Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 22:08, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.

Содержание

Кіріспе ..........................................................................................................................3
I НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ..................................................4
1.1 Несие жүйесінің дамуы және құрылымы...........................................4
1.2 Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері .,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.........7
ІІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ (“Альянс Банк” АҚ) МЫСАЛЫНДА .................................................................................................15
2.1 “Альянс Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты .......................................................................................................................15
«Альянс Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері .......................................................................................................22

ІІІ Несие жүйесін құрудағы шетелдік тәжірибелер .................................32
Қорытынды ................................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер ...............................

Работа содержит 1 файл

курсовой гульжан банк.doc

— 387.50 Кб (Скачать)

* Ескерту: қайнар  көзі: «Альянс Банк» АҚ-ның мәліметтері бойынша 2010ж 

    Қазіргі уқытта екінші деңгейдегі банктер мен арнайы мамандандырылған банктік емес қаржы институттары тұрғын үй және коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу, жөндеуге ипотекалық несие беру жөнінде белсенді қызметті іске асырады, ипотекалық несиелерді қорғау бағдарламалары іске қосу үшін жағдайлар жасалып, Қазақстанның Ипотекалық Компаниясы құрылып, қызмет етуде. Қазақстанның Ипотекалық Сақтандыру Компаниясын құру жұмыстары белсенді жүргізіліп, зейнетақы жинақтарын ипотекалық облигацияларға салу мүмкіндігі туралы шешім қабылданған және т.б. Бір айта кететіні, осы бағытта жүргізіліп жатқан белсенді жұмыстарға қарамастан Қазақстанның ипотекалық несиелеу нарығы дамудың бастапқы сатысында тұр және Қазақстан Республикасы экономикасының осы бір маңызды сегментінің қалыпты қызмет етуіне кедергі жасайтын көптеген мәселелер әлі шешімін таппай отыр.  

     Кесте 8 -«Альянс Банкі» ипотекалық несиені төлеу көрсеткіштері *

Несие сомасы, теңге Мерзімі (ай) Жылдық пайыз  көрсеткіші Ставка*100 % Ай сайынға  пайыз көрсеткіші
2001000 15 15 0,15 0,0125
айлар Негізгі қарыз қалдығы Негізгі қарыз Қосылған құн Ай сайынғы  төлем
1 2001000,00 2991,74 25000,00 27991,74
2 1997008,26 3029,14 24962,60 27991,74
3 1993979,12 3067,00 24924,74 27991,74
4 1990912,12 3105,34 24886,40 27991,74
5 1987806,77 3144,16 24847,58 27991,74
6 1984662,62 3183,46 24808,28 27991,74
7 1981479,16 3223,25 24768,49 27991,74
8 1978255,90 3263,54 24728,20 27991,74
9 1974992,36 3304,34 24687,40 27991,74
10 1971688,02 3345,64 24646,10 27991,74
11 1968342,38 3387,46 24604,28 27991,74
12 1964954,92 3429,81 24561,94 27991,74
24 1920846,37 3981,16 24010,58 27991,74
36 1869647,18 4621,15 23370,59 27991,74
60 1741234,21 6226,31 21765,43 27991,74
84 1568216,85 8389,03 19602,71 27991,74
120 1189741,44 13119,97 14871,77 27991,74
180 27646,17 27646,17 345,58 27991,74

    * Ескерту:  қайнар көзі Б. С. Досымов. Современные проблемы ипотеки// Банки Казахстана. - № 8, 2010.  

     Сонымен,«Ипотека Альянс» шарттарына қайта оралар болсақ, банк клиенттері көбіне-көп жағдайда пәтерді Алматы қаласының ықшам аудандарынан таңдайды екен. Бұл түсінікті де. Өйткені, орталықтағы пәтерлер мен элиталық үйлерден ықшам аудандардағы баспана бағасының айырмашылығы жер мен көктей. Тағы бір ескере кететін жағдай, алдыңғы жылдары банктер Алматы қаласының Райымбек даңғылы мен алыс ықшам аудандарына ипотекалық несие берілмейтіндігін қадап айтқан болатын. Ал бүгінде мұндай талап жұмсарып, тек каркасты-қамыстан жасалған үйлерге рұқсат етпейтіндіктерін айтады.

     2009 жылғы деректерге сүиенсек айына орташа алғанда 250-300 ипотекалық несие рәсімделген. Бұл жалпы келісім-шарттың 10-13 пайызы. Ал 2006 жылы ипотекалық несиеге деген сұраныс арта түсіп, айына 600-700 келісім-шарт жасалған. Бұл көрсеткіштерден елдегі экономикалық ахуалдың жақсарғандығын немесе халық табысының жоғарылағандығын байқауға болады.

Кесте 9 «Ипотека Альянс» бірігіп қатынас жасайтын компаниялар

Компании  атауы Мекен жайы Телефон
1. Компания "KBS Remco" г. Алматы, ул. Шевченко, 32 (3272) 631 910, 631 340
2. ТОО  "АЛАДИН" г. Алматы, ул. Желтоксан, 126 (3272) 627 520, 622 666
3. Агентство  недвижимости "АБСОЛЮТ" г. Алматы, ул. Калдаякова, 30 (3272) 917 282
4. ТОО  "ЖОМАРТ и сыновья"    
5. ТОО  "ГАРАНТ РИЭЛТИ" г. Алматы, ул. Байзакова, 183 (3272) 680 162, 680 158, 686 625, 686 624
6. ТОО  "НИГОРА" г. Алматы, ул. Ауэзова, 19 (3272) 429 501
7. ТОО  "ФЕЕРДИЛЬ" г. Алматы, ул. Жибек  Жолы, 50, оф. 410 (3272) 738 826, 738 427
8. Компания "ЦКН Ипотека"  г. Алматы, пр. Абая, 64 (3272) 583 330, 581 130
9. ТОО  "ЭСКОРТ РИЭЛТИ"    

     * Ескерту: қайнар көзі веб-сайт АО «Альянс Ипотека»: www.ipoteka.kz. 
 

     Алайда, банк саласының қызметкерлері пайыздық көрсеткіштің төмендеуі мен қарызды  өтеу мерзімінің ұзартылуы ипотекалық несие алушылар санын арттыратын бірден-бір жол еместігін алға тартады. Ставкалардың ең төмен көрсеткішіне жету үшін банктерге ипотекалық облигацияларды құнды қағаздар рыногына орналастыруға кеңінен мүмкіндік беру, Қазақстандағы ипотекалық несие жүйесінде жұмыс істегісі келетін шетелдік инвесторларды тарту керектігін, сонымен бірге, өзінің пайыздық маржасын төмендетуге мүмкіндік жасау қажеттіліктерін көлденең қояды. Мұнымен қоса, пайыздың төмендігі ипотека беделінің арта түсуінде еш рөл ойнамайды деген пікірге де барады. Атап айтқанда, қазіргі сәтте несиелендіру ставкасын 12,5 пайызын есептегенде, 15 жылға берілетін 1,5 миллион теңге (жуықтап алғанда 10 700 доллар несие айына шаққанда 18 487 теңгені құрайды, ал бұдан отбасынан талап етілетін табыс 55 461 теңге. Егер пайызды 11-ге төмендететін болсақ, онда ай сайынғы төлем 17 048 теңгені құрайды, ал отбасының міндетті табысы бұл кезде 51 144 теңге шамасында болады. Сонда төлемдегі айырмашылық 7,7 пайыз немесе 1439 теңге. Айырмашылық азғантай ғана.

     Ипотекалық  несие алғысы келетіндер үшін «Ипотека Альянс»-та қандай мүмкіндіктер қарастырылған? Мұнда пайыздық ставка жылына 12,8 пайыз. Банк тарапынан қажетті ақыл-кеңес алғаннан кейін тиісті құжаттарыңызды жиыстыра бастайсыз. Құжат жинау процесі аяқталғаннан кейін өткізген құжаттарды банктің несие беру бөлімі қарастырады. Келесі кезекте өзіңіз сатып алатын үйдің иесімен есеп-қисап жұмыстары жүргізіледі. Осы кезде сіз банк арқылы сатып алған тұрғын-жайыңыз бен жеке басыңыздың қауіпсіздігін сақтандырасыз, әрі алғашқы жарнаңызды өтеуіңіз шарт. Айналасы он күннің ішінде алып-сату жөніндегі құжат жылжымайтын мүлік орталығында тіркеуден өткізіледі. Ал бір ай өте банктен алған қарызыңызды пайызын қоса, шартта көрсетілген сомамен бірге банктің шотына құясыз.

     Жалақысы 200 доллардан төмен табысқа банк тарапынан несие қарастырылмаған. Ал егер табысыңыз 30 мыңның ар жағына асып жығылатын болса, бес мың доллар көлемінде ғана несие алуға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ мұндай жағдайда қолыңызда он бес пайыз емес, одан да көбірек қаржы болуы керек. Себеп белгілі, мұндай сомаға қаладан күрке іздеп табудың өзі қиынға түсетіні.

     Енді  көпшілікке түсінікті болу үшін тағы бір мысал келтіріп өтейік. Пәтер бағасының орташа құнын 21 мың АҚШ долларына бағаласақ, алғашқы 15 пайызы 5 500 долларды құрайды. Қолыңызға тиетін несие сомасы 15 500 доллар. Пайыздық ставка - 12,8. Несиені өтеу мерзімі 15 жыл. Сонда ай сайын банкке 194.08 доллар құйып отырасыз. 15 жыл ішінде банкке қайтаратын сомаңыз 34 934 доллар болмақ. Егер сіз жоғарыда көрсетілген шамада несие рәсімдейтін болсаңыз, онда ай сайынғы табысыңыз 501,82 долларды құрауы тиіс. Банк талаптарына сәйкес нссие алатын кезде отбасының әр мүшесінің, тіптен сізбен тұрып жатқан басқа да жандардың табысы қоса есептеледі.

     Бүгінгі күні ипотекалық несиелеудің үлесі (тұтыну несиесімен қоса алғанда) экономикаға  берілген банк несиелерінен екі есе  жоғары болып отыр. Экономикадағы өсу тұсында банктеріміз өзінің активтерін осындай несие түрін бағыттауды жөн санайды. 2011 жылдың бірінші қаңтарындағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, халыққа тұрғын үй салуға және сатып алуға берілген ипотекалық несиенің жалпы сомасы 142608 млн теңгені құрайды, бұл көрсеткіш 2010 жылы бірінші қаңтардағыдан екі есе жоғары немесе ол уақыттағы ипотекалық несиелердің сомасы - 66416 млн теңге.

     Қазақстан Республикасының статистика агентігінің  мәліметтері бойынша Астанадағы тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға мемлекеттік кәсіпорындар қаражаттары мен шетел инвестициялары пайдалануда. Ал Алматы қаласы бойынша құрылысты қаржыландыруға негізінен халықтың қакржаттары мен банктің несиелері себеп болуда. Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша құрылысты қаржыландырудың белсенділік танытуы, ондағы халықтың екі еседен жоғары өсуі ықпал етті.

       Қазақстан Республикасының аймақтары  бойынша банктердің берген ипотекалық  несиелерінің динамикасы мына  кестеде көрсетілген. 

10 – кесте. Аймақтар бойынша банктердің халыққа берген ипотекалық несиелері 

     Аймақтар 01.01.2009 ж

     млн.тг

Үлесі % 01.01.2010 ж

     млн.тг

Үлесі %
Астана  қаласы      6563      9.9      16406      11.5
Алматы  қаласы      6760      10.2      22752      16
Ақмола      1631      2.4      4712      3.3
Ақтөбе      3195      4.8      8172      5.7
Алматы      1224      1.8      2750      2
Атырау      3395      5.1      6829      4.8
Шығыс Қазақстан      8733      13.1      10961      7.7
Жамбыл      4581      6.8      7393      5.2
Батыс Қазақстан      2761      4.1      5335      3.7
Қарағанды      7857      11.8      12819      9
Қостанай      3054      4.6      7010      4.9
Қызылорда      1078      1.6      1266      1
Маңғыстау      4319      6.5      8665      6
Павлодар      5004      7.5      11860      8.3
Солтүстік Қазақстан      2592      3.9      4979      3.5
Оңтүстік  Қазақстан      3669      5.9      10699      7.4
Барлығы:      66416      100.0      142608      100.0
     Ескертпе: www. ipoteka. kz сайтынан автормен құрастырылды.
 

       Жоғарыдағы кестеден 2009-2010 жыл ішінде республика аймақтары бойынша банктердің берген ипотекалық несиелерінің көлемі өсіп отырғандаған көруге болады. Әсересе, Алматы және Астана қалаларының үлес салмағы өте жоғары, айталық 01.01.2009 жылы Алматы қаласы бойынша 6760 млн теңге, Астана бойынша 6563 млн теңге ипотекалық несиесі берілсе, ал 01.01.2010 жылғы мәліметтер бойынша бүл несиелер көлемі артып, 22752 және 16406 млн теңгені құрады.

     Әр  аймақтың ипотекалық несиелеу көлеміндегі  үлесінің әр түрлі болып келуі, біріншіден, ол аймақтағы халықтың санымен, екіншіден, ондағы коммерциялық банктердің немесе олардың филиалдарының қызмет етуімен  сипатталады. Осы берілген несиелерді валюта түрлеріне және мерзімдері бойынша мына кестеден көруге болады. 

11 –кесте. Банктердің халыққа ипотекалық несие беруі

       01.01.2008 ж 01.01.2009 ж 01.01.2010
      млн.тг %        млн.тг       %        млн.тг       %
      Барлығы, оның  ішінде:       27334      100       66416       100       142608       100
      Ұлттық валютада 

 Шетел  валютасында

 
      13256 
 

      14078

 
      48,5 
 

      51,5

 
      37385 
 

      29031

 
      56,3 
 

      45,7

 
      95027 
 

      47581

 
      66,7 
 

      33,3

Ескертпе: ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.

Информация о работе Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері