Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:33, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34
II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51
III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

ҚОСЫМША.................................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)
 

*ҚРҰБ  – ң статистикалық бюллетені. 25 – бет. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III - тарау. Нарықтық экономика жағдайында банктік тәуекелді басқару                                                              әдістерін жетілдіру 

3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибесі 

     Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар, ал 33% - ы сыртқы факторлар үлесі кіреді. 

5 – кесте         Несиелердің барлығы банктің зиян шегуіне әкелетін

     факторлар*

Ішкі  факторлар 67% Сыртқы факторлар 33%
Қамтамасыз  етудің жетіспеушілігі 22% Компанияның банкроттығы 12%
Несиеге деген өтінішті оқып үйрену

барысында ақпаратты дұрыс бағалау

21% Кредиторлық қарызды

қайтаруын талап ету

11%
Алдын ала ескерту белгісіне кеш  көңіл бөлуі

және  операциялық бақылаудың әлсіздігі

18% Жұмыссыздық/Жанұя

мәселелері 

6%
Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы 5% Ұрлық/Алдау 4%
 

*Көзі: ҚазҰУ хабаршысы №4 (44) 2004, 74 – бет.  

     Несие бойынша банктердің зиян шегуіне  себеп болатын сыртқы факторлар  қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторлардыбасынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несилік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктері шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

     Несиелердің қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелрді мынадай тәуекел топтарына  жіктейді:

  • ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);
  • ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;
  • шектеулі тәуекелі бар несиелер;
  • ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес несиелер).

     Әр  тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік  үлесі белгіленеді.

     Несиелік  тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуды.

     Шетелдік  банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетуде басты шара болып табылады.

     Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде  ағылшынның клирингтік банктерінде  кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне  PARSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.

PARSER:    

P – Person – потенциалды қарыз алушу туралы ақпарат, оның беделі;

A –  Amount – сұрайтын несие сомасының негіздемесі;

R –  Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

S – Security – қамтамасыз ету құралы;

E –  Expediency – несиенің мақсаттылығы;

R - Remuneration – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі.

CAMPARI:

C – Character – қарыз алушының беделі;

A – Ability – қарыз алушының бизнесін бағалау;

M – Means – ссудаға деген қажеттілігін талдау;

P – Purpous – несиенің мақсаты;

A – Amount – несие сомасының негізделуі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

I – Insurance – несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.

      Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды  қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде «алты си ережесі» қолданылады:

  • character (қарыз алушының сипаты);
  • capacity (қаржылық мүмкіндігі);
  • cash (ақшалай қаражаты);
  • collateral (қамтамасыз етуі);
  • conditions (жалпы экономикалық жағдай);
  • control (бақылау).

     Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын және қалуын білдіреді.

     Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несие  қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары  және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен  анықталады.

     Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған  несиені қайтаруын үш көзі болады:

  1. Нақты ақшалар тасқыны;
  2. Активтерді сату;
  3. Қаржыларды тарту.

     Көрсетілген көздердің кез келген несиені  қайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ  та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының баланстын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді.

  Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.

     Нақты ақшалар тасқыны мынадай түрде  анықталады:

Нақты ақшалар тасқыны = Таза пайда + Амортизация + Кредиторлық қарыз – Тауарлы – материалды құндылықтар қоры және дебиторлық қарыз.

      Бұл формуланын артықшылығы – оның көмегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.17

     Қамтамасыз  етуі. Сондай – ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі яғни, оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның өтімділік дәрежесіне мән береді.

     Экономикалық  жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау  барысында банк жалпы шарт ретінде  елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық коньюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға, және т.б. қарастырылады.

     Бақылау. Қарыз алушының несиелік қабілетін  бағалаудағы соңғы факторға бақылау жатады.

     Әлемдік банктік тәжірибеде несиелік тәуекелді  бағалауда мынадай көрсеткіштер қолданылады:

     1. Активтер сапасындағы коэффициенттер:

     а) К1 = Несие бойынша зияндар / Несие бойынша қарыздың орташа сомасы.

     б) К2 = Несие бойынша зияндар / Несиелердің жалпы сомасы.

      Екі коэффициент те (К1 және К2) банктердегі  активтердің сапасын бағалау  үшін пайдалынады. К1 – дің критериалды  деңгейі Солтүстік Американың банктері үшін 0,5 – 1,0%, ал К2 – кі 0,7 – 1,5%. Оңтүстік Американың банктерінде (үмітсіз қарыздар бар болса) К1 коэффициентінің деңгейі 1,5 – 2,0%. Солтүстік Америкада 1980 жылдардың басы мен ортасында жылжымайтын мүлікті несилеу сферасындағы дағдарысқа байланысты ипотекалық несилер бойынша көптеп шығындауы кезеңінде    К1 – дің мәні 1% - ке жуық болған. Ал қазіргі кезде американдық банктерінде К1 шамамен 0,45 – 0,6 % - ті құрады. 

     1. Тәуекелге, шағылған      Таза пайыздық табыс – Несие  бойынша зиян

      маржа                         =                               Активтер 

Тәуекелге шағылған маржа (RAM – risk adjusted margin), - бұл несиелік тәуекелге шағылған жалпы пайыздық маржа (GIM – gross interest nargin). Халықаралық деңгейде танылған нормалар қатарында RAM көрсеткіші болмағанмен де шетелдік банктер оны несиелік тәуекел деңгейін бағалауда кеңірек қолданады. Бұл жерде статистикалық мәліметтер, оның оңтайлы мәнінің 3 – 3,5% - ды құрайтынын күәландырады. 

     Таза  пайыздық маржа          Таза пайыздық табыс (NII)

                       (NIM)                   =                    Активтер

       

      Жалпы пайыздық                 Таза пайыздық табыс – Басқа да табыстар

            маржа (GIM)                  =                    Активтер 

 2. Проблемалық несиелер / Несилердің  жалпы сомасы.

      3. Бір қарыз алушыға келетін  несие / Банктің меншікті капиталы.

      Халықаралық банктік тәжірибеде банктердің бір  қарыз алушыға келетін несиенің сомасы банктің меншікті капиталының 25% - нан аспауы тиіс. Бұл әрине несиенің үлкен мөлшерін білдіреді.

 4. Банкпен тығыз байланысты қарыз  алушыларға банктің құрылтайшыларын, директорларын акционерлерін және банкпен тікелей байланыста болып, несие алу барысындағы жеңілдіктерді пайдаланатын басқадай қарыз алушылар жатады.   

     Несиелерді  сапасына қарай топтау және талдаудың  маңызы бар.

     Несиенің  сапасы деп  сол несиеге тиісті несиелік тәуекелдің дәрежесі айтылады. Несие сапасының көрсеткішінің деңгейі несиелік тәуекел деңгейіне кері пропорционал (несие сапасы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым оның қайтарылуын күмәнсіз, және керісінше) болып келеді. Бұл жерде несиелік тәуекелдің көрсеткіштерінен несие сапасының немесе банктік несиелік портфелінің көрсеткіштерінің айырмашылығы – бұл банктің берген несиелер бойынша анықталған нақты шамасында. Несиенің сапасының категорияларына байланысты несиелік портфель құрылымын және несиенің әр категориясы (соның ішінде, тұтыну, ипотекалық және басқа) бойынша проблемалық, мерзімі өткен, үмітсіз несиелерді біле отырып, банк несиелік операциялар бойынша зияндарды төмендетуге бағытталатын шаралар қатарын жүзеге асыруға мүмкіндікке қол жеткізеді.

     Кез келген банктің қызметінің табыстылығы  банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарысдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы  қайтарылмауы банктің зиян шегуіне  итермелейді. Сондықтан да банктер  несиелік тәуекелді басқару шаралармен уақтылы айналысып отыруға тиіс.

     Несиелік  тәуекел – қарыз алушының банктен  алған несиесі бойынша қарызын  немесе оған есептелінген сыйақысын  өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиын шегуін сипаттайды.

     Несиелік  тәуекелді басқару жүйесінің  негізгі элементтеріне жататындар:

  • Несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • Лиметтер белгілеу;
  • Несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;
  • Несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
  • Несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;
  • Несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзыретті бөлу – несиелерді авторизациялау;
  • Несиелік мониторинг;
  • Несиелік портфельді басқару;
  • Проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару