Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:38, курсовая работа

Описание работы

Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады. Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі.
2.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы.
2.2. Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.
III. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау.
3.1. Орталық банк және оның қызметтері.
3.2. Коммерциялық банк және оның қызметтері.
IV.Қазақстан Республикадағы банк жүйесіндегі мәселлер және жетәлдәру жолдары.
V. Қортынды.
VI. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

БАНК 43.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

         Банктік мекемелердің  қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлік басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы «банктік операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.Қай жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан қарау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келген құбылыстың мәнін танып білуде, оның операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашалығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт, немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс сферасы түсінілген. Бірақ экономиканың басқа да буындарына «кәсіпорын» деген атақты иеленуге ешқандай да тиым салынбаған.

      Ежелгі  Русьте «кәсіпорын» деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге «банк – бұл кәсіпорын» деп айту өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі «кәсіпорын» - бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды. Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауыт та емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы – банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзара ажыратылатыны, оның қызметінің өндіріс аясында емес, айналыс және айырбас аясында жүзеге асуына байланысты болуы.

      Банктің ерекше кәсіпорын  ретінде шығаратын  өнімі материалдық  өндіріс аясының  өнімдерінен өзара  ажыратылады, ол жай  ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті - «несиелік мекеме» деп атаған.  Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады. Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі – несие ісі түсіндіріледі.     
 

1.2 Банк түрлері және  олардың қызмет  ету ерекшеліктері

     Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатьшастарыныц басым болігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, халықтың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады.Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұргыдан қатарлас жүрді және де олар бір бірімен өзара тығыз баііланысты. Банктер  халық  шаруашылыгы  қызметінің барлық деңгейіндегі  басқарумен тікелей    байланысты    болады.    Олар    арқылы    ұдайы    өндіріс    үрдісіне қатысушылардың      экономикалық      мүдделерін      қанағаттапдыру      жүзеге асырылады.   Осы  кезде  банктер  қаржылық  делдал     ретінде   шаруашылық органдардың    капиталдарын,    халықтық   жинақтарын    және    шаруашылык қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос акша қаражаттарын тарта огырып, қарыз алушылардьщ уақытша пайдалануына береді,    ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да   көптеген қызмет көрсетеді, соньң арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді. (1-сызба).

      Қаржылық  делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын  салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

     Банктер   нарықтық   экономикада   басты   қаржылык   делдалдар   болып табылады.   Өз қызметінің үрдісінде,   олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа   талаптар   мен   міндеттемелерді   жасады.   Клиенттердің   салымдары қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды.    Осы жаңа міидеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін  қүрайды.  Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар кызметі қозғалысы  орын  ауыстыруы,  қаржылық ресурстардың  кұйылуы   қаржылық делдалдық  деп аталады.Әлемдік  тәжірибе  көрсеткеніндей,   мемлекеттіц  Орталық  банкке кең өкілеттік   беруі   екінші   деңгейлі   банк   жүйесінің   тиімді   жүмыс   істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқыгы негізiнде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар - ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді. Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының "тобын" құрайды және оларды жұмыс істеп түратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттарға несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұргьшдардың қаржылық-несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру жәие несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.  

     1-сызба.  Қаржылық - несиелік  институттардың қаржылық  дедалдар ретіндегі  ролі  

 

      Нарықтық  экономикада банктер  монополистерге айналыды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып , ұдайы өндірістің барлық фазасының аясыиа ғана кіреді. Банктер шаруашылық өмірдің орталығы, барлық экономиканың негізгі түйіні болып табылады.

     Банктік жүйенің мақсаты  мен міндеттері негізінен  экономиканы жалпы  басқарудың мақсаттары және міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін орындайды. Экономиканы басқару органы ретіндегі негізінен басқарудың экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғии оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.

     Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет кызмет етуіндегі қажеітілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын камтамасыз етеді.Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені өз уакытында қайтармағаны үшін жоғары пайыздарды алуымен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бүл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесіи қорғайды.Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдык; (экономикалық), салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

     Банктерде басқарудың басқа  органдарындағы жоқ  ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілген клиенттерінің негізғі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдыктаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті ғана емес, сонымен бірге, осы шарт иесиенің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметгерінің көптеген маңызды факторлары туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын-ала көруге мүмкіндік береді.Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халыктың жииақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын рсттейді және сол арқылы үдайы ондірістік үрдіске әсер етеді. Қазақстанның нарыктық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозгалыс кеңетек алуда, меншіктің аралас түрі негізінде кәсіпорындар құрылуда. Қоғамда белгілі-бір класқа ие комерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарыктық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда баиктердің ролі күшеюде. Олардың жұмысында әміршіл - әкімшіл әдістердің орнын -экономикалық әдістер алмастырды. Сөйтіп экономикаға баиктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түсті.

      Бұл жағдайда экономикада  инфляцияның төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде , ең алдымен меншікті жекешелендірудегі ролі айрықша. Мұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты - несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табьглады. Елімізде 1993 жыл 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз — төл теңгемізді енгізді. Бірақ имфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46% -ке жетті. Ұлттық банкпен үкіметтің монетарлық саясаты қабылдануының нәтижесінде 1994 жылы тамызда 13,5%-ке, ал бүгінгі таңда инфляция жоспарланудан ауытқымай 5,8%-ті құрады.Мемлекеттік меншікке кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта кұруға банктік жүйенің ролі маңызды. Сондықтан, банктік реформаньң негізгі мақсаттарының бірі - экономикалық жеке секторды кұру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады.Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін жоғарылату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген косіпорындарды қайта құруға қолғабыс етеді. Сауықтыру банкінің ролі жекешелеидіру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын , тиісінше жекешеленген және көп шығынды кәсіпорындарға корпоративті жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі.

     Банктік жүйенің реформасы  жеке кәсіпорындардың  банктен несие  алуын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдеміи тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.

     Банк  ісі - қарыз капиталын  жинақтаумен және оны болумеи шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктсрдің экономикадағы маңызының ерекше екендіғін олардың жүргізетін 200-ден аса кызметтері мен операцияларынан көруғе болады.

     Қандай  жүйе болмасын оның өзініц формалары  мен қызметтері болатыны анық. Жалпы банктің атқаратын қызмсттерін төмеидегідей қарапайым жіктеуге болады:

  • Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына 
    айналдыру;
  • Кәсіпорындарға,    мемлекетке,    жеке    адамдарға    несие    беру,     бағалы 
    қағаздармен операциялар жүргізу;
  • Ақша айналымын реттеу.    Банк - әр түрлі шаруашылық субъектілеріиің 
    төлем айналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы 
    клиенттеріне айырбас, ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
  • Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентіне тек жинаған уакытша 
    бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен катар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
  • Экономикалық және қаржылық ақпарат беріп отыру ;
  • Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық жоне 
    эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Екінші  сызбада сіз банк жүйесінің сыныптамасы  бейнеленген. Ол барлық Қазақстан Республикасының  банктік жүйесіне тән.

     Эмиссиялық  банк - ол айналысқа  ақша белгілеріи эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Біздің елде ол -Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты - айналысқа ақша бірлігін шығару, калған банктерге ерекше тауар - акша белгісін сату және банк жүйесінің несие есеп, эмиссиялық жұмысын басқару болып табылады.

     Мемлекеттеғі  басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шыгаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммнрцпялык, инвестициялык, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық баиктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын эмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

      Инвестициялык және инновациялык банктердің екі түрі де ұзак уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейіи ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге карыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді жәпе оны игеруді несиелейді.

      Ипотекалық  банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несиеге береді. Олар ипогекалық облигацмя, акция жәие басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.

     Бағанадан бергі банктік  жүйеде басты банк деп айтып жүргси Орталық баиктің кызметтеріне тоқталсақ. Кез-келген орталық банктің міндеті — ұлттың ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді орындайды:

    •   Банкноталарды монополиялы  түрде эмиссиялау;

    •   Ақша - несиелік қатынастарды реттеу;

       •    Сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу;

       •    Банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі;

    Орталық банктің ең алғашқы  қызметі - ежелден  қалыптасқан мемлекеттің  өкілі ретінде заңды түрде - банкнота шығару. Ол — елде төлем міндеттемелерін өтейтін, халық қабылдаған жалпы ұлттык төлем құралы. Кейбір мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монеталар шығарады. Көп елдерде монетаны қаржы министрлігі соғып, орталык банк оларды номиналымен сатып алады. Сөйтіп , орталық банк сатып алғаи монеталарды өзі өзі шыгарған банкноталармен қосып айиалымга түсіреді.

Информация о работе Банк жүйесі