Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:38, курсовая работа

Описание работы

Елiмiмiз өз егеменгiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанмен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша-несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясаты жатады. Экономиканы ақшалай-несиелі реттеуді қаржы саласының басты секторы банк жүйесі іске асырады.

Содержание

I. Кіріспе.
II. Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі.
2.1. Банктердің пайда болуы мен дамуы.
2.2. Банктің мәні және оның қызмет ету аясы.
III. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау.
3.1. Орталық банк және оның қызметтері.
3.2. Коммерциялық банк және оның қызметтері.
IV.Қазақстан Республикадағы банк жүйесіндегі мәселлер және жетәлдәру жолдары.
V. Қортынды.
VI. Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

БАНК 43.doc

— 392.00 Кб (Скачать)

    Орталық банктің эмиссиялық монополиясы оны  банк жүйесініц эмиссиялы-кассалық орталығына айналдырды. Себебі орталық балктің міндеттемелері кез-келген коммерциялық банктің кассалық қоры болып табылады. Өйткені орталық банктің басты клиенті - коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен экономика салалары арасында делдал ретіндс қызмнт атқарады.

    Орталық банктің ақша несиелік реттеу қызметі. Экономикны ақша және несие айналымына әсер ету жолымен реттеу - мемлекеттің экономикалық саясатынын құрамдас элементі. Оның негізгі мақсаты экопоммкалык  өсудің тұрақтылығы, инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем балансының тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады.

    Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі - ол орталық  банктің мемлекеттің валюталық саясатын жүргізілетін жәие валюталық бақылау органы болуы. Ол - ұлттық валютаның айырбастау курсын аиықтау және оны реттеу; елдің ресми алтын валюта резервін басқару жөнінде операциялар жүргізу; халықаралық есеп айырысу, төлем балансын реттеу; елдегі және одаи тыс жерлердегі валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау: болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу. Орталық банк дүниежүзілік қарыз капиталы нарығы мен алтыи нарығына қатысу үшін халықаралық келісімдерді дайындауға, сомымен бірге, халықаралық және аймақтық валюта-несие ұйымдарында өз еленің өкілі болып қатысады.

          Орталық банктің банктердің банкісі қызметі - ол орталық баиктің кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі, яғни орталық Банктің негізгі клиенті коммерциялык банктер болуы. Бұл оиың коммерциялық банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық баиктердің кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. Бұл қорлар банктік міндетті резерв қорлары деп аталады. Орталық банк банктердің депозиттері бойынша міндеттемелерінің ең аз резервтеріне арақатынасын, яғни міндетті резервтердің нормасын бекітеді.Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін сақтауга қабылдаумен қатар орталық банк оларға несиелік кемек көрсетеді. Олың несие үшін проценттік төлем мөлшері нарықтық мөлшерден анағұрлым жоғары боладғы, сондыктан орталық банктің несиесін басқа несие алу мүмкіндігі болмаған ақырғы жағдайда ғана алады. Орталық банк банктердің банкісі ретінде елдің төлем жүйесінің басты реттеуші органы қызметін атқарады. Ол банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру, есептесу жүйесін реттеу және үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, банк жүйесінің есеп айырысу орталығы болып табылады.

    Орталық банктер қадағалау  мен бақылауды  негізінен мынадай  бағытта жүргізеді:

  • Банктік қызмет түрлеріне лицензия беру;
  • Кейбір операция түрлерін жүргізуге;
  • Банктер берген қаржылық есепті тексеру жәие талдау;
  • Клиенттерді ревизиялау (тексеру);
  • Міндетті   резервтердің   нормативті   және   экономикалық   нормативтердің 
    жүйесін белгілеу, сонымен бірге олардың орындалуын тексеру. 
    Орталық  банктің  үкімет  банкісі   қызметі.   Үкіметтің   банкирі   ретінде

орталық банк оның әрі кассирі, әрі несие берушісі, әрі қаржылык кеңесінісі. Орталық банкте үкімет пен мемлекеттік органдардың есепшоттары айтылған. Орталық банк мемлекетті несиелеумен, мемлекеттік заемдарды орналастыру және оларды өтеу мәселелері бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттік бағалы қағаздарды және оның табысты уақытын таңдау жөиінде кеңес берумен, мемлекеттік борышты басқарумен шұғылданады.

   Қорыта  айтқанда, орталық  банктің атқаратын  қызметтері бірімен-бірі тығыз байланысты.

   Мемлекеттің несие жүйесінде  коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі  саласында жан-жақты  іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігіи шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу — сату меи оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

   Коммерциялық  банктер - нарықтық экономикада  несие жүйесінің  негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшіи жағдай жасау болып табылады. Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде акша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Енді коммерциялык банктер туралы кеңірек танысу үшін олардың қызметтерін айтып өтейік:

   Ақша  қаражатын шоғырландыру және тарту қызметі - банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уакытша бос ақшасын банкке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процеит түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалуы мүмкін.

   Коммерциялық  банктердің атқаратын  келесі қызметі - несие  беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдьң айналысынан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзіммен сай келмеуі. Коммерциялык банктер қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өндірістің кебеюін қамтамасыз етеді.Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экоиомика болуы мүмкін емес. Сондықтан банктің келесі қьгзметі шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізудің ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді. Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа акша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.Коммерциялық банктердің ерекше қызметі құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығьн жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмеи: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немесе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі.

  Коммерциялық  банктер акция  және облигация түріндегі  бағалы кағаздарды шығарып және орналастыру эмиссиялық - құрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзақ мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады.

  Банктер сенімхат бойынша  клиенттердің мүлкін басқару қызметін де атқарады. Жеке тұлғаларға: осы қызметті атқаруға құқығынан айрылғандардың мүлкін уақытша басқару; ізбасарларының мүддесі үшін өлген адамның мүлкін басқару; пайда табу мақсатымен капиталды басқару және т.б. қызметтер көрсету болып табылады. Ал компанияларға көрсететін қызмеггері: баиктің облигациялар бойынша кепілші болуы; нарыққа шығарылған акцияларды және трансферттерді тіркеу үшін өкіл болуы; корпорацияиың зейнетақы қорының қаржысын басқарушы болуы және т.б. қызметтер атқарады.

  Экономикалық  мағлұматтарды өзіне  жинақтауы банктердің клиенттеріне кеңес беру қызметіне мүмкіндік туғызады. Банктер төмендегідей кеңес береді: шот ашу; есеп-несиелік және кассалық қызмет көрсетуден бастап, ақша және тауар нарықтарында операциялар жүргізуге дейіи нұскау береді.

     Соңғы кездері  коммерциялық банктермен  басқа несие мекемелерінің  арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдаиуда. Сөйтіп келгеиде банктердің экономиадағы ролі күннен-күнге артуда. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БАНК ЖҮЙЕСІ

     2.1 Ұлттық банктің  негізгі бағыттары,  мақсаттары мен  міндетері

     Орталық банктер бүкіл  елдің несие жүйесін  бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық қүқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңцік саясатын жүргізеді.

      Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі  объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, совдықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді."Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

      Тәжірибе  жүзінде кассалық резервтердің барлығы  Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

     Ұлттық  банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан тускен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.

     Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. теңге көлемінде  мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық  бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен  алынған негізгі  қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

      Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:

  • оның  капиталының  қалыптасуы   100%  мемлекеттің  қаражаты  есебінен болатын унитарлық банк;
  • акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі  акционерлік қоғам;
  • бірлестік типтес ұйым
  • Орталык банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз  банктер жүйесі.

      Негізі  Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет - жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкоматтар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады.

     Пайданың  жарғылық, резервтік  және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық  бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.

Информация о работе Банк жүйесі