Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:33, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34
II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51
III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

ҚОСЫМША.................................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)

     Өзіндік сақтау. Банктің өзіндік сақтау резервті қоры болуы тиіс, ол банк пайдасынан немесе қаражаттардан құралған, сондай – ақ, ссудалар бойынша үмітсіз қарыздардан құтылулар және операциялар бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрушылардан, акционерлерден қосымша алынған қаржылардан құрылуы тиіс.

     Сақтандыру. Барлық банк активтерінің тәуекелділігі, оған қоса депозиттер, ссудалар, инвестицияларды  сақтандыруы тиіс.

     Хеджирлеу. Қаржы құралдарын ашық бағытта сату – сатып алу барысында кері байланыстар немесе кері бағыттағы  орнын толтырулардың ашылуларының көмектері арқылы хеджирленуі тиіс.

     Сапалық басқару. Тәуекелділікті басқарудағы  қазіргі заманға сай бірден бір  әдіс болып табылады. Бұл негізінен  жоғары маманданған басқарушылардың  банк үшін қатаң қиыншылықтар туғанға  дейін пайда болған мәліметтерді шектеудегі әдістері негізінде қорытындыланады. Негізгі сапалық басқару барысында жақсы маманданған басқарушылардың болуы осыған саяды.

     Біздің  қарастырып жатқан әдісіміз Қазақстан  Республикасы Банк жүйесіндегі тәуекелділіктің  потенциялын едәуір төмендетуін көрсетеді. 

     Банктердің  қаржылық жағдайының тұрақтылығын қаматамысыз  ету – жалпы экономика дамуының басты шартты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түрлеріне қарағанда жоғарға  тәуекелділікпен ерекшеленеді. Ал банктердің ең негізгі қызметтерінің бірі – банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбіне несиелік тәуекелге ұшырайд.банк пайдасының үлкен бөлігі несилеумен байланысты. Бірақ несиені қайтармау, әсіресе үлкен мөлшердегі несиені, банкті банкротқа ұшыратуы мүмкін. Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуінеитермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару, реттеу шаралармен уақытылы айналысып отыруға тиісті. 15

     Сонымен қатар, несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлімаңызды болып  табыллады. Мұнда мемлекет өз қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі арқылы жүзеге асырады. Ескере кететін жағдай, 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1720 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан ары жетілдіру тралы» жарлығына сәйкес бірқатар өзгерістер болады. Атап айтқанда реттеу және қадағалау қызметтері жаңа құрылған Агенттікке жүктелінген болатын.

     Қазақсатн Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақсатн Республикасының Қаржы нарығы мен  қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігі Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің қызметін – банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, екінші деңгейлі банктердің қызметіндегі тәуекелді азайту арқылы салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады. Соның ішінде банктердің несиелік операцияларын реттеу мен қадағалаудың бірнеше себебі бар:

    • Банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
    • Банктер қызметінің сенімділігін қамтамасыз ету. Мысалы, бір қарыз алушыға берілетін несие сомасын шектеу. Мұндай шектеудің басты мақсаты- несиенің бір қарыз алушының қолында шоғырланбауын қамтамасыз ету және несиелік тәуекелді төмендету болып табылады.
    • Жалпы экономикаға әсер етуіне байланысты несиенің кейбір түрлерін шектеу немесе қолдау көрсету.

     Несиелік  тәуекел реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздыларының бірі – 2002  жылы  3 маусымдағы Қазақсатн Республикасының Ұлттық  Банкі    Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы» ереже. Атап айтсақ, оның ішінде: «Меншікті капиталдың жеткіліктілік кофициенті» және «Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері».

     Меншікті  капитал банк инвестицияларын шығарып  тастағандағы бірінші деңгейдегі капитал  мен екінші деңгейдегі капиталдың жиынтығы ретінде есптелінеді.

     Меншікті  капиталдың жеткілікті төмендегідей екі коэфициенттердің көмегімен есептелінеді.

1) Бірінші  деңгейдегі капиталдың жалпы  сомасындағы және екінші деңгейдегі  капитал бөлігіндегі меншікті  капиталдың есебінде кіретін  бірінші деңгейдегі капиталдың  үлес шегінде алынған банк  инвестицияларын шығарып тастағандағы бірінші деңгейдегі капитал үлесі шегінде алынған және екінші деңгейдегі капитал бөлігіндегі меншікті капиталдың есебіне кіретін банктің инвестициялар сомасына азайтылған банк активтерінің мөлшеріне қатынасы:

      К1= К1 – ИК / А 

Мұнда К1 – бірінші деңгейлі меншікті капитал.

      Бұл мыналардан құрылады:

  • төленген жарғылық капитал;
  • қосымша капитал;
  • өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс; шегерілген (-)
  • материалдық емес активтер;
  • өткен жылдардағы зиян;
  • ағымдық жылдағы шығыстардың ағымдық жылғы табыстардың артық сомасы.

     ИК  – банктің акцияға жұмсаған инвестициялары және басқа да заңды тұлғалардың  субординарлық қарызы.

    А –  банктің жиынтық балансына сәйкес барлық активтердің сомасы.

    Бұл коэфициенттің мәні 0,06 – дан кем  болмауы тиіс.

2) Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесі бойынша салыстырылған, арнайы резервтер сомасына азайтылған активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомасына, сондай – ақ екінші деңгейдегі капитал есебіне кіргізілмеген екінші деңгейдегі капитал бөлігіне қатынасы: 

К2 = К / Ар Пс    

     Мұнда, К – банктің меншікті капиталы; 

     Ар  – тәуекел жәрежесіне байланысты өлшенген активтер және баланстан тыс  міндеттемелер сомасы.

     Пс  – арнайы резервтер (күмәнді және үмітсіз активтер бойынша құрылған провизиялар) қосылған меншікті капиталға қосылмаған, құрылған жалпы резервтер сомасы (яғни тәуекелді есепке алып, өлшенген активтер сомасының 1,25 % асатын сомасы).

     Бұл коффициенттің мәні 0,12 – ден кем  болмауы тиіс.

     Банктің несиелік тәуекелін реттеуде маңызы бар келесі пруденциалдық нормативтер – бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғарғы мөлшері. Бір қарыз алушы – Қазақсатн Республикасының заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушы немесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын талаптары бар әрбір жеке және заңды тұлға.

     Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің мөлшері мыналардың сомасынан тұрады:

     1) Банк балансында есепке алынатын, қарыз алушыға байланысты банк  талабы;

     2) Соңғы бес жыл ішінде банк балансынан шегерілген, қарыз алушыға қатысты банк талаптары;

     3) Қазақсатн Республикасының заңдарында немесе жасалған келісімшартта көзделген негізде қарыз алушынемесе үшінші бір тұлғаның алдында алдағы 2 айдың ішінде не белгісіз мерзімге несиелік тәуекелге баратын банк тарапынан туындайтын (несиелік тәуекелмен байланысты) талаптар;

     Шегерілген (-), қарыз алушының міндеттемелері бойынша  қамтамасыз ету сомалары, оның ішінде:

  • Банк қарамағында берілген депозиттегі ақшасы, Қазақсатн Республикасының Үкіметі жіне Ұлттық банктің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар, құйма бағалы металдар, Standard & Poors және басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің «А» рейтингін иеленетін банк кепілхаттары;
  • Standard & Poors және басқа да халықаралық рейтингтік агенттіктердің «ВВВ» рейтингінен төмен емес ұзақ мерзімді қарыздық рейтингі бар банктердің ашқан корреспонденттік шоттарына қатысты талаптары.

     Бір қарыз алушыға келетін тәуекел  мөлшері қарыз алушының міндеттемелері бойынша тәуекел мөлшерінің (Т) банктің меншікті капиталына (К) қатынасы арқылы есептелінеді:

    

К3 = Т / К 

Мұнда, Т – тәуекел мөлшері (несие  лимиті);

         К – банктің меншікті капиталы.

К3 – тің мәні екі жағдайда қарастырылады:

     1) Банкпен ерекше қарым – қатынастағы  қарыз алушылар үшін – 0,10 – нан аспауға тиіс;

  2) Басқа да қарыз алушылар үшін 0,25 – тен аспауға тиіс (соның ішінде 0,10 – баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген банктік несиелер, сондай – ақ офшорлық аймақ аумағында тіркелген Қазақсатн Республикасының  бейрезиденттерге берілген несиелер бойынша).

      Мемлекет  тарапынан несиелік тәуекелді реттеу шараларының ішіндегі келесі бір  құралы – міндетті резервтер нормасын құру.  Проблемалық несиелрдің туындауы – кейбір банктермен жалпы мемлекеттің  тұрақты проблемаларының бірі болып табылады. Банктік жүйенің тұрақтылығ мен сенімділігін арттыру, кредиторлар мен банк салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақсатн Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы  провизиялар құру туралы» ережесін бекітті. Бұл ереженің көмегімен – екінші деңгейлі банктердің несиелік портфельдерінің сапасы бақыланады; несиелер тәуекел дәрежесіне қарай жіктелінеді; және мүмкін боларлық несиелік тәуекелдерге қарсы провизиялар құрылады. Сол ережегі сәйкес тәуекел дәрежесіне қарай несилер былай жіктелініп, оларға қарсы провизиялар құрылады:

     1) Стандартты несиелер – қайтарылу  уақыты жетпеген, бірақ қайтарылуында ешқандай күмән жоқ несиелер.

     2) Күмәнді несиелер – қайтарылу   мерзімі ұзартылған, қайтарылуында  күмән бар несиелер:                                                                                                                                                                                          

     а) Күмәнді 1 категория – қайтарылу  мерзімі 30 күнге дейін кешіктіріліп, қайтару мерзімі бір рет ұзартылған, банкке біршама тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несиенің түрі бойынша негізгі қарыз сомасынан 5% мөлшерінде провизия құрады.

     б) Күмәнді 2 категория – қайтару  мерзімі 30 – 60 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған банк үшін тәуекел тудыратын несиені  білдіреді. Мұндай несие бойынша  негізгі қарыз сомасынан  20% провизия құралады.

     с)   Күмәнді 3 категория – қайтару  мерзімі 60 – 90 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені  білдіреді. Мұндай несие бойынша  негізгі қарыз сомасынан 20% провизия құрылады.

     д) Күмәнді 4 категория – қайтару  мерзімі 90 – 120 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел тудыратын  несиені білдіреді. Мұндай несие  бойынша негізгі қарыз сомасынан 25% провизия құрылады.

     е) Күмәнді 5 категория – қайтару мерзімі 120 – 150 күнге дейін кешіктірілген, бір реттен жоғары мерзімге ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша 50 % провизия құрылады.

     3) Үмітсіз несиелер – қайтару  мерзімі 180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге кешіктірілген, банк үшін қауіпті, яғни пайдасы есебінен шегерімге жататын несиені білдіреді. Мұндай несие үшін 100% мөлшерінде провизия құрылады.16

     Қазақсатн Республикасының екінші деңгейдегі банктердің 2005 жылдағы берген несиелері бойынша нақты құрған провизиялары   1 – суретте көрсетілген: 

4 – кесте Екінші деңгейлі банктердің 2005 жылы құрған                                                                      провизиялары *

Несиелердің

жіктелуі

Нақты

қарыз

Нақты

құрылған

провизиялар

Нақты

қарыз

Нақты

құрылған

апровизиялар

Нақты

қарыз

Нақты

Қарыз

провизиялар

Барлығы 01.05 01.05 03.05 03.05 06.05 06.05
7444432 43079 738053 41490 827117 43569
1.Стандартты

үлесі,

                        %

531013 

71,3

1868 

4,3

524580 

71,1

1860 

4,5

56756 

68,6

182 

0,4

2. Күмәнді үлесі,

                        %

200278

26,9

26554

61,7

201510

27,3

26217

63,2

241934

29,2

25555

58,7

1категория  үлесі,

                       %

122286

61,0

6252

23,5

123344

61,2

6328

24,1

155117

64,1

7760

30,4

2катнгория  үлесі,

                       %

21188

10,6

2137

8,1

24798

12,3

2498

9,5

31065

12,8

3107

12,2

3категория  үлесі,                                                                                                                                    

                   %

31994

16,0

6847

25,8

25470

12,7

5556

21,2

32858

13,6

6571

25,7

4категория  үлесі,                                                

                   %

7766

3,9

1971

7,4

11116

5,5

2872

11,0

23326

5,5

3332

13,0

5категория  үлесі,

                      %

17044

8,5

9346

35,2

16.81

8,3

8962

34,2

9569

4,0

4786

18,7

3. Үмітсіз үлес,                                    

                  %

13140

1,8

14658

34,0

11963

1,6

13413

32,3

17826

2,2

17831

40,9

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару