Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:47, дипломная работа
Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмірге шығарды. Банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктегі депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі 5
1.2 Банктегі депозиттік операциялардың экономикалық мәні және
сыныпталуы 9
1.3 Банктің депозиттік емес ресурстары 20
1.4 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері 27
2 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1 «АТФБанк» АҚ-ның Қазақстанның депозиттік нарығында алатын орны 39
2.2 «АТФБанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама 41
2.3 «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау 44
3 Депозиттік операциялардың ерекшеліктері мен депозиттік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері 50
3.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі 56
3.3 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру жолдары 60
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар 69
Сурет 4 - Коммерциялық банктің депозиттік саясатын құру принциптері.
Кез келген жағдайға бейімделу,
банк құралдарын тиімді басқару және
нарықтық ағымдарды айқын көру –
бұл қазіргі уақытқа сай
Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатын жасау барысында өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі қажет. Осыған байланысты депозиттік саясаттың дұрыс орындалуы мен жүзеге асырылуы, сондай-ақ қалыптасу кезеңдеріне ерекше көңіл аударған дұрыс.
Депозиттік саясаттың қалыптасуы келесі үш кезеңде жүзеге асырылуы тиіс:
Сурет 5 - Депозиттік саясат қалыптасуының кезеңдері
Зерттеу кезеңінде банк клиенттердің қажеттіліктерін зерттейді, яғни депозиттердің қандай түрлері аса тартымды, қандай пайыздық мөлшерлемелерді депозиттің қай түріне орнату керек. Бұның барлығын жүзеге асырғанда операцияларды жүргізу бойынша банк мүмкіндіктерін ескеру керек. Бұл кезеңде сондай-ақ банк нарықты талдау мен зерттеуді жүзеге асырады, оған нарықтың қоршаған ортасын және бұл нарықта банктің орны рөлін талдау жүзеге асырылады. Яғни банктің географиялық орнын, клиенттерге жақындығын, филиалдық желістің жеткіліктігін, қала немесе ауылдық жер, бәсекелестердің болуын зерттеу және оларды депозиттік саясатты жасаудың бастапқы кезеңінде ескеру қажет.
Жоспарлау кезеңінде банк депозиттік операциялар бойынша пайданы бағалау және талдау жүргізеді, мүмкін болатын тәуекелдерді жоспарлайды, көрсететін қызмет ассортиментін кеңейтеді т.с.с.
Шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезеңі – аса маңызды әрі жауапты кезең, өйткені бұл кезеңде жоспарланған депозиттер қандай көлемде тартылатындығы шешіледі. Мұнда депозитке құралдарды тарту процедурасы банк персоналының клиенттермен ойдағыдай жұмысы: депозиттердің түрлері, мерзімі және артықшылықтары бойынша анықтаушылық жұмысы маңызды рөл ойнайды. Бұл кезеңде тағы маңызды рөлді жарнама және жарнамалық компанияның өндірісі атқарады және соңғысы қаржылық құралдарды аса рационалды пайдалану үшін активтер мен пассивтерді дұрыс әрі тиімді басқару және тартылатын құралдар мен салынатын құралдар арасында дисбаланстың қысқаруы банкке тәуелді. Депозиттік саясат қалыптасуындағы кезеңдер негізінде коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасу стратегиясы ұсынылады.
Ұсынылатын стратегия депозиттік нарық мәселелерін зерттеу негізінде Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерге енгізу үшін жасалған. Банк «А» мысалында қарастырайық, бұл стратегия барлық банктерге қолданылыста бола алады. Стратегия негізгі үш кезеңдерде қолданылады және өзіне бірнеше блоктарды қосады.
4-кесте – Депозиттік саясаттың қалыптасу стратегиясы (А банкінің мысалында)
А Банкі |
1. Депозиттік қызметтер нарығында А банкінің рөлі. |
2. Депозиттерді тарту бойынша А банкінің негізгі мақсаттары. |
3. А банкіндегі негізгі мәселелер. |
4. Депозиттік операциялар бойынша бар және мүмкін болатын тәуекелдерді талдау. |
5. Банкке әлуетті және жаңа клиенттерді тарту мүмкіндіктерін талдау. |
6. А банкінің депозиттік портфелінің қалыптасуы. |
7. Қаржылық нәтижелерді талдау. |
Ескерту [22] әдебиет негізінде автормен құрастырылған |
1. Депозиттік қызметтер нарығында Банк рөлі. Басты әрі маңызды мәселе болып Банк қызметтері нарығында Банк рөлін анықтау болып табылады. Банк жүйесінде Банк қандай орынды алатындығын анықтауға байланысты оған әрі қарай қойылған тапсырмалардың орындалуы тәуелді. Бұл кезеңде бәрінен бұрын банк әрекет концепциясын жасап, өзін көрсету керек. Бәсекелестер, салымшылар және банктің қызметкерлері бұл үрдістің тікелей қатысушылары болып табылады. Яғни олардың көзқарастарын және ойлаған келешектегі мақсаттарды анықтау үшін басшылыққа алу керек.
2. Депозиттерді тарту бойынша Банктің негізгі мақсаттары. Банктің негізгі мақсаттары болып:
3. Банктегі негізгі мәселелер. Банктерде депозиттік операциялар жұмысы бойынша кездесетін мәселелер.
Ішкі мәселелерге:
- депозиттік операциялар бойынша тәуекелдерге;
- кадр менеджментінің жеткіліксіз дамуы;
- жарнаманың жеткіліксіз болуы.
Сыртқы мәселелерге:
- депозиттік нарықта бәсекелестің жоғары болуы;
- шетел валютасының курстық айырмасының өзгеруі;
- өндірістік сектордың дамуының жеткіліксіздігі;
- халықтың әлеуметтік қорғануының жеткіліксіздігі.
4. Депозиттік операциялар бойынша бар және мүмкін болатын тәуекелдерді талдау. Банкке депозиттік операциялар бойынша, сондай-ақ клиенттер тобы бойынша тәуекелдерді бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалану қажет, әдістер белгілі бір кезең ішінде ресурстардың жалпы сомасының ауытқуын аңғаруға мүмкіндік береді.
5. Банкке жаңа клиенттерді тарту мүмкіндіктер мен әлуетті клиенттерді талдау. Банк жеке және заңды тұлғалар депозиттері нарығында қандай позицияларды алатынын талдауы қажет. Азаматтардың салымдары өзінің экономикалық табиғаты жағынан және банктің өзі мен тұтастай несиелік жүйені несиелік ресурстар қамтамасыз етуде рөлі бойынша біртекті емес. Мысалы: талап етілмелі салым ақша базасында және қолма-қолсыз төлемдік айналым шоттарында дамыса, оларды жинақ салымдарынан ерекшелеу қажет, олардың бас функциясы болып ақшалай жинақтарды ұйымдастыру болып табылады. Соңғысы өз кезегінде екі негізгі нысанда: жинақ ақша салымы және жинақ ақша сертификаты нысанында шығады.
6. Банктің депозиттік портфелінің қалыптасуы. Банк үшін құралдарды тартудың негізгі көзі болып клиенттер депозиті табылады, олар барлық міндеттемелер сомасының үлкен бөлігін құрайды. Осыдан тыс банк қаржыландыру көздерін ұлғайту бойынша адымдар немесе амалдар жасауға борышты.
7. Қаржылық нәтижелерді талдау. Қаржылық көрсеткіштердің есеп-қисапы негізінде мамандармен жасалады. Осылайша, депозиттік саясаттың қалыптасу стратегиясын таңдау және жүзеге асыру әр банктің айрықша құзыреті болып табылады. Бұл стратегияның әрбір адымы өзінің ерекшеліктерін иемденеді, бұларды банк нарыққа шығарарда талдауы қажет.
Коммерциялық банктің
Депозиттер бойынша пайыздар тіркелген және қалқымалы болып жіктеледі. Әлемдік тәжірибеде пайыздық мөлшерлеменің ең тараған түрлері LIBOR, PIBOR, NIBOR және MIBOR. Бұл нарықтық конъюктура ықпалынан құрылатын базистік пайыздық мөлшерлемелер. Пассивті операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемелердің саралануы жүргізіледі, соның ішінде халықтың төмен деңгейін әлеуметтік экономикалық қорғауды күшейту мақсатында салымшылардың топтары бойынша сараланады.
Депозиттерге пайыздық мөлшерлемелердің қалыптасуында банк өзіне алатын тәуекел дәрежесі мен маркетинг стратегиясы және банк міндеттері маңызды рөл ойнайды. Банктер пассивтеріндегі депозиттер үлесін түсіргісі келсе, пайыздық төлемдер деңгейін түсіреді, және керісінше көлемі бойынша үлкен депозиттерді және ұзақ мерзімге тартуға мүдделі банктер клиенттерге пайыздың жоғары мөлшерлемесін ұсынады, өйткені банк ресурстарының қалыптасуындағы мерзімдік депозиттердің басымдылығы өтімділік пен төлем қабілеттілікті тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Жинақтық пассивтерде мерзімдік депозиттердің ұсынбалы үлесін – 60% құрайды. Мерзімдік депозиттер несиелік ресурстардың болжанатын бөлігі болып табылады, бұл ұзақ мерзімге сәйкес аса жоғары пайызбен несиелендіруді жүзеге асырады [21, 20 б.].
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының 1999жылы 20 қазанда бекітілген №293 ережеге сай несиелер мен депозиттер бойынша сыйақылар қалқымалы және тіркелген бола алады.
Тіркелген сыйақы мөлшерлемелері келісімнің мерзімінде өзгермейді.
Қалқымалы сыйақы мөлшерлемелері келісімнің кез келген уақытында онда қарастырылған шарттарына тәуелді өзгере алады.
Сыйақыны есептегенде сыйақы есептеудің келесідей әдістері пайдаланылады.
мұндағы :
i - пайыздардың жылдық мөлшерлемесі,
p - депозит қалдығы,
n - пайыздар есептелетін кезеңдегі күндер саны.
2. күрделі әдіс
– сыйақы депозиттің тек қана
негізгі қарыз сомасына емес,
сонымен қатар оған қосылған
табыстарға сыйақы есептеледі:
мұндағы:
i - пайыздардың жылдық мөлшерлемесі;
n - айлардағы депозиттің ұзақтылығы;
p – депозиттің алғашқы сомасы;
I – салымның барлық
мерзіміндегі есептелген
Коммерциялық банктердің пайыздық саясаты келесі негізгі ұстанымдарда базаланады:
- белсеңді әрі икемді коммерциялық құралы ретінде сараланған және экономикалық негізделген мөлшерлемелер мен тарифтерді тиімді пайдалану арқасында нарықта бәсекеге қабілетті банктік қызметтер үшін және банк қызметі мен табыстарын әртараптандыру үшін жағдайлар жасау;
- Банк үшін қолайлы жағдайларды құру арқасында сәйкес нарықтарда қаржылық жағдайды тұрақтандыру және табыстылықтың өсуін қамтамасыз ету;
- жоғары сапалы банктік өнімдер мен қызметтерге қолайлы бағалар бойынша және максималды тиімділікпен клиенттердің қажеттіліктерін толық қанағаттандыру.
Сонымен, депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі бір мерзімдегі немесе талап етілетін салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды.
Депозиттік саясат –
банктік саясаттың құрамдас бөлігі
ретінде банктің депозиттік операцияларын
дұрыс ұйымдастыруға
2 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1 «АТФБанк» АҚ-ның депозит нарығында алатын орны
Әрбір мемелекет нарығының олардың қызмет ету тәжірибелері мен шарттарына қарай өз ерекшеліктері болады. Қазақстанның депозит нарығының құрылымын нарықтық институттардың тұрғысынан көрсетуге болады.
Нарықта негізгі депозит институты ретінде коммерциялық банктер алға шығады. Олар өз қызметінің 80%-нан көп бөлігін жеке және заңды тұлғалардың депозиттері құрайтын тартылған ресурстар есебінен жүзеге асырады. Алайда депозит нарығының жүйесінен және мамандандырылған депозит институттарынан парабанктік жүйенің ұйымдарын шығарып тастауға болмайды.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері – жалпы қаржы жүйесіндегі кәсіпорындар ішіндегі бүгінгі таңдағы қарқынды дамып отырған алдыңғы ұйымдардың бірі. Өйткені бұл ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық озық тәжірибелерді енгізе отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық банктердің қызметі экономиканың барлық салаларын дамытуға және халықтың табыс деңгейін арттыруға бағытталған. Осы банктердің қызметіндегі депозиттік және несиелік операциялардың алатын орны ерекше. Депозиттік пассивтік операциялар ақшалай қаражаттарды тартуға бағытталған болса, несиелік активтік операциялар осы тартылған қаражаттарды орналастыруға бағытталған. Бұл жағдайда салым иелері өздерінің банкке салған ақшалай қаражаттары бойынша белгілі мүддені пайыз және басқа да қызметтер түрінде алу мүмкіндігіне ие. Депозит пен несиелік қатынастардың субъектілері әр түрлі ұйымдар мен жеке тұлғалар. Мұнда айта кететін бір ерекшелік – депозиттік қатынастардың субъектілері де бола алады. Сондықтан банктің бұл екі операциясы да – жалпы экономиканы дамытуға бағытталған негізгі операциялар [22].
Информация о работе «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау