Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:33, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34
II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51
III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

ҚОСЫМША.................................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)

    Пайыздық  мөлшерлеменің тәуекеліне қарсы  қорғаушы әдістерің мақсаты –  банктік пайданы олардың жағымсыз өзгеруінен қорғау. Бұл мақсатқа жету үшін банк менеджерлері пайыздық мөлшерлеменің  өзгеруіне сезімтал құрылымдарға өзінің бар назарын аудару қажет. Портфельдің активі бөлігінде бұл несиелер мен бағалы қағаздарға инвестициялары болса, пассивте бұл депозиттер мен ақшалай нарықтағы заемдер болып табылады. Банктің пайдасын пайыздық мөлшерлеменің өзгеруінің жағымсыз әсерінің қорғау үшін банктің басқармасы таза пайыздық маржаны тіркелген деңгейде ұстау қажет.

    ТПМ = таза пайыздық табыс / барлық табыс  әкелетін активтердің құны.

    Мысалы, ірі халықаралық банк несиелер мен  бағалы қағаздар бойынша пайыздық төлемдер 4 млрд. долларды құраса, тартылған депозиттер мен  басқа да заемдық қаражаттар бойынша пайыздық қаражаттарды төлеу шығындары 2,6 млрд. долларды құрады. Банктің активтерінің жалпы сомасы 40 млрд. доллар болғанда,  ТПМ – ның үлесі қанша?

    ТПМ = 100% *($ 4 млрд. – $ 2,6 млрд.) $ 40 млрд. = 3,5 %.

    Егер  ТПМ – ның бұл көрсеткіші банктің көңілінен шықса, онда ол пайыздық мөлшерлеме өзгеру тәуекелін хеджирлеудің әртүрлі әдістері үшін қолданылады. Пайыздық мөлшерлеменің тәуекелін хеджирлеудің өте кең тараған түрі дисбалансты басқару арқылы жүзеге асырылады. Банк пайыздық мөлшерлеменің жағымсыз өзгеруінен сақтану үшін келесі теңдікті орындау қажет:

Пайыздық мөлшерлеменің                                        пайыздық мөлшерлеменің

өзгеруіне сезімтал                                =                    өзгеруіне сезімтал

активтердің құны                                                       активтердің құны

      Бұл теңдікті сақтау өте күрделі процесс  болып табылады. Себебі нарық коньектурасының  өзгерістері банктің пайыздық саясатына  әрқашан да әсер етіп тұрады. Егер бұл  теңдік орындалмаса, онда дисбаланс пайда болады.

      Дисбаланс = пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне  сезімтал активтер – пайыздық мөлшерлеменің  өзгеруіне сезімтал пассивтер. 

      Егер  бұл теңсіздіктің мәні вольден жоғары болса, онда оң қалдық, ал ноьден төмен  болса, онда кері қалдық болады. Банктің активтері мен пассивтерінің нақты көлеміне дисбалансты басқаруды келесі кестедегі мәліметтер бойынша талдап көрейік. 11

      Бұл кестеден банктің активтері мен  пассивтердің пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі кезіндегі сезімталдығына байланысты пайыздық табыстың өсуін, не кемуін көріп отырмыз.

      Қазіргі уақытта банктер дисбалансты  басқару әдістерінің әр түрлі  нысандарын қолданады. Бұл үшін банктер  келесідей шешімдерді қабылдау қажет:

  • Банктің ТМП – ны қалаған деңгейге жету аралығындағы уақыт кезеңдерін таңдау қажет;
  • ТМП – ның мақсаттылы мәнін анықтау қажет;
  • Егер банк ТМП – ны ұлғайтқысы келсе, онда ол пайыздық мөлшерлеменің нақты болжамын құрастыру қажет, не табыстар мен шығындар деңгейлерінің арасындағы айырманы өсіру мақсатында өзінің активтері мен пассивтерін қайта бөлу үшін тәсілдерді іздеу қажет;
  • Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен пассивтердің қалаған көлемін анықтау қажет.

     Енді  Халық Банкіндегі  пайыздық саясатқа талдау жасап көрейік. 2002 жылы банктің  таза пайдасы салықтарды төлегеннен кейін 1871,2 млн.теңгені құрады (2002 жылы – 31,1 млн. теңге). Есепті жылы операциондық табыстардың мөлшері 44,6 % - ға өсті және 19,0 млрд. теңге болды. Таза табыстар 87,5% – ға өсіп, 8,6 млрд. теңгені құрады. Бұл банктің операциондық потенциалының өскендігін білдіреді, яғни активтерді орналастыру мен табыстарды бөлу үшін қаражаттарды тарта алу мүмкіндігінің болуы. (мына мәліметті 4 қосымшадан қараңыз).

                                                                                                               

2 – кесте                            Операциондық маржа*

                                                                               мың теңге

Таза  пайыздық табыс 2005 2004
пайыздық  емес табыстар 7 806 738 5 817 353
Барлығы 18 955 188 13 110 373
Капиталмен  операциялар

бойынша табыстар

199 415 148 203
Түзетілетін табыс

Резерв  құрылмаған пайыздық

емес  шығындар

18 755 773 12 962 170
Резерв  құрылмаған пайыздық

емес  шығындар

10 170 487 8 408 574
Қайта құруға кеткен

 шығындар 

28 816 40 095
Түзетілген шығындар 10 141 671 8 368 479
Операциондық  маржа 8 614 102 4 593 691
 

*Көзі: Халық Банктің 2002 жлғы есебі, 74 – бет. 

     2002 жылдың 31 қаңтарына мүмкін болатын шығындарға резервтерді құруға дейін сыйақы бойынша таза табысы 7,8 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда ол 34,2 % - ға өсті. Таза табыстың 6,2 млрд. теңгесі резервтерді құруға жұмсалды. 

3 – кесте                              Таза пайыздық табыс* 

  2005 2004
Жалпы пайыздық табыс 7 806 738 5 817 353
Резервтер 6 199 456 4 460 958
Резервтерді алып тастағанда таза пайыздық табыс 1 607 282 1 356 395
Таза  пайыздық маржа (Margin) 5.34% 5.89%
 

*Көзі: Халық Банктің 2002 жылғы есебі, 74 – бет.

     Табыс мөлшерлемелердің төмендеуі және ресурстарға  бағалардың өсуі таза пайыздық маржаның (Margin) көрсеткіштерінің төмендеуін түсіндіреді. Резервтеуге аударылған соманы есепке ала отырып, таза пайыздық маржа (Risk Adjusted Margin) 1,10 % құрады. (2005 жылы – 1,37%).

      Банктік тәуекелді басқару шығындары  төмендету мақсатымен банк қызметіне  әсер ету ретінде қарастыру қажет. Қазақстан Ресупбликасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы» нұсқаулар тәуекелдерді басқару жүйесін талап етеді.

      Тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар:

  • Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде заем операцияларын жүргізу тәжірибесінің болуы;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде қаржы құралдармен операциялар жүргізу тәжірибесінің болуы;
  • Тәуекелдерді басқару жүйесі шеңберінде операциялық қызметінің, ақпарат жүйесін және басқару ақпараты жүйесін қалыптастырудың болуы.

     Пайыз саясаты банк қызметінде оның табыстылығының нәтижесі болып табылады. Қарастырылған әдістер және тәжірибеге қолдану барысында Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің ойдағыдай жұмыс істеуіне және пайыз тәуекелінің ең төменгі минимум деңгейіне дейін әкелуге мүмкіндік береді.

     Несиелік  тәуекел - қандайда бір банкпен жұмыс жасауды шешім қабылдауда ол туралы барлық қолайлы ақпаратты бағалауда негізделуі тиіс.

     Мұндай  тәсіл қателесу мүмкіндігін төмендетіп, өз қаражатын сақтап қалу мүмкін болады.

     Сенімділікті  басқару концепциясы көбінесе банктердің қаржылық тәуекел қызметін минимизациялау және бақылауда тәуелді болады.

     Қарама  қайшы жағдайда тәуекелдің төмендеу мақсаты операция көлемінің рентабельділігі  төмендеу есебінен жету мүмкін. Сенімділіті  басқару бірінші орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада жөн  табу керек. Сонымен бірге күнделікті банктік байланысты басқару жұмысымен байланысты болу керек.

     Бұл банктік қызметте, кірісті максимизациялау  және тәуекелділіктің бағытталуы тиіс. Демек, негізгі мақсат қаржылық жоспардың  сенімділігін қолдау мыналар болып  табылады:

     - кірісті максимизациялау;

     - тәуекелді минимизациялау.

     Сенімділікті  басқаруда негізгі ядросы актив  және пассивті басқару болып табылады. Активтер мен пассивтерді басқаруда  негізгі көзі болып, банктің өздерінің  ресурстық базасын қалыптастыру яғни, оның қарызының және өзінің қаражаттарының анализі болып табылады.

     Тәуекелдерді  басқаруда пайыздық ставканың өзгеруі  бір қатар әдіспен бақыланады. Берілген тәуекелдің әсер етуін өлшеу  көрсеткіші, банктіңтаза табыс пайызы және оның таза пайыздық маржасы болып  табылады.

     Төлеуге шамасы келмейтін тәуекелі банктің бақылау көз қарасы бойынша және оның экономикалық мағынасы бойынша қарастырылуы мүмкін. Банктіің ұзақ кезеңінде банктің кірісінен шығын жоғарылағанда қанағаттанарлықсыз құрылып пайда болады. Мұндай жағдай үш негізгі экономикалық себеп пайда болады:

  • Банктен клиенттің қаражаты бір жолата кетеді, өтімділік тапшылығын білдіреді;
  • Қайтарылмаған несиені жабуда шығынның көбеюі;
  • Банкте өте көптеген дәлелсіз операция негізінен өзінің қаражатының бірте – бірте азаюы.

     Төлеуге шамасы келмейтін тәуекел банктік бақылау тарапынан банкроттылық банктің капиталдың жеткіліктілігін қанағаттандырмағандықтан байланысты болады. Соңғысы негізгі функцияны орындауға банктік капиталдың жеткіліксіздігін білдіреді:

  • банктің жалпы сенімділігін қолдау;
  • банктің өтелуі жағдайында халықтың ақша салымдарын қорғау;
  • уақытша өтімділік проблемасы кезінде қордың біріктілігін қамтамасыз  ету;
  • барлық несие алушылардың қызығушылығын қорғау;

     Экономикалық  мағынада төлеу қабілетсіздік несиелік ұйымдарда шығын өзінің қаражатынан асып кеткен жағдайда пайда болады.

     Демек, қабілетсіздік тәуекел факторларын  ескере отырып, актив құрылымының  нашарлауына операция нәтижелігінің  төмендеуіне әкеп соғады. Мұндай жағдай соңына банктің дамып келе жатқан кезеңінде дағдарыспен және төлем  қабілетсіздікпен аяқталады.

     Банктің практикада қорларды баланстың басқару  әдістерін қолдану тәуекел проблемасына назарын нығайтуға мүмкіндік  туғызады. Әрбір тәуекел түрі банктің  менеджерлері мен акционерлері мен  қатаң бақылануы тиіс.

     Несиелік  тәуекел несие беру процесінде ескерілуі қажет.

     Анализ  және қарыз портфелін бағалау  және банктің несиелік қызметі банктің  жалпы қаржылық жағдайын маңызды  компоненттерінің бірі болып табылады. Қарыз портфелімен несиелік тәуекелдің негізгі бөлігі байланысты болып  келеді. Көптеген банктерде қарыз портфелінің сапалық проблемасымен байланысты дұрыс басқарылмауынан және басқада жағдайлардың әсерінен банкроттыққа себеп болады. Банктік бақылауының мәліметтері бойынша өтімділік процесін тартудағы негізгі себеп банк алдындағы ссудалық қарызды өтеудегі төменгі деңгей болып табылады. Банктің заёмщиктерінің басым бөлігі төлеуге шамасы келмейтіндер, не болмаса алдақашан заңды тұлғалар болып табылмайды.

     Сондықтанда несиелеу функциясы және осымен байланысты операциялар банктің басқа салалармен салыстырғанда мұқият қарастырылуы керек. Несиелік саясат және тегінде несие банктік тәуекелді басқаруда өзегі болып табылады.Несиелік тәуекелді басқару процесінде төрт негізгі кезеңді атап көрсетуге болады:

     1) Несиелік тәуекелді бағалау және анализдеу – тәуекелді анлмздеудің алғы шарты теңестіру болып табылады. Банк әртүрлі ақпарат негізінде тәуекел байланысы мен түрлері анықтау керек. Сонан соң, тәуекелдердің қандай түрлері өзгеруі мүмкін болатынын анықтау керек. Ақпаратты өңдеу мен жинаудағы шығынды есептей отырып, сол сияқты ескерілмеген тәуекелді белгілеу қажет.

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару