Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:33, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34
II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51
III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

ҚОСЫМША.................................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)

     Қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшері  әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз  алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне  байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы  нақты мүмкіндіктермен, сондай – ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

     Екіншіден, несиенің мөлшері экономикалық жағдайларға  байланысты, соның ішінде:

  • Қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;
  • Несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы – материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;
  • Маржа деңгейіне;
  • Несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;
  • Банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

     Несиелерді  авторизациялау – несиелік тәуекелді  төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар және тексерулер процесін білдіреді.

     Несиелік  мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін  қадағалап отыруға байланысты шаралар  жүйесі болып табылады.

     Несиелік  портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.

     Несиелік  портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:

  • Нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;
  • Несиелік рейтингпен байланысты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;
  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;
  • төменгі тәуекел деңгейі бар ең маңызды салаларды анықтау;
  • жоғарғы тәуекел деңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;
  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

     Несиелеу  лимеиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршеңдік қабілетті жақсарту үшін пайдаланылатын басты тәсіл. Проблемалық несиелерге:

  • несиелік келісім – шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілген несиелер;
  • сақтандыру, кепіл – хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру крмпанияларының, кепіл – хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелерді орындалмағандар;
  • несиелерге есептелінетін пайыздың несиелік келісім – шартта көрсетілген күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады. Сондай – ақ проблемелық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады:
  • қарыз алушының қызметін қайтару;
  • несиені қайтару кестесін өзгерту,
  • пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.
 

  • Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің

      жетілу  жолдары 

         Қазақстанда заңды және жеке тұлғаларды несиелеудің  дамуына байланысты банктерге қарыз  алушылардың несиелік тәртібі және басқа несиелік ұйымдармен байланысы  туралы ақпараттар өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, халық пен кәсіпорындардың несиелік ресурстарға деген сұранысын және несиелік ресурстарды төмен бағада беруді қанағаттандыру үшін де халықаралық тәжірибеде несиелеу нарығында қызмет ететін несиелік бюроны құру қажеттілігі туындайды.

          Несиелік  бюро – бұл несие берушілерге  келісім – шарт негізінде қарыз  алушылар туралы ақпарат беретін  ұйым.

          Әлемнің көптеген елдерінде несие берушілер (несие беретін банктер, қаржылық компаниялар, несиелік карточкалардың эмитенттері, инвестициялық компаниялар) несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі жайлы хабар алмасып тұрады. Мұның қажеттілігі көптеген ғылым экономистермен қаржылық делдалдық  қызмет аясындағы ақпараттардың ассиметриясы мәселесін зерттегенде дәлелденген болатын.

          Экономикалық  әдебиеттерде ақпараттың ассиметриясы (asymmetric information) ретінде несиелік ресурстарды бөлуде тиімсізділікке әкелетін мәміле жасаған кезде серіктесі жайлы мәліметтердің жеткіліксіздігі танылады. Бұл жағдайда несие беруші қарыз алушының инвестициялық жобамен байланысты болашақтағы табысымен тәуекелін болжай алмайды.

          Сонымен қатар, несие берушілер ссуда  алғаннан кейінгі қарыз алушылардың  іс - әрекеттерін де бақылай алмауы мүмкін. Бұл жерде қарыз алушы  төлем қабілетсіздік тәуекелін тудыратын қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін не алған қарыздары бойынша төлемеу мақсатында өзінің инвестицияларынан алатын табыстарын жасыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда несиелердің көлемі азайып, жоғары пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Бұл құбылыс ғылыми әдебиеттерде «жаман қылық»  деп аталады. Ақпараттың ассиметриясы жағдайында сенімді қарыз алушылар тәуекел үшін жоғары пайыз мөлшерін төлейді, ал сенімсіз қарыз қарыз алушылар төмен пайыз мөлшерін төлейді. Сенімсіз қарыз алушылардың сенімді қарыз алушылармен салыстырған несие алу талпынысы жоғары болғандықтан несиелік ресурстардың тиімді бөлінуі төмендейді. Нәтижесінде нақты табыс алынбай, сенімді жобалардың бір бөлігі жүзеге асырылмайды қалады.

          Қаржылық  емес секторда жалпы жағдайдың төмендеуі  кезінде тәуекелді бағалау және қарыз алушыларды таңдау қиынға түседі, пайыздық мөлшерлемелер жоғарылайды, бұл  сенімді қарыз алушылардынарықтан кетуге мәжбүр етеді. Қаржылық жағдайына байланысты сенімсіз қарыз алушылар жоғары пайыз мөлшерін төлеуге келіседі, себебі ссуданы қайтара алмауы мүмкін екенін біледі. Мұның нәтижесінде тәуекелді несиелік саясат жүргізетін несие берушінің қаржылық жағдайына қауіп төнеді немесе нарықта сенімді қарыз алушылар бар екендігіне қарамастан берілетін несиелер көлемі шектеледі. Бұл қаржы нарығының да, нақты секторының да жағдайына кері әсерін тигізеді.

          Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар тураллы ақпарат  алмасу үшін құрылған несиелік бюролар  көмегімен шешуге болады. Несиелік бюролар: біріншіден, банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға, несие берушілерге ссуданың мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік беред; екіншіден, банктерге өздерінің клиенттері тралы ақпаратты іздеуде шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілерге несиелік ресурстар үшін тиімді бағаны анықтауға жағдай туғызады. Төменгі пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, нәтижесінде олардың қызметін ынталандырып; үшіншіден, қарыз алушыларды тәртәпке тәрбиелеу үшін тәртіптілік механизмін құрады. Әрқайсысы біледі, егер міндеттемесін орындамаса, оның оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарды алу мүмкіндігі шектеледі және несиелік ресурстарды алу мүмкіндігі шектеледі және несиелік ресурстар ол  үшін қымбаттайды. Сонымен қатар, бұл тәртіп қарыз алушының несиенің қайтаруына ықпал етеді. Несиелік бюролар банктердің несиелік тәуекелін төмендетуге және несиелік портфелінің сапасые арттыруға байланысты ақпараттарды жинақтайды.

         Несиелік  бюролар мынадай қызмет атқарады:       

    а) экономикалық дамуды тікелей ынталандырады;

    б) қарыз  алушылардың несие алу мүмкіндігін  арттырады;

    в) банктердегі  тәуекелді басқару жүйесін жақсартады.

          Несиелік  бюролар орта таптың мүмкіндіктерін кеңейтеді, несиелеу барысында халыққа объективті қарауды қамтамасыз етеді, сондай – ақ шағын және орта бизнес секторының дамуын ынталандырады. Несиелік бюролардың табысының негізгі көздеріне: несиелік есеп берулерді сату, несиелік бюроның ақпараттық жүйесіне қосылу және оны пайдалану үшін төлем, т.б. жатады. Сондай – ақ банктер әр жыл немесе ай сайын жүйені қолданып оны пайдалану үшін төлемдерді жүзеге асырады. Несиелік бюроның негізгі өнімі – несиелік есеп беру. Несиелік есеп беру мынадай үш бөліктен тұрады:

    • Ағымдағы міндеттемелердің көлемі туралы ақпарат;
    • Клиенттің өткен уақыттағы міндеттемелері туралы ақпарат;
    • Клиенттің несиелік мүмкіндігін арттыратын қосымша активтердің болуы туралы ақпарат.

         Несиелік  бюролар несие берушілермен құрылған және олардың меншігі ретінде қызмет көрсететін, одан пайда табатын ақпараттық делдалдар рөлін атқарады. Несие берушілер өздерінің клиенттері жайлы мәліметтермен несиелік Бюроны қамтамасыз етеді. Несиелік бюро бұл ақпараттарды басқа көздерден алған мәліметтермен (соттар, салық органдары, мемлекеттік тіркеу органдары т.б.) салыстырып, әр қарыз алушының жеке картотекасын құрады. Несие берушілер несиелік бюроға өздерінің клиенттері туралы тұрақты және нақты ақпаратты беру шартымен әр уақытта Бюродан қарыз алушылардың несиелік операциялары туралы есепті ала алады. Несиелік бюродағы ақпаратпен алмасу төмендегі сызбады келтірілген. 

    5 – сурет              Несиелік бюродағы ақпараттар ағымы*

     

    *Көзі:ҚР  индустриалды – инноваиялық даму  стратегиясы, Алматы.:2003, 52 – бет. 

              Несиелік бюролар қарыз алушының  несиелік операциялары туралы  есептің әр түрлерін береді. Бұл  қарыз алушы туралы барлық  ақпаратқа, берілетін несиенің  түріне және өте маңызды болып  табылатын несие берушілерге  қажетті нақтылау дәрежесіне байланысты болып табылады. Ең қарапайым есеп берудің құрамында қайтарылмауы туралы ақпарат кіреді, мұны «қара» мәліметтер деп атайды. Ал нақты есеп берулер – «ақ» мәліметтер, оның құрамына қарыз алушының активтері және пассивтері, кепілдемелер, өтелумерзімі және уақыты бойынша міндеттемелер құрылымы, оның қызметі және жанұя құрамы туралы толық ақпарат кешені кіреді. Есеп берудің нақтылығына байланысты, оның бағасы анықталады. Базалық есеп берудің құны айтарлықтай төмен, мысалы: АҚШ және Ұлыбританияда 1 доллар, Италияда 2 доллар, ал Аргентинаның жергілікті несие бюроларында 3 доллар. Біршама дамыған несиелік бюролар қарыз алушылардың сипаттамасына және несиелік тарихына негізделе отырып олардың несиелік рейтингтерін құрады, сонымен қатар несиелік шектеулерді белгілеуге, несиелердің бағасын белгілеуге және қаржы құралдың өтуіне ықпал ететін мәліметтерді болжауды жүзеге асырады.18

             Қазіргі кезде әртүрлі құрылымдық  формада несиелік бюролар әлемнің  барлық елдерінде қызмет етеді.  Көптеген елдер экономиканың дамуы ашық ақпараттар кезінде ғана мүмкін деген қорытындыға келді. Бұған 2000 жылы мамыр айында жарияланған Экономика және қаржы аясындағы зерттеу орталығының (Centre for Studies in Economics and Finance (CSEF) “Information Sharin, Lending and Defaults:Cross – Country Evidence” ) жұмысындағы мәліметтері дәлел бола алады. Орталықтың мамандары 40 елдің мәліметтерін топтастыра отырып, несиелеудің тиімділігін және көлемін сипаттайтын бір қатар көрсеткіштері туралы қызықты мәліметтер алады.

    6 - кесте Несиелеу мен ақпарат алмасудың байланысы*

     
    Көрсеткіш
    Ақпаратпен  алмасу
    жоқ Тек қана «қара» «қара» және «ақ»
    Банктік несиелер / ЖІӨ % 31,1 67,57 66,42
    Ссудалар  бойынша шығындарға резервтер / несиелердің  жалпы көлемі (%)  
    1,31
     
    0,86
     
    0,81
    Несиелік  тәуекел (%) 15,2 5,11 7,14

    *Көзі:Centre for Studies in Economics and Finance (CSEF) “Information Sharin, Lending and Defaults:Cross – Country Evidence” 2000 жыл,  мамыр. 35 – бет. 

          Ақпарат алмасу ЖІӨ - ге қатысты банктік несиелеуді шамамен 20 % - ке өсуін ынталандыратыны анықталады. Сонымен қатар, несиелік тәуекел мөлшері төмендеп, сәйкесінше өтелмеген несиелер бойынша резевтер мөлшері азаяды.

          Әлемдік тәжірибеде бюроларды құрудың әртүрлі  құрылымдық формаларды қолданылған. Әр елдегі несиелік бюролардың саны мен  меншік формасы әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: АҚШ, Бразилия, Аргентина сияқты бір қатар елдерде несиелік бюролар ақпараттық қызмет көрсетіден пайда табу мақсатында қызмет ететін кәсіпорындар болып табылад. Сонымен қатар бұл елдерде жергілікті сауда палаталармен құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылатын несиелік бюролар да қызмет етеді. Жапонияда және Еуропаның бір қатар елдерінде несиелік бюролар, әдетте, несие берушілердің консорциумның меншігі болатын жеке компаниялар формасында құрылады. Ұлыбританяның аумағында қарыз берушілерден мүлдем тәуелсіз екі несиелік бюро қызмет етеді. Финляндияда және Бельгияда несиелік бюролар үкіметпен басқарылады және лицензияланады.        

          Дамыған елдердегі несиелік бюролардың мәліметтер базасы ондағы жылдар бойы құрылып  келеді. Әлемдегі ең үлкен және ең ескі несиелік бюро – «Дан энд Бредстрит». Оның мәліметтер базасы қазіргі кезде 40 млн компаниялар туралы ақпараттарға ие. АҚШ, Канада, Финляндия, және ОАР сияқты елдер қатарында несиелік бюролар өздерінің қызметін 19 ғасырдың басында – 20 ғасырда бастады. Кейбір елдерде жеке несиелік бюролар айтарлықтай жаңа құбылыс, дегенмен ол жалпы қоғамдық мәнін және өзінің дамуын тездетуде. Латынамерикасының және азия елдерінің бір қатарында несиелік бюролар енді дами бастауда және олар көбінесе «қара» ақпаратты беруде, бірақ бұл ашық экономика бағытындағы тек алғашқы қадамдар болып табылады.

              Несие берушілер жүйелер арқылы  көлемі айтарлықтай үлкен. Мысалы: Германияда, АҚШ, Бельгияда, Жапонияда,  Ұлыбританияда берілетін есеп  берулер саны халық санынан артып отыр.

              Несиелік бюролар саны көптігіне  қарамастан кпиталдың жоғары  деңгейде шоғырлануы байқалады.  Осылайша АҚШ, Ұлыбританияда,  Жапонияда, ақпараттың бүкіл кешенін  ұсынатын екі – үш ірі несиелік  бюро басты рөлді атқарады. Кейбір елдерде (Аргентина, Австралия, Бразилия, Германия, Финляндия, Ирландия) тек бір ғана әмбибап несиелік бюро қызмет етеді,  қалғандары негізінен ақпараттың жекелеген түрлерін ғана береді. Бұл ірі компания толық және нақты ақпараттың ең жоғары мөлшерін жинақтау және өзінің қвзметінде дамыған  ақпараттық технологияларды қлдана алудың жоғары мүмкіндігімен сипатталады.

          1998 жылдары несиелік бюролардың қызмет аясында халықаралық деңгейге шығу процесі басталды. Бұл ірі бизнестің өкілдері өздерінің алдына трансұлттық компанияларға өсу мақсатын қойды. Қазіргі кезде әлемде бірнеше трансұлттық несиелік бюролар қызмет етеді: Dun&Bradstreet; Experian; Equifax; TransUnion.

