    Жергілікті бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер жергілікттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағыныңда өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ауданға түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

    2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  бюджеттің табыс бөлігі 102,8 % орындалды, 588,8 млн. теңге жоспарланса аудан  бюджетіне 605,4 млн. теңге түсті,  соның ішінде меншік табыстары  187,7 млн. теңгені немесе жоспарға 112,5 % құрады. Өткен жылдың үйлес кезеңімен салыстырғанда меншік табыстарының түсімі 15,6 млн. теңгеге төмендегені байқалады. 418,3 млн. теңге сомасында трансферттер түсті.

    Есептілік кезеңіне бюджеттің шығыс бөлігі 98,5 % орындалды, 573,6 млн. теңге жоспарланса кассалық шығындар 564,8 млн. теңгені құрады. 
Функционалдық топтар тұрғысындағы шығыстар мынадай қалыпта құралды:

    Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 30,8 млн. теңге. Қорғаныс 0,6 млн. теңге Қоғамдық тәртіп, құқықтық қауіпсіздік, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызмет 0,6 млн. теңге. Білім беру 218,1 млн.теңге

    Әлеуметтік  көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету 109,4 млн. теңге  Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы 95,5 млн. теңге Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 16,2 млн. теңге Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары 16,4 млн. теңге Өнеркәсіп, сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі 2,4 млн. теңге Көлік және коммуникация 14,7 млн. теңге Басқалары 5,2 млн. теңге Трансферттер 54,9 млн. теңге 2010 жылғы 1 сәуірдегі ҚЕБ арналған қалдық 46,3 млн. теңгені құрады, соның ішінде (1-3 санаттар) түсімдері бойынша шоттың жоспардан асыра орындалуы есебінен – 20,8 млн теңге, жоспарланған шығындардан табыстардың артуы – 15,2 мон. теңге, рұқсат етілмеген трансферттер – 4,3 млн. теңге, бюджеттік қаражаттардың игерілмеуі – 5,1 млн. теңге; түскен нысаналы трансферттердің игерілмеуі – 3695,3 млн. теңге, таратылған бос қалдығы – 2,8 млн. теңге, бюджеттік қаражаттардың таратылмаған бос қалдығы – 2,3 млн. теңге.

    2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  кредиторлық қарыз 0,1 млн. теңгені  құрады. Кредиторлық қарыздың жалпы  сомасында еңбек ақы бойынша  қарыз 0,1 млн. теңгені құрайды. 2009 жылғы 1 сәуірдегі кредиторлық қарыз – 0,1 млн. теңгені құрады.

    Елді  мекендерді жасылдандыруды және сәулеттендіруді, «Жітіқара ауданының аудандық орталықты  сумен жабдықтау үшін жер асты суларының пайда болған Шортанды науасының құрылысы», «Жітіқара  қ. Желтоқсан шағын ауданын сумен жабдықтау желісінің құрылысы», светофор объектісін монтажбен, санитариямен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жасауға арналып жасасқан шарттар бойынша алдын-ала өткізілген төлем жасауына байланысты пайда болған, 2010 жылғы 1 сәуірдегі дебиторлық қарыз 20,5млн. теңгені құрады. 2009 жылдың 1 сәуірдегі дебиторлық қарыз 33,5 млн. теңге сомасында есептелді.  
 

    2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы 
 

    Жітіқара ауданы облыстың аумағынан 7,3 мың ш. км. тең немесе 3,7 % тең аумағын алады. Аудан халқы 51074 адамды құрайды, оның ішінде қала халқы – 34151 адам, село халқы – 16923 адам. Аудан индустриалдық-аграрлық мамандыққа ие. 
2010 жылдың қаңтар-наурызында ауданның кәсіпорындарында өнеркәсіп өнімі 4527,7 млн. теңге сомасына шығарылған, ол 2009 жылдың деңгейінен 3,4 % артық. Өнеркәсіп өнімінің жеке көлемінің индексі 108,2 % құрды. 
Тау-кен өнеркәсібі «Костанайские минералы» АҚ ұсынылған. Кәсіпорынмен 2010 жылдың қаңтар-наурызына 1658,2 млн. теңгеге өнім өндірілген, ол 2009 жылдың деңгейінен асбест топтары бойынша құрылымдық қозғалыстарға байланысты 0,7 % артық. 3-6 топтағы асбестің өндірісі 46 мың тоннаны құрды, ол 2009 жылдың ұқсас кезеңінен 17 % артық. 
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен 2422,8 млн. теңге сомасына өнім өндірілген, 2009 жылдың деңгейіне көлемі 4,9 % өсті. 2009 жылмен салыстыру бойынша тұтас сүт өнімдерінің өндірісі 21 %, нан – тәтті нан өнімдері 4 %, тәтті тағамдар 6 % көбейді, тоқыма бұйымдарын тігу 20 % көбейді. Жылдың басында қолайсыз табиғи жағдайларға және руда шығарылымының қышқылданғаннан алғашқыға көшу себебіне байланысты 54 % төмендеуімен, «МеталТрэйдинг» ЖШС «Доре» ерітіндісінің 46 кг. өндірілген. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыру бойынша 30 % ұн өндірісінің төмендеуі негізінен «КазАгроТрейд» ЖШС кәсіпорны ағымдағы жылы алыс-беріс бидайда жұмыс істегеніне байланысты. 2 % шұжық өнімдерінің төмендеуі «Хорошко А.В.» ЖК қызметінің уақытша тоқталуына байланысты. Электр энергия, газ және судың өндірісі және бөлінуі саласында тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өндірісі 2010 жылдың қаңтар-наурызына 446,7 млн. теңгені құрды, ол 2009 жылдың деңгейінен 12 % артық.  Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің жалпы көлемі 719,8 млн. теңгені құрайды. Мал шаруашылығы өнімінің жеке көлемінің индексі пайыз бойынша 2009 жылға 100,3 % құрды. Есепті кезеңге барлық меншік нысанындағы шаруашылықтармен өндірілген: таза салмақтағы ет – 1401,2 тонн, ол 2009 жылдың деңгейінен 0,1 % артық; сүт 4988 тонн, ол 2009 жылдың деңгейінен 40,6 тоннаға немесе 0,8 % артық; жұмыртқа – 2328 мың дана (2009 жылдан 16 мың данаға немесе 0,7 % артық).

    2010 жылғы 1 сәуіріндегі жағдай бойынша мал және құс басы: ірі мүйізді мал – 31752 басты (2009 жылдың деңгейінен 1438 басқа немесе 4,7 % артық), оның ішінде 19130 бас сиыр; жылқы – 4099 бас (2009 жылдың деңгейінен 278 басқа немесе 7,3 % артық); шошқа – 10757 бас (990 басқа немесе 10,1 % артық); қой мен ешкі – 14352 бас (1742 басқа немесе 13,8 % артық), құс - 149 мың бас (2009 жылдың деңгейінен 4 мың басқа немесе 2,8 % артық). 
2010 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауданда 2473 адам жұмыс істейтін жұмысшылар санымен шағын кәсіпкерліктің 1513 субъектілері жұмыс істейді, олармен 19,5 % төмендеуімен 548 млн. теңгеге өнім өндірілген. Көлемдердің төмендеуі кейбір шағын кәсіпорындар қызметінің уақытша тоқталуына байланысты.

    2010 жылдың қаңтар-наурызына негізгі капиталға инвестициялар негізінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен, 380,2 млн. теңгеге кәсіпорындардың меншік қаражаттары салымдарының төмендеуімен пайда болған 70 % немесе 393,2 млн. теңгеге төмендеуімен 184,2 млн. теңгені құрды. Халықтың қаражаттары есебінен әрекетке өткен жылдың деңгейіне 11,5 % өсімімен жалпы көлемі 516 шаршы метр тұрғын үй енгізілді. 2010 жылдың 1 наурызына орта айлық еңбек ақы 43469 теңгені құрды, 2009 жылмен салыстыру бойынша 9,6 % өсті. 2010 жылдың қаңтар-наурызына жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасу үшін 429 адам жолықты, ол 2009 жылдың тиісті кезеңінен 221 адамға артық. 414 жұмыссыз тіркелген, өткен жылмен салыстыру бойынша 109 адамға артық. Жұмыссыздық деңгейі 1,3 пайызды құрайды, ол 2009 жылдың көрсеткішінен жоғары (2009 жылы – 1,0 %).

    Қаржы жүйесінің құрамы. «Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.

    Жоғарыда  көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының  қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

    1) қаржы қатынастарының жиынтығы;

    2) ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

    3) басқарудың қаржылық аппараты.

    Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.

    Қаржы жүйесінің сыныптамасында функционалдық  критерийден басқа қаржы жүйесін  звенолар бойынша шектеуге мүмкіндік  беретін қаржы субъектілерінің  нышаны бойынша мемлекет қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, халық қаржысы деп жіктеуге болады. Сыныпқа байланысты болып келетін звенолар қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқару аппараты тәрізді элементтерден тұрады. Қасиеттерін осылай жүйелендіру қаржы жүйесіне интеграциялық сипат береді.

    Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктерінің орны мен рөлі әрқилы болып келеді. Бастапқы элемент басқа элементтер жүйесінде жетекші орынға ие болып  келеді. өйткені оның ролі звенолар мен элементтер жүйесінде басты орында болып келеді. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік бюджет түрінде берілген мемлекеттік қаржылар.

    Материалдық өндіріс саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары  қаржының негізін құрайды және олар қаржылық жүйенің бастапқы буыны  болып табылады, өйткені материалдық өндірісте нақты өнім қоғаның қаржы ресурсының негізгі көзін құрайды.

    Өндірістік  емес саладағы қржының қаржы жүйесіндегі  орны мен ролі оның ұлттық табысының  қолдануы мен бөлісіне байланысты анықталады. Бұл салада қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымы мен оның қаржылық жүйенің буындарымен, сонымен қатар баға, несие, т.б. тәрізді басқа экономикалық буындарымен пайда болады.

    Халықтың  қаржылары қаржы жүйесінің ерекше бір бөлігін көрсетеді. Халық  өзінің қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржылық жүйесімен және  меншіктің барлық нысанындағы материалдық өндіріс пен өндірістік емес салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілермен қатынасқа түседі.

    Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі  қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.

    Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару  қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған  елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.

    Бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.

    Оның  негізгі қалыптасу көздері:

    А) арнайы мақсатты салықтар, займдар;

    Ә) бюджет субсидиялары;

    Б) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;

    В) ерікті түрдегі жарналар.

    Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды  уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде  пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің  қаржы резерві ролін атқарады.

    Мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды  және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай  қатынастар, оның ішінде мемлекеттік  билік органдары қарамағына уақытша  бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.  Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, біраұқ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды. Сақтандыру – сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы. Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала.

    Материалдық өндіріс саласында Материалдық емес өндіріс саласында

    1) алғашқы табыстардың құрылуымен, материалдық өндірістің шаруашылық бөлімшерінде ішкі шаруашылық мақсаттағы жарғылық қорды қолдау қорларын құрумен және пайдалануымен байланысты. Олардың бірі өндірістік қажеттілікті, екіншісі тұтынушылар қажеттігін қанағаттандыруға пайдаланады; 1) саланың немесе мекеменің бюджетпен арақатынасы. Осының негізінде бюджет қаржылары есебінен денсаулық сақтау, мәдениет, ағарту және т.б. салалық қаржылар қалыптасады;

    2) айырбас жүргізбейтін, қайта бөлу  сипатына ие шаруашылық жүргізуші  субъектілер арасында пайда болады; мұнда қаржы ресурстарының ағымы қордан тыс түрде жүргізіледі (айыппүлтөлеу және алу, жарна төлеу, қаражаттарды басқа кәсіпорындардың акция, облигацияларына салу, т.б.); 2) басқарудың салалық ұйымдары, ведомствоішілік және ұйымішілік арасында. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілер иелігіндегі салалық мақсатты ақша қаражаттарын (еңбекақы төлеу, күрделі жөндеу және т.б.) пайдаланумен сипатталады. Мекеме, ұйым ішінде қаржы қатынастары еңбекақы және экономикалық ынталандыру қорларын құрумен байланысты туындайды; арнайы мақсатты ақша қаражаттарын қайта бөлумен байланысты;

Информация о работе Бюджетті қалыптастыру мәселелері