Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 22:08, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
I НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ..................................................4
1.1 Несие жүйесінің дамуы және құрылымы...........................................4
1.2 Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері .,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.........7
ІІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ (“Альянс Банк” АҚ) МЫСАЛЫНДА .................................................................................................15
2.1 “Альянс Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты .......................................................................................................................15
«Альянс Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері .......................................................................................................22

ІІІ Несие жүйесін құрудағы шетелдік тәжірибелер .................................32
Қорытынды ................................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер ...............................

Работа содержит 1 файл

курсовой гульжан банк.doc

— 387.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ 
 
 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 
 

Тақырыбы: «Қазақстан  Республикасында  банктік  несиелеудің қазіргі

 кездегі  жүйесі және оның негізгі элементтері» 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған: Ф10К1С тобы Серікова Г.

                                                                           Тексерген: Ахметов. А. А 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы 2011

ЖОСПАР 

Кіріспе ..........................................................................................................................3 

I НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ  ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ..................................................4 

1.1 Несие жүйесінің  дамуы және құрылымы...........................................4

1.2 Қазақстан Республикасында  банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері .,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.........7

ІІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ (“Альянс  Банк” АҚ) МЫСАЛЫНДА .................................................................................................15

2.1 “Альянс Банк”  АҚ – ның жеке тұлғаларға  несиелердің берілу тәртібі мен  саясаты .......................................................................................................................15

    1.  «Альянс Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері .......................................................................................................22
 

ІІІ Несие жүйесін  құрудағы шетелдік тәжірибелер .................................32 

Қорытынды ................................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер ..........................................................................................36 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

      Нарықтық  экономика – күрделi, әрi жан-жақты  қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар  және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын  қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды. Ал бұл механизм несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне  несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады.  Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.

      Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік  емес мекемелер).

     Сонымен мен курстық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасының несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы»  деп алдым.

     Бұл тақырыптың өзектілігі несие  нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жекелеген азаматтар да пайдаланады. Ал осы маңызды болып табылатын несиелік қатынастарды ұйымдастыру, несиелік мекемелердің іс-әрекетіне тікелей байланысты. Яғни, бір сөзбен айтқанда несие жүйесі  несиелік қатынастар мен несиелік мекемелер жиынтығын құрайды.

     Осы жұмысты орындаудағы негізгі  мақсатым несие жүйесінің құрылымын және ондағы несиелік қатынастарды экономикалық тұрғыдан талдап, еліміздегі несие жүйесінің дамуын, несиелік ұйымдар мен несиелік қатынастарды талдау болып табылады.

     Жұмысты орындаудағы басты  міндеттеріме тоқталатын болсақ:

  • Несие жүйесі несиелік қатынастар мен несие мекемелерінің жиынтығы ретінде оның құрылымын және несие жүйесінің дамуын талдау және жан-жақты талқылау;
  • Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы құрылымын сипаттау;
  • Еліміз үшін бүгінде маңызды болып отырған несие жүйесінің бір элменті болып табылатын ипотекалық несиенің әлемдік үлгілері және оның Қазақстандағы қолданысы туралы тоқталып өту;
  • Несие жүйесіндегі парабанктік жүйенің маңыздылығы мен бүгінгі таңдағы даму барысын талдау жағдайы болып отыр.
  • Несие жүйесінің бүгінгі таңдағы дамуы мен жетілдіру шараларын ұсыну болып табылады.

     I НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 

     1.1 Несие жүйесінің дамуы және құрылымы   

     Өркениетті  мемлекеттердің тәжірибесінде несие  жүйесі туралы екі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие-қаржы институттарының жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді. 

     Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналысын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың , ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және көптеген операциялар өтеді. /1, 122 б/

     Несие жүйесінің маңызы мен мен ел экономикасындағы ролі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айнымалы капиталын қалыптастырудағы банктік капиталдардың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. қатынастармен сипатталады.

     Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің  көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда ¾ бөлігінің несие жүйесі арқылы өтуі.

  Несие жүйесі – жалпы экономикадағы банктердің (Ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес (парабанктік жүйенің) мекемелердің жиынтығынан тұрады. Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады.

      Нарықтық  экономикада несие-банк жүйесі маңызды  рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және оны экономикада белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік сақтандыру, делдалдық, инвестициялық және тағы басқа операцияларды орындайды.

      Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде көптеген өзгерістер кездеседі. Олар:

      Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен  орталықтануы нәтижесінде банк монполиясының пайда болуы: XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында әр мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті. Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие жүйесінде ірі банктердің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар капиталдардың бірігуінің тинтенсивті процесіне байланысты болды.

      Капиталды шоғырландыру мен орталықтандырудың ашық және жасырын түрлері кездеседі. Біріншісіне ұсақ банктердің күйреуі, олардың бір-бірімен қосылуы, бөлімшелерінің дамуы, ал екіншісіне корреспонденттік қатынастар мен көпбанктік жүйелердің дамуы жатады. Корреспонденттік қатынастар деген несие мекемелері арасындағы келісім бойынша жүргізілетін операциялар, олардың мақсаты – бір-бірінің тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру. Корреспонденттік шоттар: «лоро» - олардікі, «ностро» - біздің қаржы деп бөлінеді.

      Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің арасында жүрді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорынды өз ықпалында ұстау үшін несиені жеңілдікпен береді. Оңдай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына жасалады.

      Бәсекенің келесі түрі - әр түрлі несие-қаржы институттарының арасында туындайды. Мысалы, коммерциялық банктер мен жинақ мекемелерінің арасында жинақты өздеріне тарту үшін; коммерциялық банктер, қаржы компаниялары, несие одақтарының халыққа тұтыну тауарларына берген қарыздың үлкен бөлігі үшін; ипотека нарығындағы сақтандыру компаниялары, өзара жинақ және қарыз-жинақ банктерінің арасындағы бәсекелер.

      Бәсекені  күшейтетін маңызды фактордың бірі – қаржылық емес корпорациялардың қаржылық қызмет түрлерін атқаруы. Бұл  мекемелер банк қызметінің тек кейбіреуін ғана орындайтындықтан, несие институттарына таратылатын заңды шектеулерге бағынбайды. АҚШ-та оларды «банктік емес банк» деп атайды. Олар – Дженерал моторз, Форд, ИБМ және т.б. көптеген операциялар жүргізумен щұғылданады: өнеркәсіптік және тұтыну несиесін беру; жылжымайтын мүлікпен, сақтандыру, лизинг операцияларын жүргізіп, қолма-қол ақшаны басқарады.

      Қазіргі кезде банктер арасындағы бәсеке халықаралық  дәрежеге көтерілуде. Өндірістің мемлекетаралық мамандануы мен бірлесуі, сыртқы сауданың дамуы, евровалюта нарығының өсуі банк ісінің интернационалдануына және банк операцияларының көп бірлігін мемлекет шекарасынан шығуына әкеп соқтырды. XX ғасырдың соңғы төрттен бір бөлігінде АҚШ, Жапония, ГФР, Франция және басқа да мемлекеттердің ірі банктері халықаралық қаржы концерндеріне айналып әлемнің әр түрлі елдерінде көптеген несиелік, есеп айырысу, инвестициялық операциялар жүргізеді. Көптеген банктердің халықаралық операциялардан түсіретін пайдасы жиынтық пайдасының 40-50%-ын құрайды.

      Халықаралық банктер – ұлтаралық және көп  ұлттық банктер болып бөлінеді. Ұлтаралық  банктер – ол әмбебап үлгідегі ірі несие-қаржы кешендері. Олар әдетте, қолында шетелдік кәсіпорындардың  кең желісі және мемлекеттің қолдауымен дүниежүзілік нарықта валюта, несие операцияларын бақылайтын жүйесі бар қарыз капиталының қозғалысындағы басты делдалдар.

      Көп ұлттық банктер – ол бірсыпыра  елдердің ірі банктернің үлестік  жарна төлеу арқылы құрылған халықаралық  банктер топтамасы. Олар әлемдік  нарықта ұлтаралық банктердің операцияларын іске асырумен, сыртқы сауданы несиелеумен, евровалюта нарығын жүргізумен шұғылданады.

      Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының  бірігіп қаржы капиталының құрылуы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың  пайда болуы және олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болады. Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі.  Банктік несие өнеркәсіптік компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен шешіп отырады. сөйтіп несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен төмендегідей тұрғыда жүргізіледі:

  • өнеркәсіп компанияларына банктердің несие беруі;
  • ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізу; 
  • эмиссиялық құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.

Информация о работе Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері