Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

ҚОСЫМША.........................................................................................................91

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 493.00 Кб (Скачать)

Тәуекелді бақылау жүйесі немесе Банк ішілік бақылау жүйесі. Банк ішілік бақылау жүйесінің тиімді және өтімді жұмыс істеу банктік тәуекелді басқару жүйесінің негізі болып табылады.

Банк ішілік  бақылау  жүйесі күнделікті қызметінің бөлігі болып табылады. Сонымен қатар  тұрақты және үздіксіз процесін ұсынуда Банктің Директорлар Кеңесі, Банк басқармасы, барлық бөлімшелер және әрбір Банк қызметкерлері қатысады. Банк ішілік құрама бақылау қызметін банк ішілік аудитор жүзеге асырады.

Тәуекел мониторингі  – бұл банктік тәуекелді бақылау  және үнемі тәуекелсіз бағалау жүйесін білдіреді.

Банктік тәуекелді басқару  жүйесінің ұйымдық құрылымы төмендегі  деңгейде ұсынылады:

Бірінші деңгей (жоғары) Банктің Директорлар Кеңесімен ұсынылады. Банктің барлық қызметінің стратегиялық басқарылуымен бақылауын жүзеге асырады.

Директорлар Кеңесінің  ерекше өкілеттілік  құрамына кіретіндер:

  • Банктің ұйымдық құрылымы  мен банк басқармасының жетік құрамының сайлануы;
  • Банктің ұзақ мерзімді мақсаттарын бекіту;
  • Саясатпен тәуекелді басқару процедурасын мерзімділік бір жылдан кем емес қарастырылуын бекіту;
  • Банктік қызметті бақылау мен мониторингті жүзеге асыру;
  • Тиісті бақылау принципіне негізделген тәуелсіз корпоративті қарым – қатынасты сақтау және орнату;ъ
  • Банк қызметін бақылау және мониторингтің міндетті ісін тиісті құрылған комитет арқылы Директорлар Кеңесімен жүзеге асырылады.

Мұндай комитеттерінің бірі – Банк активтері мен пассивтерін басқару комитеті (АПБК) болып табылады.

      Бұл комитет функциясында методикамен регламентті өңдеу, банктің актив және пассив функциясын басқару, сол сияқты мониторингпен нұсқауланған функциялармен бақылауды жүзеге асыру.

Банк активтері мен  пассивтерін басқару Комитеті төмендегілерге жауапты:

  • қаржылық тәуекелді басқаруда қатысты ереже мен методиканы өңдеу;
  • банктің аналмзбен мониторингтің тиімді жұмыс істеуі, оның рентабельділігі;
  • анализбен мониторингке байланысты қысқа мерзімдік және стратегиялық жоспар құруды қамтамасыз ету;
  • несие мен депозитке ақы төлеуді белгілеу;
  • ішкі нормативтер мен лимитті белгілеумен өңдеу;
  • қолданылған қаражаттармен қысқамерзімді және ұзақ мерзімді анализді нұсқаулар бойынша қарастыру.

Екінші деңгей – банк басқармасы деңгейіндетәуекелді бақылау мен басқару. Банк басқармасы банк тәуекелін басқаружүйесін функционалды және толықтай төменде көрсетіліп отырғандай қамтамасыз етуі міндетті:

  • банктік бекітілген стратегиялық дамуын жүзеге асыру;
  • банктің  стратегиялық мақсатымен байланысты мүмкін болатын тәуекелді анықтайтын ішкі саясатпен регламенттің жетілдірілуі;

Бөлімшелермен анықталған белгілі бір функционалдық тиісті орындалуын ай сайын банк басқармасы Директорлар Кеңесіне соңғы мониторинг функциясын іске асырылуын банк қызметінің бақыланып отырған қажетті ақпаратты ұсынады. Қажетті ақпараттар тізімі оның құрамы, ұсыну мерзімі Банк Директорлар Кеңесімен анықталады және бекітіледі.

Үшінші деңгей – банк құрылымдық деңгейде және өзара әрекеттестік тәуекелдерді басқару.

Банк бөлімшелерімен тәуекелді басқару банктің жалпы  саясаты активтер мен пассивтерді  басқару негізде жасалады.

