Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:38, курсовая работа
Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады. Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.
I. Кіріспе.
II. Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі.
2.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы.
2.2. Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.
III. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау.
3.1. Орталық банк және оның қызметтері.
3.2. Коммерциялық банк және оның қызметтері.
IV.Қазақстан Республикадағы банк жүйесіндегі мәселлер және жетәлдәру жолдары.
V. Қортынды.
VI. Пайдаланылған әдебиеттер.
Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредит салымдары 2005 жылы қыркүйек айында 1974,7 млрд. теңгені құрады. Мұның ішіидегі 1000,2 млрд. теңге ұлттық валютада, ал қалған 974,5 млрд. теңге шетел валюталарында орын алды. Сонымен қатар экономикада ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелердің өсімі бірдей орын алуда. Ұзақ мерзімді несиелердің құрамы 1329,6 млрд. теңгені, ал қысқа мерзімді несиелердің мөлшері 645 млрд. теңгеге өсті. Елдегі несие қатынастарының өсуі, әсіресе ұзақ мерзімді несиелер экономиканың шикізат өндіріс саласында, ипотекалық-құрылыстағы несиелерді және ірі көлемдегі коммерциялық қызметтер негізінде орын алуда. Ал қысқа мерзімді несиелер (микрокредиттер) халык тұтынатын өнімдерді несиелеу, шағын бизнесті несиелеуде және кепілдік заттар беру аркылы кысқа мерзімді қарыз ақша тартуда көрініс табуда. Сонымеи катар банктер арқылы шағын бизнеске берілген несиенің үлесі 339,5 млрд. теңгеге жетті.
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфеліи қалыптастырудың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарыи толыктыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатыи табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерініи бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамып келе жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операцнялар дың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі іс құрал-жабдыктарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өидіріске және сауда саттыкқа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгенрге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтің иесиеден айырмашылығы келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объекгісінің лизинг берушінің банктік меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік қатынастардың дамуы инвестициялық процестің кең көлемде көріиіс табуына жол ашады және қолайлы инвестициялық климат қалыптастырады.
Лизингтің артықшылыктары мен кемшіліктері келесідей.
Лизингтің қарапайым несиедеи келесідей артықшылықтары бар:
Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастардың дамуы 2000 жылдай бастап қарқынды түрде дами бастады. Басты лизингтік қызметтердің үлесі «Казагрофинанс» лизингтік компаниясының үлесіне тиді. Ол компания ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған 100%-дық мемлекеттік компания болып табылады. Еліміздің коммерциялық банктері лизингтік операцияларды жекелеген лизинг компаниялары аркылы іске асырып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 20-дан астам лизингтік компаниялар бар, ал олардың 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады. Олардың осы нарықтағы үлесі 50%-дан артып отыр.
Коммерциялык баиктердің келесі операциясына кассалық операциялар жатады. Кассалық операция - бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сақтаумен байланысты операцияны білдіреді.
Касса жұмысын ұйымдастыру, яғни клиенттерге кассалық операциялар бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай бөлімшелер болуға тиіс:
• кіріс-шығыс кассалары;
Банк кассасына клиентерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу мынадай кіріс кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:
Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады және оған қосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарың санын, сондай-ақ банкноталар мен монеталардың сомасын санмен және жазбаша түрде керсетеді.
Қолма-кол ақшаны қабылдап алғаннан кейін, кассир қабылдаған соманы, кіріс кассалық қүжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып, түбіртекке "Кіріс кассасы" деген мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға береді.
Банк клиентінің ағымдық және корреспонденттік шотынан қолма-қол ақшаны беру мынадай құжаттар арқылы жүзеге асырылады:
Банк клиенті қолма-қол ақша алуға арналған кассалық кұжаттарын операциондық жұмыскерге береді, ол құжаттарға қажетті тексерулср жүргізіп, оларды бақылаушы-бухгалтерлерге береді, сөйтіп шығыс кассалық ордерінде көрсетілген қолма-қол акша сомасы шығыс жөніндегі кассалық журналда есепке алынады.
Шығыс құжатын алған бақылаушы-бухгалтер мынадай жұмыстарды жүргізуге міндетті:
Содан соң барып кассир қолма-қол ақшаны алушыны кассага чектегі номері бойынша шақырып, тағы да қандай соманы алатымдығын нактылап алып, содан кейін ақшасын береді.
Қайта есептеу кассасы клиентің инкассаиияланған ақшалай түсімдерін қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирі, бакылаушы кассирдің қатысумен кешкі кассаның кассирінен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкені қабылдап, ақшаны оған тіркеме құжаттар негізінде қайта санаудан өткізіп, қабылдап алады.
Инкассаторлардан қолма-кол ақшасы бар сөмкелерді кассирлер кабылдау барысында мыналарды тексереді:
бригаданың әрбір мүшесі қабылдаған сөмкелерді есепке алу журналдарының екеуіне де қолдарын қояды. Журналдың екінші данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына береді.
Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлінеді:
•' банктен кеңсеге дейін немесе керісінше колма-кол ақшаларды инкассациялау;
• құндылықтарды жеткізіп беру.
Коммерциялық банктердің тағы да бір активті операциясы бұл - траст. "Траст" ағылшын тілінен аударғанда "сенім" деген сөзді білдірсді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын "жеке меншікті иеленудің ерекше нысаны.
Траст операциясы — клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруга және тапсырмасы бойыыша басқа да қызмет көрсетуге бай.іг:нь:сты банктің операциялары.
Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
• Бенефициар - траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға.
Сонымен, банктің траст операциясы — бұл банктің өз клиентеріне көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.
Траст қызметіне: біріншіден, жылжымайтын және жылжитыи мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық гюртфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.
Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратыи қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:
Траст операциясын жасау үшін ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісімшарт болуы қажет. Осы келісімшарт негізінде мынандай қызметтерді атқарады: