Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 22:08, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
I НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ..................................................4
1.1 Несие жүйесінің дамуы және құрылымы...........................................4
1.2 Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері .,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.........7
ІІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ (“Альянс Банк” АҚ) МЫСАЛЫНДА .................................................................................................15
2.1 “Альянс Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты .......................................................................................................................15
«Альянс Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері .......................................................................................................22

ІІІ Несие жүйесін құрудағы шетелдік тәжірибелер .................................32
Қорытынды ................................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер ...............................

Работа содержит 1 файл

курсовой гульжан банк.doc

— 387.50 Кб (Скачать)
 

       Соңғы жылдары ипотекалық несиелердің  ұлттық валютаға қарағанда шетел  алютасында кему қарқынын көруге  болады. Бұл дегеніміз шетел валютасының  бағамының ұлттық валюта бағамына  тұрақсыздығына тікелей байланысты  болып отыр.

       2011 жылдың бірінші қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің жартысына жуығы 13256 млн теңгесі ұлттық валютада және 14078 млн теңгесі шетел валютасында берілген, соның ішінде ұлттық валюта 48,5 % - ды құраса шетел валютасы 51,5 % - ды құрап отыр. 2010 жылдың бірінші қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің 37385 млн теңгесі ұлттық валютада және 29031 млн теңгесі шетел валютасында берілген, осы жерде ұлттық валютадада берілген ипотекалық несиенің шетел валютасына қарағанда көбейе түскенін көріп отырмыз. 2011 жылдың бірінші қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің 95027 млн теңгесі немесе 66,7 % - ы ұлттық валютада және 47581 млн теңгесі немесе 33,3 % - ы шетел алютасында берілген.

       Сонымен соңғы жылдары коммерциялық  банктердің жеке тұлғаларды несиелеуі еселеп артып келе жатқанын байқаймыз. Бұл соңғы жылдардағы еліміздің жүргізіп отырған экономикалық саясатына және елімізде орын алып отырған саяси тұрақтылыққа тікелей байланысты.  
 

     ІІІ Несие жүйесін құрудағы шетелдік тәжірибелер 

     Дамыған елдердің несие жүйелерінің және соның негізіндегі банк жүйелерінің құрылымы мен ерекшеліктерін жан-жақты талдау,  олардың ҚР-сы үшін маңызды, қажет болып табылатын жақтарын ұлттық экономиканың несие жүйесінде қолданудың маңыздылығыжоғары болып табылады. Ол үшін әлемдегі несие жүйесі дамыған бірнеше дамыған мемлекеттердің несие жүйелеріне тоқталып көрейік.

     Ұлыбритания. Ағылшын банк жүйесі ХХ ғасырдың басынан бастап екі деңгейлі болып құрылды: /4, 370 б/

     бірінші деңгейдегі: Ағылшын банк – орталық  банк;

     екінші  деңгейдегі банктер, оларға келесідей банктер енді:

     Депозитті банктер (1834 ж. The London & Westminster bank) – ақша салымдарын қабылдаушы және ірі сауда кәсіпорындары мен аристократтарға бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы қысқа мерзімді несиелер берумен айналысты, сонымен қатар қысқа мерзімді вексельдер сатып алумен, биржаға қысқа мерзімді қарыз берумен айналысты.

     2) Несие және сауда банктері, яғни салымдармен айналыспайтын банктер.

     3) Несиелік мердігерлер, вексельді  маклерлер, олар вексельді сатып  алумен және сатумен айналысып, сонымен қор маклері қызметін, яғни қор мәмілерерінің жүргізілуіне посредник болуымен ерекшеленеді.

     Сондай-ақ әлемдік экономикалық қатынастардың  дамуына байланысты және ағылшындардың  әлемдегі экономикалық және саяси үстемдігінің артуына байланысты Ұлыбританияда шетелдік банктердің саны өсті. Ондай банктер бүгінгі таңда Ұлыбританияда 400-ге жуық болып табылады.

     Сондай-ақ Ұлыбританияда несие жүйесінде  банктік емес несие-қаржы мекемелерінің  дамуы және олардың көрсететін операциялары өте дамыған. Оларға сақтандыру компаниялары, жинақтаушы операцияларды жүзеге асыратын үйымдар, қаржылық компаниялар, несие және құрылыс коперативтері, зейнетақы қорлары және халықаралық аудит корпорацияларын атап өтуге болады. Ұлыбританияның Банктік актісінің шығу тарихы 1979 жылдан бастау алады.

     Жапония. Бүгінгі таңда Жапонияда 6000-нан аса коммерциялық қаржы-несие ұйымдары қызмет етеді. Банктік бизнес пен несиелік қатынастар Жапонияда ең басты мемлекеттік ретеудің құрылымы болып табылады. Осы уақытқа дейін Жапония бірде- бір банк немесе қаржылық-несиелік мекемелер банкротқа немесе тоқырауға ұшыраған емес. Жапонияның несие жүйесінің басты элементтері 11 ірі коммерциялық банктер, яғни бұлар ол елде «қалалық» банктер деп аталады және 64 жекеменшік жергілікті банктер, яғни жекелеген операцияларды жүзеге асырушы, сондай-ақ үш әйгілі ұзақ мерзімді несиелеуді жүзеге асырушы банктер жатады. Қалалық 11 банк негізгі ірі бизнесті қаржыландырады және мемлекеттің корпорацияларының қызметтеріне қаржылық қолдау көрсетеді. /4, 372 б/

     Жапонияның  несие жүйесінің келесі құрылымының  элементтері 47 сақтандыру компаниялары, яғни олар қаржы көздері мен ресурстарының  басым бөлігін шоғырландырыушы  болып табылады. Ол компаниялар жиналған қаржыларды бағалы қағаздарды инвестициялауға  жұмсайды. Сонымен қатар елде 220 қор компаниялары қызмет етуде. Олардың басым көпшілігі бағалы қағаздар негізінде өз қызметтерін жүзеге асырады және олардың ішіндегі ірілері халықаралық қор биржасы бағалы қағаздарымен операцияларға қатысып, әлемдегі өздерінің көлемі жағынан ірі компаниялар болып табылады. Негізінен Жапонияның несие жүйессі Американдық үлгіде қалыптасқан. Жапонияның әлемнің басқа елдерінің несие жүйесінен айырмашылығы жапон несие жүйесінде банктер мен қаржы компанияларының қызметтері мен операцияларын жүзеге асыру деңгейі мен түрлері бойынша нақты заң қабылдаған, олар тек қана өзіне тиесілі операцияларды ғана жүзеге асырады.

     Жапонияның  несие жүйесі келесідей жіктеледі:

     Жапония Банкі (орталық банк);

     Коммерциялық  банктер;

     Мамандандырылған  несие институттары, яғни қаржыкомпаниялары (шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, басқа да жекелеген қаржылық компаниялар жатады.

     Елдің негізгі банкі Жапония Банкі 1882 жылы құрылған. Оны құрған кезден бастап ол банкке өзгеріс 1942 жылы өзгеріс енгізілді, ол өзгеріс шешім қабылдау органын енгізумен байланысты болды. Бұл банктің 55% жарғылық капиталы мемлекеттің үлесінде болып табылады.

     Сонымен қатар Жапонияның несие жүйесінде  мамандандырылған банктердің маңызы ерекше болып табылады: оларға: Импорттық банк, Жапониялық даму банкі, қаржылық корпорациялар, шағын бизнестің қаржылық корпорациясы.

     Мемлекеттің қаржылық қызмететрін және халықаралық  қаржылық қатынастарды іске асыратын Жапонияда ең ірі коммерциялық банк  - Токио Банкі болып табылады. Ол әлемнің 2001-нан аса банктерімен қарым-қатынаста.

     Швейцария.  Швейцария – бұл банктердің елі. Бұл елде 1500 адамға бір банктен келеді. Елде 150 шетелдік ірі банктердің филиалдары орналасқан. Швейцарияның несие жүйесінде 600-жуық қаржылық-несиелік операциялар жүзеге асырылады. /4, 375 б/

     Швейцарияда банктер үш негізгі топқа бөлінеді:

     Ірі ұлттық банктер – Юнион бэнк оф Свитцеленд, Суисс бэнк корпорэйшн және Суисс кредит бэнк.

     Кантональды, жергілікті және жинақ  банктері , өз аймағындағы жергілікті салымшылар мен несиелеуді жүзеге асырушы банктер.

     Жекеменшік  банктер, негізгі қызмет түрі инвестициялық портфельдермен қызмет істеу болып табылады.  
 
 

     Қорытынды 

     Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда  кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.

     Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары  туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі  субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналысын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың , ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және көптеген операциялар өтеді.

     Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің  ақша айналысын реттеп, ақша қаражатының  экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету  арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға  ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың , ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және көптеген операциялар өтеді.

       Несие жүйесі – жалпы  экономикадағы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес (парабанктік жүйенің) мекемелердің жиынтығынан тұрады. Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.

     Нарықтық  экономикада несие-банк жүйесі маңызды  рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және оны экономикада белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық және тағы басқа операцияларды рһорындайды.

     Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік  емес мекемелер).

     Осы аталған ұлттық несие жүйесін  елдің қаржы нарығымен бірге  дамуы, жалпы ұлттық экономиканың тұрақты  және тиімді дамуының басты жолы, сонымен қатар несие жүйесі экономиканы тиімді ұйымдастырып, маңызды салаларды ынталандыруды іске асырады.  Қазіргі таңда ұлттық несие жүйеміз толық қанды дамып отырған бірден-бір сала болып табыладыНесие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.

     Қазіргі таңда ұлттық несие жүйеміз толық  қанды дамып отырған бірден-бір  сала болып табылады.  Оның дәлел  ретінде экономиканың соңғы жылдардағы қарқынды дамуының негізі сонау жылдардағы жекешелендіру реформасы кезінде мемлекеттің қолдауымен жүргізілген тиімді несие саясатының жемісі болып табылады. Сонымен қатар ұлттық несие жүйеміздің бір тармағы ретінде банктік жүйенің әлемдік стандарттарға өтуі, елімізідің Ұлттық банкі өзінің қызметтері бойынша ТМД елдері ішінде классикалық Орталық банк қызметін толық қанды атқарып отырған бірден-бір банк болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер   

  1. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша,  несие,  банктер,  валюта      қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2001ж.
  2. Мақыш С.Б.  Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2006. – 272 б.
  3. Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық /  Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика,  2003, - 466 б.
  4. Деньги,  кредит,  банки:   Учебник  /  Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд.

   2-е,  - Москва: 1999г.

  1. Абрамова М.А.,   Александрова Л.С.  /   Финансы,  денежные обращение и кредит.   Учебние пособие – Москва , 1996г.
  2. Бункина М.К.  /  Деньги,  банки,  валюта,  Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
  3. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
  4. Банки Казахстана, 2004 г. №12;   “Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка”  // Донцов С.
  5. Банки Казахстана, 2004 г. №12;   “Банковскаы система Казахстана – крупнейший институтциональный инвестор национального фондового рынка”  // Донцов С.
  6. Банки Казахстана, 2009 г. №1;  “О некоторых аспектах развития филиальных сетей коммерцеских банков” // Кил А. Б.
  7. Мырзабеков Ш.  Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2008.-1 қазан (№39).-13 бет.
  8. «О текущей ситуации на финансовом рынке»  // Банки Казахстана,

      № 4,5- 2010 г. 3-4 стр.

13. www. Ipoteka. kz

14. www. Bankir. kz. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері