Бюджетті қалыптастыру мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 13:08, дипломная работа

Описание работы

Аймақтық бюджеттер Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер .....

Работа содержит 1 файл

Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

— 475.00 Кб (Скачать)

    Сараптамалық  кеңестердің құзырларын қайта қарау  қажеттілігі жеткен. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер мәселелердің өте тар шеңберін қарастырады, ал аудандық деңгейлерде олардың тиімділігі көбінесе азырақ, кәсіпкерлердің көңілінен шықпайды. Сараптамалық кеңестердің қызметін жақсарту үшін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестер жөніндегі Үлгі ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 2.06 № 496 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жолымен кәсіпкерлік мәселелері бойынша олардың қызметтік міндеттерін кеңейту қажет.

    Өнеркәсіптік  өнімінің өндірісіндегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің төмен белсенділігі:

    шағын кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық қызметінің талдануы шағын бизнес субъектілерінің  негізгі үлесі сауда саласында  қамтылғанын көрсетеді. Осы жағдай сауда қызметі шағын бизнестің  кәсіпорындары үшін аса қол жетімді және бизнесмендер үшін аса тартымды болатынымен түсіндіріледі, өйткені үлкен капитал салымдарын қажет етпейді және тым қысқа мерзімде қаржы қаражаттарының айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.

    Өнеркәсіп өнімінің өндірісін белсендіру үшін кредит беру нысандарын қайта қарау қажет, өйткені кәсіпкерлердің көбінде қаржылық қаражаттарының жоқтығынан жаңа өндірісті дамытуға немесе ашуға мүмкіндік жоқ, с.а. сыйақы ставкілерін жылдық 8 % төмендету, бірақ аса қатаң жағдайларда және «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры арқылы.

    Аса қиын проблемалардың бірі - меншік инвестициялық  және айналым қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін ШКС көпшілік бөлігінде  жеткілікті қаржы ресурстарының  жоқтығы: екінші деңгейдегі банктер арқылы емес, тікелей кредит беру бойынша «Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Қостанайлық филиалы арқылы шағын кәсіпкерлікке кредит беру қажет, қарызгерлерге қаржылық қаражаттардың жетуі үшін, екінші деңгейдегі банктерге нақты бәсеке жасалады. 

    2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму  Стратегиясының бағыттарынан, Қазақстан халқына Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан шыға отырып, шағын кәсіпкерліктің дамуының негізгі міндеті:

    1) шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін  жағдайларды жасау, әкімшілік  кедергілерді жою; 

    2) шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салаларын кеңейту және олардың қызметін белсендіру болып табылады.

    Шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдайларды  жасау, әкімшілік кедергілерді жою

    Кәсіпкерлік белсенділікті көтермелеу, шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің санын  арттыру, олардың қызметін дамыту, бәсеке қабілеттілігін, сондай-ақ, жұмыспен қамтылғандардың санын арттыру үшін негізгі міндеттер:

    1) кәсіпкерлік қызметінің, бар болған  проблемалардың, қолданыстағы нормативтік  – құқықтық базаның талдануы;

    2) кәсіпкерлікті қолдау және дамыту инфрақұрылымының дамуы, негізінен, кәсіпкерлерді нарықтың конъюктурасы  туралы сенімді және нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін.

    «... халықтың барлық жіктерінің өмірінің жоғары сапасы мен алдыңғы әлеуметтік стандарттары» жету бойынша мемлекет Басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша жұмыс адамдық капиталдың дамуымен байланысты мәселелерді бірінші қатарға шығарды.

    Адамдық капиталдың дамуы үшін лайықты еңбекті  кеңейтудің ерекше маңызы бар.

    Өнімді  жұмыспен қамтуға көмектесу үшін 2006-2008 жылдарға арналған Жітіқара ауданының жұмыспен қамту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде бос жұмыс орындарының белсенді іздеуі мен іріктеп алынуы, жұмыссыздар және халықтың мақсатты топтарының басқа да өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктілігін көтеру; қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жәрмеңке-бос орындар өткізу, жастар мен әйелдерді жұмысқа орналастыруға көмектесу, кепілденген әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету және ересек ұрпаққа, мүгедектерге және басқаларына әлеуметтік көмек көрсету қолданылды.

    Жыл сайын Жітіқара ауданында 650-ге дейін  жұмыс орны құрылды. 2006-2008 жылдары  жұмыспен қамту органына жұмыс іздеумен үндеу салған 2373 мың азаматтың 82,9 % жұмысқа орналастырылды; кәсіби оқу  мен қайта даярлауға 110 дейін жұмыссыз бағытталды.

    Қабылданған шаралар нәтижесінде тұрақты  экономикалық өсу аясында 2008 жылы халықты  жұмыспен қамту саны 32557 адамға дейін  өсті (2006 жылғы 30200-ден), ал жалпы жұмыссыздық  деңгейі 8,0 %-дан 6,0 %-ға төмендеді.

    Жұмыспен  қамту қызметі кәсіпорындар мен ұйымдарды сауалнамалау әдісімен білікті жұмысшылар мен мамандардың болжамды қажеттігін анықтау бойынша үлкен жұмыс жүргізеді.  Ауданда еңбек нарығы мен білім беру қызметтері нарығына сұраныс пен ұсыныс арасында үйлесімсіздік байқалады. Жалпы қажеттіліктің 80 % жуығы білікті жұмысшылардың қажеттілігін құрайды, ал білім беру қызметтері нарығында оқу орындары түлектерінің үлкен бөлігі – бұл жоғары және орта кәсіби білімді мамандар (80 % жуық) және түлектердің тек 20 % жуығы жұмыс мамандығын алады.

    Бұдан басқа, ауданның жұмыспен қамту қызметімен жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдары бойынша жұмыс жүргізілді. Кездесулерге 1213 адам қатысты.

    Еңбек қатынынастары дамуының негізгі  тенденциясын саралау әлеуметтік әріптестік рөлі аясының кеңеюі мен өсуі; еңбек ақының өсуі сияқты позитивті тенденцияларды дәлелдейді. Ауданда бір жұмыскердің орта айлық номиналдық жалақысы өткен жылдың осыған сәйкес кезеңіне қатынасы бойынша 19 %; осымен қатар ауыл шаруашылығында 37,1 %, балық аулау кәсібінде 21,5 %, өндірісте 24,4 %; құрылыста 24,9 %; саудада – 26,4 %; мынадай салалар: қонақ үйлер мен мейрамханалар – 21,7 %; көлік және байланыс – 22,3 %; қаржы қызметі – 14,9 %; мемлекеттік басқару - 2%; білім беру – 10,2 %; денсаулық сақтау – 9,4 %; коммуналдық қызметтерді ұсыну 27,6 % өсті.

    Еңбек нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша ауданда аудан әкімі  мен аудан аумағында әрекет ететін кәсіпорындар: «Метал Трэйдинг» ЖШС, «Асбесттік ҚҚК» ЖШС, «МинералСтройСервис» ЖШС, «Агрофирма «Алаш» ЖШС, «Степное»  ЖШС, «Житикара Соцсервис» ЖШС, «Казагротрейд» ЖШС және жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен кепілдемелерін қамтамасыз ету бойынша басқалармен өзара қарым-қатынас туралы 59 Меморандумға қол қойылды, бұл халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайды тұрақтандыруға мұрсат береді.

          Ауданда бизнестің корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде 200 миллион теңгеден аса сомаға әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша меморандумдар жасалды. Меморандумдар жасау бойынша жұмыс жалғасуда.

          Әлеуметтік әріптестер жұмысының негізгі бағыттарының бірі кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасау болып табылады. 1.12.2009 жылғы жағдайы бойынша «Ұжымдық шарт жасаңыз» акциясн өткізу барысында 84 ұжымдық шарт жасалды және әрекет етеді (сонымен қатар ірі-4, орта-44, кіші-36).

    Сонымен бірге еңбек саласының ары қарай дамының стратегиясын анықтауда мынадай мәселелерді назарға алу қажет:

    1. Жұмыссыздарды тиімді жұмыспен  қамтуды қамтамасыз ету, жұмыс  күшінің сұраныс және ұсыныс  балансын түзету.

    2. Ауданда әйелдер еңбегін пайдаланатын  кәсіпорындардың жоқтығы жағдайларында әйелдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

    3.  Халықтың мақсатты топтарынан  жұмыссыз азаматтарды жұмыспен  қамтуға көмектесу.

    4. Ұжымдық-шарттық қарым-қатынастардың  жеткілікті дамымауы. Ұжымдық шарттармен  бүгінде барлық әрекет ететін  кәсіпорындар мен ұйымдардың 50 % қамтылған.

    Осындай жағдайда халықты тиімді жұмыспен қамтуға  көмектесу «Жітіқара ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің бірінші стратегиялық бағыты болып  табылады.

    Мүгедектерді  әлеуметтік қорғау және оларды оңалту және шоғырландыру бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылы қабылданған Заңының және 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы шеңберінде іске асырылған. Мүгедектік мәселесі өзекті болып қалуда, себебі  жер шары халқының 10 % мүгедектер құрайды, Жітіқара ауданында олар аудан халқының жалпы санының 2,2 % құрайды. 2008 жылмен салыстырғанда мүгедектер саны 2009 жылдың 1 желтоқсанына 1136-дан 1145-ке дейін өсті.

    Мүгедектерді  оңалту жөніндегі жұмыс үш: әлеуметтік, кәсіби (еңбектік) және медициналық  бағыттар бойынша жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасы «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медико-педагогикалық  түзетуін қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік қызметімен көмектің нысаны мен нақты түрін анықтау мақсатында мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелейтін отбасыларды тексеру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.

    Ауданда түзету сыныптары, психологиялық-педагогикалық  түзету кабинеті, логопунктер жұмыс  жасайды. № 12 орта мектебі жанында  қосалқы бағдарлама бойынша оқитын балалар үшін сыныптар қызмет етеді. Мектеп-интернат, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша мекендеуі үшін пана бар. Барлық білім беру мекемелерінде қажетті материалдық база бар.

    Үйде  оқитын және тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі балаларға аудандық бюджет қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудегі мүмкіндігі шектеулі балаларға жыл сайынғы әлеуметтік көмек белгіленген. 

    «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік  мекемесі жанында мүгедек балалармен жұмыс үшін кабинет қызмет етеді. Әлеуметтік қызметкерлер білім органдарының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің білікті мамандарымен, педагогтарымен, психологтарымен тұлғааралық қарым-қатынасын түзету арқылы социумға балаларды бейімдеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, БМС ауру балалардың белсенді қозғалысын түзету бойынша жұмыс жүргізеді.

    Ауданда оқитын мүгедектерге, соның ішінде орта кәсіби және жоғары оқу орындарында  оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. 2008 жылы аудандық бюджеттен 5 мүгедек студентке 440,5 мың теңге сомасына оқуын төлеуге әлеуметтік көмек көрсетілді. 2009 жылдың 1 желтоқсанына осындай әлеуметтік көмек 447,3 мың теңге сомасына 5 мүгедек студентке көрсетілді.

    «Сосновый бор» санаториі базасында барлық санат мүгедектері және соғысқа  қатысушыларды санаторлық-курорттық  сауықтыру бойынша жұмыс жүргізеді. 2008 жылы 57 адам, оның ішінде 9 соғыс арлагері және 48 жалпы аурулар мүгедектері  сауықтырылды. 2008 жылы мүгедекті оңалтудың жеке  бағдарламасында осы қызмет түріне кепілдемесі бар, барлық мүгедектер алғаш рет санаторлық-курорттық сауықтырудан өтті. Ағымдағы жылдың 11 айында 13 адам сауықтырылды.

    2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді  оңалту бағдарламасы шеңберінде қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге жеке көмекшілер беру бойынша мүгедектер үшін жоспарлы және нәтижелі жұмыс өткізілді. Ағымдағы жылы ОЖБ сәйкес 5 мүгедек жеке көмекшінің қызметтерін пайдаланды. Қызметтік осы түрін көрсетуге жергілікті бюджеттен 2008 жылы 270,0 мың теңге қарастырылды және пайдаланылды, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына  326,7 мың теңге пайдаланылды. Мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылды. 2008 жылы 51 мұқтаж мүгедектен гигиеналық құралдармен 100 % қамтамасыз етілді.  Осы мақсаттарға аудандық бюджет қаражаттарынан 2242,0 мың теңге бағытталды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына гигиеналық құралдармен 2251,6 мың теңгеге 46 мұқтаж мүгедек қамтамасыз етілді.

    Мүгедектерге  протезді-ортопедиялық көмек көрсету уақытылы іске асырылып отырылды. Соңғы үш жыл барысында мүгедектердің қозғалу құралдары, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарына қажеттігі толығымен қанағаттандырылып отырылды.

    Мүгедектерді  кәсіби оңалту бойынша жұмыс жандандырылды. 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мүгедек жұмысқа орналастырылды, 1 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. 5 мүгедек кәсіби даярлаудан өтті. 2009 жылдың 1 желтоқсанына ауданды жұмыс істейтін мүгедектер 112 адам, жұмыспен қамту қызметі арқылы 5 мүгедек жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 әлеуметтік жұмыс орындарына. 3 топтың 3 мүгедегі ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысты. 4 мүгедек «Жітіқара политехникалық колледжі» МКК базасында кәсіби оқудан өтті және барлығы да жұмысқа орналастырылды.

    Мүгедектерді  оңалтудың аймақтық бағдарламасының басты міндеттерінің бірі мүгедектердің қоғамда шоғырлануы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау болып табылады. Ауданда әлеуметтік инфрақұрылымның 97 объектісіне түгендеу жүргізілді, олардың ішінде 8 объект қол жеткізуді қамтамасыз етуді қажет етеді. Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 6 пандус салынды.

Информация о работе Бюджетті қалыптастыру мәселелері