Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 22:08, курсовая работа
Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.
Кіріспе ..........................................................................................................................3
I НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ..................................................4
1.1 Несие жүйесінің дамуы және құрылымы...........................................4
1.2 Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері .,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.........7
ІІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ (“Альянс Банк” АҚ) МЫСАЛЫНДА .................................................................................................15
2.1 “Альянс Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты .......................................................................................................................15
«Альянс Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері .......................................................................................................22
ІІІ Несие жүйесін құрудағы шетелдік тәжірибелер .................................32
Қорытынды ................................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер ...............................
Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан құрылымды сипаттайды. Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден айырмашылығы – олар біріншіден, клиеннттердің белгілі бір түріне қызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлеріне қызмет көрсетеді.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және несиелік жедел жүргізу ұйымдарын кіргізеді.
Қазақстан Республикасы туралы соңғы жылдардағы несие жүйесі туралы мәліметтерді келесі 1-ші кестеден көре аламыз:
Несиелік
серіктестіктер -
өз мүшелеріне несие-есеп айырысу қызметін
көрсету мақсатында құрылған несиелік
мекеме. Несиелік серіктестіктердің жарғылық
капиталы пай қосу және міндетті кіру
жарнасын төлеу жолымен қалыптасады.
Несиелік серіктестіктердің бір түріне
ауыл шаруашылығы несиелік қоғамдары
жатады. Олардың басты қызметі – ауыл
шаруашылығына несие-есеп айырысу қызметін
көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым,
тыңайтқыш сатып алу шығындарын несиелеу
болып табылады.
Кесте-2
ҚР-дағы несие жүйесі туралы мәліметтер
Несие жүйесінің элементтері | 2004 | 2006 | 2007 | 2010 |
1. Екінші деңгейдегі банктердің барлығының саны: | 38 |
35 |
34 |
39 |
Оның ішінде | ||||
Мемлекеттік | 2 | 2 | 2 | 2 |
Мемлекетаралық | 1 | - | - | - |
Шетел
капиталы қатысуымен:
- 100% / 50%- ден аса: Еншілес банктер: |
16 9/6 11 |
17 9/6 11 |
16 10/4 10 |
16 10/4 10 |
2. Несиелік серіктестіктер | 19 | 29 | 37 | 37 |
3. Ломбардтар | 45 | 52 | 35 | 35 |
4. Ипотекалық компаниялар | 2 | 2 | 2 | 2 |
5. Басқа да ұйымдар | 41 | 42 | 47 | 47 |
Несиелік одақтар – бұл белгілі бір жеке тұлғалардан немесе ұсақ несиелік мекемелерден ұйымдастырылатын несиелік кооперативтер. Олар негізгі екі типте болуы мүмкін: 1) қысқа мерзімді тұтыну несиесін беру мақсатында кәсіби немесе аумақтық белгілеріне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған; 2) еркімен қосылған дербес несиелік серіктестік түрінде, мысалы, ссуда жинақ серіктестіктері, өзара несие қоғамдары жатады. Олардың негізгі операцтяларына келесілер жатады: салымдарды тарту және займдарды шығару; өзінің мүшелеріне қамьамасыз етілген ссуда беру; сауда-делдалдық және комиссиондық операциялар; өз мүшелеріне аудиторлық қызмет көрсету.
Ломбардтар – бұл жылжитын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімзе ссудалар беретін несиелік мекеме. Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болды. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың несиелері негізінен қысқа мерзімге 1-3 ай аралығы және кепілге салынған мүлік құнының 50-80% мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қаатр олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі мұнда несиелік шарт және кепіл міндеттемелері болмайды.
Бүгінде Қазақстан экономикасында банктік емес мекемелердің мынадай түрлері дамып отыр:
Осылардың ішінде қазіргі кезде ломбардтық мекемелер мен несиелік серіктестіктер кеңінен дамып келеді. ҚР Ұлттық банкінің 1997 жылғы 29 тамызындағы №314 «Ломбард туралы» ережесіне сәйкес, ломбард – банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға. «Несиелік серіктестік туралы» ҚР заңына сәйкес несиелік серіктестік – бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттіліктерін қанағататндыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерікті түрде бірігуін нәтижесі болып табылады.
Несиелік серіктестік және ауыл несиелік серіктестігі ҚР заңдылықтарындағы ережелерге сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада құрыла алады:
Ипотекалық несиелеуді ұйымдастыру жүйесінің шетел тәжірибелерінде әрекет етіп отырған негізгі үлгілері бар. Ипотекалық несиелеудің біршама қарапайым және біршама жетілген үлгісі шартты түрде айтсақ, «қарапайым ашық үлгі». Бұл үлгінің бастапқы принциптік сипатына тоқталсақ, ипотекалық ссудаларға деген барлық клиенттердің жалпы өтініші банктің меншікті және сырттан тартылған қаражаттары: депозиттерде жатқан клиенттердің қаражаттары; банкаралық несиелер және т.б. несиелермен қамтамасыз етіледі.
Ипотека термині – кепілдік, кепілзат немесе кепілге салу деген мағынаны білдіреді. Ипотекалық несие дегеніміз – бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге алып, ұзақ мерзімге берілетін несие түрі. Ипотекалық несие экономикалық мағынасы жағынан – бұл банктен немесе басқа қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлік кепілінің алуын түрлілігі болып табылады. қарапайым тілмен айтқанда ипотека дегеніміз – бұл қарыз ақшаға үй сатып алу.
Қазақстандағы ипотекалық несиелеу 90-жылдардың ортасында пайда бола бастады. Ол кезде 1994 жылы «Жилстройбанкі» (кейіннен «Центр Кредит» банкінің құрамына кірді) Швебил Халл қаласындағы құрылыс жинақ кассасымен серіктестік қарым-қатынас құрып (Германия), ол тұрғын үйлік несиелеудің отандық моделін зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл модель Қазақстан нарығының ерекшеліктерін ескере келе пайдаланыла бастады. Ең алғаш шамамен 30 млн. теңге сомасы бар 450 құрылым жинақтауа салымдары тартылды.
Ұлттық банк басқармасының 2001 жылдың 20 желтоқсанындағы тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында ЖАҚ «Қазақстандық ипотекалық компания» құрылуының шешімі қабылданды. Ол жеке қаржы институты негізінде құрылды. Компания несие беруші банктерден ипотекалық несие бойынша талап ету құқықтарын сатып алып, осы құқтармен қамтамасыз етілген ипотекалық құнды қағаздарды эмиссиялайды, Қазақстан ипотекалық компаниясы негізінен несие операцияларымен қатар факторингтік операцияларды жүзеге асырады.
Қазақстан ипотекалық компанияның негізгі функциялары:
АҚ “Альянс Банк” екінші деңгейлі Қазақстандық банктердің өте тез дамушы банкі болып табылады және 12 жыл бойы банктік қызмет нарығында қарқынды жұмыс істеуде.
“Альянс Банк” Қазақстандық ірі банктердің төрттігіне кіреді.
2010 жылдың 1 шілдесінде Банк активтері-521969 млн, теңге құрады, міндеттемелері-484814 млн, меншікті капиталы-37155 млн, теңге құрады.
2001 жылдың 25 маусымынан №245 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқарушысының қаулысына сәйкес АҚ “Альянс Банк” екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандартқа ауысу реті туралы ережелердің міндеттемелерін орындауға міндеттеледі.
004 жылдың 15 мамырынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің №73 қаулысында АҚ “Альянс Банк” автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйесінің бөлігіне және оның сертификациясына бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа көшуші екінші деңгейлі банктер қатарына қосылды.
2008 жылдың қаңтарында бүкіл әлемге танымалы журналы The Banker АҚ “Альянс Банкінің” экономикасы өзгермелі елдер банктерінің арасында өте тез дамушы банк деп танылды. 2002-2004 жыл ПЕМД, Балтия, Орталық Азия және Еуропа елдерінің 377 банктері қызметінің қорытындысы бойынша толық зерттелді.
2009 жылдың қазанында Euromoney журналы АҚ “Альянс Банкті”- корпоративті басқарма бойынша алдағы қатарлы банк және тұрғындарға қызмет көрсету бойынша өте жақсы банк деп атады. Сонымен қатар, 2007 жылдың қазанында The Banker журналы “Альянс Банкті” екі Қазақстандық Банкпен бірге ірі азаматтық банктер қатарының 200-тобына қосты.
АҚ
“Альянс Банк” MoodyS рейтингі бар: шетел
валютасындағы міндеттемелер
Халықаралық рейтинг агенттігінен Fitch Ratinos рейтингі: ұзақ мерзімді-В+; қысқа мерзімді-“В” жеке-“D” және қолдау рейтингі-“У” ұзақ мерзімді рейтинг бойынша болжам-“тұрақты”.
“Альянс банк” қатысушысы:
1.Қазастан
республикасының жеке
2.Ипотекалық
несиелердің кепілді
3.А, В, Р, және R категориялары бойынша Қазақстандық қор биржасының;
4.Қазақстанның
қаржы қызметкер ассоциясы (
5.RENTERS және S.W. I. F. I. халықаралық, банкаралық телекоммуникация жүйесінің,
6.Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасының;
7.Visa Internationd болып табылады.
Қаржы нарығының қызметінде “Альянс Банкінің” партнеры келесілер:
1.ЖАҚ “Ұлттық Процессингтік Орталық”
2.ЖАҚ “Қазақстан Қор биржасы (Kase)”
“Альянс Банк” зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар, сонымен қатар ЖАҚ “мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры” депозиттерге орналастыру үшін қаржы құралдарын сенгендігіне байлансты. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен қаралған екінші деңгейлі банктер қатарына қосылды.
“Альянс Банк” валюта саудасының KASE негізгі қатысушы және бағалы қағазбен белсенді жұмыс істеуші болып табылады.
“Альянс
Банк” бағалы қағаз нарығында
номиналды ұстаным ретінде
“Альянс Банк” АО “Қазақстандық Ипотекалық Компаниясының” стратегиялық партнеры болып және республика ипотекалық несиелендіру нарығында белсенді жұмыс істеуші болып табылады. 2006 жылдың 14 мамырында “Альянс Банкі” бас (генеральный) келісімге №101-01 АҚ “Ипотекалық несиелердің кепілді қазақстандық қорымен” қол қос отырып ипотекалық несиелердің кепілді жүйесінің ең бірінші қатысушысы болды.
“Экспресс” несиесі – қарыз алушының несиелік тарихы жылдам қаралатындықтан экспресс деп аталады. Бұл несие түрі клиенттер үшін бұл несиенің түрі ең тиімді шарттар.
Оған қажет құжаттар:
Яғни ең минималды құжаттар пакеті және де кепіл затсыз (залог) және кепілгерлерсіз ұсынылады.
Сонымен қатар, клиенттен жұмыс орнынан анықтама және кіріс туралы мағұлматтар қажет етпейді.