Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 22:08, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
I НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ..................................................4
1.1 Несие жүйесінің дамуы және құрылымы...........................................4
1.2 Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері .,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.........7
ІІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ (“Альянс Банк” АҚ) МЫСАЛЫНДА .................................................................................................15
2.1 “Альянс Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты .......................................................................................................................15
«Альянс Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері .......................................................................................................22

ІІІ Несие жүйесін құрудағы шетелдік тәжірибелер .................................32
Қорытынды ................................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер ...............................

Работа содержит 1 файл

курсовой гульжан банк.doc

— 387.50 Кб (Скачать)

     Банк  клиенттің жалақысының оның зейнетақы  қорына соңғы 3 айдағы тұрақты аударымдар бойынша өз желісі арқылы тексереді. Егер клиенттің зейнетақы қорына аударымдары тұрақты болмаса, банк клиентке несие беруден бас тартады.

     Сонымен қатар, клиент үшін және бір тиімді шарт несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі және мерзімінен бұрын өтеу кезінде айып санкциялары қолданылмайды. Несиелік өтініш қарастыру ақысыз.

Жеке  тұлғаларға  VISA карточкасын авторизациялауды ұйымдастыру.

      Клиент  банкке карточка алуға келгенде жеке куәлігі мен СТН-ін алып келуі керек. Ең алдымен карточка алуға өтініш-анкетаны толтырады. Оның реквизиттері мынандай мәліметтерден тұрады:

  • өнімнің түрі
  • карточканың түрі
  • жеке тұлға немесе заңды тұлға екенін белгілеу
  • ер жігіт немесе әйел екенін көрсету
  • клиенттің аты-жөні
  • карточканы авторизациялау немесе шектеп тастау үшін керекті қосымша мәлімет
  • клиенттің тұрғылықты жері, телефоны, ұялы тел. номері
  • жұмыс орны, алатын орны , қызметі
  • туылған күні, жері
  • қолы және қол қойған күні

Бұл анкетаның  екінші көшірме данасы клиентке беріледі.Өтініштің астыңғы бөлігі карточканы авторизациялағаннан кейін (15 күннен) банктің қызметкерімен толттырылады:

  • банктің бөлімшесінің атауы
    • берілген карточканың номері мен валютасы
    • жауапты тұлғаның аты-жөні және қолы

Клиент анкетаны толырып біткеннен кейін оған карт-шот ашылады. Карт-шоттың ашылуы  ағымды шотты ашумен бірдей. Программаға клинттің бүкіл мәліметтерін енгізіп қол үлгіслері  бар құжатты шығарамыз. Бір ерекшелігі карт-шоттың келісім-шарты болмайды. Қол үлгілері бар құжаттың реквизиттері:

  • клиенттің аты-жөні, СТН номері
  • мекен-жайы, телефоны
  • банктік есепшот түрі – Карт-шот
  • банктің мекен-жайы
  • карт-шоттың номері
  • қойылған қолдың үлгісі
  • шот ашып отырған менеджердің  аты-жөні
  • үлгілерді куәландырған күні
  • менеджердің қолы мен мөрі

      Толтырылған құжаттар  жеке куәлік пен СТН-нің  көшірмесімен бірге менеджерде қалады да,   төлем жүйесі департаментіне  электронды түрде картачканы дайындау үшін сұрау жіберіледі. Карточканы дайындаудың ең ұзақ мерзімі 15-20 күн. Карточка мен Пин-конверт  дайын болған кезде клиентті шақыртып, карточканы авторизациялауды жүргіземіз. Ол үшін клиент Пин-конвертті алу туралы хабарламаны толтыру керек, бұл клиеттің расында да пин конверт пен карточканы алғандығы туралы дәлелдеме құжат.Оның мәліметтері:

    • карточканы алушының аты-жөні,
    • жеке куәлігінің номері,
    • жаңа карточканың номері
    • Пин-конверт пен карточканы алу уақыты мен күні, қолы
    • Банк қызметкерінің қолы мен аты-жөні

     Бұл құжат 2 данада толтырылады, бірінші  данасы менеджерде қалады,  ал екінші данасы төлем жүйесі департаментіне жіберіледі. Содан соң програмада электронды авторизацияны жүргіземіз де, клиенттің қолына Пин-конверт пен карточканы береміз.

  «Альянс Банктің» филиалдар  жүйесі, яғни тұтынушылар салымдарынан тұратын кең ресурстық база,өте маңызды рөл атқарады, әсіресе банкаралық несиелеу жүйесі жоқ  жерлерде.Соңғы кездері инвесторлар қаражаттарын жоғарғы кластағы активтер тобына аудару және экономиканың өтімділік дәрежесінң өсуі әсерінен банк ресурстарды тарту қызметі айтарлықтай жеңілдетілді. Бірақ осыларға қарамастан «Альянс Банктің» «клиент депозиттері» деген  көрсеткіші едәуір төмендетілді. Банк соңғы екі жылдың ішінде  бөлінбеген пайда арқасында өзінің базалық капиталын екі есе өсірді. Банктің тұрақты рейтингі  -  ВВ-/тұрақты/В. Банктің рейтингтері келесідей бөлінеді:

      -ағымдағы  рейтингтер;

      -Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингтері.

      Ағымдағы рейтингтер мәліметтерін 1 кестеде, ал несиелік рейтинг-терді иемдену тарихы 2 кестеде көрсетілген.

            Кесте 3

ҚР «Альянс Банкнің» ағымдағы рейтингтері

Контрагенттің несиелік рейтингі

BВ-/тұрақты/В

Депозиттік  сертификаттар рейтингі BВ-/В
Бірінші дәрежелі қамтылмаған міндеттемелер  рейтингі ВВ-

      *Ескерту:  қайнар көзі  “Альянс Банк” АҚ жылдық есебі 2010 ж.

Кесте 4

      ҚР  «Альянс Банкнің» несиелік рейтингтерді иемдену тарихы

11.04.2010ж.

ВВ-/В

04.12.2007 ж. В+/В
17.12.2007 ж. В+/С
18.12.2004 ж В/C

      *Ескерту:  қайнар көзі  “Альянс Банк” АҚ жылдық есебі 2010 ж. 

      Қазақстан Республикасы өзінің жекеше рейтинг  жүйесіне ие, және оның рейтингтері басқаларға қарағанда ерекшеленеді.Оны 3 кестеден байқауға болады.  

     Рейтингке әсер ететін негізгі факторлар:

Позитивті факторлар:

         -банктің корпоративті және жеке  қызмет нарығында жақсы    көрсеткіштердің болуы

        -негізгі қызмет бойынша үдемелі табыс көрсеткіштердің деңгейі;

         -бақылау және тәуекел-менеджмент  жүйелерін дұрыс ұйымдастыру. 

Негативті факторлар:

      -күрделі экономикалық жағдайларда  несие қайтарымдылығының төмен  дәрежесінде берілген несие көлемнің өсуі

     -базалық  капиталдың жеткіліксіз мөлшері;

      -банктің қызметі мен экономикалық  аямен байланысты туындайтын  тәуекелдер.

      Соңғы жылдары басқа банктер сияқты «Альянс Банктің» тез өсу әсерінен ол экономикалық тоқырауларға өте тәуекелді болып келеді.Бірақ несие қайтарымдылық деңгейін дұрыс анықтау және қайтарылмайтын несиелердің төмен деңгейі бұл тәуекелді едәуір төмендетеді.Ашылған жылдан бастап «Альянс Банк» рентабельділік бойынша Қазақстан банктердің ішінде жетекші орында. Сонымен қатар банк табыстардың құрамында негізгі қызметтен түсетін табыстар үлесі едәуір артты, бұл төтенше табыстардың және салық жеңілдіктердің жойылуымен түсіндіріледі.Комиссиялық табысты құрайтын несие көлемінің өсуі және тауар мен қызметтің көбеюі  банктің қаржылық келешегін жақсартады.

     «Альянс Банк» жетекші универсалды банктердің бірі болып, нарықта банк қызметтерімен қатар қаржылық қызметттерді көрсетеді. «Альянс Банк» жаңа инновациялық қызметтер мен тауарлар арқылы жеке тұлғаларды  несиелеу нарығында жетекші орын алатын «Халық банкке» негізгі бәсекелес көрсетеді. Бұл нарық «Альянс Банк» сенімді бірінші дәрежелі ресурстармен қамтымасыз етеді.2004 жылдан бастап «Альянс Банктің» балансы банк жүйесіндегі өтімділіктің  жоғары құйылу салдарынан салымдардың үдемелі өсуінен кеңейеді.Шетел инвесторлардың қатысуы банк саясатына оң әсерін тигізеді: тиісті эксперттік білімдер, ресурстарды тарту және бизнестің кеңеюі. FMO грантымен қаржыландырылған RZB компаниясымен серіктестік келісімшарт шеңберінде жүргізілген «Твиннинг» бағдарламасы 2007 жылы бітіп, «Альянс Банк» өнімдерін  және жүйелерін жаңартуға мүмкіндік берді. Бұл жаңартулар алғашында банктің неселеу, маркетинг және халыққа қызмет көрсету сияқты бағыттар бойынша жүргізілді.Шетел инвесторлармен жасалған серіктестік келісімшарт шеңберінде 2003 жылы «Альянс Банктің» Директорлар кеңесіне RZB және  ЕБРР-дың екі өкілдері қосылды. Және банк шетел инвесторлардың қатысуымен тәуекелдерді басқару, ішкі аудит пен бақылау, саудалық және жобалық қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізуде.     

      2010 жылы клиенттерге берілген қарыздар мөлшері 2009 жылға қарағанда 3 есе өсті, және оның мөлшері 1,343,433 миллион теңге құрды. Несиелеу көлемінің қарқынды өсу дәрежесі мемлекеттегі қалыпты экономикалық жағдайды көрсетеді. Бірақ, «Альянс Банк»  несие көлемдерінің едәуір мөлшері долларға байланысты және шетел валютасына теңестірілген болғандықтан банк активтерінің нашарлауына әкелуі мүмкін.   

      Қарыз алушыға байланысты несие формасының 4 формасы бар;   Мемлекеттік  несие- бұл мемлекет тарапынан нақты  мерзімге анықталған несие. Шаруашылық несие- бұл несиелік қатынас жабдықтаушы түрде бола алады, яғни сатып алушы тауарды алған кезде міндетті бекітілген кезде (тауарлық қана емес) өтейді. Қазіргі шаруашылықта бір біріне тауарлық қана емес, сондай-ақ ақшалай несие береді. Тауар түрде беретін несие - коммерциялық несие, ал банктік түрде несие - ақшалай несие беріледі.

      Азаматтық тұтыну несие түрі. Әр жеке тұлға  алатын несие. Халық аралық тұтыну несие  түрі. Әр жеке тұлға алатын несие.

      Банктік несие, коммерциялық несие субъектілері жеке, заңды тұлға және осы ұлғалар еңбекке жарамды өздерінің материалдық құралдармен жабдықталған, экономикалық қатынастарда өзінің кепілдігі бар несие қатынасқа түсе алатын тұлғалар. Несие субъектілері бойынша несие бергенде жүйесіне, несие түріне қарай беріледі. Клиентке несие еңбекке жарамды өздерінің материалдық құралдармен жабдықталған, экономикалық қатынастарда өзінің кепілдігі бар несие қатынасына түсе алатын тұлғалар. Несие субъектілері бойынша несие бергенде жүйесіне, несие түріне қарай беріледі. Клиентке несие беруде оның келесі элементтері зерттеледі; капитал қозғалысы мен несиенің байланысы, несиені қолдану ортасы, несие тізімі, өнімділігі, несиенің қамтамасыз етілуі.

      Несие субъектілері - несиені алушылар мен  берушілер,

      Несие объектісі - несие алушы мен берушінің арасындағы ақшалай, мүліктей зат.

      Банктік несиені несиелендіру объектісіне  қарап тармағында «объект» - бұл  зат, яғни несиелік келісім шарт бекіту кезінде қарыз ретінде берілетін  құрал, зат. Несие берілу мерзіміне  қарай: қысқа, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді 1 жылға дейін, орта-1-3 жылға дейін, ұзақ-5 жылдан жоғары.

      Қысқа мерзімді несие - өндірістік қорлардың  әр түрлі элементтеріне беріледі; өнеркәсіп, ауылшаруашылығына, сауда  және тағы басқа.

      Ұзақ  мерзімді несие - өндрістік объектілер құрылысына, қайта құруға, техникалық жаңартуларға, әр түрлі техникалық игерулерге, жаңа өнім шығаруға қолданылады. Банк қарызын бергенде олардың критериіне мен қағидаларына байланысты несие көлемі меншікті капитал көлеміне ғана тәуелді емес, сонымен қатар тартымды ресурстарына әсерін тигізеді. Несие жүйесін іс  жүзіне асыруда басты элементі- келісімшарт.

      Несиенің  қағидалары: несиенің жұмсалған мақсаты, несиенің көлемі, несиенің мерзімі, несиенің проценттік ставкасы, несие кепілдемесі. Несиелендіру келісім шарт объектісі; субъект, объект, несиені қамтамасыз ету кепілдігі.

      Несие беру Ұлттық банк ережелеріне сай  жүргізіледі. Осы ережеге сай  коммерциялық банктер және оның филиалдары жеке заңды тұлғаға несие беруде көлемін анықтайды негізгі талаптарын қояды, оның жүргізу процедурасын бас банкпен байланыса отырып жүргізеді, Несие жеке тұғаларға; үй заттарын алуға, емдеуге, оқу орындарын, бала оқытуға тағы басқа.

      Несие беру кезінде белгілі бір сомма  анықталған  мерзімге беріледі және оның бойынша максималды шектелуі тағайындалмайды. Жеке тұлғаға несие беру теңгеде, шетел валютасында жүргізіледі. Жеке тұлға несие алуда келесі құжаттарды ұсынуы керек; өзінің еңбек ақысы туралы анықтама, мұнда бас бухгалтердің қолы мен мөрі болуы керек, жеке тұлғаны куәландыратын жеке құжат, жан ұя жөнінде анықтамалар, салық инспекциясымен берілген клиентің тіркеу анықтамасы және оның көшрмесі жанұя мен иелерінің табыс анықтамасы. Клиент өзінің алған несиесін қамтамасыз ету  үшін кепіл құжаттарын ұсынады. Жұмыс істегендігі соңғы 12 айға орташа айлық табысы, соңғы 12 айға еңбек ақыдан ұсталынған төлемдер түрлері. Бұл анықтама ұйым басшысымен бас бухгалтермен мөрлену  керек.

      Жеке  тұлғаға несие беру кезінде клиентің несиелік қабілетін, оның келісім егер бұрын қарыз алса, оның көлеміне қарай. Несие бөліп клиенттің төлем қабілеттілігін оның жұмыс орнына әкелген орташа еңбек ақысы негізінде және зейнетақының тағайындаған сомасынан тағайындалады.

      Анықтамаларға келесілер жатады; анықтаманы берген ұйымның толық аты, оның пошталық адресі, банктік реквизиттері, клиентің сол ұйыммен тұрақты жерде істеген мерзімі клиенттің  сол ұйымда қандай қызметкер болып 3 жақты 4 данада толтырылады, Сондықтан жеке тұлға гарант тұлғаа болып қатысқанда кепіл қолдары өзінің жеке куәлігімен тексеріледі. Несие қызметкері құжаттарды толтыру кезінде келесі талаптарға сүиенуі керек;

Информация о работе Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері