Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

ҚОСЫМША.........................................................................................................91

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 493.00 Кб (Скачать)

Нарықтық тәуекелді  бағалау күнделікті уақыт құнын анықтауды барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша тәуекелді өлшеудің біріңғай қағидасының сақталуының, тәуекелді өлшеудің қосымша әдістемесін нарықтық тәуекелді күнделік есептелуін бекітілген шектеулермен салыстыруды білдіреді.

Тәуекелдің компоненттерін анықтау маңызды жағдай болып табылады. Бұл мақсатта әрбір операцияна қалыптастырушы компоненттерге барлық тәуекелдерді анықтайтын мүмкіншілік болатындай «бөліп» тастау қажет.

Осыдан кейін, барлық анықталған тәуекелдер бақылау жүйесімен  салыстырылады, ол әрі қарай тәуекелді басқару процесіндегі жетіспеушілікпен әлсіз жерлерін алып тастау бойынша шаралармен анықталады.

Егер айырысу тәуекелі төмендеген салалардың фирманың есептеп  қойған төлем бойынша әріптестердің  міндетін орындамауға қатысы ретінде бағаланады. Батыс тәжірибесінде мұндай тәуекел алдын ала есептеген тәуекелден бөлек бағаланып, бақыланады. Ағымдық тәуекел, егер серіктес міндетін бүгін орындамаған жағдайда жасалған мәселенің ағымдық қайта қалыптастыру құнын білдіреді. Оның бағалануы нарықтың көрсеткіштері бойынша бағалаумен ұқсас.

Потенциалды тәуекел  – бұл егер партнер операцияны жүзеге асыру кезінде алдағы уақытта  өз міндетін орындамайтын жағдайдағы мүмкін залалдар.

Біздің республикамыздағы  банктер тәжірибедегі несиеге шектеу қою үшін несиені бағалаудың тәуелсіз прцесі, несиелік тәуекелді бағалаудың келісілген стандартты, делдалдармен есеп айырысу орталықтары үшін шектеулер қажет. Бақылау жүйесі жаңа операциялардың тек несиелік сызықты қодану мүмкіншілігі анықталғаннан кейін ғана жасалуы керектігіне бағытталған болуы қажет. Бұл кезде процедура серіктесте заңдылық құқық пен осы келісімдерді жасауға өкілеттілігінің болуын қамтамасыз ету қажет.

Мемлекеттік құрылымдар және басқару тараптар заңды құқықтар мен өкіметтердің әсер ету аймағын бекіту үшін қосымша зерттеулер жүргізуді талап етуі мүмкін.14

Тәуекелді бақылау мен  шектеулерді салыстыру күнделікті жүргізіледі. Несиелік тәуекел, өтімділік  тәуекелі және нарықтық тәуекел барлық ұйым масштабында жинақталып және бақыланады.

Жинақтау тәуекелдің нақты бағасын осы құнның шегімен салыстырғанда есебі үшін негіз болып табылады.

Тәуекелді банктік операцияны және клиентті басқарудың басты міндеті  осы немесе басқа тәуекел түрін  өзіне алдын ала сақтау дәрежесін  анықтай және операциялар бойынша  мүмкін болатын залалдарды шектеуге бағытталған оңтайлы шешім қабылдау болып табылады.

Банк қызметінің басты  мақсаты – пайда табу негізінде  басшылық ететіні белгілі. Әлемдік  банк жүйесінің даму тарихы әлемде болса, банк операцияларының табыстылығын арттыру және мүмкін болатын барлық шығындардың ықтималдық азайтудың ашылмаған көздерін іздеу үстінде. 

Банктің барлық бөлімшелері  мен қызметтері бойынша тәуекелдіктерді  үйлесімді бақылау, тәуекелді басқару  іс - әрекетінің тиімділігін қадағалау. Осының бәрі әрбір банктің жеке тәуекелді басқару стратегиясын жасауын ұсынады, яғни шешім қабылдаудың негізгі саясаты банктің дамуына өз уақытында және кезегімен барлық мүмкіншіліктерді қолдану және осымен қатар тәуекелдерді қабылдауға болатын, әрі басқаратын деңгейде ұстау.

Тәуекелдерді стратегиялық басқару мақсаты мен міндеті банктің жұмыс істеуге мәжбүр сыртқы экономикалық ортадағы жиі өзгерістермен анықталады. Қазақстанның банк ісіндегі сыртқы ортаның өзгеруінің негізгі белгісі соңғы уақыттарда: инфляцияның үдейе түсуі; банктің және оның филиалдарының санының өсуі; Ұлттық банк тарапынан банктер арасындағы бәсекелестіктің шарттын реттеу; Ұлттық қатысуымен банктер арасындағы тәуекелдерді қайта бөлу; ақша және қаржы нарығының кеңеюі; жаңа (дәстүрлі емес) банктік қызмет көрсету түрлерінің пайда болуы; ірі банктердің ұсақ бәсекелестіктерді қосып алу жағдайында банктер арасындағы бәсекелестіктердің үдейе түсуі; технологияның өзгеруі нәтижесінде несиелік ресурстарға тұтынушылықтың өсуі және клиенттердің меншікті капиталдағы банктік үлесінің азаюы жағына қарай қаржыландыру құрылымының өзгеруі; несие берушілердің талаптарынан жалтаруымен қатар шығын және орта бизнес аясындағы банкроттықтың тиімді несиелік қайтару бойынша нақты кепілдердің жоқтығы болып табылады.

а) Қарыз құралдарының диверсификациясы:

- мерзім бойынша (қысқа  мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді). қарыздарды барынша ұзақ уақытқа  берудің артықшылығы мол;

- тартылу түрлері бойынша  (заңды тұлға депозиттері, азаматтардың  салымдары, банкаралық несиелер, халықаралық қарыздар). Тартылу көздері көп болған сайын, өте жақсы;

- тартылу көздері бойынша  (салалар, клиент топтары, азаматтардың  әлеуметтік жағдайы бойынша). Әр  түрлі тарту көздері көп болған  сайын, тәуекелдік барынша төмен;

б) Қолданылатын құралдардың деверсификациясы: актив портфельдеріне сенімді құралдарды барынша көбірек үйлестіру қажет. Сонымен қатар, активтерді жаңа және экзотикалық үлестіруде құралдар (құрылғылар) шектеулі болуы қажет;

в) Ссуда (қарыз) портфелінің  диверсификациясы:

- мерзім боынша. Несиелеу  көбінесе қысқа мерзімдік және орта мерзімдік уақытқа берілуі тиіс;

- қарыз алушылар бойынша.  Ссудалық портфель мүмкіндігінше  түрлі қарыз алушылар арасында  аз сомалармен үлестірілуі қажет;

Таңдау және нәтижелер  туралы қосымша ақпараттарды иелену барысында келесідей әдістердің көмегімен тәжірибе барысында іске асырылады:

- Банк құрылымдарында, банк операцияларын жоспарлауда  және болжауларды үйренуде аналитикалық (талдау) бөлімшелердің, заңды тұлға  бөлімшелерінің және маркетингтік  зерттеу қызметтерінің бар болуы;

- Банк клиенттері бойынша, банктің қауіпсіздік бөлімінің материалдары және мерзімдік баспа сөз бойынша ақпараттарды қадағалау;

- Мерзімдік басылуларға  жазылулар аналитикалық агенттіктер  және электронды ақпарат қызметтерін  алулар, арнайы бағытталған фирмалардан, мысалы: Интернет, Рейтер, Телерейтр, Блумберг және тағы басқалар болып табылады.

Лиметтеу – банктің  көлемі, құралдары, әріптестері және т.б. бойынша жүргізілетін операцияларын  шектеу. Банк операцияларының тәуекелділігін шектеу түрлері кең тараған:

  • әрбір жеке контр – партнер операцияларына шектеу;
  • әрбір құралдарға, актив түріне, нақты бөлімшелерге немесе дилерлерге шектеулер;
  • бір қарыз алушы үшін максималды ссуда мөлшерін бекіту;
  • бір күн ішіндегі ссуда үшін сауда шектеулері;
  • баланстан тыс міндеттемелердің максималды көлемі;
  • келесі күнге ауыстыру мүмкіншілігінің ашық бағыттағы көлемінің максималдылығы;
  • банк бөлімшелерінің әрбір инструменттері, әрбір бағыттары, әрбір пайда және шығындары бойынша шектеулер;

Өзіндік сақтау. Банктің  өзіндік сақтау резервті қоры болуы тиіс, ол банк пайдасынан немесе қаражаттардан құралған, сондай – ақ, ссудалар бойынша үмітсіз қарыздардан құтылулар және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрушылардан, акционерлерден қосымша алынған қаржылардан құрылуы тиіс.

Сақтандыру. Барлық банк активтерінің тәуекелділігі, оған қоса депозиттер, ссудалар, инвестицияларды  сақтандыруы тиіс.

Хеджирлеу. Қаржы құралдарын ашық бағытта сату – сатып алу  барысында кері байланыстар немесе кері бағыттағы орнын толтырулардың ашылуларының көмектері арқылы хеджирленуі тиіс.

Сапалық басқару. Тәуекелділікті басқарудағы қазіргі заманға  сай бірден бір әдіс болып табылады. Бұл негізінен жоғары маманданған  басқарушылардың банк үшін қатаң  қиыншылықтар туғанға дейін пайда  болған мәліметтерді шектеудегі әдістері негізінде қорытындыланады. Негізгі сапалық басқару барысында жақсы маманданған басқарушылардың болуы осыған саяды.

Біздің қарастырып жатқан әдісіміз Қазақстан Республикасы Банк жүйесіндегі тәуекелділіктің потенциялын  едәуір төмендетуін көрсетеді. 

Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығын қаматамысыз  ету – жалпы экономика дамуының басты шартты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түрлеріне қарағанда жоғарға  тәуекелділікпен ерекшеленеді. Ал банктердің ең негізгі қызметтерінің бірі – банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбіне несиелік тәуекелге ұшырайд.банк пайдасының үлкен бөлігі несилеумен байланысты. Бірақ несиені қайтармау, әсіресе үлкен мөлшердегі несиені, банкті банкротқа ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуінеитермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару, реттеу шаралармен уақытылы айналысып отыруға тиісті. 15

Сонымен қатар, несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің  рөлімаңызды болып табыллады. Мұнда  мемлекет өз қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы жүзеге асырады. Ескере кететін жағдай, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1720 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру тралы» жарлығына сәйкес бірқатар өзгерістер болады. Атап айтқанда реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агенттікке жүктелінген болатын.

Қазақсатн Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақсатн Республикасының Қаржы нарығы мен  қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметін – банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады. Соның ішінде банктердің несиелік операцияларын реттеу мен қадағалаудың бірнеше себебі бар:

    • Банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
    • Банктер қызметінің сенімділігін қамтамасыз ету. Мысалы, бір қарыз алушыға берілетін несие сомасын шектеу. Мұндай шектеудің басты мақсаты- несиенің бір қарыз алушының қолында шоғырланбауын қамтамасыз ету және несиелік тәуекелді төмендету болып табылады.
    • Жалпы экономикаға әсер етуіне байланысты несиенің кейбір түрлерін шектеу немесе қолдау көрсету.

Несиелік  тәуекел  реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздыларының бірі – 2002  жылы  3 маусымдағы Қазақсатн Республикасының Ұлттық  Банкі    Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы» ереже. Атап айтсақ, оның ішінде: «Меншікті капиталдың жеткіліктілік кофициенті» және «Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері».

Меншікті капитал банк инвестицияларын шығарып тастағандағы бірінші деңгейдегі капитал мен  екінші деңгейдегі капиталдың жиынтығы ретінде есптелінеді.

Меншікті капиталдың жеткілікті төмендегідей екі коэфициенттердің көмегімен есептелінеді.

1) Бірінші деңгейдегі  капиталдың жалпы сомасындағы  және екінші деңгейдегі капитал  бөлігіндегі меншікті капиталдың  есебінде кіретін бірінші деңгейдегі  капиталдың үлес шегінде алынған  банк инвестицияларын шығарып тастағандағы бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған және екінші деңгейдегі капитал бөлігіндегі меншікті капиталдың есебіне кіретін банктің инвестициялар сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатынасы:

К1= К1 – ИК / А

 

Мұнда К1 – бірінші деңгейлі меншікті капитал.

Бұл мыналардан құрылады:

  • төленген жарғылық капитал;
  • қосымша капитал;
  • өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс; шегерілген (-)
  • материалдық емес активтер;
  • өткен жылдардағы зиян;
  • ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылғы табыстардың артық сомасы.

ИК – банктің акцияға  жұмсаған инвестициялары және басқа  да заңды тұлғалардың субординарлық  қарызы.

А – банктің жиынтық  балансына сәйкес барлық активтердің  сомасы.

Бұл коэфициенттің мәні 0,06 – дан кем болмауы тиіс.

2) Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша салыстырылған, арнайы резервтер сомасына азайтылған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасына, сондай – ақ екінші деңгейдегі капитал есебіне кіргізілмеген екінші деңгейдегі капитал бөлігіне қатынасы:

 

К2 = К / Ар Пс  

 

Мұнда, К – банктің  меншікті капиталы; 

Ар – тәуекел жәрежесіне байланысты өлшенген активтер және баланстан  тыс міндеттемелер сомасы.

Пс – арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз активтер бойынша  құрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни тәуекелді есепке алып, өлшенген активтер сомасының 1,25 % асатын сомасы).

Бұл коффициенттің мәні 0,12 – ден кем болмауы тиіс.

Банктің несиелік тәуекелін  реттеуде маңызы бар келесі пруденциалдық нормативтер – бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері. Бір қарыз алушы – Қазақсатн Республикасының заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару