Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:38, курсовая работа

Описание работы

Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады. Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі.
2.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы.
2.2. Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.
III. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау.
3.1. Орталық банк және оның қызметтері.
3.2. Коммерциялық банк және оның қызметтері.
IV.Қазақстан Республикадағы банк жүйесіндегі мәселлер және жетәлдәру жолдары.
V. Қортынды.
VI. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

БАНК 43.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

Басқарма  дегеніміз – бұл  банктің ағымдағы қызметін басқаратын алқалы топтан құрылған атқарушы ұйым. Басқарма төрағадан, оның орынбасарларынан, сондай-ақ банктің басқарушы директорларынан тұрады.

Басқарманың басты қызметі  мен өкілеттіктері:

  • Акционерлердің  жалпы жиналысы мен  банктің директорлар  кеңесі шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
  • Банктің қаржылық-экономикалық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • Бизнес-стратегияларды іске асыру;
  • Аға менеджмент пен банк филиалдарының өкілдерін тағайындау;
  • Акционерлердің жалпы жиналысы мен банктің директорлары кеңесінің құзыретіне кірмейтін басқа да мәселелер.

"ТұранӘлем Банкі" АҚ басқармасының мүшелері – Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ шетелде де жұмыс тәжірибесін жинақтаған танымал кәсіпқой мамандар. Басшылықтың жоғары деңгейлі кәсіби шеберлігі арқасында банк алдыңғы қатарлардан табылып, жоғары рейтингілерге ие болып жүр. Басқарма мүшелері әр жылдарда аса ірі қазақстандық және шетелдік қаржы құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда басқарушылық қызметтерін атқарып келген. 

3.2 Банк Туран Әлемнің негізгі стратегиясы мен оны жүзеге асыратын акционерлері 

              ТӘБ – бұл әмбебап, қарқынды дамушы банк, оның штаб-пәтері Қазақстанда орналасқан. ТӘБ қаржы қызметтерін ТМД, Шығыс Еуропа және Азия елдеріндегі дамушы нарықтарда белсенді түрде ұсынып келеді. Қаржы және кеңес беру қызметтерін ұсынудың сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында ТӘБ жекелеген өнімдерге маманданған еншілес құрылымдар құруда. Банктің негізгі бәсекелік артықшылықтарының бірі – өзінің жаңа нарықтарға қатысуын дамыту, өз өнімдерінің қатарын ұдайы кеңейту немесе бейімдеу, нарық қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жоғары технологиялық қызметтерді ұсыну дайындығын көрсететін инновация мәдениеті. ТӘБ-тің қарқынды дамуының негізгі көзі – өткендері ұқсас және іскерлік қарым-қатынас тәжірибелері ортақ болған бұрынғы кеңес елдерінің (ТМД) едәуір нарықтық әлеуетін жүзеге асыру. Банк мыналарға сүйене отырып, ТМД нарығында негізгі ойыншы болуды көздейді:
  • Жергілікті нарықты және клиенттердің қажеттіліктерін тереңірек білу, бұл нарықтағы шетелдік қаржылық институттармен тиімді бәсекелесуге мүмкіндік береді;
  • Қазақстанның алдыңғы қатардағы нарығында бизнесті жүргізудің едәуір жинақталған тәжірибесі және халықаралық тәжірибені тарту, бұл жергілікті банктермен тиімді түрде бәсекелесуге мүмкіндік береді;
  • Стратегиялық серіктестердің, соның ішінде арнаулы халықаралық компанияларды өздерінің еншілес ұйымдарына тарту арқылы олардың кең желісін құру.

 
ТӘБ ТМД-дағы ірі  жеке меншік банк болуға ұмтылады. Сондай-ақ Банк ТМД-ның ірі  сауда серіктестері саналатын елдерде, атап айтқанда Түркия, Қытай және басқа елдерде өзінің қатысуын кеңейту мақсатында Қазақстанның және ТМД-ның басқа елдерінің қарқынды дамып келе жатқан сыртқы сауда ағымдарын ұтымды пайдалануды көздеп отыр.

2015 жылға дейінгі  даму стратегиясына  сәйкес, ТұранӘлем Банкі келесі мақсаттарға қол жеткізуді жоспарлайды:

  • Нарықтағы үлесі бойынша:
    • Қазақстан - 25%-дан кем емес
    • Ресей - 2%-дан кем емес
    • ТМД-ның басқа елдері - 5%-дан кем емес
  • АҚШ долларындағы активтердің көлемі бойынша:
    • 2010 - 25 млрд. $-дан кем емес
    • 2015 - 50 млрд. $-дан кем емес

2001 жылдан бастап  Банк акционерлерінің  құрамына аса ірі  халықаралық қаржы  институттары кіреді: ( Үшінші сызбада толығымен бейнеленген)

  • Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (EBRD),
  • Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC),
  • Голландық Даму Банкі (FMO),
  • East Capital.

ЕҚДБ-мен ынтымақтастық құру Банк қызметіндегі стратегиялық маңызды элемент болып табылады. Атап айтатын мәселенің бірі – ЕҚДБ-нің 2001 жылы 4 шетелдік инвесторлармен банк акционерлерінің құрамына кіруі. Банктің өкілі Банк Директорлары Кеңесінің қатысушысы болып табылады. ЕҚДБ бөлген қаражаттың жалпы сомасы арнайы жасалған белгілі бағдарламалар аясында 152 миллион АҚШ долларын құрайды. ЕҚДБ 2003 жылдың бірінші жартысында төрт жылдық синдикатталған қарыз берді. Бұл несие шетелдік коммерциялық банктердің орташа мерзімді қаржыландыру рыногын ашуымен ерекшеленеді. ЕҚДБ үлесі 10 миллион АҚШ долларын құрады, 20 миллион АҚШ доллары Еуропаның аса ірі коммерциялық банктерінің синдикаты жолымен тартылды.Еуропа Қайта құру және Даму Банкі Банктің еншілес компанияларына бағдарламалық қарыздар беруде. Мысалы, БТА Ипотекаға 15 млн. АҚШ доллары, БТА Лизингке 5 млн. АҚШ доллары қарызға берілді.ТӘБ мен ЕҚДБ бірлесе отырып ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында жалпы сомасы 25 млн. АҚШ долларына астық қолхаты бағдарламасын табысты іске асырды. 2001 жылдан бастап “ТұранӘлем Банкі” АҚ Еуропа Қайта құру және Даму Банкінің өкілдерімен бірге ЕҚДБ-нің “Астық қолхаттары” бағдарламаларын іске асыру барысында жұмыстар жүргізуде. Бұл Бағдарлама негізгі екі (бірінші және екінші) фаза аясында қаржы тартуды көздейді.“Несие желісі” деп аталатын бірінші Фаза жыл сайын 25 миллион АҚШ доллары сомасына игеріледі. Ағымдағы қаржыландыру 2003 жылғы 18 шілдедегі Несиелік келісім аясында жүзеге асырылады.

IFC, банктің акционері бола отырып, жалпы сомасы 15 млн. АҚШ долларына ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыруға қарыз бөлу арқылы ТӘБ-мен кешенді түрде ынтымақтастық құрады. IFC Банктің өзіне, сондай-ақ еншілес компанияларға стратегиялық әріптестер табу және тарту бойынша Банктің серіктесі болып табылады. 2005 жылғы сәуір айында IFC Жапонияның ORIX компаниясы (Япония) және ORIX Лизинг Пәкістан компаниясымен бірлесе отырып БТА Лизинг компаниясының капиталына бірлесе қатысу мәселесіне қатысты келісім жасады, бұдан кейін компанияның атауы БТА ORIX Лизинг болып өзгерді.

FMO, банктің акционері бола отырып, жобалық қаржыландыру және айналмалы капиталды қаржыландыру бойынша қосалқы қарызгерлерді несиелендіруге қаржы беру аясында Банкпен ынтымақтастық құрады.

East Capital Шығыс Еуропа елдерінің қаржы рыногына маманданған активтерді басқару бойынша көшбасшы тәуелсіз компания. East Capital 2,7 миллиардтан астам еуроны басқарады. Өзінің инвестициялық стратегиясын нарықтың терең білімдеріне, жан-жақты талдауға және менеджерлер мен қор талдаушылары тарапынан жиі инспекциялауға негіздейді. Компанияның бас офисі Стокгольм қаласында, өкілдіктері Париж, Гонконг, Таллин, Мәскеу мен Осло қалаларында орналасқан.

"ТұранӘлем Банкі" АҚ акционерлері туралы ақпарат 01.11.2007 жағдай бойынша 5 және одан да жоғары пайыздық үлеспен

Атауы, орналасқан жері

Орналастырылған акциялар үлесі%-бен

Torland Production INC. (Британдық Виргиния аралдары )5.16

CP-Credit Prive S.A. (Женева, Швейцария)6.79

Strident Energy Limited8.70

Drey Associates Limited (Біріккен Корольдік)9.76

"МақтаАрал"  Компаниясы ЖШС  (Қазақстан)7.05

"Агроинвест" ЖШС (Қазақстан)7.23

"ЯССЫ-ИНВЕСТ" ЖШС (Қазақстан)7.27

"СМКК" ЖШС (Қазақстан)7.62

"ИнвестКапитал"  Компаниясы"ЖШС  (Қазақстан)

8.66

 
 
 

3.3 Коммерциялық банктердің қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен негізгі операциилары 

         Еліміздегі банктік жүйе екі деңгейлі екенін білеміз, яғни соның скінші деңгейіндегі коммерциялық банктер халык шаруашылыгы мен Ұлттық банк арасындағы негізгі қаржы делдалы болып табылады. Қазіргі ксзде коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуык әр алуан өнімдер мен қызмет көрсете алады. Мұндай кең көлемді операциялар коммерииялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып қолайсыз жағдайдың өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

     Депозиттік - қарыздык операцияларды  жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерініц депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметіи атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарыздарды пайдаланады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік операциялар жүргізіп уақытша бос каражатын тарту мүмкім емес .Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра огырып, экомиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес.

    Коммерциялық  банктердің қызметтері мен операциялары.

     Банк  қызметін - банк пен  клиент мүддесі үшін белгілі бір іс әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызмегтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Баиктер өз пайдаларының көп бөлігінің осы операциялар бойынша пайыздық операциялардан алады .

     Коммерциялық  банктер желісі ақша нарыгының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және тұлғалардың мемлекетке уақытша бос акша қаражаттарының болуы және экономика мен халыктың қыска мерзімдік қажетгіліктерін қанағаттандыруга пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрімен айналысады .

     'Қазакстан   Республиксындагы  банктер  және  банктік   қызмет   туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:

•   ақылы негізде  депозиттерді тарату;

•   клиенттер мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға 
     кассалық қызмет жүргізу;

  • қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке 
    тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
  • инвестицияланатын      қаражаттар     иелерінің      немесе      иемденушілердің 
    тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
  • заңда көрсетілген тәртіппен бағалы қағаздарды шығару;
  • төлем  құжаттарын  сатып  алу,  сату  және  сақтандыру,   олармен  баска  да операцияларды жүргізу;
  • банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді   көрсету, клиенттердің 
    тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
  • коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру;
  • клиенттердің       тапсырмалары       бойынша       сенімдік       операцияларды 
    (қаражаттарды қарау, орналастыру және бағалы қағаздарды басқару)
  • лизингтік операцияларды жүзеге асыру.

     Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалы қызметі. Бұл қаражаттардын негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Ал бұл экономикадағы бос ақшаларды айналысқа шығарып салымшыға да және халық шаруашылығына да өз пайдасын тигізеді.

Коммерциялық  банктердің екінші басты  қызметі - экономиканы  және халықты несиелендіру. Бұл қызмет баиктік қызмет корсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Коммерциялық банктің несиелік операциялары мерзіміне байланысты жіктеледі: кысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1-5 жылдар аралығында), және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары). Яғни бұл қызметтің еліміз экономикасы үшін, оның тұрақты өсуіие тиетін пайдасы көп. Олар елдегі жүргізілім отырғаи реформаларға байланысты басты секторларға несиені жеңілдікпен беру арқылы экономиканы ынталандыру шараларын іске асырады. Мысалы, елімізде жекешелендіру саясатына байланысты кәсіпкерлерге несие берудің пайыздық қойылымын азайту арқылы оларды дамыту саясаты іске асып, ол оз нәтижесін беруде.Соңғы жылдары екінші децгейдегі банктердің несиелеу үлесі артуда, оған әсер етіп отырғаи негізгі себеп ол Ұлттық банктің банктің проценттік пайызыиа ставкасының түсуімен байланысты болып отыр.Әсіресе инвестиция тарту арқылы ұлттық экопомиканы дамыту, оның ішінде шетел инвестициясын тартудың тиімділігі туралы іс шаралар кең көлемде жүргілуде.

     Жалпы айта келе еліміздегі екі деңгейлі банктік  жүйенің құрылымы және оның жүргізіп отырған саясаттары ТМД слдері ішіндегі ең көрнекісі болып отыр. Осы банктік жүйенің дамуы, инфляцияның төмендеуі, кәсіпкерліктің дамуы арқылы елімізде 1996 жылдан бері экономикалык өсу көрсеткіші көрінуде. Яғни банк жүйесі ең дұрыс ұйымдастырылған жүйе десек те артық болмас еді.

     Қазақстан Республикасының  активтік банктік  операциялары келесідей  түрлерге бөлінеді:

    1. Несиелік операцпялар;
    2. Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
    3. Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
    4. Кассалық операциялар;
    5. Делдалдық-комиссиондық операциялар.

      Банктің активтік операцияларының  маңызды бөлігін  банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізіиде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.

      Банктік несие — бұл  банктік мекемелерден карыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банкгік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немссе бизнеспеи шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келгеи заңды ұғым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты пайыз түрінде табыс алу.

Информация о работе Банк жүйесі