Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:33, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34
II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51
III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

ҚОСЫМША.................................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)
 

      2.2 Банктік тәуекелдерді  бағалау және басқару жолдары 

     Банкте  кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де ҚР ҰБ-нің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс. Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру,  табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым – қатынасын табу, белгісіз қаржылық – шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.

     Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану  және оны ірі банктің активтері  мен пассивтерін басқару жүйесін  қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта  дамуы ішін де) қолданылуын есептеуге  болады. Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.

     Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне болатын  және басшылар басқарма мен заңгерлер  жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау үшін қолдануына болатын жалпы құрылымды білдіреді.

     Бақылау тиімділігі көзқарасы жағынан тәуекелдерді басқаруды құрылымдастыруды қолданады. Бұл кезде банктің басқару  ролі тәуекелмен байланысты стратегия, тәуекелдері жалпы басқару, қолдау функциясының құрылымдық басқарудың тиімділігі, кадрлар сапасы, ақпарат сапасы ескеріледі.

     Банкті  басқарудың ролі жоғары бағаланады, себебі ірі банктерде жиі кездесетін тәуекелдерді түсінумен осыған сәикес бақылау жауапкершілігі нақты басқарылады.

       Тәуекелдерді жалпы басқару тәуекелдердің картасын жасаумен түсіндіріледі:

     - несиелік тәуекел;

     - портфелді топтау;

     - ағымдық тәуекел (операциондық);

     - бизнес тәуекелі.

     Қағидалар келесідей түрде топтастырылады: тәуекелдерді стратегиялық басқару; тәуекелдерді басқару бойынша функциялар; тәуекелді өлшеу бойынша есеп беру және оларды бақылау; тәуекелдерді басқару жүйесі.

     Тәуекелдерді  стратегиялық басқаруға жауапкершіліктің біртұтас жүиесіне тәуекелдері анықтау  және бағалау, тәуекелдердің шегі кіреді. Қорытынды жауапкершілікті басқарма өз мойнына алады. Тәуекелдерді басқару қызметі тәуекелдерді жедел басқару, тәуекелдерді өлшеу және бағалау арқылы жүзеге асады

     Осындай тәуекелді болдырмау үшін пайда  мен шығынға шек қою керек, персоналдарды қадағалау және кадрларды  ауыстыруды жоспарлау, нарықтағы-мінез құлық ережесін үйрету, бір операцияны бірнеше жұмыс- керлердің есепке алу кезінде жеке бөлімшелер қарасынан кезеңдік бақылауды жүргізу аудиттің көмегімен бақылау, персоналдарға жоғары қысым көрсетуді алып тастау керек.

     Техникамен  байланысты тәуекелдер «Рейтер», «Телерейт» сияқты димененттік жүйе және де «СВИФТ» пен «Телекс» төлемдік жүйесін жаппай қолданып жатқандықтан туындайды. Бұл тәуекелділіктер банктік операцияларды жаңарту кезінде персоналды компьютерлерді қолданумен байланысты. Банк құрылымында осы жүйелерді техникалық қолдау бойынша талдаушылардың және жүйелерге кіруді қадалағау үшін құпия сөздердіқолдану тәуекелдердің деңгеиін азайтуға мүмкіндік береді.

     Басқарудағы қиындықтар, банктің жекелеген  бөлімшелеріндегі ұйымдастырушылықтың  тиімсіздігі және жауапкершілікті бөлу кезіндегі келіспеушілік осының бәрін ұйымдастырушылық тәуелсіздігі сияқты тәуекел түрінің тууына әкеледі. Оны төмендету үшін басқарудың қағидалары мен әдістерін уақтылы қайта қарап отыру, бөлімдер мен жеке жұмыскерлердің функцияларының бөлінуін қадағалау, бөлімшелер құрылымының құқықтары мен міндеттемелерін қолданудың тиімділігін талдау және банктің қызметін кезеңдік тексеру мен қайта ұйымдастыруды жүргізу аытоматты бақылау жүйесін жасау қажет.13

     Ақпараттық  тәуекел жалған немесе бұрмаланған ақпараттың түсуі банк құзырындағы тауарларды, қызмет көрсетулері, материалды мүліктері немесе заңы құқықтарына ақпараттардың сәйкес келмеуімен байланысты. Ақпарат өңделген және дұрыс талданған болуы мүмкін, бірақ есеп берудің мәліметтері дұрыс толтырылмаған.

     Бұл қағидаларға сәйкес, банктерде тәуекелдерді күнделікті өлшеу, басқару мен бағалауға  жауап беретін тәуекелдерді басқару  бойынша арнайы бөлімше болуы  қажет.

     Тәуекелдерді  өлшеу, есеп берушілік және бақылау, несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі, нарықтық тәуекел, тәуекелді басқару, тәуекел көрсеткіштерін біріктіру, шектеу, табыспен шығындарыд бөлу, қызметті бағалау сияқты мәселелерге ерекше көңіл аударуды түсіндіреді. Бұл кезде несиелік  тәуекелді, өтімділік тәуекелін, нарық тәуекелін бағалау қиынға түспейді деп есептеледі, ал ағымдық және заңдық тәуекелді, бухгалтерлік есеп беру тәуекелін, сатып алу тәуекелін, заңдылық тәуекелін, жағдайлық тәуекелін бағалауға қиынға түседі.

     Несиелік  тәуекелді бағалау банктік қызмет көрсету құрылымдық бөлімшелері мен түрлері бойынша бағалау біртекктес қағидаларының сақталуын білдіреді.

     Есеп  айырысу тәуекелділігіне несие  бойынша төленбеген мөлшерін қосу, өтеу мерзімін ескеру, әр тараптың тәуекелділікті бекітуін жәнк қарыз тәуекелінің  есептеу мүмкіншілігін анықтау мақсатты ойластырылған деп есептеледі. Несиелік және нарықтық тәуекелдердің салыстырмалылығы ерекше мәнге ие болады.

     Өтімділік тәуекелін бағалау тек елдің  тәжірибедегі өтімділік тәуекелдің үш түрін бөлуді ұсынады:

  • ақша қаражатының және ақша қаражатында қысқа мерзімдік талап етуді қанағаттандыру үшін құнды қағаздар нарығында айналысатын қажетті деңгейін ұстап тұру;  
  • қаржы құралдарын тарту үшін капитал нарығына өту;
  • нарықта позицияны табу үшін немесе жою мүмкіншілігі.

     Нарықтық  тәуекелді бағалау күнделікті уақыт құнын анықтауды барлық құрылымдық бөлімшелер бойынша тәуекелді өлшеудің біріңғай қағидасының сақталуының, тәуекелді өлшеудің қосымша әдістемесін нарықтық тәуекелді күнделік есептелуін бекітілген шектеулермен салыстыруды білдіреді.

     Тәуекелдің компоненттерін анықтау маңызды жағдай болып табылады. Бұл мақсатта әрбір операцияна қалыптастырушы компоненттерге барлық тәуекелдерді анықтайтын мүмкіншілік болатындай «бөліп» тастау қажет.

     Осыдан  кейін, барлық анықталған тәуекелдер бақылау  жүйесімен салыстырылады, ол әрі қарай тәуекелді басқару процесіндегі жетіспеушілікпен әлсіз жерлерін алып тастау бойынша шаралармен анықталады.

     Егер  айырысу тәуекелі төмендеген салалардың фирманың есептеп қойған төлем бойынша  әріптестердің міндетін орындамауға  қатысы ретінде бағаланады. Батыс тәжірибесінде мұндай тәуекел алдын ала есептеген тәуекелден бөлек бағаланып, бақыланады. Ағымдық тәуекел, егер серіктес міндетін бүгін орындамаған жағдайда жасалған мәселенің ағымдық қайта қалыптастыру құнын білдіреді. Оның бағалануы нарықтың көрсеткіштері бойынша бағалаумен ұқсас.

     Потенциалды тәуекел – бұл егер партнер  операцияны жүзеге асыру кезінде  алдағы уақытта өз міндетін орындамайтын жағдайдағы мүмкін залалдар.

     Біздің  республикамыздағы банктер тәжірибедегі несиеге шектеу қою үшін несиені бағалаудың тәуелсіз прцесі, несиелік тәуекелді бағалаудың келісілген стандартты, делдалдармен есеп айырысу орталықтары үшін шектеулер қажет. Бақылау жүйесі жаңа операциялардың тек несиелік сызықты қодану мүмкіншілігі анықталғаннан кейін ғана жасалуы керектігіне бағытталған болуы қажет. Бұл кезде процедура серіктесте заңдылық құқық пен осы келісімдерді жасауға өкілеттілігінің болуын қамтамасыз ету қажет.

     Мемлекеттік құрылымдар және басқару тараптар заңды  құқықтар мен өкіметтердің әсер ету  аймағын бекіту үшін қосымша зерттеулер жүргізуді талап етуі мүмкін.14

     Тәуекелді бақылау мен шектеулерді салыстыру  күнделікті жүргізіледі. Несиелік тәуекел, өтімділік тәуекелі және нарықтық тәуекел  барлық ұйым масштабында жинақталып және бақыланады.

     Жинақтау  тәуекелдің нақты бағасын осы құнның шегімен салыстырғанда есебі үшін негіз болып табылады.

     Тәуекелді банктік операцияны және клиентті басқарудың басты міндеті осы немесе басқа  тәуекел түрін өзіне алдын  ала сақтау дәрежесін анықтай  және операциялар бойынша мүмкін болатын залалдарды шектеуге бағытталған оңтайлы шешім қабылдау болып табылады.

     Банк  қызметінің басты мақсаты – пайда  табу негізінде басшылық ететіні  белгілі. Әлемдік банк жүйесінің  даму тарихы әлемде болса, банк операцияларының  табыстылығын арттыру және мүмкін болатын барлық шығындардың ықтималдық азайтудың ашылмаған көздерін іздеу үстінде. 

     Банктің барлық бөлімшелері мен қызметтері бойынша тәуекелдіктерді үйлесімді  бақылау, тәуекелді басқару іс - әрекетінің тиімділігін қадағалау. Осының бәрі әрбір банктің жеке тәуекелді басқару стратегиясын жасауын ұсынады, яғни шешім қабылдаудың негізгі саясаты банктің дамуына өз уақытында және кезегімен барлық мүмкіншіліктерді қолдану және осымен қатар тәуекелдерді қабылдауға болатын, әрі басқаратын деңгейде ұстау.

     Тәуекелдерді стратегиялық басқару мақсаты мен міндеті банктің жұмыс істеуге мәжбүр сыртқы экономикалық ортадағы жиі өзгерістермен анықталады. Қазақстанның банк ісіндегі сыртқы ортаның өзгеруінің негізгі белгісі соңғы уақыттарда: инфляцияның үдейе түсуі; банктің және оның филиалдарының санының өсуі; Ұлттық банк тарапынан банктер арасындағы бәсекелестіктің шарттын реттеу; Ұлттық қатысуымен банктер арасындағы тәуекелдерді қайта бөлу; ақша және қаржы нарығының кеңеюі; жаңа (дәстүрлі емес) банктік қызмет көрсету түрлерінің пайда болуы; ірі банктердің ұсақ бәсекелестіктерді қосып алу жағдайында банктер арасындағы бәсекелестіктердің үдейе түсуі; технологияның өзгеруі нәтижесінде несиелік ресурстарға тұтынушылықтың өсуі және клиенттердің меншікті капиталдағы банктік үлесінің азаюы жағына қарай қаржыландыру құрылымының өзгеруі; несие берушілердің талаптарынан жалтаруымен қатар шығын және орта бизнес аясындағы банкроттықтың тиімді несиелік қайтару бойынша нақты кепілдердің жоқтығы болып табылады.

     а) Қарыз құралдарының диверсификациясы:

     - мерзім бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді). қарыздарды  барынша ұзақ уақытқа берудің  артықшылығы мол;

     - тартылу түрлері бойынша (заңды  тұлға депозиттері, азаматтардың  салымдары, банкаралық несиелер, халықаралық қарыздар). Тартылу көздері көп болған сайын, өте жақсы;

     - тартылу көздері бойынша (салалар,  клиент топтары, азаматтардың  әлеуметтік жағдайы бойынша). Әр  түрлі тарту көздері көп болған  сайын, тәуекелдік барынша төмен;

     б) Қолданылатын құралдардың деверсификациясы: актив портфельдеріне сенімді құралдарды барынша көбірек үйлестіру қажет. Сонымен қатар, активтерді жаңа және экзотикалық үлестіруде құралдар (құрылғылар) шектеулі болуы қажет;

     в) Ссуда (қарыз) портфелінің диверсификациясы:

     - мерзім боынша. Несиелеу көбінесе қысқа мерзімдік және орта мерзімдік уақытқа берілуі тиіс;

     - қарыз алушылар бойынша. Ссудалық  портфель мүмкіндігінше түрлі  қарыз алушылар арасында аз  сомалармен үлестірілуі қажет;

     Таңдау  және нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды иелену барысында келесідей әдістердің көмегімен тәжірибе барысында іске асырылады:

     - Банк құрылымдарында, банк операцияларын  жоспарлауда және болжауларды  үйренуде аналитикалық (талдау) бөлімшелердің,  заңды тұлға бөлімшелерінің және  маркетингтік зерттеу қызметтерінің  бар болуы;

     - Банк клиенттері бойынша, банктің қауіпсіздік бөлімінің материалдары және мерзімдік баспа сөз бойынша ақпараттарды қадағалау;

     - Мерзімдік басылуларға жазылулар  аналитикалық агенттіктер және  электронды ақпарат қызметтерін  алулар, арнайы бағытталған фирмалардан, мысалы: Интернет, Рейтер, Телерейтр, Блумберг және тағы басқалар болып табылады.

     Лиметтеу  – банктің көлемі, құралдары, әріптестері  және т.б. бойынша жүргізілетін операцияларын  шектеу. Банк операцияларының тәуекелділігін шектеу түрлері кең тараған:

  • әрбір жеке контр – партнер операцияларына шектеу;
  • әрбір құралдарға, актив түріне, нақты бөлімшелерге немесе дилерлерге шектеулер;
  • бір қарыз алушы үшін максималды ссуда мөлшерін бекіту;
  • бір күн ішіндегі ссуда үшін сауда шектеулері;
  • баланстан тыс міндеттемелердің максималды көлемі;
  • келесі күнге ауыстыру мүмкіншілігінің ашық бағыттағы көлемінің максималдылығы;
  • банк бөлімшелерінің әрбір инструменттері, әрбір бағыттары, әрбір пайда және шығындары бойынша шектеулер;

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару