Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 22:08, курсовая работа
Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.
Кіріспе ..........................................................................................................................3
I НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ..................................................4
1.1 Несие жүйесінің дамуы және құрылымы...........................................4
1.2 Қазақстан Республикасында банктік несиелеудің қазіргі кездегі жүйесі және оның негізгі элементтері .,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,.........7
ІІ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ НЕСИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ (“Альянс Банк” АҚ) МЫСАЛЫНДА .................................................................................................15
2.1 “Альянс Банк” АҚ – ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты .......................................................................................................................15
«Альянс Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері .......................................................................................................22
ІІІ Несие жүйесін құрудағы шетелдік тәжірибелер .................................32
Қорытынды ................................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер ...............................
Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие-қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінің құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырады. Несие жүйесінде жаңа буындардың пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында коммерциялық банктердің үлесі төмендеді.
Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие-қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Көптеген елдерде банкнота шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай-ақ пошта жинақ жүйесі және кейбір арнаулы несие-қаржы институттары мемлекеттік несие мекемесі болып саналады.
Несие
жүйесінде мемлекеттік
Маманданған қаржы институттары (парабанкттік мекемелер) белгілі бір клиенттерге қызмет көрсететін немесе сол сала бойынша маманданған мекемелерден тұрады. Ол мекемелер бір жағынан клиенттерге несие-есеп операцияларын жүргізіп Орталық банктердің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды.
Дамыған мемлекеттерде бұл институттар, яғни банктік емес мекемелер коммерциялық банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, халыққа, фирмалар мен компанияларға сан алуан қызмет көрсетуде. Маманданған несие-қаржы институттары кейбір шаруашыылқ аясында кең түрде қызмет көрсетуде:
Шаруашылық
буындарына көрсететін қаржы-несиелік
қызметтерінің санына, мөлшеріне және
олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына
қарай несие жүйесінің өзегі – банк жүйесі,
ал несие институттарының жұмысын үйлестіретін
бірыңғай орган - Орталық банк болып
табылады. Несие жүйесінің негізгі элементтері
Орталық банк пен коммерциялық банктер
болып саналады және оларға кеңінен келесі
тақырыпта, яғни Қазақстан Республикасы
несие жүйесі бойынша толық тоқталып өтемін.
1.2
Қазақстан Республикасында
банктік несиелеудің
қазіргі кездегі жүйесі
және оның негізгі элементтері
Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Қазақстан
Республикасының экономикасы
Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi; екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.
Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргiзу үшiн республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп ( Орталық – Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе акциянерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi.
1991 – 1993 жылдары елiмiзде экономиканың күрт құлдырауымен байланысты инфляция қарқыны өте жоғары болды. Оның тiптi кейбiр кездерде 1000% - ға дейiн жеткенi көрiндi. Нәтижесiнде банктерде несиелiк жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзiмi өтiп керкен несиелер үлесi ұлғайды. 1992 жылы Республикада басталған төлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi. Көптеген кәсiпорындар өнiм өндiрудi төмендеттi, ал кейбiреулерi өндiрiстi тiптi тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi. Осыдан бастап ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым – қатынаста классикалық қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты толық жауапкершiлiк жүктелдi.
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды. Бұл бағдарлама негізінде еліміздің несие жүйесіндегі Орталық банк Ұлттық банк болып өзгертіліп, оның несие-қаржы саласындағы операциялары мен қызметтері рынок талаптарына сай қайта құрылды.
Бағдарламаның өткiрлiгiне қарамастан, iстiң нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды. Ең алдымен ақша – несиелiк реттеудiң құралдары мен әдiстерi дами түстi.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесін құрайды. Ал несие жүйесі тар мағынада – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыру банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады.
Еліміздегі несие жүйесінің орны мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байанысты несиелік мекемелермен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Мұндағы Ұлттық банктiң үкiмет банкiсi қызметi үкiметтiң банкирi ретiнде орталық банк оның әрi кассирi, әрi несие берушiсi, әрi қаржылық кеңесшiсi. Ұлттық банкте үкiмет мен мемлекеттiк органдардың есепшоттары ашылған. Ұлттық банк мемлекеттi несиелеумен, мемлекеттiк заемдарды орналастыру және оларды өтеу мәселелерi бойынша, нарықтық жағдайларға байланысты мемлекеттiк бағалы қағаздарды және оның табысты уақытын таңдау жөнiнде кеңес берумен, мемлекеттiк борышты басқарумен шұғылданады.
Коммерциялық
банктердiң басты қызметiнің
Сонғы жылдары екiншi деңгейдегi банктердiң несиелеу үлесi артуда, оған әсер етiп отырған негiзгi себеп ол Ұлттық банктiң банктiң проценттiк пайызына ставкасының түсуiмен байланысты болып отыр.
Жалпы айта келе елiмiздегi екi деңгейлi банктiк жүйенiң құрылымы және оның жүргiзiп отырған саясаттары ТМД елдерi iшiндегi ең көрнекiсi болып отыр. Осы банктiк жүйенiң дамуы, инфляцияның төмендеуi, кәсiпкерлiктiң дамуы арқылы елiмiзде 1996 жылдан берi экономикалық өсу көрсеткiшi көрiнуде. Яғни банк жүйесi ең дұрыс ұйымдастырылған жүйе десек те артық болмас едi.
Экономиканы несиелеуде несиенің жалпы көлемі 2009 жылы қыркүйек айында 1974,7 млрд. теңгені құрап, өткен аймен салыстырғанда 3,8%-ға өсті.
Мұның
ішіндегі 1000,2 млрд. теңге ұлттық валютада,
ал қалған 974,5 млрд. теңге шетел валюталарында
орын алды. Сонымен қатар экономикада
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
несиелердің өсімі бірдей орын алуда.
Ұзақ мерзімді несиелердің жалпы құрамы
1329,6 млдр. теңгені, ал қысқа мерзімді
несиелердің мөлшері 645 млрд. теңгеге өсті.
Елдегі несие қатынастарының өсуі әсіресе
ұзақ мерзімді несиелер экономиканың
шикізат өндіріс саласында, ипотекалық-құрылыстағы
несиелерді және ірі көлемдегі коммерциялық
қызметтер негізінде орын алуда. Ал қысқа
мерзімді несиелер (микрокредиттер) халық
тұтынатын өнімдерді несиелеу, шағын бизнесті
несиелеуде және кепілдік заттар беру
арқылы қысқа мерзімді қарыз ақша тартуда
көрініс табуда.
Кесте 1 - Экономика салалары екiншi деңгейлi банктерден бөлiнген несиелер (млрд. теңге)
2009 | 2010
Ақпан |
2010
Наурыз |
2010
Сәуiр |
2010
Мамыр |
Пайызбен қорытынды | |
БарлығыӨнеркәсiпте Ауыл шар. Құрылыс Көлiк Байланыс Сауда Басқа салалар
|
978128 270486 117354 75178 31453 -7730 276892 196035 |
1013192 281463 109227 81090 32905 7288 287822 213397 |
1036637 274954 105523 87222 37934 10019 296326 224659 |
1094665 282374 10496 98895 40233 15544 311357 241295 |
1156583 294583 112109 111922 41146 14353 317985 264486 |
100 25,4 9,7 9,7 3,6 1,2 27,5 22,9 |
Кестеден көрiп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейлi банктердiң кредиттеуiнде негiзгi орында өнеркәсiп, сауда, ауыл шаруашылығы болып отыр. Сондай-ақ соңғы жылдары құрылыс саласының жоғары дамуына байланысты құрылысты несиелеу үлесi де күннен-күнге өсуде.
Елiмiздiң банк жүйесiнде халықты несиелеудi екiншi деңгейдегi банктер жүргiзетiндiктен олардың банктiк жүйедегi орны ерекше. Екіншідеңгейлі банктердің экономиканы несиелеудегі үлесін келесі 1-ші суреттен көре аламыз.
Екiншi деңгейдегi банктердiң кредит салымдарының жалпы көлемiнде ұзақ мерзiмде несие үлесi – 64,8% немесе 749,9 млрд. теңге, өсу қарқыны 2009 жылдың маусымымен салыстырғанда 65,1% болды.
Мемлекеттiң несие жүйесiнде коммерциялық банктердiң алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлi саласында жан–жақты iс-әрекет етедi. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негiзгi бөлiгiн шоғырландырып, өз клиенттерiне нсие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу – сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетедi.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсiп мекемелерiн, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруащылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы делдалы ретiнде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Ендi коммерциялық банктер туралы кеңiрек танысу үшiн олардың қызметтерiн айтып өтейiк:
Ақша қаражатын шоғырландыру және тарту қызметi – банктердiң ежелден атқаратын қызметтерiнiң бiрi. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банкке тарту, бiр жағынан, олардың иесiне процент түрiнде табыс түсiрсе, ал екiншi жағынан банктiң несие операцияларын жүргiзуiне негiз қалайды. Шоғырланған жинақ ақша әр түрлi экономикалық және әлеуметтiк қажеттiлiктерге жұмсалуы мүмкiн.
Коммерциялық банктердiң атқаратын келесi қызметi - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесi мен қарыз алушының арасында тiкелей несие қатынастарының туындауына кедергi болатын жәйттер: ұсынылатын капитал көлемiнiң қарызға қажеттi көлемге сай келмеуi, капиталдың айналыстан босау мерзiмiнiң қарыздарға қажет мерзiммен сай келмеуi. Коммерциялық банктер қарыз берушi мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдалы ретiнде осы кедергiлердi жояды. Банктiк несие экономиканың әр түрлi секторларына берiлiп, өндiрiстiң кеiеюiн қамтамасыз етедi.