Банктің құрылымдық бөлімшелері  белгіленген уақытта тиісті есепті тәуекел менеджеріне ұсынады. Сонымен қатар, қажетті ақпараттар тізімі, есеп берушіні тәуекел менеджерімен өңделеді және Банк басқармасымен қарастырылып бекітіледі. Тәуекел менеджері бөлімшелерінің есеп негізінде тәуекелдің құрама есебін құрып, оны Банк басқармасына немесе Директорлар Кеңесіне ұсынады. Осылайша Банк тәуекелі басқару жүйесінің ұйымдық бара – бар ақпарат ағымын – жоғары, төмен және көлденең қамтамасыз етеді. Сонымен төменнен жоғары келіп түскен ақпарат Директорлар Кеңесінің және Банк басқармасының банктің ағымды ақпараттарының тәуекел қызмет барысында оларды бағалау және басқару деңгейінде бақылауды қамтамасыз етеді. Ақпараттардың жоғарыдан төмен бағытталуы ішкі бекітілген құжатымен регламенттері банктің мақсаттарының жетілуін, оның стратегиясын қамтамасыз етеді. Көлденеңнен тапсырылуы банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара қатынасының жобалануын білдіреді.

4 – сурет Банктік тәуекелді басқару жүйесінің ұйымдық құрылымының графикалық кестесі*

 


 


                                          Банктік қызметті бақылау және стратегиялық басқару.







 

  


Тәуекелді басқаруда бөлімшелер қызметін бақылау                                             

                                               тиімді жүйені ұйымдастыру.



   Ағымдағы басқару тәуекел мониторингі және бақылау 



*Көзі: «Данабанк» Тәуекелді басқару.Алматы – 2005, 6 – бет.

 

Банктік бөлімдеу деңгейінде тәуекелді басқару. Клиенттермен несиелік операция жүргізу барысында несиелік тәуекелді басқару. Несиелік операциялар жүргізу барысында негізгі банктің несиелік ұйымдастыру қызметі актив және пассив басқару саясатымен, қазіргі саясатпен банк ішіндегі саясат ережесімен байланысты болып, несиелік тәуекелді басқару жүйесінің қалыптасуы болып табылады.

Банктегі ішкі несиелік саясатының негізгі принциптерінің бірі:

    1. Несие қабылдауда алқа болып шешу, бір тұлғаның несиелік лимиті қалайда несиелік шешім қабылдауда мүмкін еместікті жобалайды. Несие шешімін алқалық орган шешімі негізінде Банктің несиелік комитеті немесе Директорлар кеңесі қабылдайды.
    2. Несиелік қызметті бақылау. Банктегі барлық бөлімшелердің несиелік саясатын орындауды, банктегі барлық несиелік стандарттармен процедралардың орындалуын қамтамысыз ету.
    3. Несиелік тәуекелді бақылау. Банктің қарыздық портфелінде несиелік тәуекелді анализдеу және бағалау болжамданады.
    4. Барын қамтамасыз ету.
    5. Қарыздың толықтай қолданылуын бақылау. Клиенттің қаржылық жағдайының немесе қарыз алушының қаржылық мониторингі, кепілі, мүлткісіз сақталушылығын бақылау.
    6. Несиелік портфельді диверсификациялау. Банк мүмкіндігінше несиелік портфельді диверсификациялауды өткізеді. Бір типті бизнес кепіл түрлерімен, салалық, аймақтық, қарыз шоғырлануын шектеу. Басқада ерекше диверсификация элементтерінің бірі – бір қарыз алушыға тәуекелді шектеу болып табылады.
    7. Несиелік процесті ұйымдастыру. Банкте несиелік процесс несиелік қызметтің міндетімен анық шектеулі функциясы негізінде жүзеге асырылады.

 

2.2 Банктік  тәуекелдерді бағалау және басқару жолдары

 

Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де ҚР ҰБ-нің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс. Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру,  табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым – қатынасын табу, белгісіз қаржылық – шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.

Тәуекелді басқаруға  жүйелі тәсілді қолдану және оны  ірі банктің активтері мен  пассивтерін басқару жүйесін  қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта  дамуы ішін де) қолданылуын есептеуге  болады. Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.

Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне  болатын және басшылар басқарма мен  заңгерлер жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау үшін қолдануына болатын жалпы құрылымды білдіреді.

Бақылау тиімділігі көзқарасы  жағынан тәуекелдерді басқаруды  құрылымдастыруды қолданады. Бұл кезде  банктің басқару ролі тәуекелмен байланысты стратегия, тәуекелдері  жалпы басқару, қолдау функциясының құрылымдық басқарудың тиімділігі, кадрлар сапасы, ақпарат сапасы ескеріледі.

Банкті басқарудың ролі жоғары бағаланады, себебі ірі банктерде  жиі кездесетін тәуекелдерді түсінумен  осыған сәикес бақылау жауапкершілігі нақты басқарылады.

  Тәуекелдерді жалпы  басқару тәуекелдердің картасын жасаумен түсіндіріледі:

- несиелік тәуекел;

- портфелді топтау;

- ағымдық тәуекел (операциондық);

- бизнес тәуекелі.

Қағидалар келесідей  түрде топтастырылады: тәуекелдерді стратегиялық басқару; тәуекелдерді басқару  бойынша функциялар; тәуекелді өлшеу бойынша есеп беру және оларды бақылау; тәуекелдерді басқару жүйесі.

Тәуекелдерді стратегиялық басқаруға жауапкершіліктің біртұтас жүиесіне тәуекелдері анықтау және бағалау, тәуекелдердің шегі кіреді. Қорытынды жауапкершілікті басқарма өз мойнына алады. Тәуекелдерді басқару қызметі тәуекелдерді жедел басқару, тәуекелдерді өлшеу және бағалау арқылы жүзеге асады

Осындай тәуекелді болдырмау  үшін пайда мен шығынға шек  қою керек, персоналдарды қадағалау  және кадрларды ауыстыруды жоспарлау, нарықтағы-мінез құлық ережесін үйрету, бір операцияны бірнеше жұмыс- керлердің есепке алу кезінде жеке бөлімшелер қарасынан кезеңдік бақылауды жүргізу аудиттің көмегімен бақылау, персоналдарға жоғары қысым көрсетуді алып тастау керек.

Техникамен байланысты тәуекелдер «Рейтер», «Телерейт» сияқты димененттік жүйе және де «СВИФТ» пен «Телекс» төлемдік жүйесін жаппай қолданып жатқандықтан туындайды. Бұл тәуекелділіктер банктік операцияларды жаңарту кезінде персоналды компьютерлерді қолданумен байланысты. Банк құрылымында осы жүйелерді техникалық қолдау бойынша талдаушылардың және жүйелерге кіруді қадалағау үшін құпия сөздердіқолдану тәуекелдердің деңгеиін азайтуға мүмкіндік береді.

Басқарудағы қиындықтар, банктің жекелеген  бөлімшелеріндегі ұйымдастырушылықтың  тиімсіздігі және жауапкершілікті бөлу кезіндегі келіспеушілік осының бәрін ұйымдастырушылық тәуелсіздігі сияқты тәуекел түрінің тууына әкеледі. Оны төмендету үшін басқарудың қағидалары мен әдістерін уақтылы қайта қарап отыру, бөлімдер мен жеке жұмыскерлердің функцияларының бөлінуін қадағалау, бөлімшелер құрылымының құқықтары мен міндеттемелерін қолданудың тиімділігін талдау және банктің қызметін кезеңдік тексеру мен қайта ұйымдастыруды жүргізу аытоматты бақылау жүйесін жасау қажет.13

Ақпараттық тәуекел  жалған немесе бұрмаланған ақпараттың түсуі банк құзырындағы тауарларды, қызмет көрсетулері, материалды мүліктері немесе заңы құқықтарына ақпараттардың сәйкес келмеуімен байланысты. Ақпарат өңделген және дұрыс талданған болуы мүмкін, бірақ есеп берудің мәліметтері дұрыс толтырылмаған.

Бұл қағидаларға сәйкес, банктерде тәуекелдерді күнделікті өлшеу, басқару мен бағалауға  жауап беретін тәуекелдерді басқару  бойынша арнайы бөлімше болуы  қажет.

Тәуекелдерді өлшеу, есеп берушілік және бақылау, несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, нарықтық тәуекел, тәуекелді басқару, тәуекел көрсеткіштерін біріктіру, шектеу, табыспен шығындарыд бөлу, қызметті бағалау сияқты мәселелерге ерекше көңіл аударуды түсіндіреді. Бұл кезде несиелік  тәуекелді, өтімділік тәуекелін, нарық тәуекелін бағалау қиынға түспейді деп есептеледі, ал ағымдық және заңдық тәуекелді, бухгалтерлік есеп беру тәуекелін, сатып алу тәуекелін, заңдылық тәуекелін, жағдайлық тәуекелін бағалауға қиынға түседі.

Несиелік тәуекелді  бағалау банктік қызмет көрсету  құрылымдық бөлімшелері мен түрлері бойынша бағалау біртекктес қағидаларының сақталуын білдіреді.

Есеп айырысу тәуекелділігіне  несие бойынша төленбеген мөлшерін қосу, өтеу мерзімін ескеру, әр тараптың тәуекелділікті бекітуін жәнк қарыз  тәуекелінің есептеу мүмкіншілігін анықтау мақсатты ойластырылған деп есептеледі. Несиелік және нарықтық тәуекелдердің салыстырмалылығы ерекше мәнге ие болады.

Өтімділік тәуекелін  бағалау тек елдің тәжірибедегі өтімділік тәуекелдің үш түрін бөлуді ұсынады:

  • ақша қаражатының және ақша қаражатында қысқа мерзімдік талап етуді қанағаттандыру үшін құнды қағаздар нарығында айналысатын қажетті деңгейін ұстап тұру;  
  • қаржы құралдарын тарту үшін капитал нарығына өту;
  • нарықта позицияны табу үшін немесе жою мүмкіншілігі.

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару