Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2013 в 16:47, дипломная работа
Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмірге шығарды. Банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.
Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктегі депозиттік саясаттың қалыптасуының теориялық негіздері
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі 5
1.2 Банктегі депозиттік операциялардың экономикалық мәні және
сыныпталуы 9
1.3 Банктің депозиттік емес ресурстары 20
1.4 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері 27
2 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.1 «АТФБанк» АҚ-ның Қазақстанның депозиттік нарығында алатын орны 39
2.2 «АТФБанк» АҚ-ның қызметіне жалпы сипаттама 41
2.3 «АТФБанк» АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерін талдау 44
3 Депозиттік операциялардың ерекшеліктері мен депозиттік саясатты жетілдіру жолдары
3.1 Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері 50
3.2 Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының халықаралық тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігі 56
3.3 «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру жолдары 60
Қорытынды 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымшалар 69
Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялардың түрлерi және оларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Ең кең таралған облигациялар болып мемлекеттік облигациялар табылады. Облигациялар мемлекеттік немесе мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаз болып табылады.
Облигацияларды отандық
Депозиттер нарығын одан әрi жетiлдiру
мен кеңейтудің маңызды факторларының
бiрi — банктің басқа қаржылық
ұстамдармен салыстырғанда
ЕДБ-дің тартылған қаражаттарының өсуіне депозиттермен қатар, депозиттік емес ресурстары да үлкен үлес қосқан. Депозиттік емес ресурстардың банктердің тартылған қаражаттары құрылымына талдау жасап көрейік (3-кесте).
3-кесте – ЕДБ-дің депозиттік емес ресурстарының серпіні мен құрылымы
Банктің депозиттік емес ресурстарының құрылымы, млрд. теңге |
2004ж. |
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
Банкаралық депозиттері |
69,0 |
79,4 |
185,1 |
257,6 |
319,9 |
Үлесі, % |
4,6 |
3,3 |
4,5 |
3,2 |
3,1 |
Басқа банктер мен
банктің жекелеген |
217,4 |
343,9 |
576,8 |
1414,3 |
1 798,2 |
Үлесі, % |
14,6 |
14,2 |
14,2 |
17,7 |
17,5 |
ҚР Үкіметінен алған займдары |
7,5 |
5,4 |
3,1 |
2,2 |
7,7 |
Үлесі, % |
0,5 |
0,2 |
0,1 |
0,0 |
0,1 |
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алған займдары |
17,7 |
19,2 |
26,5 |
27,4 |
85,1 |
Үлесі, % |
1,2 |
0,8 |
0,6 |
0,3 |
0,8 |
Бағалы қағаздармен жасалатын «РЕПО» операциялары |
76,9 |
72,2 |
163,5 |
530,0 |
245,4 |
Үлесі, % |
5,2 |
3,0 |
4,0 |
6,6 |
2,4 |
Айналысқа шығарған бағалы қағаздары |
27,8 |
102,1 |
273 |
421,6 |
467,6 |
Үлесі, % |
1,9 |
4,2 |
6,7 |
5,3 |
4,6 |
Өзге де міндеттемелері |
80,2 |
150,5 |
256,3 |
628,8 |
908,9 |
Үлесі, % |
5,3 |
6,2 |
6,3 |
7,8 |
8,9 |
Барлық міндеттемелері |
1491,3 |
2418,6 |
4 073,9 |
8 001,6 |
10 256,7 |
Ескерту [12] әдебиет негізінде автормен құрастырылған |
Талданған жылдар ішінде банктің депозиттік емес ресурстарының көздері өскендігін көреміз. Банкаралық депозиттері 2004 жылдың 1 қаңтарына 69,0 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 319,9 млрд теңгеге дейін 4,6 есеге көтерілген.
Банктердің басқа банктер мен
банктің жекелеген
ҚР үкіметінен алған займдарының мөлшері де 2004 жылдың 1 қаңтарына 7,5 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 7,7 млрд. дейін өскен.
Халықаралық қаржы ұйымдарынан алған банктердің қарыздары 2004 жылдың 1 қаңтарына 17,7 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 85,1 млрд. теңге дейін өскен [16].
Бағалы қағаздармен жасалатын «РЕПО» операциялары мөлшері 2004 жылдың 1 қаңтарына 76,9 млрд. теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 245,4 млрд. теңгеге дейін немесе 3,2 есеге артқан.
Банктердің айналысқа шығарған бағалы қағаздар көлемі 2004 жылдың 1 қаңтарына 27,8 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 467,6 млрд. теңгеге дейін немесе 17 есе өскен.
Өзге де кредиторлардан алған қарыздары немесе өзге міндеттемелері 2004 жылдың 1 қаңтарына 21,4 млрд теңгені құраса, 2008 жылы 1 қаңтарында оның көлемі 148,7 млрд теңгеге дейін ұлғайған.
2008 жылдың 1 қаңтарына банктердің депозиттік емес ресурстарының құрылымында ең көп үлесті алатын ресурстарға: басқа банктер мен банктің жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардан алған займдары – 17,5%, бағалы қағаздармен жасалатын «РЕПО» операциялары – 2,4 % және шығарған бағалы қағаздары – 4,6% жатады [16].
2008 жылдың 1 қаңтарына банктердің депозиттік емес ресурстарының құрылымында ең аз үлесті алатын ресурстарға: ҚР Үкіметінен алған займдары – 0,1 % және Халықаралық қаржы ұйымдарынан алған займдары 0,8% жатады.
Банктің депозиттік емес ресурстардың ішінде халықаралық қаржы ұйымдар мен басқа банктерден алған ресурстардың, сондай-ақ бағалы қағаздарды шығарудан түскен түсімдердің жиынтығы көбіне банктердің сыртқы қарыздарын сипаттайды.
Сыртқы қарыз алуда қазақстандық банктер шетел қаржы ұйымдарынан несие түрінде алуды және меншікті бағалы қағаздарын шығару арқылы пайдаланады. Сондай-ақ банктер халықаралық нарықтан синдицирленген және еурооблигациялық заемдар арқылы қарыз ақша алады. Осындай құралдарды пайдалану нәтижелері қаржыландырудың ірі дерек көздеріне тәуелділік пен міндеттемелердің көп шоғырлануы болып табылады, бірақ бұл сол бір уақытта баға бойынша клиенттік қаражаттармен салыстырмалы бұдан да «ұзақ» пассивтері бар банктерді қамтамасыз етеді.
Өткен жылы резидент еместердің алдындағы міндеттемелер 101,6%-ға өсті, банктердің сыртқы міндеттемелерінің басым бөлігін бас банктерге (сыртқы міндеттемелердің 42%) арнайы мамандандырылған еншілес ұйымдардың салымдары құрайды, бұлар есепті кезең ішінде 99,3%-ға өсті жəне 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 862,0 млрд. теңгені құрады [17].
Сондай-ақ, сыртқы міндеттемелердің құрылымында резидент еместерден (банктердің сыртқы міндеттемелерінің 29%) алынатын, есепті кезеңде 62,1%-ға өскен заемдар бөлініп шығады жəне 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 588,9 млрд.теңге болды. Бұл ретте, бейрезиденттерден алынатын заемдардың негізгі көлемін Ұлыбританияның жəне Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі, Жапония, Германия, Австрия жəне АҚШ елдері құрап отыр, олардың банк секторының жиынтық міндеттемелеріндегі үлесі 16,1%-ды құрады. Осы қаражаттар клиенттердің (резиденттерге жəне резидент еместерге) сауда-саттық операцияларын қаржыландыруға бағытталды. Заем қаражаттар түсуінің тағы бір дерек көзі эмиссия мен банктердің борыштық бағалы қағаздарын орналастыру болып табылады. Айналысқа жіберілген бағалы қағаздар сыртқы міндеттемелердің 10%-ын құрады жəне есепті кезеңде 142 млрд. теңгеге өсті жəне 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 206,6 млрд. теңге болды. Банктердің сыртқы міндеттемелерінде 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 117,3 млрд. теңге болған РЕПО операциясының ескерілетіндігін атап өту керек.
Банктер қаралып отырған кезеңде де АМК заемдары мен еурооблигациялары түрінде басымдықпен белсене қарыз алуды жалғастырды. АМК (арнайы мақсаттағы кəсіпорындар) – қазақстандық банктердің жəне кəсіпорындардың əлемдік қаржы нарықтарында делдал болу мақсатында шет елдерде құрылған еншілес кəсіпорындары және олардың көпшілік бөлігі Нидерландта тіркелген. Осы елдердің кредиторлары алдындағы міндеттемелері 2008 жəне 2007жж. аяғындағы 25,6 жəне 12,3 млрд. долл. салыстырғанда тиісінше 34 млрд. долл. болды. Сондай-ақ Қазақстан үшін Ұлыбритания – 2008 жəне 2007жж. тиісінше 10,4 жəне 4,3 млрд. долл. салыстырғанда 15,4 млрд. долл., сондай-ақ АҚШ – 2008 жəне 2007жж. тиісінше 6,8 жəне 5,8 млрд. долл., ірі кредитор болуын жалғастыруда. Kazkommerts International B.V. 250 млн. долл., Kazkommerts Finance 2 B.V 250 млн. долл., TuranAlem Finance B.V. 30 млрд. жапон йеніне, сондай-ақ HSBK (Europe) B.V. 700 млн. долл. еврооблигациялар шығаруы есебінен АМК-дан тартуын атап айту қажет.
2009 жылғы екінші тоқсанда банктер дербес ұйымдастырған синдикатталған заемдарға қатысты «Нұрбанк» АҚ-ның 100 млн. долл. сомаға мерзімі 2 жыл жəне «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның 90 млн. долл. баламамен йена сомасына жасаған мəмілелері орын алды [12].
Қазақстандық банктердің негізгі резидент емес кредиторлары мынадай қаржы ұйымдары болып табылады: шетелдік банктер (Morgan Stanley Bank International Limited, Standard Bank Plc, Deutsche Bank AG London Branch, банктердің əр түрлі синдикаттары), Халықаралық қаржы ұйымдары (Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі) жəне басқа да институционалдық инвесторлар (оның ішінде АМК шығарған еврооблигациялардың түпкілікті ұстаушылары болып табылатындар).
Тұтастай алғанда, банктер үшін негізгі кредитор елдер үлестеріне 45,9 млрд. долл. жалпы берешек сомасының 50 % тиесілі Нидерландия жəне Ұлыбритания - 17,8 % болып табылады.
Банктер секторы бойынша сыртқы борыштың ең көп үлесін еліміздің үш ірі банктері «Қазкоммерцбанк» АҚ, «ТұранƏлем» Банкі» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ алады, яғни 2009 ж. 30 маусымдағы олардың үлесі 58,5% (2008 ж. жəне 2007 ж. тиісінше 57,6 % жəне 63,3 % ) құраған. Содан кейінгі орында келесі үш банкке тиесілі, яғни «ЦентрКредит» Банкі» АҚ, «Альянс банк» АҚ жəне «АТФ банк» АҚ - 28,5 % (2008 жылы жəне 2007 жылы тиісінше 28,9% жəне 20,3 %) алды. Бұл жинақталған борыш көлемі бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ, «ТұранƏлем» Банкі» АҚ жəне «Альянс банк» АҚ көшбасшы жағдайға ие болуына қарамастан, «екінші эшелон» банктерінің сыртқы қарыз алуы өсуінің жоғары қарқынын растайды [12].
Басқа елдерге, сондай-ақ еурооблигацияларды ұстаушылар жəне корреспонденттік шоттардың жəне банктердегі депозиттердің иелері жатқызылды. 2009 ж. Банктердің кредитор елдері бойынша сыртқы қарыздары %-бен сурет Қосымша Б көрсетілген
Сонымен қатар, қаржы құралдарының түрлері бойынша банктердің берешектері млрд. АҚШ долларымен сурет Қосымша В көрсетілген.
2008 ж. 30 маусымдағы жағдай бойынша банктердің несиелер бойынша берешектері 40 млрд. долл. жуық құрады, оның ішінде жартысынан астамы (22 млрд. долл.) АМК (арнайы мақсаттағы кәсіпорындар) алдындағы міндеттемелерге тиесілі (банктердің барлық міндеттемелерінің 48 % жуығы), мұның өзі борыштың осы санатының елдік құрылымындағы Нидерландтардың (22,7 млрд. долл.) айтарлықтай үлесін қамтамасыз етеді.
Банктердің еуродағы жəне жапон йеніндегі сыртқы заемдар тарту көлемінің ұлғаюына байланысты борыштың осы санатындағы валюталық құрылымы жыл басындағымен салыстырғанда өзгерді -АҚШ доллары 76 % (87 % -жыл басында), ЕУРО – 9,1 % (5 % -жыл басында), GBP – 3,2 % (жыл басында 0,02 %), жапон йені - 4,8 % (жыл басында 1,5%), теңге – 6,2 % (жыл басында 6 %) құрайды [12].
2008 ж. 2 тоқсанында резидент еместердің банктердегі шоттарындағы қаражат 0,7 млрд. долл. ұлғайды, бұл ретте негізінен корреспонденттік шоттардағы қалдықтар жəне шетелдік банктердің қысқа мерзімді депозиттері ұлғайды. Есепті күні банктердің резидент еместердің шоттары бойынша міндеттемелері 2,1 млрд. долл. құрады (банктердің сыртқы міндеттемелерінің 4,6 %), оның ішінде 28% корреспонденттік шоттарға, 32 % -ұзақ мерзімді депозиттерге, 22% -қысқа мерзімді депозиттерге, 10 % -ағымдағы шоттарға жəне талап ету бойынша шоттарға жəне 8 % - басқа да депозиттерге. Борыштың осы санатының елдік құрылымында 32 % Ресей Федерациясына тиесілі [13].
Банктердің борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелері 0,3 млрд. долл. өсті. Бұл 2008 ж. 2-тоқсанда «Альянс банк» АҚ-ның 10 жылдық еурооблигацияларын 20 млрд. жапон йені сомасына (163 млн. долл. баламамен) орналастыруға жəне ішкі нарықта шығарылған банктердің облигацияларымен қайталама нарықта жүргізілген операцияларға байланысты. 2008 ж. 30 маусымда барлығы борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер 3,5 млрд. долл. құрады.
2008ж. 2-тоқсанда банктер берешектерінің құрылымы мерзімдер бойынша қысқа мерзімді борыш үлесінің 2007 ж. 22,3 % жəне 2006 ж. 41,1 % салыстырғанда 16 % дейін азаюы түрінде жақсаруы жалғаса түсті (бастапқы өтеу мерзімі бойынша). Сонымен бір мезгілде қысқа мерзімді несиелердің жартысынан астамын (51 % немесе 2,8 млрд. долл.) есепті кезең ішіндегі айтарлықтай айналымдармен РЕПО операциялары құрайды. Мəселен, 2007 ж. екінші тоқсанда РЕПО операциялары бойынша түсім 3,1 млрд. долл., өтеу – 2,3 млрд. долл. құрады [18].
2008 жылғы үшінші тоқсанда банктер 4,2 млрд. АҚШ долл. сомасына ұзақ мерзімді сыртқы заемдарды (мерзімі 1 жылдан асатын) тартты, ал бірінші және екінші тоқсанда тарту көлемі, тиісінше, 6,9 және 6,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұрын тартылған ұзақ мерзімді заемдар бойынша негізгі борышты төлеуді және қысқа мерзімді заемдарды таза өтеуді өтеуді ескере отырып банк секторының сыртқы заемдары бойынша ресурстардың нетто-ағыны 2008 жылдың үшінші тоқсанында 0,2 млрд. АҚШ долл. құрады.
Банктердің қысқа мерзімді борышында сондай-ақ резидент еместер алдындағы овернайт жəне басқа да берешек заемдары ескеріледі.
1.4 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының негіздері
Тартылған қаражаттарды тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.
Коммерциялық банктің
Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды.
Депозиттік саясат –
банктік саясаттың құрамдас бөлігі
ретінде банктің депозиттік операцияларын
дұрыс ұйымдастыруға
Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға болады.
Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты - ҚР заңына сәйкес депозиттік операциялардың жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау көрсету.
Банктердің депозиттік саясатының міндеттері мынадай болуға тиіс:
- банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;
- меншікті капиталға қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік портфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;
Информация о работе «АТФБанк» АҚ-ның депозиттік саясаты мен қаржылық көрсеткіштерін талдау