          Көптеген  елдерде несиелік бюролар алдында  қарыз алушылардың жеке ақпаратын  қорғау мәселесі тұрады. Сондықтан қазіргі кезде барлық елдерде несиелік бюролардың қызметтері азаматтардың құқықтарын және еріктерін бұзбайтындай жағдайда ұйымдастырылады. Заңмен белгілі кепілдер қатары анықтылады, мәліметтерге шектеулер, «ақ» ақпаратты беруге шектеу (мысалы: Финляндияда және Австрияда), жеке мәліметтерді белгілі бір уақыттан кейін жою (7 жыл АҚШ, 5 жыл Австралияда), нақты жеке ақпарат жинауға тыйым салу, мысалы: нәсілдік, діндік ұстанымы, саяси көз қарастар, т.б. қарыз алушының өзі ақпараттарды тексеріп жөндеуге мүмкіндігінің болуы,  сондай – ақ кейбір елдерді ақпараттар тек иелерінің келісімен ғана берілуі көзделген.

            Стандартты несиелік есеп берулерден  басқа несиелік бюролар рейтингтік  агенттіктердің ролін атқарады, яғни олар өздері жинаған мәліметтерге сүйеніп қарыз алушылардың белгілі рейтингін белгілейді.

          Несиелік  бюролар өздерінің қызметі барысында  мынадай қағидаларға сүйенеді:

    • өзара байланыс, өзара айырбас қағидасы, яғни ақпарат несиелік бюроға ақпарат берген қатысушыларға ғана беріледі;
    • нақтылық және сенімділік қағидасы, яғни несиелік бюроға ақпарат беруші ұйымдар берген мәліметтердің толықтығына және нақтылығына жауап береді;
    • бейтараптылық қағидасы, яғни коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат жарияланбайды;
    • ең жоғарғы қауіпсіздік қағидасы, яғни несиелік бюро және банк арасындағы жиналатын және таратылатын барлық ақпарат жарияланбайды және банктің құпия болып табылады.

          Несиелік  бюролардың ақпараттарды алу көздеріне  мыналар жатады:

    • тұтынушылардың өздерінен, несие алу кезінде толтырылатын сұрақ парағы негізінде;
    • жариялық актілерден, банкроттылық туралы және соттың қаулылары;
    • несие берушілерден және борыштық міндеттемелерді талап ету агенттіктерінен.

          Польшадағы  несиелік бюролардың қызмет ету барысында  бірқатар кемшіліктер анықталды. Мұндай кемшіліктерді Қазақстанда несиелік бюро құру процесінде міндетті түрде ескеру керек. Польшада қазіргі кезде несиелік бюромен банк секторының барлық субъектілері келісім – шартты жасаған жоқ, осыған байланысты басқа банктерде несиеліе тарихы бар клиенттерімен жұмыс жасауда қиындықтар туындауы мүмкін.

          Несиелік  бюроның қызметі үшін банктердің төлейтін төлемдері айтарлықтай  жоғары, күнделікті несиелік бюроға бағытталытын керекті ақпаратты дайындау банктерден қосымша шығындарды талап етеді.

          Несиелік  бюролар банктермен берілетін ақпараттың белгілі формада және құрымда болуына талап етеді, ал бұл көп жағдайда банк ішіндегі талдауда қолданылатын ақпараттың формасымен және құрылымымен сәкес келмейді. Бұл да бірқатар қиындықтарды туғызады. Кейбір елдерде банктер ақпаратты өздерінің формасында ұсынады, ал несиелік бюро оны өзінің формасында өңдеп, сол формада сатады.

          Сонымен қатар, кейбір банктер несиелік бюроның  талап ететін ақпараттың үлкен көлемімен  келіспейді, себебі бұл банк қызметкерлеріне  осындай ақпаратты дайындауда қосымша ауыртпалықты жүктейді. Бірақ өз кезегінде бірқатар банктер несиелік бюродан алатын ақпараттардың мазмұны несиелік қабілетті және несиелік тәуекелді бағалау үшін жеткіліксіз екенін атап көрсетті мысалы ипотекалық несие үшін керекті жылжымайтын мүлік кепілі туралы ақпараттар және т.с.с.

          Несиелік  бюроны құруды банктер үшін алатын артықшылықтары:

    • банктер клиент туралы несиелік бюрода бар барлық ақпаратты қысқа уақыт ішінде ала алатын болады.
    • Несиелік бюро тек теріс ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар банкке несие алу үшін келген клиенттің барлық міндеттемелерін сомасы және клиенттің өзінің міндеттемелерін қаншалықты уақытылы және тәртіпті орындайтыны жайлы ақпараттарды береді. Бұл әрине банктерге келген клиенттің несие және төлем қабілетін бағалауды тездетіп оны жеңілдетеді.
    • Клиент туралы ақпаратты өтінішті берген күні несиелік бюроға хабарлауы арқылы банк клиенттің қандай басқа банктерден бір мезгілде несие сұрап отырғаны жайлы біле алады.

          Сондай  – ақ, банктің тәртіпті клиенттері үшін де несиелік бюролардың қызмет етуі бір шама тиімді. Олардың басқа мекемелердің алдындағы уақытылы міндеттемелерін орындауы банктік мекемелерден тиімді шарттарда несие алуына мүмкіндік береді.

          Шетелдік  тәжірибесін ескере отырып, Қазақстанды  несиелік бюроны құру барысында мынадай ұсыныстар жасауға болады:

    • Несиелік бюро Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қатысуымен құрылғаны тиімді, себебі оның біршама жетілген телекомуникациялық желілер және жергілікті бөлімшелері болғандықтан ақпарат алмасуды жоғары жеңгейде жүргізу мүмкіндігі бар. Сондай – ақ, несиелік бюро ақпараттарының базасын құруда ҰБ – тың ЕДб бойынша несиелер жайла олардың берген несиелік регистрі негіз бола алады;
    • Несиелік бюро потенциалды қарыз алушылар жайлы «ақ» және «қара» ақпарат берген жағдайда экономикамыздың даму мүмкіндігі, сондай – ақ несиелік бюро қызметіне сенімділік дәрежесі арта түседі;
    • Заңды және жеке тұлғаларды несиелеуге қатысатын барлық банк аясында қызмет ететін субъектілер несиелік бюромен міндетті түрде келісім – шарт жасасып, потенциалды қарыз алушылар туралы ақпараттармен алмасып тұруы  керек;
    • Ақпараттарды басқа мақсаттарда пайдаланудаг сақтау үшін несиелік бюро қызметін атқаратын мекемелер міндетті түрде лицензиялануы қажет;
    • Потенциалды қарыз алушылардың өз міндеттемелерін уақытылы және толық орындауын ынталандыру және банктерге олардың несиелік қабілетін анықтауға қосымшы ақпарат көзі болып табылатын «рейтинг жүйесін» жасаған жөн.
    • Несиелік тапсырылған ақпараттардың бекітілген формасы болуы тиіс;
    • Несиелік бюро потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін анықтауға қажетті ақпараттар сұрауға тиіс.

         

      
     

    Қорытынды 

          Қазақстан экономикасы тұрақты, ірі, шоғырланған банктік жүйеге мұқтаж болуда, сондай – ақ, болашақта үлкен экономикасы күшті болуына уәде беретіндей өз алдына құралдарды дербес тартуға және перспективалы жобаларға салымдардың салынуын қажет етеді.

          Яғни, банктік сектор, өзі көптеген макроэкономикалық  факторларға тәуелді, бірақ тиімді банк жүйесі болып, маңызды компоненттермен  және ұлттық экономиканы дамытудағы бірден бір қажетті шарттардың бар болуынан табылады.

          Есте  сақтап айтуға болады, бізбен қарастырылған  банктің тәуекелділік басқаруы бойынша  жұмыс аспектісі, кез келген банкке практикалық кең мағынада қолдануға  болады.

          Қазіргі банктік сектор тәуекелсіз болуы мүмкін емес, өйткені тәуекел әр банктік операцияда бар, бірақ белгілі бір тәуекелдің жіктелуі әр түрлі болуы мүмкін. Көрсетілген жіктеулер, банктік тәуекелдердің түрлерін ғана емес, сонымен қатар, белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдер болады.

          Осыдан  келе көптеген банктік тәуекелдер түрлері  бар және олар банктің жүргізетін операциялар есебі үшін өте маңызды.  Бірақ біз ең маңызды тәуекелдерді қарастырамыз және мүмкін болатын тәуекел  деңгейін, оларды басқарудың тиімді тәсілдерін ұсынамыз. Банктер өздерінің қызметтерін халықаралық деңгейде атқаратын кезде келесі сыртқы тәуекелдер: елдік, валюталық, форс – мажорлық міндеттемелер тәуекелдер кездеседі.

          Несиелік  тәуекелді бағалауда отандық  банктің табыстылығын арттыруға  мүмкіндік жасайды.

          Несие мақсаттары мен жалпы қағидалары болып: банк үшін пайдалылық кәсіпкерлікті  кеңейту қажет, сондай – ақ, әрбір  несие мүмкін тәуекел шегінде  пайда әкелуі тиіс, қайтарымдылық  және толықтылық, несие мәлімдемелерін бағалау, қайтарымдылығы бойынша қауіп әкелетін несиелерді басқару, әртүрлі өнеркәсіп салалары бойынша несие топтарын шектеу, нарық қатынастарын құруда банк клиенттерінің қаржылық жағдайын және экономикалық жағдайын нығайтуға көмектесу болып табылады.  

          Пайыздық  саясат банктік қызметте оның табыстылығының нәтижесі болып табылады. Пайыздық тәуекелді пайыз мөлшерлеменің деңгейдегі өзгерістерге қатысты табыстылықтың немесе қаржылық актілер бағамының өзгеруі ретінде анықталады.

          Валюталық тәуекел – шетелдік валютаның  ұлттық валютаға қатысты бағамның өзгерумен байланысты бағамдық қатері. Шетелдік валюталар бағамының артуын ұдайы бақылау (әртараптандыру), сақтандыру, форвардтық контрактіні бекіту банктердің іс – тәжірибесінде валюта қатерін кемітудің әдістері болып табылады. Мұндай шараларды жасау – тәуекел саласындағы банк стратегиясының  маңызды компоненті болып табылады. 

          Мемлекеттік тәуекелдің болуына кінәлі болған мемлекет үшін банкрот түсінігі қолданылмайды, өйткені мемлекеттің өзі ұлттық территорияда заңды іс әрекеттерді  жүзеге асырған кезде өзінің тәуелсіз екендігін көрсетеді. Оған қоса халықаралық құқық нормаларында халықаралық несиелеудің алудың негізгі принциптері болуы керек, өйткені оларды қайтаруда кредиторлардың  да және несиелік процесті қаржыландыруды қамтамасыз етушілердің де тағдыры шешілмек.

         Негізінен мемлекеттік тәуекелдер халықаралық  кредиторлардың борышкерлерге әсер ету үшін шектелген шаруалардың  нәтижесінде пайда болады. Алайда бұл осы қорларды инвестициялап  отырған банктің еларалық тәуекелді  алдын ала болжамауынан және де оларды басқара алмауын білдірмейді. Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылады.

         Шетелдік  банктердің тәжірибесінде қарыз  алушының несиелік қабілетін жете бағалау  несиелік тәуекелді төмендетуде  басты шара болып табылады. Көптеген шет мемлекеттерінде несиелік тәуекелді  реттеуге қатысатын арнайы орган бар. Ол – несиелік бюро.

          Шетелдік  банктерде қарыз алушылардың  несиелік қабілетін бағалайтын PARSER немесе CAMPARI деген әдісін қолдану және американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білетін «алты си ережесі» қолданылады. Бұл қарыз алушының жауапкершілігін, қарызды өтеуге дайындығын көрсетеді.

          Банктік тәуекелді басқаруда тәуекелді  төмендету бойынша бағытталған  іздестірулер мен жұмысшыларды ұйымдастыру, табыстылықпен тәуекелдің қарым  – қатынасын, қаржылық жағдайдағы пайданы табу.

         Қазақстанда заңды және жеке тұлғаларды несиелеудің  дамуына байланысты банктерге қарыз  алушылардың несиелік тәртібі және басқа несиелік ұйымдармен байланысы  туралы ақпараттар өте маңызды болып  табылады.

         Әлемдік тәжірибе көрсеткендей бұл мәселені тек несие берушілер арасында қарыз алушылар туралы ақпарат алмасу үшін құрылған несиелік бюролар көмегімен шешуге болады. Несиелік бюролар: біріншіден, банктердің нарықтағы қарыз алушылар жайлы мәліметтердің деңгейін жоғарылатып, ссудалардың қайтарылуын нақты болжауға, несие берушілерге ссуданың мақсаты мен бағасын тиімді анықтауға мүмкіндік беред; екіншіден, банктерге өздерінің клиенттері тралы ақпаратты іздеуде шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды. Бұл несиелік нарық ішіндегі ақпараттарды теңестіруге және осы арқылы несие берушілерге несиелік ресурстар үшін тиімді бағаны анықтауға жағдай туғызады. Төменгі пайыздық мөлшерлемелер қарыз алушылардың таза табысын арттырып, нәтижесінде олардың қызметін ынталандырып; үшіншіден, қарыз алушыларды тәртәпке тәрбиелеу үшін тәртіптілік механизмін құрады. Әрқайсысы біледі, егер міндеттемесін орындамаса, оның оның несие берушілер алдындағы беделі түсіп, несиелік ресурстарды алу мүмкіндігі шектеледі және несиелік ресурстар ол  үшін қымбаттайды. Сонымен қатар, бұл тәртіп қарыз алушының несиенің қайтаруына ықпал етеді.

         Қазақстанның  банк жүйесінде несиелік бюроны құру беділін арттырады. Несиелік бюроны құру арқылы банктерге өздерінің  несиелік тәуекелін нақты болжау және алдын алу мүмкіндігі туындайды. Сондай – ақ, несиелік тәуекелдің төмендеуі салдарынан экономиканың нақты секторындағы перспективті жобалар анықталып, оларды несиелеудің мүмкіндігі артады, несиелік қабілеті жоғары экономика субъектілеріне несие ресурстарын алу оңайға түседі. Несиелік бюрода жасалатын несиелік рейтинг жүйесі банктердің несиелік тәуекелін біршама төмендетіп, күмәнді несиелерге құрылатын провизиялардың сомасын азайтуға және осыған байланысты банктің несиелік ресурстарының көлемінің арттыруға мүмкіндік жасайды.  

         Нарықтық  шаруашылықтағы банк қызметінің негізгі бағдары ысырап пен банкротқа ұшырау қатерін барынша азайтумен операциялардан ең жоғары шамада пайда алудан тұрады.

                
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Қолданылған әдебиеттер:

    Заңнамалар:

          1.  «Банктік құқық» қысқаша оқу  құрал. Жалпы және ерекше бөлімдері.  Алматы: Жеті жарғы, 2005;

          2. Банки и банковские организации   в Респблике Казахстан; Алматы, Юрист – 2003, основные законодательные  акты;

          3. ҚР ҰБ Басқармасының «Екінші деңгейлі банктерде тәуекелдерді бақылау және ішкі бақылау жүйесінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулық», 2003ж. 6 желтоқсан;

    Монография  және оқу құралдар:

          4. Ахметова А.А. «Кредитные риски   в деятельности коммерческих  банков и проблемы управления  ими (на примере коммерческих  банков Казахстана)», Караганда  – 2002;

          5. Дыльнов Д.В, Кредитное бюро: межднародный опыт. ЗАО «КБ «ГУТА - Банк», Кредитно – экономический департамент, 2002;

          6. «Жедел жаңару жолындағы бағдарлар», 3 бөлім, Алматы – 2005;

          7. Корнилова Л.П «Влияние рисков  на надежность банка (на примерах  банка второго уровня Республики Казахстан)» Алматы, 2002;

          8. Корнилова Л.П, Хамитов Н.Н «Управление банковскими рисками», Алматы – 2002;

          9. «Қаржылық тәуекелді басқару» Мәскеу – 2003;

          10. «ҚР индустриалды – инноваиялық даму стратегиясы», Алматы – 2003;

          11. Мақыш С.Б «Коммерциялық банктер операциясы», Алматы – 2004ж;

          12. Сейтқасымов Ғ.С  «Ақша, Несие,  Банктер», Алматы - 2005;

          13. Шаяхметова К.О «Банктік тәуекелдерді  басқару», Алматы – 2004ж; 

          14. «Экономические ориентиры на  пути к ускоренной модернизаций»,  часть 6, Алматы – 2005; 

    Мерзімдік басылымдар:

          15. «Банктік тәуекелді реттеудегі  мемлекеттің рөлі» ҚазҰУ хабаршы.  Экономикалық серия №3 (43) 2004;

          16. «Банктік несиелік тәуекелді  бағалаумен басқару»  ҚазҰУ хабаршы.  Экономикалық серия №4 (44) 2004;

          17. «Банктік тәуекелді басқаруда стратегиямен факторлары» Қаржы – қаражат №2, 2005;

          18. «Екінші деңгейлі банктердің  тәуекелді басқару жүйесінің  дамуы» ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия №1 (47) 2005;

          19. Зиябекев Б. «Кредитное бюро  – инструмент выявления рисков»  Банки Казахстана - №3  2002;

          20. «Коммерциялық банктерде пайыздық  тәуекелді басқарудағы әдістер»  №1, 2006;

          21. ҚРҰБ – статистикалық бюллетені, 2003;

          22. «Пайыз тәуекелін басқару банк  пайдасын ұлғайту құралы» ҚазҰУ  хабаршы. Экономикалық серия №5 (45) 2004;

          23. «Пайыз тәуекелі», «Валюталық тәуекел» ҚазҰУ хабаршы. Экономикалық серия №5 (51) 2005;

          24. «Система Кредитного Бюро В  Казахстане» Банки Казахстана  №9 2003;

          25. Халық банктінің 2002 жылғы есебі. 
     
     
     
     
     
     
     
     

    Қосымша 1

    Тәуекел түрлерінің жіктелуі* 

    Сыртқы  тәуекел Ішкі  тәуекел
    Сыртқы  тәуекел – сыртқы ортада пайда болады және олар басқарылмайты және жарым – жартылай басқарылады. Басқарылмайтын тәуекелге келесідей тәуекелдер жатады:

    1.Стихиялық  апаттар тәуекелі – бұл жер сілкінісі, су тасқыны, өрт, дауыл және т.б апаттардың әсерінен банктің материалды ісер шегуі.

    2.Саясат  тәуекелі – бұл өкіметте саясаткерлердің ауысуы немесе мемлекетте өткізіліп отырған саясаттық курстың ауысуы және де азаматтық соғыс, революциялық соғыстың жариялануы банкке әсерін тигізеді. Саясат тәуекелі банктің жекеменшіктендірілуі немесе жаңа шек қою, заңдық өзгертулер енгізу банктің жағдайын немесе клиенттің жағдайын нашарлатуы мүмкін.

    3.Жалпы экономикалық тәуекел – бұл мемлекеттің экономикалық жағдайының төмендеуі яғни,  мемлекеттік бюджет тапшылығының өсуі, инфляция (дефляция) днңгейінің өсуі, экономикалық құрылымдық дағдарыс, елдегі жағымсыз төлем балансы, өкіметтегі экономикалық саясаттың тұрақсыздығы, мемлекеттік чиновниктер арасындығы коррупцияның өсуі және т.б.

    4.Елдік тәуекел – елдегі саяси және экономикалық жағдайдың өзгеруі деңгейінің фирмалармен, қарыз алушылардың және мемлекеттің немесе елдің сыртқы қарыздарды өтеуге әсері. Елдік тәуекел сыртқы экономикалық қатынасқа байланысы бар банктерге әсерін тигізеді. Елдік тәуекел көптеген факторлардың әсерінен туындайды.

    5.Депозиттік  тәуекел – бұл тәуекел сырқы ортаның яғни, депозиттің, қарыздың, салымдарды және басқа да қаржылық көздерді тарту. Банктің ағымдағы қажеттіліктерді қанағаттандыруда: мерзімінен бұрын салымдарды депозит және банктен займдарды алу.

    6.Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарызы мен пайызын мерзімінде төлемеген жағдайынан туындайтын зардап.   Несие бойынша тағайындалатын ставка қарыз алушының қамтамасыз етілетін кепілдеме құнының өзгеру тәуекелділігі мен қарыз алушының міндеттемелерді орындай алмау тәуекелділігін есепке ала отырып бекітіледі. Қарыз алушының міндеттемелерді орындай алмауы көптеген факторлардың әсерінен туындайды: заңдық құқықтық қабілеттілігі, қаржылық жағдайы, клиенттің беделі, кепілге қоятын мүліктің құндылығы, сапасы, кәсіпорынның дамуына болжау және т.б. 

    7.Валюталық   тәуекел –  Ұлттық валютаға шеттел валюта бағамының өзгерісінен туындаған валюталық  (курстық) зардап шегу. Бұл тәуекелдіктің түрі 70 – 80 ж.ж. батыстың экономикасында кездескен, әсіресе өзгермелі валюталық курсқа өткізу кезінде пайда болған. Валюталық тәуекел спекулятивтік жолмен баюға тырысатын банктерде көп кездеседі. Бір валюта курсының әр түрлі валюта нарығына сәйкес келмеумен немесе әртүрлі уақыт мерзімінде валюталық курстың айырмашылығы жағдайында туындайды.

    8.Пайыздық  тәуекел – пайыздық ставкасының қолайсыз алдын ала белгісіз жағдайының өзгеру нәтижесінде банктің зардап шегуі. Маржаның шегерілуі пайыздық тәуекел тартылған қаражат көздерінің қайтару мерзімі сәйкес келмеген жағдайда немесе активті және пассивті операциялар ставкалар белгіленген ставкалармен немесе айнымалы ставкалармен белгіленген жағдайда орын алады.

    9.Инвестициялық тәуекел - әлемдік нарықта коньюктураның өзгеруі, спекулятивті, пайыздық ставканың өзгеруі, саясаттық немесе экономикалық кризис, эмитенттің банкроттылық нәтижесінде бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелділігі.

           

     
     
     
     
     
     
     
     
     
    Ішкі  тәуекел – бұл банк ішінде пайда болатын тәуекелдер. Ішкі тәуекелдер: әкімшілік, қаржылық және операциондық болып бөлінеді.Әкімшілік тәуекелдер былай бөлінеді:

    1.Стратегия тәуекелі – ішкі стратегиямен қате таңдау тәуекелі, қате аналитикалық болжамдарды қолдану және т.б.

     

    2.Құрылым  тәуекелділігі – банк құрылымының тиімсізділік тәуекелі.

     
     
     
     
     
     
     
     

    3.Басқару тәуекелі – бұл, банк басқаруда мамандырылмаған немесе авантюрлі нәтижеде пайда болатын тәуекел.

     
     
     
     
     
     
     

    4.Кадрлық  тәуекел – мамансыз кадрларды қабылдауда немесе қызметкерлердің психологиялық мінездемелері сәйкес келмеуі, кллективте жұмыссыздық атмосфера құратын тәуекел.

     
     
     
     

    5.Бақылау  тәуекелділігі – бұл банктік бөлімшелерді бақылауда бақылау жүйесі тиімді емес болуы мүмкін. Бөлек құрал түрлері немесе бөлек операциялар. Сонымен бірге, бақылау тәуекелділігі бұл банктен құпиялы ақпараттың ағып кетпеу тәуекелділігі.

    6.Қаржылық  тәуекел – банктің қаржылық қызметімен байланысты тәуекелдер. Банктік операциялардың негізгі тәуекел түрлеріне жататындар:

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    7.Өтімділік  тәуекел – қысқа мерзімді және орта мерзімді талап сомалармен міндеттемелердің сәйкес келмеуі, банктің төлемқабілетсіздігіне және төлемдердің тұрып қалуына әкеп соғады.

     
     
     
     
     
     
     
     

    8.Операция  түрлерінің тәуекелділігі – жеке операция  түрлерінің тәуекелділігі. Мысалы: лизингтік, факторингтік, фьючерстік немесе  опциондық операция.

     
     
     
     
     
     
     

    9.Сауда  тәуекелділігі – сауда кезіндегі сауда инструменттерін жоғалту тәуекелділігі яғни, бағалы қағаздар, валюта, қаржылық инструмент және т.б.

     
     
     
     

    10.Операциялық тәуекел – бұл ағымдағы тәуекел, жеке банктік бөлімшелерді басқару деңгейінде банктің күнделікті қызметінде пайда болады.

    11.Ұйымдастыру  тәуекелі – банк бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуы, лауазым міндеттемелердің, операция мен есеп жүргізу практикасы және т.б.

    12.Ақпараттық  тәуекел – бұл банктік операцияға әсер ететін жалған ақпарат алу немесе қажетті нарықтық ақпараттың алмасуы.

    13.Персоналмен байланысты тәуекел – персонал тәртібінің ерекшелігі нәтижесінде шығын болу мүмкіншілігі.     

     

    *Көзі: Автормен құрастырылған.

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Қосымша 2

         Банк  мекемелеріндегі  тәуекелдер

            

            

              

           

         

            

           

            

            

         

            

           

           

         

             

           

           

            

            

           

         

           

         

         

         

           

         

    Қосымша 3

     

    3 – сурет  Несиелік тәуекелді басқару және банк сенімділігінің жоғарылау әдісі*

     
     

         

         

         

         

         

         

     

         

         

     

         

         

  • Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару