Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:38, курсовая работа

Описание работы

Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады. Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі.
2.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы.
2.2. Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.
III. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау.
3.1. Орталық банк және оның қызметтері.
3.2. Коммерциялық банк және оның қызметтері.
IV.Қазақстан Республикадағы банк жүйесіндегі мәселлер және жетәлдәру жолдары.
V. Қортынды.
VI. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

БАНК 43.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

      Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Реепубликасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасының  Ұлттық банкісіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік  экономикаға интеграциялануы  мақсатгарына  жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік  есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы  мемлекеттік  саясатты жасау және жүзеге асыру;
  • ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;

      - банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін  реттейтін  ережелерді жасау   және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.

      Ұлттык  банкі жұмысының  негізгі бағыттары:

  • өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді  инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу 
    және кассалық операцияларды  жүзеге асыру бойыынша  ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік  актілерді шығару,  есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
  • банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік ріеттеудің әдістерінің формаларын талдау;
  • банк ісін бақылау және қадағалау;
  • елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
  • ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
  • валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу  және т.б.

     Ұлттық  банктің несиелік ресурстары мыналардың есебінен құралады:

  • меншікті қаражаттары;
  • басқа банктермен тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден тартылған қаражаттар;

мемлекеттік арнайы қорлардан  және бюджеттің уақытша бос қаражаттарынанқұралады 

     2.2 Орталық  банктің құрылымы мен басқару органдары

     Ұлттық  банкінің басқару  құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа  да мәселелері "Қазақстан  Республикасының  Ұлттық банкі туралы" Заңы және "Қазақстан  Республикасының  Ұлттық банкі туралы" Ережесі негізінде  анықталады.Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақгық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 6-сызбада көрсетілген.Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына  Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:

  • мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
  • Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
  • Парламент бекіткен тұжырым негізінде  банкноттар  мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
  • Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамен анықтау тәртібін белгілейді;
  • сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер  типтерін бекітеді;
  • Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;

      - Ұлттық банк туралы  Ережені, Ұлттық  банк құрылымын  бекітеді және  Ұлттық банк департаменттерінің  директорларын тағайындайды;

  • банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерін бекітеді.

     Басқарма  шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге  асырады. 
 

2.3 Ұлттық банктің экономикадағы рөлі және жүргізетін саясаттары 

      ҚР-ның Ұлттық банкі ҚР-ның орталық банкі ретінде баска елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста ҚР-ның мүддесін қорғайды. Ұлттық банк - бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жүргізу кұқығына ие, "банктердің банкі" ролін атқарады, сондай-ак акша-несие және валюта саясаттарын жүргізетін бірден бір ұйым.

       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы уақытқа дейін озімің ең бірінші атқаратын міндетін елдегі инфляция қарқынын төмендетуге және оның тұрақты деңгейін қалыптастыруға қызмет етіп келе жатыр. Соңғы бірнеше жылда ¥лттық Банк елдегі инфляция деңгейін біршама жақсартқаны және оны өз қуысына алғанына куә болып отырғанымыз рас. Оны 2001 жылы жалпы жылдық инфляцияның 6,6%-ға төмендегенінен және одан кейінгі аралыкта елдегі инфляция деңгейінің 5-7% аралығында тұрақты деңгейінде болып отырганына көзіміз жетті.Өз кезегінде өспелі инфляция мемлекеттің экономикаға бакылау жасауы төмендегенін көрсетеді. Неғүрлым экономикада инфляция деңгейінің анықталмағаны байқалса, соғұрлым кәсіпкерлердің инвестиция тартуға және салуға ынтасы төмендейді. Ал инвестициялық активтердің төмендеуі өз кезегінде өндірістік мүмкіншіліктерді төмендетеді. Сондықтан мемлекет және елдің қаржы секторы инфляция қарсы саясаттар жүргізіп отырады.Ұлттық банк осы экономикалық жағдайларды ескере отырып 2003-2006 жылдарға инфляцияның белгіленген деңгейін, яғни 5-7% аралығында болады деп жоспарлады. Бұл жоспарланған шама 2003 және 2004 жылдары орындалды. Экономикалық қатынастар да тиімді дамуды қолға алды. Ал 2005 жылы инфляция деңгейі межеленген шамадан асып кетті. Оны жоғарыдағы бөлімде талқылап өткенбіз. Бұл өз кезегінде экономиканың тұрақты дамуыиа кері әсерін тигізеді. Сондықтан елбасымыздың өзі және Ұлттық банктің қатысы бойынша биылғы етек алып отырған инфляциялық шағын толқуға карсы саясаггарды экономикалық тұрғыдаи қолға алуда.

     Еліміз  инфляцияны жою және акша айналысыи тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстінде. Инфляцияға қарсы саясаттар елімізде тікелей жәпе жанама реттеулер негізінде жүзеге асып отыр. Инфляция тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүзеге асады. Ол елдегі жалақы меи бағалардыц өсу нысандарын белгілеу негізінде көрініс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудің жанама әдістерінің үлесі елімізде басымырақ деп те айтсақ болады. Еліміздегі іске асып отырған инфляцияны реттеудің жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың "дефляциялық" шаралары жатады. Ұлтгык банк инфлияцияны тежеу үшін ақша массасына, берілген несиелердің көлеміне, пайыз қойылымының көлеміне, ұлттық валюталық баған саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргізіп отырады. Өйткені бұл өтпелі экономиканың талабынаи туындайды.

     Ұлттық  банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын акша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

    • кайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми  мүдделендіру

      мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

    • Қазақстан Ұлттық банкі жинақталатын ең төменгі міндетті

       резервтер нормасын  белгілеу,  оның  ішінде  сырттан тартылған

       қаражагтарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты

       жіктеу;

  • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша акша 
    нарығындағы операцияларды жүргізу;
  • банктерге және үкіметке несие беру;
  • валюталық нарықтағы басқыншылық;
  • кейбір жағдайларды  несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің 
    деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер еигізу;
  • ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

     Қазақстан Ұлттық банкі операциялар  бойынша ресми  қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен үсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. Қазақстан Ұлттық банкі мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

     Қазақстан Ұлттык банкі пайыз  саясатының басты  мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысгы азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне кол жеткізуі тиіс.Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын 2002 жылдан бастап алдағы үш жылға алдын-ала анықтау тәжірибесіне көшті және әр жылғы өзгерістерді ескеріп оған Ұлтгык банк пен ҚР Үкіметі біріге отырып түзетулер енгізеді.

     Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп  инфляциялық таргеттеу  принціпіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу. 2004-2006 жылға арналған ақша-несие саясатының басты мақсаты орташа жылдық базалық инфляцияны - 2004 жылы 4-6% және 2005-2007 жылдары 3-5% шегінде ұстау қажеттігі мақсат етілді.2004 жылдан бастап Ұлттық банк акша-иесие саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның көрсеткіштерін бағдарға ала бастады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының қаулысына сәйкес базалык инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыиу бағалары индексінен (ТБИ) көк-өністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып  тастау, ал екінші әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткеи 5 компонентті алып тастау көзделеді.

Осы аталған ақша-несие  саясаты Ұлттық банктің  инфляцияны төмендету  мақсатындағы саясатына  толық жауап береді және сонымен қатар  жургізілетін ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамасыз етеді. Инфляцияны таргеттеу мынадай факторлар негізінде жүзеге асады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалык тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Ұлттық банктің тәуелсіздігі, Ұлттық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттардың ашықтығы.Осы аталған инфляцияны таргеттеудегі ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығыныц толық және сенімді түрде дамуына, экономиканың мықты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ак жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік береді.

Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің  Ұлттық банкі экономикалық толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясагын атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты кұрал болып Ұлттык банктегі банктердің депозиттары болып табылады.

Сондай-ақ Ұлттық банк еркін  қалқымалы акша айырбасыи  сақтайды және елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақсыздықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III.БАНК ТУРАН ӘЛЕМ ‒ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ БІРІ

 

3.1 Банк Туран Әлемнің пайда болуы 

           «ТұранӘлем Банкі» акционерлік қоғамының қалыптасу тарихының тамыры сонау 1925 жылдың 15-ші қазанынан бастау алады. Қазақстан халықтары шаруашылығының Орталық Кеңес Президиумының шешімімен республика аумағында Өндірістік банктің (Өндірісбанк) бөлімшесі ашылады. Уақыт өте келе Өндірістік банктің бөлімшелері әртүрлі қайтақұрылымдарды басынан өткерді. Республикалық Халық комиссарлары Кеңесінің 1932 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстанның аумағында арнайы ұзақ мерзімді салым банктерін ұйымдастыру туралы» Қаулысына сәйкес, Алматы қаласында Өнеркәсіпбанкінің базасында КСРО электрошаруашылық және құрылысты қаржыландыру мақсатында банктің Қазақ өлкелік конторасы құрылады. 1949 жылғы 11 шілдедегі Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша Алматы облысаралық конторасы КСРО Өндірісбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып қайта құрылады. Кейіннен КСРО Құрылысбанкінің Қазақ республикалық конторасы болып өзгертіледі. КОКП ОК және КСРО Министрлер кеңесінің 1987 жылғы 17 шілдедегі «Елдегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономикасының тиімділігін арттыруға жасайтын ықпалын күшейту туралы» №821 Қаулысына сәйкес үш мемлекеттік банктің (КСРО Құрылысбанкі, КСРО Мемлекеттік банкі, Сыртқы сауда банкі) негізінде 6 банк қалыптасты:
  • КСРО Мемлекеттік банкі;
  • КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі;
  • КСРО Сыртқы экономика банкі;
  • КСРО Агроөнеркәсіп банкі;
  • КСРО Тұрғын құрылыс банкі;
  • КСРО Жинақ банкі.

КСРО  Мемлекеттік коммерциялық өнеркәсіп-құрылыс  банкінің 1991 жылғы 4 наурыздағы № 126 Қаулысы  бойынша Қазақ  республикалық КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкі - Қазақ республикалық Мемлекеттік коммерциялық өндірістік-құрылыс банкі «Тұранбанк» болып өзгертілді.

ҚазКСР  Министрлер кабинетінің 1991 жылғы 24 шілдедегі  №444 Қаулысы бойынша  «Тұранбанк» Қазақ  акционерлік банк болып құрылды. Акционерлер жиналысында «Тұранбанк» ҚАБ-нің Басқарма Төрағасы болып Бейсенов Ораз Мақайұлы тағайындалады.

«Тұранбанк» ҚАБ-нің филиалдар  желісі 66 филиалдан  құралды.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен КСРО Сыртқы экономикалық банкінің арасында жасалған 1989 жылғы 11 желтоқсандағы келісімнің негізінде, КСРО Сыртқы экономикалық қызмет банкінің 1990 жылғы 23 қаңтардағы бұйрығымен Алматы қаласында КСРО Сыртқы экономикалық банкінің Қазақ республикалық банкі ашылды.

1992 жылғы 14 ақпандағы  №3 жиналыс құрылтайшыларының шешімімен 1992 жылы 28 тамыз айында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы қабылданады.

№ 710 Қаулысы бойынша  Қазақстан Республикасының  «Сыртқы экономикалық қызмет» банкі  «ALEM BANK KAZAKHSTAN» «Қазақстанның  Сыртқы экономикалық қызмет банкі» деп қайта аталады. 
Басқарма Төрағасы болып Ырысов Берлин Кенжетайұлы тағайындалды.

"Alem Bank Kazakhstan" Акционерлік  банкі бірнеше  жылдар қатарынан  мемлекеттің кепілдендіруі  бойынша шетел  несиелерін тартуда  Қазақстан Республикасы Үкіметінің агенті болды.

"Alem Bank Kazakhstan" АБ-нің  филиалдық желісі 20 филиалдық орталықтан  тұрды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 қаңтардағы «ТұранБанк» Қазақ  акционерлік банкін және «ӘлемБанкҚазақстан»  акционерлік банкін қайта ұйымдастыру туралы» №73 қаулысының негізінде «ТұранӘлем Банкі» Жабық Акционерлік Қоғамы құрылады. Осы Қаулының негізінде Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігіне «ТұранӘлем Банкінің» акциясын қолдануға және иеленуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, банктің жарғыларын және банк басқарма мүшелерін қалыптастыруға мүмкіндік берілді. Акционерлердің жалпы отырысында «ТұранӘлем Банкі» ЖАҚ-ның Басқарма Төрағасы қызметіне Тәтішев Ержан Нұрілдәйімұлы тағайындалады.

«ТұранӘлем  Банкі» Жабық Акционерлік  Қоғамы («ТұранӘлем Банк» ЖАҚ) 1998 жылы қазан айының 1 жұлдызында «ТұранӘлем Банк» Ашық акционерлік қоғамы – «ТұранӘлем Банкі» ААҚ болып өзгертіледі .

2003 жылы қыркүйек  айының 26 жұлдызында  қайта тіркелуіне  байланысты «ТұранӘлем  Банкі» Акционерлік  қоғам болып өзгертіледі.

ТұранӘлем Банкі»АҚ қаржы нарығының  барлық сегменттеріне  қатысатын негізгі  қаржы тобын құрайды. ТӘБ - Қазақстанның жүйе құрушы банкі, ТМД  елдеріндегі банк желісін құруда көшбасшы. ТӘБ активтері 24,0 млрд., ал банктің  меншікті капиталы 2,97 млрд. АҚШ долларына жетті. ТұранӘлем Банкі Қазақстанда саудалық қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру, ипотекалық несиелендіру саласында көшбасшылар қатарына бекем орнықты. 2007 жылы ТМД-дағы банктің активтерін топтастырып, дейін 50 млрд. АҚШ долларына дейін жеткізу көзделген. Банк географиялық әртараптандыру мен банк өнімдерінің аясын кеңейтуді, сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерін тұрақты және қарқынды дамытуды көздейді.  

ТӘБ-те бүгінде:

  • Шамамен 750000 клиенттері;
  • Қазақстан бойынша 22 филиалдар мен 260 есеп-айырысу бөлімдері;
  • Украинада, Ресейде, Біріккен Араб Эмираттарында және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар;

   Ресейде, Украинада, Беларуссияда, Қырғызстанда, Арменияда, Грузияда 9 коммерциялық банктер – стратегиялық әріптестері бар. «Ержан Тәтішев Қоры» Қоғамдық Қоры ТұранӘлем Банкі топ-менеджерлерінің бастамасы бойынша 2005 жылғы 10 ақпанда тіркелді. Қор үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қорды Қазақстандағы, сондай-ақ басқа да елдердегі оның қызметінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін Қамқоршылар Кеңесі басқарады. ТұранӘлем Банкі негізі қаланған уақыттан бері бірнеше марапаттарға ие болды. 2005 жылы аса беделді «Евромани» журналы «ТМД-дағы үздік банк» және «Орта Азиядағы үздік банк» деп таныды, ал ТӘБ-тің мұнай құятын танкерлер импортын Ресейден Қазақстанға ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша мәмілесі «2005 жылдың үздік мәмілесі» деп танылды. 2006 жылы «Euromoney» комиссиясы ТұранӘлем банкі қолданатын технологиялар мен өнімдердің рынок үшін инновациялылығын ескере келе , «Еуропаның дамушы рыногының үздік несие алушысы» атағын берді, ал Ұлттық Тұтынушылар Лигасы Қазақстандағы «үлкен үштік» банктердің арасындағы банктік бөлшек сауда сапасын зерттей келе, «Мінсіз» Ұлттық сапа белгісімен марапаттады. "The Banker" журналы ТӘБ-ін Қазақстандағы «2005 жылдың үздік банкі» деп атады. Қазақстан Ұлттық Тұтынушылар Лигасы ТұранӘлем банкін екі мәрте «Мінсіз банк» атағымен марапаттады. Банк «Саф алтын» Қоғамдық ұлттық сыйлығының «2006 жылдың үздік банкі» номинациясының «Гран приіне» ие болды. «Итоги» журналы, халықаралық Fitch Ratings рейтингілік агенттігі Ресейдің Өнеркәсіпшілер мен Кәсіпкерлер Одағымен бірлесіп ТӘБ-ті 2006 және 2007 жылдардағы «ТМД-дағы үздік банк» деп таныды.

Информация о работе Банк жүйесі