Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 16:45, дипломная работа
Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34
II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51
III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89
ҚОСЫМША.........................................................................................................91
Несие берудегі валюта төлем валютасымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел болады. Бір банктің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекелдері болуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, валюталық тәуекелдердің болуы қаржылық – несиелік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі. Сондықтан қаржылық – несиелік мекемеге валюталық тәуекелдерді болжау үшін немесе олардың салдарын неғұрлым болдырмау үшін мақсатты іс - әрекеттерді өз уақытында ойластырып жүргізу қажет.
Бүгінгі күнде валюталық тәуекел – бұл бәрі әрдайым қадағалап отыруға тырысатын және де валюталық курс маңызды қаржылық индикатор болып табылатын негізгі қаржылық тәуекелдердің бірі.
Мемлекет экономика үшін негізгі фактор ретінде валюталық курстың әсер етуінің екі жолын қолдану мүмкін:
Мысалы, Литва бірінші жолды таңдап алды (Литваның ақша бірлігі – лит, ло АҚШ долларына қатаң байланыстырылған), ал Қазақстан республикасы екінші жолмен кетті.
Бүгінде валюталық курс – бұл елдегі экспорт пен импорт арасындағы баланстың сальдосын бағалау ғана емес, ол мемлекеттің өте ғаламдық саясаты. Елдердің алтын – валюталық резервтері елдердің міндеттемелерімен бірге міндетті түрде халықаралық бірлестіктер мен келісімдер контексінде қарастырылуы керек.
Қаржы нарықтарында мемлекет өз мүддесін қорғау керектігін ескерту өте маңызды, әйтпесе ол өте тез және өзіне де білінбестен өзінің барлық қаржы ресурстарын жоғалтып алуы мүмкін (мысалы, Оңтүстік Корея). Әлемдік қаржы нарықтарында әрдайым қаржылық күрес жүріп жатады, онда бірқатар жақтардың мүдделері үйлесуі немесе алшақтауы мүмкін. Сондықтан осы нарықтарға қатысу үшін (Қазақстан Республикасы шетелдік қаржы нарықтарында өзінің міндеттемелерін салады) бірнеше жағдайлары ескеру қажет. Өйткені оларды сақтамаса, қатысқан кезде айтарлықтай зиян келуі мүмкін.
Сондай – ақ, айта кететін жайт, өзгерістер болып жатқан елдердің өздері ғана валютаның ауытқуындағы қиын болжанатын тәуекелдерге бармайды, сонымен қоса осы дағдарыстағы елдермен көршілес елдер де немесе шамалы экономикалық болмашы саяси байланыстары бар елдер де осы тәуекелдерге барады.
Форс - мажорлы жағдайлардың тәуекелі дегеніміз – бұл белгілі бір жағдайларда болатын аяқ асты және алдын алу мүмкін емес жайттардың болу ықтималдылығы (стихиялық толқулар: су тасқыны, жер сілкінісі, қоғамдық құбылыстар, төңкеріс, әскери қатысулар, ереуілдер және т.б), олар өз кезегінде несиелік келісім – шарт жағдайларының орындалуына үлкен әсер етеді. Форс – мажорлық міндеттемелердің ерекшелігі – олардың пайда болуы келісім – шартты бекітуші жақтардың еркінен тыс болуында.
Форс – мажорлы жағдайлар болған кезде келісім – шартты бекітуші жақтар жауапкершіліктен босайды, ол жөнінде БҰҰ конвенциясының тауарларды сатып алу – сатудың халықарлық келісім – шартты туралы 79 – шы бабында, сондай – ақ әр түрлі елдердің азаматтық кодекстерінде тікелей көрсетілген.
Әдетте форс-мажорлы міндеттемелердің тәуекелі банк мүліктерін сақтандыру компанияларында сақтандыру әдістерімен шектеледі.
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері
Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты қүрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.
Қазіргі уақытта
банктік нарықты тәуекелдің
Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, банк қызметіне байланысты немесе байланысты емес жағымсыз жағдайлардың нәтижесінде мүмкін болатын шығындарды айтамыз.
Пайыз тәуекелі басқа да тәуекелдер сияқты өзінің белгісіздігімен сипатталады. Бұл жердегі белгісіздік пайыздық мөлшерлеменің қозғалсы мен деңгейінің болашақтағы бағытымен байланысты болады.
Пайыздық мөлшерлеме өзгергенде банктің табыстары мен шығындары, активтердің нарықтық құны, пассивтер және баланстан тыс шоттары да өзгереді. Бұл өзгерістердің нәтижесі банктің пайдасы мен капиталына әсер етеді. Өзінің табиғаты бойынша пайыздық тәуекелдер спекулятивті қаржылық тәуекел болып табылады. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі пайдаға немесе шығындарға алып келеді. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі экономикаға мемлекеттің араласуын төмендету және банктік өнімдердің санын ұлғайту пайыздық тәуекелдерді басқаруды банктің қызметінде маңызды салаға айналдырды. Осымен байланысты банктегі реттеуші және бақылаушы органдар пайыздық тәуекелге банктердің ұшырауын бағалауға үлкен көңіл бөледі және тәуекелді есепке алғандағы капиталға деген талаптар бойынша Базельдік Коммитетінің ұсыныстар соңғы уақытта өте өзекті мәселе болып табылады.
Пайыздық тәуекелдің формуласы Фишер моделі деп аталады және былай сипатталады:
і = r + p
мұндағы:
і – пайыздық нарық мөлшерлемесі;
r – нақты пайыздық мөлшерлеме;
р – инфляцияның күтілетін қарқыны.
Номиналдық және нақты пайыздық мөлшерлемелерді айыру қажет.
Номиналдық пайыздық мөлшерлеме = күтілетін, нақты тәуекелі жоқ пайыздық мөлшерлеме + инфляцияның күтілетін деңгейі + тәуекел – түзу (мерзімді сақтамау, қарызды өтемеу тәуекелі);
Нақты пайыздық мөлшерлеме – бұл тұтынушыны, оның табысының бір бөлігін сақтауға қызығушылығын арттыру үшін қажетті пайыздық мөлшерлеменің деңгейі.
Базалық тәуекел –
пайыздық мөлшерлеменің құрылымдағы
болатын өзгерістер. Ол банк депозиттерде
тартылған қаражаттардың
Уақытша «үзіліс» тәуекелі ресурстарды бірдей базалық мөлшерлеме бойынша тартқан және орналастырған кезде болады, бірақ оларды қарастыру мерзімі бір – бірінен уақытша үзіліспен жүреді. Тәуекел оларды қарастыру мерзімдерін таңдаумен байланысты болады.
Пайыздық тәуекелдің сыртқы көрінісі маржаның төмендеуі кезінде көрінеді. Пайыздық тәуекелді басқару активтерді және міндеттемелерді басқарудан тұрады. Активтерді басқару, банктің тәуекелді активтер портфелінің құрылымын анықтауға көмектесетін, өтімділіктің тапқырлығымен және қарызды өтемеу тәуекелімен шектеледі. Сонымен қатар, несиелерге бағалардың құрылысын анықтауда банктің еркіндігін шектейтін басқа банкілер тарапынан бағалық бәсекелестіктің болуы. Міндеттерді басқару келесідей шектеулерге тап болады:
Пайыздық тәуекелдерді басқаруда келесідей сақтандыру әдістері қолданылады:
Өзгермелі пайыздық мөлшерлемеде берілген несие қарыз алушыны пайыздық мөлшерлеменің өсуінен шығындар тәуекеліне алып келеді. Ол әрине, тіркелген ставкасы бар несиені алуы мүмкін бірақ бұндай мөлшерлемемен несиелер не болмайды, не өте қымбат пайызбен беріледі. Онда қарыз алушы своп мәмілесін қолдану мүмкін. Ол өзгермелі пайыздық мөлшерлемедегі міндеттемесін тіркелген мөлшерлемедегі міндеттемеге ауыстырып және ол адпмға белгілі бір сыйақы сомасын төлейді.
Қазақстанда инфляцияның қарқынын болжау соңғы уақытта пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтауда шешуші фактор болып табылады. Пайыз тәуекелін хеджирлеу үшін әртүрлі әдістердің жиынтығын қолдану қажет. Тек сол уақытта ғана тәуекелді басқару нәтижелері қанағаттанарлық болады.
Пайыз тәуекелін басқарудың келесідей концепциялары бар:
1. банктің пайыздық
маржасы неғұрлым жоғары болса,
2. «СПРЕД» концепциясы немесе таза пайыздық маржа (NIM). Ол бойынша өлшенген орташа мөлшерлеме мен пассивтер бойынша төленген мөлшерлеме арасында айырма талданады.
3. «Үзіліс» концепциясы. GAP = RSA – RSL, мұндағы
RSA – пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне сезімтал активтер:
RSL – пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне сезімтал пассивтер.
«Үзіліс» концепциясы банктің тіркелген және өзгермелі пайыздық мөлшерлемедегі активтер мен пассивтердің теңсіздігіне талдаудан тұрады. GAP пайыздық мөлшерлеменің өзгеріне сезімтал активтер мен пассивтердің берілген деңгейін басқарумен түсіндіріледі. Пайыздық тәуекелдің дәрежесі пайыздық маржаға және спред – ке әсер ететіндіктен, пайыздық мөлшерлеменің үзілістің мөлшеріне және бағытына, жылдамдығына және ұзақтылығына тәуелді болады. GAP – тің үзіліс шамасы пайыздық мөлшерлеменің деңгейінің өзгеруін хеджирлеуге, не GAP мөлшерлеменің спекулятивті өзгеруі үшін қолданылады.
Пайыздық тәуекелдің деңгейі келесілерге тәуелді болады.
Пайыздық тәуекелдің деңгейін бақылаужәне басқару үшін нақты жағдайларға байланысты банкпен нақты стратегиялар құрастырылады.
Пайыздық мөлшерлеменің тәуекеліне қарсы қорғаушы әдістерің мақсаты – банктік пайданы олардың жағымсыз өзгеруінен қорғау. Бұл мақсатқа жету үшін банк менеджерлері пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал құрылымдарға өзінің бар назарын аудару қажет. Портфельдің активі бөлігінде бұл несиелер мен бағалы қағаздарға инвестициялары болса, пассивте бұл депозиттер мен ақшалай нарықтағы заемдер болып табылады. Банктің пайдасын пайыздық мөлшерлеменің өзгеруінің жағымсыз әсерінің қорғау үшін банктің басқармасы таза пайыздық маржаны тіркелген деңгейде ұстау қажет.
ТПМ = таза пайыздық табыс / барлық табыс әкелетін активтердің құны.
Мысалы, ірі халықаралық банк несиелер мен бағалы қағаздар бойынша пайыздық төлемдер 4 млрд. долларды құраса, тартылған депозиттер мен басқа да заемдық қаражаттар бойынша пайыздық қаражаттарды төлеу шығындары 2,6 млрд. долларды құрады. Банктің активтерінің жалпы сомасы 40 млрд. доллар болғанда, ТПМ – ның үлесі қанша?
ТПМ = 100% *($ 4 млрд. – $ 2,6 млрд.) $ 40 млрд. = 3,5 %.
Егер ТПМ – ның бұл көрсеткіші банктің көңілінен шықса, онда ол пайыздық мөлшерлеме өзгеру тәуекелін хеджирлеудің әртүрлі әдістері үшін қолданылады. Пайыздық мөлшерлеменің тәуекелін хеджирлеудің өте кең тараған түрі дисбалансты басқару арқылы жүзеге асырылады. Банк пайыздық мөлшерлеменің жағымсыз өзгеруінен сақтану үшін келесі теңдікті орындау қажет:
Пайыздық мөлшерлеменің
өзгеруіне сезімтал
активтердің құны
Бұл теңдікті сақтау өте күрделі
процесс болып табылады. Себебі нарық
коньектурасының өзгерістері
Дисбаланс = пайыздық мөлшерлеменің
өзгеруіне сезімтал активтер – пайыздық
мөлшерлеменің өзгеруіне
Егер бұл теңсіздіктің мәні вольден жоғары болса, онда оң қалдық, ал ноьден төмен болса, онда кері қалдық болады. Банктің активтері мен пассивтерінің нақты көлеміне дисбалансты басқаруды келесі кестедегі мәліметтер бойынша талдап көрейік. 11
Бұл кестеден банктің активтері
мен пассивтердің пайыздық мөлшерлемелердің
өзгеруі кезіндегі
Қазіргі уақытта банктер дисбалансты басқару әдістерінің әр түрлі нысандарын қолданады. Бұл үшін банктер келесідей шешімдерді қабылдау қажет: